Төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне беру жөніндегі операцияны жүргізудің шарттары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2. Осы Заңның 13, 14, 16, 17-1, 19, 20, 23, 24, 25, 27, 28-баптарында, 29-бабының 6 және 7-тармақтарында, 30-бабының 5 және 13-тармақтарында, 31, 32 және 42-баптарында көзделген банктер құруға және олардың қызметін реттеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 - 74-баптарының ережелері тұрақтандыру банкіне қолданылмайды.
Тұрақтандыру банкін құру тәртібі, оның жарғылық және меншікті капиталдарының ең төмен мөлшері және оларды қалыптастыру тәртібі, тұрақтандыру банкін басқару тәртібі, жасалуына қатысты ерекше шарттар белгіленген мәмілелерді жасасу тәртібі, тұрақтандыру банкінің жарияланған акцияларының шығарылымын тіркеу және жарияланған акцияларының күшін жою тәртібі, сондай-ақ тұрақтандыру банкінің осы Заңда көзделген банк операциялары мен өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензияны алу тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
3. Тұрақтандыру банкі уәкілетті органның лицензиясы негізінде осы Заңда көзделген банк операциялары мен өзге де операцияларды жүзеге асыруға құқылы.
Тұрақтандыру банкі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес заңды тұлғалардың кепіл ретінде қабылданған акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестері банктің меншігіне өткен кезде осы ұйымдардың акциялары немесе жарғылық капиталдарына қатысу үлестерін сатып алуды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында банктер үшін рұқсат етілген қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
4. Активтер мен міндеттемелер тұрақтандыру банкіне берілгеннен кейін сыйақыны есепке жазу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар алдындағы міндеттемелерді орындау он екі ай мерзімге тоқтатыла тұрады. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдары бойынша міндеттемелерді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органның алдындағы міндеттемелерді, сондай-ақ тұрақтандыру банкіне берілген активтермен қамтамасыз етілген екінші деңгейдегі банктердің алдындағы міндеттемелерді қоса алғанда, орындау мерзімі басталған міндеттемелерді орындауға тиіс. Тұрақтандыру банкі жеке және заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары бойынша міндеттемелерді орындайды.
5. Соттың төлемге қабілетсіз банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін тұрақтандыру банкі уәкілетті органмен келісу бойынша төлемге қабілетсіз банктің өзіне бұрын берілген активін басқа активіне ауыстыруға құқылы.
6. Тұрақтандыру банкі уәкілетті орган айқындайтын басқа банкке активтер мен міндеттемелерді уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен береді.
Тұрақтандыру банкінің міндеттемелерін осы бапта көзделген тәртіппен беру тұрақтандыру банкінің депозиторлары мен кредиторларының келісуінсіз жүзеге асырылады. Тұрақтандыру банкі депозиторлар мен кредиторларды хабардар ету мақсатында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде тұрақтандыру банкінің активтері мен міндеттемелерін сатып алушы-банкке беру туралы хабарландыру жариялайды.
7. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкі қабылданған активтер мен міндеттемелерді сатып алушы-банкке уәкілетті орган көздеген тәртіппен және шарттарда толық бергеннен кейін өз қызметін тоқтатады.
8. Уәкілетті органның шешімі бойынша тұрақтандыру банкінің барлық акциялары тұрақтандыру банкінің капиталын ұлғайтуға және оның Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс істеуіне кепілдік беретін шарттарда инвесторға өткізілуі мүмкін.
Инвестордың тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алуы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және шарттарда жүзеге асырылады.
Инвестор тұрақтандыру банкінің акцияларын сатып алған кезден бастап банк тұрақтандыру банкінің мәртебесін жоғалтады және өз қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтай отырып жүзеге асырады. Осы банктің қызметін реттеу, бақылау және қадағалау осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Осы Заңның 61-11-бабы 2, 3, 5 - 16-тармақтарының ережелері төлемге қабілетсіз банктің активтері мен міндеттемелерін тұрақтандыру банкіне бір мезгілде беру жөніндегі операцияны жүргізу жағдайларына қолданылады.
61-13-бап. Төлемге қабілетсіз банктің мәмілелерін жарамсыз деп тану және мүлікті қайтару
1. Уәкілетті орган, банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшілік (банкті уақытша басқарушы) (оны уәкілетті орган тағайындаған жағдайда) және (немесе) банк, оның ішінде кредиторлардың өтінішхаты бойынша, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызған күнге дейін үш жыл ішінде төлемге қабілетсіз банк немесе ол уәкілеттік берген тұлға жасаған мәмілелер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және осы бапта көзделген, мәмілелердің жарамсыздық негіздері болған кезде мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделгендерден бөлек, мыналар мәмілелердің жарамсыздығының негіздері болып табылады:
1) егер мәміленің салдарлары төлемге қабілетсіз банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса), мәміле шарттарының салыстырмалы жағдайларда осыған ұқсас мәмілелер жасалатын шарттардан төлемге қабілетсіз банк үшін нашар жаққа қарай едәуір айырмашылығы болуы;
2) егер мәміленің салдарлары төлемге қабілетсіз банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса), мәміленің Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) уәкілетті орган қолданған қадағалап ден қою шараларында белгіленген талаптарды және (немесе) шектеулерді бұза отырып жасалуы;
3) мүліктің салыстырымды экономикалық жағдайлар кезінде осыған ұқсас мүлікті беру (иеліктен шығару) шарттарынан төлемге қабілетсіз банк үшін нашар жаққа қарай едәуір айырмашылығы болатын шарттарда не негіздері болмаса да, кредиторлардың мүдделеріне нұқсан келтіре отырып, өтеусіз (оның ішінде уақытша пайдалануға) берілуі не иеліктен шығарылуы;
4) банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызғанға дейін алты ай ішінде жасалған мәміленің төлемге қабілетсіз банктің бір кредиторларының талаптарын басқалардың алдында артықшылықпен қанағаттандыруға алып келуі;
5) егер енгізілген өзгерістердің салдарлары төлемге қабілетсіз банктің залалдарына алып келсе (алып келетін болса), кепіл туралы шарттың талаптарына кепіл нысанасын төлемге қабілетсіз банк үшін нашар жаққа қарай өзгерту көзделетін өзгерістердің енгізілуі.
3. Мәміле жарамсыз деп танылған кезде жауапкер - мәміле бойынша алғанның бәрін қайтаруға, оларды заттай қайтару мүмкін болмаған кезде қайтарылуға жататын мүліктің, орындалған жұмыстардың немесе көрсетілген қызметтердің құнын өтеуге міндетті.
Мүлікті қайтару мүмкін болмаған кезде немесе мүлік жоғалуына, бүлінуіне не кейіннен үшінші тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты өтеусіз берілген кезде талап етілетін мүліктің бастапқы сатып алушылары жоғалған, бүлінген не үшінші тұлғалар адал жолмен сатып алған мүліктің құны шегінде осыған байланысты туындаған залалдарды өтеу бойынша жауапты болады.
Бастапқы сатып алушылардың мүлік құнын өтеуі мүмкін болмаған кезде төлемге қабілетсіз банктің мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдаған тұлға сот тәртібімен субсидиарлық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
4. Уәкілетті органның немесе банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) арызы бойынша қозғалған істе банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатынан шығарғаннан кейін соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банк не банктің уақытша әкімшілігі (уақытша әкімшісі) талапкер деп танылады.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 8-тараудың тақырыбы өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
8-тарау. Банкті және банк холдингін консервациялау
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2830 Заң күші бар Жарлығымен; ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 62-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 62-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
62-бап. Банкіні консервациялау ұғымы
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Банкті төлемге қабілетсіз банктердің санатына жатқызған және оған осы Заңның 61-8-бабында көзделген реттеу жөніндегі шаралар қолданылған жағдайда, ол консервациялауға ұшыратылуы мүмкін.
Консервациялау төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөніндегі шараларды іске асырған кезде, төлемге қабілетсіз банкке бақылау орнату үшін уәкілетті орган мәжбүрлеп енгізетін төлемге қабілетсіз банкті басқару мен оның қызметінің арнайы режимін білдіреді.
2. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Консервациялау режимiн белгiлеу уәкiлеттi органның шектеулi (бір жылға дейiн) мерзiмге банкіні басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiктi немесе уақытша банк басқарушысын тағайындауын бiлдiредi.
4. Банкіні консервациялау банкінің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Екінші деңгейдегі банктерге консервациялау режимін қолдану (орнату) тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 63-бап өзгертiлдi
63-бап. Банкіні басқару жөніндегі уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертiлдi (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
1. Уақытша әкiмшiлiктi (уақытша банк басқарушысын) уәкiлеттi орган оның қызметкерлерi, депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымдардың өкілдері, не осы Заңның 20-бабының 3-тармағында белгіленген ең төменгі талаптарға сәйкес келетін өзге адамдар арасынан тағайындайды.
2. Уақытша әкiмшiлiктiң басшысы мен мүшелерiнiң (уақытша банк басқарушысы) құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ олардың еңбегiне ақы төлеу шарты уәкiлеттi орган пен уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) арасында жасалатын жеке шарт бойынша белгiленедi.
3. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) өз қызметiнде осы Заңды, уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарын және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарын басшылыққа алады.
4. уәкiлеттi орган уақытша әкiмшiлiк мүшелерiн (уақытша банк басқарушысын) кез келген сәтте ауыстыруға құқылы.
5. Банкiге келтiрiлген залал үшiн уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерi (уақытша басқарушы) қолданылып жүрген заңдармен белгiленген жауаптылықты көтередi. Уақытша әкiмшiлiк басшысы мен мүшелерiне (уақытша банк басқарушысына) қалыпты өндiрiстiк тәуекел санатына жатқызылуы мүмкiн залал үшiн жауапкершiлiк жүктеуге жол берiлмейдi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 64-бап өзгертiлдi
64-бап. Банкіні консервациялауды жүргiзу туралы қаулы
1. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмiнде мыналар болуға тиiс:
а) банкінің атауы және оның орналасқан жерi;
б) банкіні консервациялау туралы шешiмнiң негiздемесi;
в) консервация күшiнiң басталуы мен мерзімi;
г) банк қызметiне қойылатын шектеулер тiзбесi;
д) уақытша әкiмшiлiктiң дербес құрамы немесе уақытша банк басқарушысының фамилиясы, аты, әкесiнiң аты;
е) консервациялау режимiнде тұрған банкінің басшы қызметкерлерiне өз жұмысы туралы есеп, табыстары туралы декларация, меншiгiнiң бар екендiгi және оның мөлшерi туралы мәлiметтер әзiрлеу және осы құжаттарды уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) беру туралы нұсқама;
ж) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша басқарушыға) берiлетiн ұсыныстар.
2. Уәкiлеттi органның банкке консервациялау жүргiзу туралы шешiмi Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таратылатын мерзiмдiк екi баспа басылымында жарияланады.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 2005.12.23 № 107-III (бұр. ред. қара); 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 65-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 65-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 65-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
65-бап. Банкті консервациялау режимін енгізудің салдарлары. Банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) өкілеттіктері
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Консервациялау күшiнiң басталуымен және оның мерзiмiне:
а) осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану мен билік ету жөніндегі құқықтары тоқтатыла тұрады;
б) банк органдарының өкілеттіктері тоқтатылады және оның басшы қызметкерлері жұмыстан шеттетіледі;
в) банк органдарының барлық өкілеттіктері, сондай-ақ осы банк эмитенті болып табылатын банк акционерлерінің акцияларды пайдалану жөніндегі құқықтары уақытша әкімшілікке (уақытша басқарушыға) көшеді;
г) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) айтпастан және оның жазбаша келісімiнсiз банкінің атынан және оның есебiнен жасалған барлық мәмiлелер жарамсыз деп танылады.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы):
а) осы Заңның 66-бабының талаптарын ескере отырып банк қызметiнiң барлық мәселелерi бойынша дербес шешiм қабылдауға;
б) қажет болған жағдайда консервациялау кезеңiнде банктің депозиторлар мен өзге де кредиторлар алдындағы мiндеттемелерiн толық немесе iшiнара тоқтата тұруға;
в) қажет болған жағдайда банк қаражатын салуды көздейтiн банк жасасқан шарттарды бұзуға не оларға, мөлшерлемелерін, тарифтерiн және қолданылу мерзiмiн өзгертудi қоса, біржақты тәртiппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
г) банкінің атынан кез келген шарттар мен құжаттарға қол қоюға;
д) банкінің атынан және оның мүддесi үшiн ақы талабын қоюға;
е) банк қызметкерлерiн қызметтен босату, қызметiн төмендету немесе қызметтен уақытша шеттету, олардың арасында мiндеттер бөлiсу туралы бұйрықтарды қоса, бұйрықтар шығаруға;
ж) кредитор мен борышкер бір адам болғандықтан, өзара талаптарды есепке алуға;
з) осы Заңның 61-11 және 61-12-баптарына сәйкес банктің активтері мен міндеттемелерін басқа банкке (банктерге) не тұрақтандыру банкіне беруге;
и) осы Заңның 8-бабында көздеген қызметті жүзеге асыруға;
к) осы Заңның 61-8-бабында көрсетілген, төлемге қабілетсіз банкті реттеу жөніндегі шараларды іске асыруға байланысты өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Консервациялау процесіндегі банкке қойылатын талаптар талап ету құқығын басқаға беру шартынан (шарттарынан) туындаса, кредитормен өзара талаптарды есепке алуға тыйым салынады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 66-бап өзгертiлдi
66-бап. Уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) банкіні басқару жөніндегі қызметiн бақылау
1. Банкіні консервациялау мерзiмi iшiнде уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша басқарушының) қызметiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады, ол: а) уақытша әкiмшiлiкке (уақытша банк басқарушысына) банкіні консервациялау кезеңiнде шаралардың негiзгi бағыттары туралы ұсыныстар беруге (негiзгi шаралар жоспарын ұсынуға);
б) уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) орындауға мiндеттi жазбаша нұсқаулар беруге;
в) уақытша әкiмшiлiктен (уақытша банк басқарушысынан) өз қызметi мен банк қызметi туралы кез келген ақпарат берудi талап етуге;
г) уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша банк басқарушысының) iстелген жұмыс туралы есебiн тыңдауға;
д) консервациялау мерзiмiн ұзартуға;
е) банкіні консервациялаудың аяқталғаны туралы шешiм қабылдауға құқылы.
2. Уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) қызметiн егжей-тегжейлi регламенттеу және оның үшiншi жақтармен өзара қарым-қатынасының қағидаттары уәкiлеттi органның қалыптық құқықтық құжаттарымен белгiленедi.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 67-бап өзгертiлдi
67-бап. Консервациялауды тоқтату
1. Банкіні консервациялау мынадай негiздер бойынша тоқтатылады:
а) уәкiлеттi органның шешiмiмен белгiленген консервациялау мерзiмiнiң аяқталуы;
б) уәкiлеттi органның консервациялауды мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы шешiм қабылдауы.
2. Банкінің қаржы жағдайының сауығуына және жұмыс сапасының жақсаруына байланысты оны консервациялауды тоқтату (оның iшiнде мерзiмiнен бұрын) осы банкiге қатысты уәкiлеттi орган немесе уақытша әкiмшiлiк (уақытша банк басқарушысы) белгiлеген барлық шектеулердiң алынып тасталуына әкеп соғады. Бұл орайда консервациялау мерзiмi iшiнде банкінің құрылтай құжаттарына, басқару органдарына және қызметкерлерiнiң құрамына енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулар күшiнде қала бередi.
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
3. Егер банкіні консервациялау оның қаржы жағдайы мен жұмыс сапасын сауықтыруға жеткiзбеген жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының банк заңнамасында көзделген негiзде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиядан айыруға құқылы.
2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 67-1-баппен толықтырылды
67-1-бап. Банктің бас ұйымы болып табылатын банк холдингін консервациялау
1. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің қаржылық жағдайын сауықтыру және оның жұмыс сапасын жақсарту мақсатында банк холдингіне қатысты әкiмшiлiк, заңдық, қаржылық, ұйымдық-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсiмдер кешенiн уәкілетті органның шешiмi бойынша мәжбүрлi түрде жүргiзудi бiлдiредi.
2. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын банк холдингі ғана консервациялауға ұшыруы мүмкін.
Банк холдингі мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша консервациялауға ұшырауы мүмкiн:
1) банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффициентінің орындалмауы;
2) қатарынан екі және одан кейінгі тоқсандарда теріс меншікті капиталдың болуы.
3. Консервациялау режимiн белгiлеу банк холдингін басқару жөнiндегi уақытша әкiмшiлiктi немесе банк холдингінің уақытша басқарушысын уәкілетті органның шектеулi (бiр жылға дейiнгі) мерзiмге тағайындауын көздейді.
4. Банк холдингін консервациялау банк холдингінің өз қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
5. Уәкілетті органның консервациялауды жүргiзу туралы шешiмiне банк холдингінің акционерлерi (қатысушылары) күнтізбелік он күн мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасай алады. Аталған шешiмге шағым жасау банк холдингін консервациялауды тоқтата тұрмайды.
6. Осы Заңның 63, 64, 65, 66 және 67-баптарының талаптары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде банк холдингтеріне қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 9-тарау жаңа редакцияда
9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 68-бап өзгертiлдi
68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi
1. Банк:
а) уәкiлеттi органның рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;
б) Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;
в) алынып тасталды
2014.07.03. № 177-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
2. Банкті тарату, оның iшiнде банкроттық негiзі бойынша тарату осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 68-1-баппен толықтырылды ҚР 10.07.03 ж. № 483-II 68-1-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
68-1-бап. Ерікті және еріксіз таратылатын банктер кредиторларының комитеті
1. Кредиторлардың мүдделерін қамтамасыз ету және олардың банктерді ерікті және еріксіз тарату рәсімдеріне қатысуымен шешімдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитеті құрылады.
Ерікті немесе мәжбүрлеп таратылатын банк кредиторлары комитетінің құрамын банктің тарату комиссиясының ұсынысы бойынша уәкiлеттi орган бекітеді.
2. Кредиторлар комитетінің құрылу және қызметі ерекшеліктері уәкiлеттi органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңдарымен 69-бап өзгертiлдi; 2011.28.12. № 524-ІV ҚР Заңымен 69-бап өзгертiлдi (бұр.ред.қара)
69-бап. Ерiктi тарату
1. Банк акционерлерінің жалпы жиналысы оны ерікті тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін банк жеке тұлғалардың депозиттерін оларды тікелей төлеу жолымен қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі шараларды қолдануға міндетті.
Банктерді ерікті түрде таратуға рұқсат берудің тәртібі, сондай-ақ жеке тұлғалардың депозиттерін қайтарудың, оларды басқа банкке аударудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2019.25.11. № 272-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-1. Жеке тұлғалардың депозиттерін қайтаруды жүзеге асырғаннан кейін банк уәкілетті органға өзін ерікті таратуға рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге құқылы.
Өтінішхатқа акционерлердің жалпы жиналысында бекітілген банктің өз қызметін тоқтатуға дайындалу мерзімдері мен кезеңдері туралы іс-шаралар тізбесі, банктің өз міндеттемелері бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін қаражатының жеткілікті екендігі туралы куәландыратын баланстық есеп және басқа да қажетті мәліметтер қоса берілуге тиіс. Қажетті мәліметтер тізбесі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн уәкiлеттi орган тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс.
Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкiлеттi орган бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды.
2-1. Уәкілетті орган банкті өз еркімен таратуға рұқсат беруден бас тартуды мынадай негіздердің бірі:
1) ұсынылған құжаттардың толық болмауы немесе тиісті түрде ресімделмеуі;
2) өз міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін банк қаражатының жеткілікті болмауы;
3) жеке тұлғалардың депозиттерін тікелей төлеу арқылы қайтару не оларды депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын басқа банкке аудару жөніндегі іс-шараларды қабылдамауы бойынша жүргізеді.
3. алынып тасталды
4. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алған жағдайда банк тарату комиссиясын банктiң филиалдары мен өкiлдiктерiн ескере отырып, құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөніндегі өкiлеттiк ауысады.
Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
4-1. Ерікті таратылатын банктің тарату комиссиясының қызметіне бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Ерiктi түрде таратылуға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi.
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
6. Тарату комиссиясы тарату балансы мен банктi тарату туралы есеп бекiтілгеннен кейiн жетi күн мерзiмде оларды Корпорацияға және уәкiлеттi органға ұсынуға мiндеттi.
Банктi тарату аяқталған кезде тарату комиссиясы құжаттарды сақтау үшiн белгiленген тәртiппен мұрағатқа тапсыруға және бұл жөнiнде уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi.
7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық негіздер бойынша ерiксiз түрде таратылуы тиiс.
7-1. Ерiктi түрде таратылу процесiн аяқтаудың мүмкiн еместiгiне байланысты уәкiлеттi орган банктiң жұмысын ерiксiз тоқтату (тарату) туралы сотқа жүгiнуге құқылы.
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 70-бап өзгертiлдi; 2007.12.01 № 222-III (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 70-бап өзгертiлдi
70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi
Банктердi ерiксiз таратуды сот: