2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертiлдi (бұр. ред. қара)
2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбесiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, ал Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларда уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленедi.
Мемлекеттік органдардың бөлімшелері болып табылатын ұйымдар банк операцияларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің жоғарыда аталған ұйымдарды құру, қызметі, қызметін реттеу және тоқтату тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, оларды жүзеге асыруды үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз, тек қана мемлекеттік бюджетке қатысты және соның қаражаттары есебінен жүзеге асыруға құқылы.
2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес енгізілген ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметін жүзеге асыратын банктер мен өзге де заңды тұлғаларға осы Заңның және осы Заңға сәйкес қабылданатын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің нормалары ерекше реттеу режимінің шарттарында көзделген шекте қолданылады.
3. 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2015.24.11. № 422-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылады (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі)
76-бап. ҚР 29.06.98 ж. № 236-1 Заңымен алып тасталды
2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 76-1-баппен толықтырылды
76-1-бап. Өтпелі ережелер
Осы Заңның 57-бабы 1-1-тармағы үшінші бөлігінің талаптары 2005 және 2006 жылдардың қорытындылары бойынша банк конгломераты қатысушыларына аудитті жүзеге асыруда қолданылмайды.
10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2008.23.10. № 72-IV (бұр.ред. қара) ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 77-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 77-бап өзгертілді (2019 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
77-бап. Уәкілетті органның iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) шағым беру
Уәкiлеттi органның банк қызметiн реттеу саласындағы iс-әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) сотқа шағым берілуі мүмкiн.
Уәкілетті органның қадағалап ден қою шараларын (қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шараларынан басқа) және (немесе) санкцияларды қолдану туралы, банкті өзінің депозиторлары мен кредиторларының мүдделеріне қатер төндіретін және (немесе) қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатер төндіретін қаржылық жағдайы орнықсыз банктер санатына жатқызу туралы, банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу туралы, оған реттеу жөніндегі шараларды қолдану туралы шешімдеріне, сондай-ақ банкті басқару жөніндегі уақытша әкімшіліктің (банкті уақытша басқарушының) консервациялау сатысындағы, соттың банкті мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енгенге дейін банктің уақытша әкімшілігінің (уақытша әкімшісінің) әрекеттеріне шағым жасау шағым жасалып отырған шешімнің орындалуын немесе әрекеттерді (әрекетсіздікті) тоқтата тұрмайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 78-бап өзгертiлдi
78-бап. Осы Заңның күшiне енуi
1. Осы Заң жарияланған күннен бастап күшiне енедi.
2. Осы Заң күшiне енген күннен бастап, «Қазақстан Республикасындағы банкiлер туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңының қолданылу кезеңiнде банкiлердiң жарғылық капиталын қалыптастыру тәртібін бұзушылықтарға жол берiлгендiгi анықталған жағдайда, банкiлерге осы Заңда көзделген санкциялар қолданылады.
Қазақстан Республикасының