2. Дауыс беру нәтижелері: _____________________________________
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бөлім меңгерушісі _________________.
(қолы)
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 5-2-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.28.12. № 1088 Қаулысымен 5-2-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің Регламентіне
5-2-қосымша
Парламент қабылдаған және Премьер-Министрге қолын қойып
бекітуге жіберілетін заңнамалық актілер бойынша қорытынды
нысаны
1. Заңнамалық актіні қабылдау негіздемесі.
2. Заңнамалық актіні қабылдау мақсаттары.
3. Заңнамалық актіні іске асырудың әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары.
4. Депутаттардың түзетулері туралы мәліметтер.
5. Депутаттардың түзетулері бойынша Үкіметтің қорытындылары туралы мәліметтер.
6. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Ұлттық қордың түсімдерін қысқарту немесе шығыстарын ұлғайту туралы мәліметтер.
7. Қабылданған заңнамалық актінің Қазақстан Республикасының Конституциясына, қолданыстағы заңнамалық актілерге, сондай-ақ Парламент қабылдаған, бірақ Мемлекет басшысы қол қоймаған немесе қолданысқа енгізілмеген заңнамалық актілерге сәйкестігі туралы ақпарат.
8. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің қолын қойып бекіту мүмкіндігі туралы қорытынды.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 5-3-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
5-3-қосымша
Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобасын алып жүруге жауапты адамдардың дербес
құрамы
Р\с № | Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобасын алып жүруге жауапты адамның Т.А.Ә. | Қазақстан Республикасының Парламентінде заң жобасын алып жүруге жауапты адамның лауазымы |
Жұмыс топтары |
1. | | - департамент директоры немесе комитет төрағасы |
2. | | - департамент директоры немесе комитет төрағасы |
... | | |
Бас комитеттердің отырыстары |
1. | | - бірінші басшының орынбасары |
2. | | - бірінші басшының орынбасары |
... | | |
Жалпы отырыстар |
1. | | - орталық атқарушы органның бірінші басшысы |
2. | | - орталық атқарушы органның бірінші басшысы |
... | | |
ҚР Үкіметінің 2013.05.03. № 213 Қаулысымен 6-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
6-қосымша
Қабылданған заңдардың іске асырылуы туралы
20__ жыл бойынша ақпарат
______________________________________
(Заңның атауы, күні, №)
___________________________________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиісті өкімінің атауы, күні, №)
Р/с № | Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік органдар | Орындау мерзімі | Орындау сатысы (күні, шығыс № көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат) |
| | | | |
ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 7-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
7-қосымша
Нормативтік құқықтық (құқықтық) актілерінің жобасына
«Нормативтік құқықтық (құқықтық) актісінің атауы»
САЛЫСТЫРМА КЕСТЕ
Р/с № | Құрылымдық бөліктері | Қолданыстағы редакция | Ұсынылып отырған редакция | Негіздеме. Тапсырмаларға сілтемелерден басқа: 1) түзетудің мәнін; 2) әрбір енгізілген түзетудің нақты негіздемесі көрсету қажет. |
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 8-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
8-қосымша
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі/Сенаты
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған
«___________________________________»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған «_____________________________________» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
1. Заң жобасын сипаттау бөлігі
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Осы бөлікте заң жобасын әзірлеудің негізділігіне, уақтылығына, орындылығы мен қажеттілігіне баға беріледі.
Заң жобасын бағалау кезінде мыналар ескеріледі:
1) заң жобасында қолданыстағы заңнамада реттелген құқықтық қатынастар регламенттелмеуге тиіс;
2) заң жобасы құқықтық негіз қалаушы қағидаттарға қайшы келмеуге тиіс;
3) заң жобасының реттеу нысанасы Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көрсетілген қоғамдық қатынастарға сәйкес келуге тиіс.
2. Бюджетке мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы көзделетін нормалар туралы мәліметтер
_______________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
Қорытынды жобасында бюджетке мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы көзделетін нормалар туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Егер мемлекеттік бюджетке мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы себебінен заң жобасына тұтастай немесе оның жекелеген бөлігіне қолдау көрсетілмесе, Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар қолдау таппаған отырысының нөмірі мен күні көрсетіледі.
Әзірлеуші қорытынды жобасына мемлекеттік кірістің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстың ұлғайтылуы мүмкіндігі бөлігінде қаржы-экономикалық есептер бар болған кезде оларды қоса береді.
3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық жасаған «_____________________________» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі туралы мәліметтер: ________________________________.
* Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәжілісі хаттамасының күні мен нөмірі және заң жобасы бойынша қабылданған шешім
4. Заң жобасы бойынша Үкіметтің ұстанымы:
1) мемлекеттік органдардың пікірі және Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдері ескеріле отырып, Үкіметтің заң жобасы бойынша жалпы ұстанымы көрсетіледі (қолдау табады/қолдау таппайды)
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________;
2) заң жобасының жекелеген құрылымдық элементтері немесе өзара байланысты ережелерінің тобы бойынша ескертулер мен ұсыныстар дәйекті түрде және ұсынымдық сипатта жазылады. Бұл ретте:
құрылымдық элементтің қолдау таппаған бөлігі нақты көрсетіледі;
Конституцияға, өзге де заңнамалық актілерге, мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарына, басқа да құжаттарға қайшылықтары көрсетіле отырып, заң жобасын тұтастай немесе оның жекелеген бөлігін қабылдамаудың объективті себептеріне сілтеме жасала отырып, Үкімет ұстанымының негіздемесі қысқаша көрсетіледі;
заң жобасын тұтастай немесе оның бөлігін қабылдамаудың өзге де себептері көрсетіледі (Президенттің тапсырмаларына, нақты салада жүргізіліп жатқан саясатқа, заң жобасының мақсаттарына сәйкес келмеуі және басқа);
қажет болған жағдайда Үкімет құрылымдық элементтің редакциясын ұсынуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының немесе олардың міндетін атқарушы адамдардың қолдары.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 9-қосымшамен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 9-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
9-қосымша
Қазақстан Республикасы
Парламентінің Мәжілісі/Сенаты
Қазақстан Республикасының Үкіметі/Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған
«________________________________________»
Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша
Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының түзетулеріне Қазақстан Республикасы Үкіметінің
ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі/Парламенті депутаттары бастамашылық жасаған «__________________________________» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша Парламент Мәжілісі/Сенаты депутаттарының түзетулерін қарап, мынаны хабарлайды.
1. Парламент депутаттары ұсынған, Үкімет қолдайтын түзетулердің жеке немесе өзара байланысқан топтар бойынша қысқаша мазмұны.*
* Егер қолдау тапқан түзетулер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюына немесе кіріс бөлігінің қысқаруына әкеп соғатын болса, онда Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар мақұлданған отырысы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі.
2. Ескертулер мен ұсыныстар бар түзетулер:
Түзетудің мазмұны оның мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін, түзетулердің қандай нысаналы топтарға бағытталғанын (түзетулер қозғайтын нысаналы топтарды сипаттау: азаматтар, кәсіпорындар, ұйымдар, мемлекет) сипаттай отырып, әлеуметтік-экономикалық дамуға, ішкі саяси тұрақтылыққа, діни қызметке, бірыңғай ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігіне әсері туралы мәліметтерді сипаттай және мына нұсқалардың бірін: (ішінара қолдау табады/қолдау таппайды) көрсете отырып қысқаша жазылады.
_____________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________
Мемлекеттік органдардың пікірлері ескерілген ескертулер мен ұсыныстар әрбір түзету бойынша жеке немесе өзара байланысқан түзетулер тобы бойынша дәйекті түрде жазылады және ұсынымдық сипатта көрсетілуге тиіс, бұл ретте:
1) егер түзету ішінара қолдау тапса, түзетудің бұл бөлігі айқын көрсетіледі;
2) Конституцияға, өзге де заңнамалық актілерге, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына, басқа да құжаттарға қайшылықтары көрсетіле отырып, түзетуді тұтастай немесе оның бір бөлігін қабылдамаудың себептеріне сілтеме жасала отырып, Үкімет ұстанымының негіздемесі қысқаша көрсетіледі;
3) түзетуді қабылдамаудың өзге де себептері көрсетіледі (Президенттің тапсырмаларына, нақты салада жүргізіліп жатқан саясатқа, заң жобасының мақсаттарына, оның ішінде мемлекеттік шығыстардың ұлғаюын немесе мемлекеттік кірістің қысқаруын көздейтін тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты мақсаттарына сәйкес келмеуі);
4) егер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюы немесе кіріс бөлігінің қысқаруы себебінен түзетулерден бас тартылса, онда Республикалық бюджет комиссиясының осындай шығындар қолдау таппаған отырысы хаттамасының нөмірі мен күні көрсетіледі;
5) қажет болған жағдайда, Үкімет түзетудің редакциясын ұсынуы мүмкін**
**Түзетудің редакциясы депутаттардың түзетулері қозғайтын немесе мазмұны бойынша олармен тікелей байланысқан заң жобасының құрылымдық элементтері бойынша ғана берілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Үкімет Регламентінің талаптарына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының немесе олардың міндетін атқарушы адамдардың қолдары.
ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 668 Қаулысымен 10-қосымшамен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына
10-қосымша
«________________________________________________________»
Заң жобасын қарау барысында бастама жасалған түзетулер бойынша мемлекеттік органдардың келісілген
ұстанымы
1. Түзетулердің сипаттамалық бөлігі ____________________________________________________
________________________________________________________________________________________.
Бұл бөлікте түзетулердің негізділігіне, орындылығына және қажеттігіне баға беріледі.
Түзетулерді бағалау кезінде мыналар ескеріледі:
1) түзетулер қолданыстағы заңнамада реттелген құқықтық қатынастарды реттемеуге тиіс;
2) түзетулер құқықтың негіз қалаушы қағидаттарына қайшы келмеуге тиіс;
3) түзетулер заң жобасының тұжырымдамасына сәйкес келуге тиіс.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің түзетулеріне ұсыныстар мен ескертулер туралы мәліметтер:________________________________________________________________________________.
3. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер: ________________________________________________________________.
Түзетулер бойынша мемлекеттік органдардың келісілген позициясында мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормалар туралы мәліметтер қамтылуы тиіс. Егер түзетулер мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігінің ұлғаюы немесе кіріс бөлігінің қысқаруы себебінен қолдау таппаған жағдайда, Республикалық бюджет комиссиясының мұндай шығындар қолдау таппаған отырысының нөмірі мен күні көрсетіледі.
Мемлекеттік кірістерді ықтимал қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту бөлігінде қаржылық-экономикалық есептер бар болса, әзірлеуші оны түзетулер бойынша келісілген позицияға қоса береді.
4. Үкімет құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін немесе Үкімет құрылымына кірмейтін орталық мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер (бар болған жағдайда):_________________________________________________________.
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерінiң
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 6, 40-құжат).
2. «Қару-жарақтың, әскери өнiмнiң және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 наурыздағы № 278 қаулысының 7-тармағы.
3. «Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысы 2-тармағының 1) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi № 1426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 47, 435-құжат).
5. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысының 5-тармағы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы № 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 42-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 149-құжат).
8. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 611 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 224-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi № 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 361-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 маусымдағы № 856 қаулысы
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 наурыздағы № 298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 74-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi № 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 32, 343-құжат).