Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2000 ж. 13 наурыздағы № 386 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
20-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) жобаның экономикалық орындылығы және мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша - Экономика министрлігімен;".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі