Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156
қаулысына толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2002 ж. 12 наурыздағы № 298 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
"28-1. Үкiметтiң қаулыларын және Премьер-Министрдiң өкiмдерiн тiркеу мен есепке алу Премьер-Министрдiң Кеңсесi анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
Қол қойылған Үкiметтiң қаулыларына және Премьер-Министрдiң өкiмдерiне Кеңсе мыналарды қамтыған тiркеу нөмiрлерiн бередi:
1) құпия емес қаулылар үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, өкiмдер үшiн - күнтiзбелiк жылдың басынан басталған реттiк нөмiр, сызықша арқылы "ө" әрпiн көрсете отырып;
2) құпия немесе өте құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар мен өкiмдер үшiн - құпия емес қаулыларға (өкiмдерге) арналған реттiк нөмiр, құпия мәлiметтердi қамтыған қаулылар (өкiмдер) үшiн реттiк нөмiрдi сызық арқылы көрсетiп, құпия қаулылар (өкiмдер) үшiн - "қ" әрпiн және өте құпиялары үшiн - "өқ" әрiптерiн жаза отырып;
3) бюджеттік бағдарламалардың бекітілген паспорттарына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудi көздейтiн қаулылар үшiн - бастапқы қаулының реттік нөмірі, әлiпби тәртібімен берiлетiн әрiп таңбасы жазыла отырып.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | И.Тасмағамбетов |