Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің
экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 19 наурыздағы № 278 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 11.08.99 ж. № 1143; 14.12.99 ж. № 1917; 10.07.00 ж. №
1039; 10.12.02 ж. № 1300 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты мәселелері бойынша экспорттық бақылау жүйесін және ақпаратты қорғау жүйесін жетілдіру мен дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1-4. ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен 1-4 тармақтары күшін жойды
5. Құпия.
6. Арнайы мүлікті экспорттау мен импорттауды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасына әртүрлі қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімді өндіру мен олардың жаңа түрлерін сатып алуға инвестициялар тарту үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сенімді шетелдік әріптестерін іздестіру жөнінде шаралар қабылдасын.
7. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 7-тармақтың күші жойылды
8. ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен 8-тармақтың күшін жойылды
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1771 қаулысына:
атауындағы және 2-тармақтағы "Қорғаныс министрлігі" деген сөздер "Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) ҚР Үкіметінің 10.07.00 ж. № 1039 қаулысымен 2-тармақша алынып тасталды
10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен ереженің күшін жойылды
ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен қосымшаның күшін жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
19 наурыздағы
№ 278 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Қару-жарақтың
әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты
жөніндегі үкіметтік комиссияның
Құрылымы
Балғымбаев Нұрлан - Қазақстан Республикасының
Өтепұлы Премьер-Министрі, төраға
Тілеубердин Алтай - Қазақстан Республикасының
Абылайұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы,
төрағаның орынбасары
Елубаев Бауыржан - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Ысқақұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының
орынбасары (келісім бойынша)
Алтынбаев Мұхтар - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Қапашұлы министрі
Тоқаев Қасымжомарт - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Кемелұлы істер министрі
Кәкімжанов Зейнолла - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Халидоллаұлы кіріс министрі
Әблязов Мұхтар - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Қабылұлы индустрия және сауда министрі