Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 ж. 20 сәуірдегі № 611 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
40-2-тармақтың бесінші абзацындағы "Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігі" деген сөздер "Кеңсе" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі