123. Өз бастамасы бойынша немесе Президенттің тапсырмасына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерге де, Қазақстанның басқа қаласына да (оның ішінде демалыс және мереке күндері) іссапарға шығуы қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 (үш) күн бұрын Премьер-Министрдің атына ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түрінде ресімделген, өзінің іссапарға шығуына рұқсат беру туралы өтінішхатпен жүгінуге тиіс.
Орталық атқарушы органның бірінші басшысының өтінішхатында іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуге тиіс.
Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша өтінішхат талап етілмейді - Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 124-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның өтінішхатынсыз жіберуге құқығы бар.
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 125-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы есеп беруге міндетті.
Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.27.03. № 270 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 10-бөлім жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 10-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-тарау. Орындалуын бақылау тәртібі
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 126-тармақ жаңа редакцияда
126. Президенттің, Премьер-Министрдің, Үкіметтің актілерін, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшылығының тапсырмалары, Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне, Қағидаларға және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 127-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
127. Бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) ревизия және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің өкілдерімен бірге жергілікті жерге барып, бақылаудағы тапсырмалардың орындалу уақтылығы мен сапасына мониторинг жүргізу;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 128-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 128-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.18.03. № 145 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 128-тармақ өзгертілді
128. Мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкіметтің актілерін, Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардың орындалуын бақылауды мына лауазымды адамдар жүзеге асырады:
1) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысы актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуына жалпы басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік органның аппарат басшысы актілер мен тапсырмалардың орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік орган бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік орган мен ұйымның бірінші басшысының орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша актілер мен тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген лауазымды адамдар актілер мен тапсырмалардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады.
Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды қоспағанда, Президенттің өңірлік сапарлары, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралар қорытындылары бойынша Үкіметке орталық және жергілікті атқарушы органдарға берілген тапсырмалары тармақтарының уақтылы және сапалы іске асырылуын бақылауды Үкімет жүзеге асырады.
129. Бақылаудағы тапсырмалар күрделілігі дәрежесіне қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жүйелі тапсырмалар - қандай да бір саладағы/аядағы/өңірдегі тәсілдерді, нормалар мен қағидаларды қалыптастыруға және жаңаларын іске асыруға не қолданыстағыларын өзгертуге бағытталған ұзақ мерзімді, кешенді және ведомствоаралық сипатта болатын тапсырмалар;
2) жедел тапсырмалар - орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасауды талап етпейтін және мәселелерді шұғыл шешуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Кеңсенің сұрау салуларына есептерді қалыптастыруға, ақпарат дайындауға, сондай-ақ ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерге (кеңестер өткізу, іс-шараларды ұйымдастыру және т.б.) байланысты қысқа мерзімді тапсырмалар;
3) жылдамдату тапсырмалары - тапсырманың орындалуын жеделдетуге, күшейтуге, жандандыруға бағытталған іс-қимылдар не бастапқы белгіленген орындалу мерзімінің өзгеруіне әсер етпейтін бұрын берілген тапсырмалар туралы ескерту. Жылдамдату тапсырмаларын орындау туралы есептер ұсынылмайды және бағалауға жатпайды.
ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 130-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
130. Президенттің актілері мен тапсырмаларына, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесі мен Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларға орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлері қойылады:
1) шұғыл - мынадай белгілері бар: «өте шұғыл» - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» - он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді - алты айдан астам.
Үкімет актілері мен Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, сондай-ақ Кеңсе Басшысының тапсырмалары орындаудың белгіленген мерзімдері ескеріле отырып, мынадай бақылау түрлеріне қойылады:
1) шұғыл - мынадай белгілері бар: «өте шұғыл» - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» - он жұмыс күніне дейін;
2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін;
3) орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін;
4) ұзақ мерзімді - алты айдан астам.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 131-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 131-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
131. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):
1) Президенттің, Премьер-Министрдің және Үкіметтің актілері не актілерінің тармақтары;
2) өңірлік сапарлардың, халықаралық және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың, Президент мәлімдемелерінің (үндеулерінің), жұмыс кеңестерінің, Президенттің қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырыстарының, Президент басшылық жасайтын консультативтік-кеңесші және өзге де органдар отырыстарының қорытындылары бойынша берілген Президенттің тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
3) Президенттің жеке тапсырмалары, сондай-ақ оның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмалары;
4) қағаз жеткізгіштерде «Бақылауға алынды» деген мөртабан немесе құжаттың электрондық карточкасында бақылау мәртебесі туралы белгі болған кезде, Президенттің қызметтік және өзге құжаттар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша тапсырмалары не тапсырмаларының тармақтары;
5) Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалар не тапсырмалардың тармақтары;
6) Үкімет отырыстарының, Премьер-Министрдегі, оның орынбасарларындағы, Кеңсе Басшысындағы отырыстардың хаттамалары;
7) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар берілетін Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының, оның ішінде халықаралық, сондай-ақ өңірлік сапарлардың қорытындылары бойынша тапсырмалары;
8) «өте шұғыл», «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар, орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар бар Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының Кеңсеге, Кеңсе Басшысына (оның міндетін орындаушы адамға) берген тапсырмалары;
9) Премьер-Министрдің жедел тапсырмалары;
10) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастама жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытынды беруін өтінген Парламент палаталарының өтініштері;
11) прокурорлық қадағалау актілері;
12) Конституциялық Кеңестің сұрау салулары, нормативтік қаулылары мен жолдаулары;
13) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің сұрау салулары, қаулылары.
ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен 131-1-тармақпен толықтырылды
131-1. Президент Әкімшілігінде бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті тапсырмаларының орындалуын бақылауды бекітудің негізінде Премьер-Министр Кеңсесі бақылауды бекітуді дайындайды және оны орындаушыларға: өңірлік сапарлардың және қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың қорытындылары бойынша - Үкіметтің құрылымына кіретін мемлекеттік органдарға, жергілікті атқарушы органдарға және ұйымдарға, халықаралық іс-шаралар бойынша - барлық мемлекеттік органдарға және орындаушы ұйымдарға жібереді.
132. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі:
1) халықаралық іс-шаралардың қорытындылары бойынша актілер мен тапсырмаларды орындауға жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмысын үйлестіруді;
2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 133-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
133. Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы адамның) актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды орындау мерзімі мемлекеттік орган мен ұйымға түскен күннен бастап жұмыс күндерімен есептеледі.
Егер орындау мерзімі жұмыс емес күніне түсетін болса, одан кейінгі таяудағы жұмыс күні мерзімнің аяқталатын күні болып есептеледі.
Айлармен есептелетін мерзімдер айдың соңғы жұмыс күнінің тиісті күнінде аяқталады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, тоқсанның қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 сәуірден, 20 шілдеден, 20 қазаннан және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 шілдеден және 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
Егер өзге мерзімдер көрсетілмесе, жылдың қорытындылары бойынша ақпарат тиісінше 20 қаңтардан кешіктірілмей ұсынылады.
134. Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар, қажет болған кезде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.
135. ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2017.29.12. № 943 Қаулысымен 136-тармақ жаңа редакцияда (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
136. Үкіметтің және Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар мынадай бақылауға қойылған актілер мен тапсырмаларды орындау кезінде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар түріндегі ұсыныстарын ЭҚАБЖ арқылы:
1) «өте шұғыл» деген белгісі бар шұғыл бақылауға - тапсырма түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» деген белгілері бар - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
2) орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күніне дейін қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;
орындау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнінен астам қысқа мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
3) орта мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей;
4) ұзақ мерзімді бақылауға - егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, белгіленген орындау мерзіміне дейін 20 (жиырма) жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 137-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
137. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе тапсырма берген лауазымды тұлға не оның міндетін атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.
Үкіметке және (немесе) Кеңсеге арналған Президенттің актілерін және/немесе тапсырмаларын, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмаларды бақылаудан алу және орындау мерзімдерін ұзарту мәселелерін Президент Әкімшілігі қарайды.
ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен 138-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
138. Егер Үкімет тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өздерінің ұсыныстарын бермеген және ол бірлесіп орындаушы мемлекеттік органның белгіленген мерзімде тиісті ақпаратты бермегені туралы ақпаратты ұсынған жағдайда, орындау мерзімінің бұзылғанына бірлесіп орындаушы мемлекеттік орган ғана жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2021.13.05. № 318 Қаулысымен 139-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
139. Президенттің жеке тапсырмаларын және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды тұлғалар, егер Президент өзгеше белгілемесе, тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауға тиіс.
Президенттің жеке тапсырмаларын және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында немесе бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды Президент қана жүзеге асырады.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды қоспағанда, Президенттің актілері және/немесе тапсырмалары тармақтарының, сондай-ақ Ассамблея шешімдеріндегі тапсырмалар тармақтарының орындалу мерзімдерін Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшесінің сараптамалық қорытындысы не Президент Әкімшілігінің жауапты лауазымды тұлғалары қол қойған Үкіметтің не орындаушы мемлекеттік органның ұсынысымен оның келісімі негізінде Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының шешімі бойынша бір реттен асырмай ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға жол беріледі.
Қағидалардың 36-1-тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау мерзімдерін Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының шешімі бойынша бір реттен асырмай ұзартуға не оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыруға жол беріледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріндегі тапсырмалар бойынша орындау мерзімін ұзарту, оларды орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы, сондай-ақ аралық ақпарат беру мерзімін белгілеу туралы шешімді Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қабылдайды.
Орта мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы ай сайын немесе тоқсан сайын аралық ақпарат бере отырып жүзеге асырылады. Орта мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша бастапқы белгіленген мерзім ішінде тапсырманы орындауды аяқтау және/немесе түпкілікті нәтижеге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда қабылданады.
Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру Президент Әкімшілігіне тапсырманың орындалу барысы туралы тоқсан сайын немесе жартыжылдық аралық ақпарат бере отырып жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру туралы шешім тапсырманы орындауды объективті қалыптасқан сыртқы мән-жайлар бойынша белгіленген мерзімде аяқтау мүмкін болмаған жағдайда және тапсырманы орындау нәтижелерінің тиімділігін немесе оның ел дамуының түйінді индикаторларына қол жеткізуге әсерін бақылауды жүзеге асыру қажет болған жағдайда қабылданады.
140. Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының қарарлары бар Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бақылаудағы тапсырмаларын орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, мемлекеттік органдардың атына Қазақстан Республикасы Президентінің және/немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі басшылығының тапсырмасы түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей орындайды.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 140-1-тармақпен толықтырылды
140-1. Егер Премьер-Министр өзгеше белгілемесе, Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тапсырмаға қол қойылған күннен бастап екі апта мерзімнен асырмай орындайды.
Премьер-Министрдің жедел тапсырмаларын орындау мерзімін ұзартуды және бақылаудан алуды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ғана жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2016.29.12. № 904 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 141-тармақ өзгертілді
141. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларындағы және Қазақстан Республикасының Президентінде, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмаларды орындау мерзімі тапсырма мемлекеттік органға түскен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда, өз атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар (оның ішінде кеңеске тікелей қатысып отырған лауазымды адамдар мемлекеттік органның бірінші басшысына олардың орындалуын ұйымдастыру үшін тиісті тапсырмалар мен ескертпелер туралы баяндайды) өздеріне мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпей, мәжілістен (кеңестен) кейін бірден тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.
Егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары бір ай мерзімнен кешіктірілмей, ал «өте шұғыл» деген белгі болған кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде, «шұғыл» немесе «жеделдетілсін» деген белгі болғанда - 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалады.
Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарларының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, тиісінше 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмей орындалады.
Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының Кеңсе Басшысының тапсырмаларында (оның ішінде хаттамалық), сондай-ақ Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде қамтылған тапсырмаларда, сондай-ақ іс-шаралар жоспарында нақты орындау мерзімі көрсетілмесе және олардың мазмұнынан оларды орындау ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.б.) қажет ететіні туындаған жағдайда не олардың мазмұнынан орындау мерзімі туралы біржақты тұжырым жасау мүмкін болмаса, сондай-ақ даулы жағдайларда, мұндай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттілігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және олар орындауға жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізіледі.
Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік орган орындаған кезде атауының қатарында «(жинақтау)» немесе «жинақ» деген белгі қойылған орган жауапты болып табылады. Оның бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар. «(Жинақтау)» немесе «жинақ» деген белгілер болмаған жағдайда, тапсырмада көрсетілген мемлекеттік органдар Кеңсеге ақпаратты өздігінен енгізеді.
Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсе Басшысы белгілеген мерзімдер бұзылған жағдайда, Кеңсе мемлекеттік органдардың ақпаратын жауапкершілігі заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатын нақты лауазымды адамдар бойынша ақпарат енгізілген кезде ғана қабылдайды.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.29.12. № 943 Қаулысымен (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.16.10. № 668 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 141-1-тармақ өзгертілді
141-1. Егер тапсырманы белгіленген мерзімде орындау мүмкін болмаса, тапсырманы орындауға жауапты мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы алдын ала, бірақ белгіленген мерзімге дейін 1 (бір) күннен кешіктірмей тапсырманың орындалуының ағымдағы жай-күйін көрсетіп, тапсырманы орындау мерзімін ұзарту не нақты орындау мерзімін, жауапты мемлекеттік саяси қызметшіні - орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарын, сондай-ақ бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдарды міндеті түрде көрсетіп, оны орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді бақылауға ауыстыру қажеттілігін дәлелді түрде негіздей отырып, ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат түріндегі хат енгізеді.
Бұл жағдайда жауапты бөлімнің басшысы жауапты орындаушы мемлекеттік органның ақпараты келіп түскен күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен келісім бойынша Үкімет басшылығының немесе Кеңсе Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті қарарын дайындайды.
Депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастамашылық жасаған заң жобасына депутаттардың түзетулері бойынша аралық жауапты жіберу қажет болған жағдайда, Кеңсе Басшысына жинақтауды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшенің меңгерушісі қол қойған, аралық ақпаратты жіберу қажеттілігі туралы себептер мен негіздер, жүргізілген жұмыс, талап етілетін шаралар және нақты орындау мерзімдері туралы ақпарат көрсетілген қызметтік жазбахат енгізіледі.
Депутаттық сауалдар, сондай-ақ Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларына қорытындылар және Үкімет бастама жасаған заң жобасына Парламент депутаттарының түзетулері бойынша аралық жауаптар мәселе бойынша жетекшілік ететін Премьер-Министр орынбасарының қолы қойылып, Парламент палаталарына жіберіледі.
Егер мәселе Премьер-Министрдің құзыретіне кіретін болса, онда оның қолы қойылған аралық жауаптар Парламент палаталарына жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-2-тармақпен толықтырылды
141-2. Премьер-Министрдің тапсырмаларын орындау мерзімдерін қайтадан ұзартуға Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының (міндеттердің бөлінуіне немесе бақылаудың тиісті бекітілуіне сәйкес) тиісті ұсынысы негізінде жауапты мемлекеттік саяси қызметшіге - орындаушы мемлекеттік органның бірінші басшысының орынбасарына қатысты тәртіптік сипаттағы шараларды қабылдау туралы мәселе қарала отырып, ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Премьер-Министр орынбасарының немесе Кеңсе Басшысының тиісті ұсынысын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі дайындайды және Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімімен келіседі.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-3-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2019.26.09. № 707 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.13.05. № 318 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 141-3-тармақ жаңа редакцияда
141-3. Кеңсеге Премьер-Министрдің тапсырмасын (оның ішінде Президенттің, Тұңғыш Президент - Елбасының тапсырмаларынан, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің және Ассамблеяның шешімдерінде қамтылған тапсырмалардан туындайтын) орындау мерзімін екі реттен артық ұзарту туралы ұсыныс енгізілген жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдерді бұзуға жол берген саяси мемлекеттік қызметшілерді және жауапты лауазымды адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қаралады.
ҚР Үкіметінің 2014.12.06. № 647 Қаулысымен 141-4-тармақпен толықтырылды
141-4. Премьер-Министрдің тапсырмаларын уақтылы орындамағаны үшін мерзімнің бұзылуына жол берген мемлекеттік органның басшысы, сол сияқты аталған тапсырманың орындалуын үйлестіруді жүзеге асыратын Кеңсенің құрылымдық бөлімшесі жауапты болады.
ҚР Үкіметінің 2017.19.08. № 491 Қаулысымен 141-5-тармақпен толықтырылды
141-5. Тапсырма уақтылы, сапалы орындалмаған немесе мерзімін ұзарта отырып орындалған жағдайларда, жауапты құрылымдық бөлімше тапсырма жобасының мәтінінде кемшілік түрін көрсете отырып, тиісті тапсырма жобасында кінәсінен кемшілікке жол берілген жауапты мемлекеттік органдарды көрсетеді.