Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 22 қаңтардағы № 116 қаулысы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 6, 40-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде:
5-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Үкіметтің нормативтік құқықтық актілерінің ресми түсіндірілуін дайындауды Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша Әділет министрлігі жүзеге асырады.";
18-тармақта:
бірінші абзацтағы "мемлекеттік органдар" деген сөздерден кейін "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші абзацта:
"келіспеушілік пайда болған кезде" деген сөздерден кейін "Премьер-Министрдің жобада қаралатын мәселелердің нысанасы құзыретіне кіретін орынбасарлары" деген сөздермен толықтырылсын;
"қол жеткізілмеген жағдайда" деген сөздерден кейін "Премьер-Министрдің орынбасары" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 18-2-тармақпен толықтырылсын:
"18-2. Үкіметтің "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыштық аппараттарды ұшыру мен зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспары жөніндегі қаулыларының жобаларын келісу және енгізу мәселелері Үкімет бекітетін тиісті нұсқаулықпен айқындалады.";
21-тармақтың бірінші абзацы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
"Үкіметтің шешімді неғұрлым жедел қабылдауы мақсатында Премьер-Министрдің, Премьер-Министр орынбасарларының, Кеңсе Басшысының тапсырмасы бойынша жобаға мемлекеттік органдардың басшылары немесе лауазымды тұлғалары (лауазымы бойынша вице-министрден төмен емес) кеңесте (мәжілісте) қол қоюы мүмкін. Бұл ретте көрсетілген лауазымды тұлғалар өздері виза қойған жоба туралы мемлекеттік органның бірінші басшысына баяндайды.";
екінші абзацтағы "Бұл ретте" деген сөздер алынып тасталсын;
23-тармақта:
екінші абзацтағы хаттамасы жасалады" деген сөздерден кейін "олардың басшылары қол қояды және" деген сөздермен толықтырылсын;
25-тармақтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік орган (жобаны әзірлеуші) бір уақытта жобада Үкіметтің және/немесе Премьер-Министрдің шешімдерін қабылданатын актіге сәйкес келтіру жөніндегі нормаларды көздейді және/немесе нақты мерзімдер белгілей отырып оларды тиісінше келтіру туралы тапсырманы көздейді.";
28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Премьер-Министр ұзақ уақыт болмаған кезде Үкіметтің қаулысы мен Премьер-Министрдің өкіміне Премьер-Министрдің бірінші орынбасары немесе Премьер-Министр мұндай өкілеттік жүктеген жағдайда оның басқа орынбасары қол қоя алады.";
мынадай мазмұндағы 32-1-тармақпен толықтырылсын:
"32-1. Үкімет нормативтік қаулы қабылдаған жағдайда министрлік, агенттік, ведомство бір ай мерзімде өзінің мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік, сондай-ақ өзге де актілерін Үкіметтің қабылданған актісіне сәйкес келтіруге міндетті.
Нормативтік актіні қабылдаған орган таратылған немесе қайта құрылған жағдайда оның актілерінің күші жойылды деп тану, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселелерді оның құқықтық мұрагері немесе жоғары тұрған орган шешеді.";
мынадай мазмұндағы 40-2 және 40-3-тармақтармен толықтырылсын:
"40-2. Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған, Премьер-Министрге қолымен бекітуге жолданған барлық заңдар бойынша заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретінің күшіне орай) Әділет және Қаржы министрліктерімен келісім бойынша үш күн мерзімде мынадай:
1) Үкімет бастамашы болған заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау кезінде депутаттар енгізген өзгерістер мен толықтырулар туралы;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданылып жүрген заң актілеріне қайшылықтардың бар екендігі туралы және қосымша қаржы шығындары туралы;
3) заңды Премьер-Министрдің қолымен бекітудің мүмкіндігі туралы ақпараттар айтылатын қорытынды дайындайды және Кеңсеге жолдайды.
Осы тармақта көзделген ресімдердің атқарылуын бақылауды Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі Өкілдігі жүзеге асырады.
40-3. Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретінің күшімен) Әділет министрлігімен бірлесіп заң актісі күшіне енген (қолдануға енгізілген) күннен бастап бес күн мерзімде Үкіметке атқару мерзімдерін белгілеу арқылы және қолданылып жүрген заңдарды оған сәйкес келтіру жөніндегі тапсырмалармен мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды), қабылдануы аталған заң актілерімен негізделген, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты атқарушы (жауапты атқарушылар) етіп белгілеуді көздейтін тиісті шешімнің жобасын енгізеді.";
49-тармақтағы "оның орынбасарлары" деген сөздерден кейін "Премьер-Министрдің келісімімен" деген сөздермен толықтырылсын;
52-тармақта:
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының, оларға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының және Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының қарарлары бар, бақылаудағы тапсырмаларын Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшылығы шешім қабылдаған күнінен бастап 25 күн мерзімде орталық және жергілікті атқарушы органдар атқарады.";
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының хаттамалық шешімі мен өзге де тапсырмаларының нормативтік-құқықтық сипаты болмайды.";
54-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Премьер-Министрдің орынбасарлары, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы мен оның орынбасарлары Президенттің, Үкіметтің, Премьер-Министрдің және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларын келісудің және атқарудың белгіленген тәртібінің өрескел бұзылуы фактілері бойынша кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізе алады.";
мынадай мазмұндағы 9-тараумен толықтырылсын:
"9. Қорытынды ережелер
57. Премьер-Министрдің орынбасарлары мен Кеңсенің Басшысы осы Регламентпен белгіленген тәртіптің және Үкіметке енгізілетін актілердің жобаларын экономикалық және құқықтық пысықтауға талаптардың қатаң сақталуын қамтамасыз етеді.";
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі