Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 Қаулысы
(2014.09.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 4 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | | Н. Балғымбаев |
ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548; 07.01.00 ж. № 28; 10.02.00 ж. № 197; 06.05.00 ж. № 682; 21.11.00 ж. № 1745; 15.02.01 ж. № 236; 17.04.02 ж. № 445; 18.11.02 ж. № 1217 (бұрынғы ред. қара); 22.05.03 ж. № 476 (бұрынғы ред. қара); 30.09.03 ж. № 1007 18.05.04 ж. № 552; 2005.06.05 № 434 (бұрынғы ред. қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.17.05. № 411 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.26.04. № 334 (бұр.ред.қара); 2008.19.03. № 271 (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1238 (бұр.ред.қара); 2009.16.11. № 1846 (бұр.ред.қара); 2010.05.10. № 1026 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2011.29.04. № 465 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2012.07.04. № 428 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.31.07. № 753 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.18.03. № 244 Қаулысымен құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы
№ 813 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ
мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық
бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта
құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті бюджеттік кредит беру басқармасының басшысы, хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-химия және техникалық реттеу департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Үйлестіру департаментінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті 2-ші басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға инспекторы (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаменті 5-ші басқармасының бастығы (келісім бойынша)
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
«Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
«Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде
республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық
комиссия туралы
Ереже
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
2. Комиссия:
республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың қаражатын қайтару мен қайта құрылымдаудың мүмкіндіктерін қарау үшін;
республикалық бюджеттің мерзімі өткен талап етулерін жіктеу үшін құрылады.
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 ; 2008.19.03. № 271 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi (келісім бойынша) кіреді.
2. Комиссияның жұмыс тәртібі
4. Комиссияның органдары:
1) жұмысшы орган;
2) Комиссияның төрағасы;
3) төрағаның орынбасары;
4) хатшы;
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
ҚР Үкіметінің 2006.17.05. № 411 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне жетекшілік етеді, мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Комиссия әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2005.06.05 № 434 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздар шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау мәселесiн енгізу үшiн Комиссия отырысының күн тәртібіне қарыз алушы Комиссияның жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:
бизнес-жоспар;
сенім білдiрілген өкiлдiң (агенттің) қорытындысы;
құзыретiне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кiретiн мемлекеттік органның қорытындысы
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.
Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
9. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
10. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
11. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды.
12. Комиссияның мәжілісі нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі.
13. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
14. Комиссия хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 15 күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) жобалар едәуір мөлшерде толық қаржыландырылмаған, заемшы кәсіпорындар борыш берілместен сатылған, қайта ұйымдастырылған не олар таратылған (банкроттық) жағдайларда республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау, (пролонгациялау, есептен шығару);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне республикалық бюджеттен берілген несиенің шеңберінде және мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде белгіленген тәртіппен аукциондарда сату үшін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған мүлікті беру;
3) заемшы кәсіпорындарға республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша олардың негізгі борыштың сомасы мен сыйақыны (мүддені) өтеуі шартымен есептелген айыппұл санкцияларын ішінара өтеу мүмкіндігін беру мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді.
Комиссияның қызметін тоқтатуы
15. Комиссияның қызметін тоқтатуына:
1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге комиссия құру;
3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орынсыз ететін өзге де жағдаяттар негіз болады.
16. Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын министрлік не ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкімет шешімінің жобасын енгізеді.
17. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдаят пайда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне істелген жұмыстар туралы есеп-хат жолданады.
Комиссияның есеп-хаты:
1) Комиссия жасаған қорытынды құжатты;
2) ол бойынша Комиссия өзінің қызметін тоқтатуы қажет деп санайтын негіздемені қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттарды соңғы заем алушылардан қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 194 қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 144 өкімі.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 271 өкімі.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы № 123 қаулысы.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 64 өкімі.
6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы № 1056 қаулысы.