Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 сәуірдегі № 334 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Ерғожин Дәулет Еділұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- министрі, төрағаның орынбасары |
Айтжанов Дулат Нулиұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Әзімова Эльвира Әбілқасымқызы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Халықаралық құқық, мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау, шарттар және талап-арыз жұмыстары департаментінің директоры |
Әлібеков Ерлан Есмұқанұлы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және олардың алдын алу департаментінің бастығы |
Квятковский Эдуард Олегович | - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының орынбасары |
көрсетілген құрамнан Елемесов Асқар Раушанұлы, Мусина Лилия Сәкенқызы, Исабеков Тимур Шамсатұлы, Дәулиев Ермек Көкенұлы, Шынғазиева Макка Жарқынбайқызы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Минситрі | К. Мәсімов |