Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет
кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен
оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі
ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысы
(2007.26.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 19 наурыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | | Н. Балғымбаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы
№ 813 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ
мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде
республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару
және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның құрамы
ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. № 1548; 07.01.00 ж. № 28; 10.02.00 ж. № 197; 06.05.00 ж. № 682; 21.11.00 ж. № 1745; 15.02.01 ж. № 236; 17.04.02 ж. № 445; 18.11.02 ж. № 1217 (бұрынғы ред. қара); 22.05.03 ж. № 476 (бұрынғы ред. қара); 30.09.03 ж. № 1007 18.05.04 ж. № 552; 2005.06.05 № 434 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.17.05. № 411 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.26.04. № 334 қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара)
Коржова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Наталья Артемовна министрі, төрайым
Ерғожин - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Дәулет Еділұлы министрі, төрағаның орынбасары
Жұмағали - Қазақстан Республикасы Қаржы
Шалқар Болатұлы министрлігінің Қазынашылық комитетi
кредит беру басқармасының бастығы,
хатшы
Гусинский - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Александр Владимирович Сенаты Экономика, қаржы және бюджет
комитетінің мүшесi
Кәкішев - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Жандарбек Шәмілұлы Сенаты Өңірлік даму және жергіліктi
өзін-өзі басқару мәселелері комитетінің
мүшесi
Сыздықов - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Тито Уахапұлы Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің
мүшесi
Исақов - Қазақстан Республикасы Президентінің
Нұржан Әзімханұлы Әкімшілігі құқық қорғау және сот
жүйелері мәселелері бөлімінің бас
инспекторы
Ақшолақов - Қазақстан Республикасының Энергетика
Болат Оралұлы және минералдық ресурстар вице-министрi
Баталов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Асқар Болатұлы және сауда вице-министрi
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл
Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрі
Өскімбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі істер
Қожамұрат Бейісұлы вице-министрi
Кәрбозов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Қозы-Көрпеш Жапарханұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының
орынбасары
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бисенғали Шамғалиұлы Банкі Төрағасының орынбасары
Бекбосынов - Қазақстан Республикасының Қаржы
Сабыржан Мәдиұлы министрлігі Дерменсіз борышкерлермен
жұмыс комитетінің төрағасы
Кадюков - Қазақстан Республикасы Қаржы
Николай Викторович министрлігінің Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитеті төрағасының
орынбасары
Қанатов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Сәбит Сарқытұлы министрлігінің Салық комитетi
төрағасының орынбасары
Сағындықов - Қазақстан Республикасының Экономика
Самат Алпысұлы және бюджеттік жоспарлау министрлігi
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаментінің директоры
Шәріпов - Қазақстан Республикасының Көлік және
Талғат Қайыркенұлы коммуникация министрлігі Қаржылық
реттеу департаментінің директоры
Күзембаева - "Медетші қор" акционерлік қоғамының
Маржан Бопайқызы президентi
Рахымов - "Қазақстан Даму Банкі" акционерлік
Сейітқали Сайлаубайұлы қоғамының вице-президентi
Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет
Эльвира Әбілқасымқызы министрлігі Халықаралық құқық,
мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау,
шарттар және талап-арыз жұмыстары
департаментінің директоры
Әлібеков - Қазақстан Республикасы Экономикалық
Ерлан Есмұқанұлы қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес агенттігі (қаржы полициясы)
Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу
және олардың алдын алу департаментінің
бастығы
Квятковский - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры»
Эдуард Олегович акционерлік қоғамының басқармасы
төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ
мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде
республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты
қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық
комиссия туралы
Ереже
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен тақырыбы өзгертілді
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
2. Комиссия:
республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың қаражатын қайтару мен қайта құрылымдаудың мүмкіндіктерін қарау үшін;
республикалық бюджеттің мерзімі өткен талап етулерін жіктеу үшін құрылады.
ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. № 476 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың және республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепiлдiк берген қарыздарға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің өкілдері және өзге мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкiлдерi (келісім бойынша) кіреді.
2. Комиссияның жұмыс тәртібі
4. Комиссияның органдары:
1) жұмысшы орган;
2) Комиссияның төрағасы;
3) төрағаның орынбасары;
4) хатшы;
5. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерін комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын мемлекеттік орган шешеді.
ҚР Үкіметінің 2006.17.05. № 411 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне жетекшілік етеді, мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Комиссия әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды.
7. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныс, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 2005.06.05 № 434 қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды
7-1. Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздар шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау мәселесiн енгізу үшiн Комиссия отырысының күн тәртібіне қарыз алушы Комиссияның жұмыс органына мынадай құжаттарды ұсынады:
бизнес-жоспар;
сенiм білдiрілген өкiлдiң (агенттің) қорытындысы;
құзыретiне бизнес-жоспарда көрсетілген мәселелер кiретiн мемлекеттік органның қорытындысы
8. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен сұрау жолымен қабылданады және ол үшін Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан үштен екісі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.
9. Комиссия мүшелерінің оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және мәжілістің хаттамасы мен Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс ерекше пікірге құқығы бар.
10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі.
11. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды.
12. Комиссияның мәжілісі нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі.
13. Комиссияның мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша мәжіліске қатысып отырған оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.
14. Комиссия хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 15 күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) жобалар едәуір мөлшерде толық қаржыландырылмаған, заемшы кәсіпорындар борыш берілместен сатылған, қайта ұйымдастырылған не олар таратылған (банкроттық) жағдайларда республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау, (пролонгациялау, есептен шығару);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне республикалық бюджеттен берілген несиенің шеңберінде және мемлекет кепiлдiк берген қарыздардың шеңберінде белгіленген тәртіппен аукциондарда сату үшін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған мүлікті беру;
3) заемшы кәсіпорындарға республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша олардың негізгі борыштың сомасы мен сыйақыны (мүддені) өтеуі шартымен есептелген айыппұл санкцияларын ішінара өтеу мүмкіндігін беру мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді.
Комиссияның қызметін тоқтатуы
15. Комиссияның қызметін тоқтатуына:
1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге комиссия құру;
3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орынсыз ететін өзге де жағдаяттар негіз болады.
16. Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын министрлік не ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкімет шешімінің жобасын енгізеді.
17. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдаят пайда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне істелген жұмыстар туралы есеп-хат жолданады.
Комиссияның есеп-хаты:
1) Комиссия жасаған қорытынды құжатты;
2) ол бойынша Комиссия өзінің қызметін тоқтатуы қажет деп санайтын негіздемені қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттарды соңғы заем алушылардан қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 194 қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы № 144 өкімі.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы № 271 өкімі.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы № 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы № 123 қаулысы.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі № 64 өкімі.
6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы № 1056 қаулысы.