Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес
сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған
қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі
ведомствоаралық комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. N 1548; 07.01.00 ж. N 28;
10.02.00 ж. N 197; 06.05.00 ж. N 682; 21.11.00 ж. N 1745;
15.02.01 ж. N 236; 17.04.02 ж. N 445; 18.11.02 ж. N 1217
қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 22.05.03 ж. N 476 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы;
2) Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі | | Н. Балғымбаев
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар
мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде
республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты
қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық
комиссияның
Құрамы
ҚР Үкіметінің 12.10.99 ж. N 1548; 07.01.00 ж. N 28; 10.02.00 ж. N 197; 06.05.00 ж. N 682; 21.11.00 ж. N 1745; 15.02.01 ж. N 236; 17.04.02 ж. N 445; 18.11.02 ж. N 1217 (бұрынғы ред. қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрiнiң бiрiншi
орынбасары, төраға;
Нұриманов - Қазақстан Республикасының
Мақсұт Әнуәрбекұлы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi
төрағасының орынбасары
(келiсiм бойынша);
Свечников - Қазақстан Республикасының
Вячеслав Иванович Президентi Әкiмшiлiгiнiң
Мемлекеттiк құқықтық бөлiмi
құқықтық тәртiп және заңдылық
секторының меңгерушiсi
(келiсiм бойынша);
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасының
Рүстем Әнуарұлы Қаржы полициясы агенттiгi
төрағасының бiрiншi орынбасары;
Әйiмбетов - Қазақстан Республикасының
Сейiтсұлтан Сүлейменұлы Әдiлет вице-министрi;
Аймақов - Қазақстан Республикасының
Бауыржан Жаңабекұлы Индустрия және сауда вице-министрi;
Смағұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Болат Советұлы министрлiгiнiң Дәрменсiз
борышкерлермен жұмыс жөнiндегi
комитетi төрағасының орынбасары;
Жұмамбаева - "Қазақстан Эксимбанкi" жабық
Құралай Сейсембайқызы акционерлік қоғамының басқармасы төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша);
Мейрамбеков - "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту
Темiржан Қадырбекұлы қоры" жабық акционерлiк
қоғамы басқармасының төрағасы
(келiсiм бойынша);
Дунаев - Қазақстан Республикасының
Арман Ғалиасқарұлы Экономика және бюджеттiк
жоспарлау вице-министрi;
Мусина Лилия - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Сәкенқызы вице-министрі
Биғалиев Ермекқали - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Аққалиұлы Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі
комитетінің хатшысы (келісім бойынша)
Уәйісов Мерей - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
Құрманұлы орынбасары (келісім бойынша)
Веснин Виктор - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Николаевич Мәжілісі Қаржы экономикасы және
бюджет жөніндегі комитетінің мүшесі
(келісім бойынша)
Сейдуалиев Сәкен - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты
Спаханұлы Халықаралық iстер, қорғаныс және
қауiпсiздiк жөнiндегi комитетiнің
мүшесi (келiсiм бойынша)
Иванов - Қазақстан Республикасының
Леонид Александрович Қаржы вице-министрi,
төрағаның орынбасары;
Әшiмов - Қазақстан Республикасының
Нұрғали Сәдуақасұлы Энергетика және минералдық
ресурстар бiрiншi вице-министрi;
Тәжияқов - Қазақстан Республикасының
Бисенғали Шамғалиұлы Ұлттық Банкi Төрағасының
орынбасары (келiсiм бойынша);
Аманбаев - Қазақстан Республикасының Iшкi
Mұpaт Epмұxaнұлы iстер вице-министрi;
Есенғалиев - Қазақстан Республикасының Көлiк
Бақытжан Iзтiлеуұлы және коммуникациялар вице-министрi;
Мүлкин - Қазақстан Республикасының
Сейiтқали Жалмұхаметұлы Кедендiк бақылау агенттігi
төрағасының орынбасары;
Әбдiрахманов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Марат Мәулетжанұлы министрлiгінiң Салық комитетi
төрағасының орынбасары;
Кадюков - Қазақстан Республикасы Қаржы
Николай Викторович министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк
және жекешелендiру комитетi
төрағасының орынбасары;
Ыбырайымов - Қазақстан Республикасының
Рүстембек Қуатәлiұлы Қаржы министрлiгі Мемлекеттiк
борыш және кредит беру
департаментiнiң директоры
орынбасарының мiндетiн атқарушы,
хатшы;
Беркiнбаев - "Медетшi қор" жабық акционерлік
Сабыржан Омарханұлы қоғамы президентiнiң мiндетiн
атқарушы (келiсiм бойынша);
Жақселеков - "Қазақстанның Даму Банкi"
Тимур Ермекұлы жабық акционерлiк қоғамының
вице-президентi (келiсiм бойынша);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар
мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде
республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты
қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық
комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылатын Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) қызметін реттейді.
2. Комиссия:
республикалық бюджеттен берілген несиелер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес заемдардың қаражатын қайтару мен қайта құрылымдаудың мүмкіндіктерін қарау үшін;
республикалық бюджеттің мерзімі өткен талап етулерін жіктеу үшін құрылады.
3. Комиссияның құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссиясының, сондай-ақ мүдделі министрліктер мен ведомстволардың және республикалық бюджеттен берілген несиелер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдарға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің өкілдері (келісім бойынша) кіреді.
2. Комиссияның жұмыс тәртібі
4. Комиссияның органдары:
1) жұмысшы орган;
2) Комиссияның төрағасы;
3) төрағаның орынбасары;
4) хатшы;
5. Комиссия мәжілістерінің арасындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерін комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын мемлекеттік орган шешеді.
6. Комиссияның хатшысы оның қызметіне басшылық жасайды, Комиссияның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауаптылықта болады. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасар орындайды.
7. Комиссияның хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныс, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
8. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен сұрау жолымен қабылданады және ол үшін Комиссия мүшелері дауысының жалпы санынан үштен екісі дауыс берсе қабылданған болып есептеледі.
9. Комиссия мүшелерінің оны білдірген жағдайда жазбаша түрде мазмұндалуы және мәжілістің хаттамасы мен Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс ерекше пікірге құқығы бар.
10. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктеледі.
11. Комиссияның жұмыс кестесін Комиссия айқындайды.
12. Комиссияның мәжілісі нақты проблемалар мен мәселелер бойынша өткізіледі.
13. Комиссияның мәжілістерін өткізудің нәтижелері бойынша мәжіліске қатысып отырған оның мүшелері қол қоятын хаттама жасалады.
14. Комиссия хаттамалық шешім қабылданғаннан кейін 15 күннің ішінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне:
1) жобалар едәуір мөлшерде толық қаржыландырылмаған, заемшы кәсіпорындар борыш берілместен сатылған, қайта ұйымдастырылған не олар таратылған (банкроттық) жағдайларда республикалық бюджеттен бөлінген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайта құрылымдау, (пролонгациялау, есептен шығару);
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне республикалық бюджеттен берілген несиенің шеңберінде және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде белгіленген тәртіппен аукциондарда сату үшін, оның ішінде төлемді кейінге қалдыру шартымен алынған мүлікті беру;
3) заемшы кәсіпорындарға республикалық бюджеттен берілген несиелер бойынша олардың негізгі борыштың сомасы мен сыйақыны (мүддені) өтеуі шартымен есептелген айыппұл санкцияларын ішінара өтеу мүмкіндігін беру мәселелері жөнінде ұсыныс енгізеді.
Комиссияның қызметін тоқтатуы
15. Комиссияның қызметін тоқтатуына:
1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы;
2) бұрын Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар немесе өзге комиссия құру;
3) Комиссияның міндетін орындалмайтын немесе орынсыз ететін өзге де жағдаяттар негіз болады.
16. Комиссияның құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған жағдайда, Комиссияның төрағасы лауазымды тұлғасы болып табылатын министрлік не ведомство Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Үкімет шешімінің жобасын енгізеді.
17. Осы Ереженің 15-тармағында көрсетілген, Комиссияның қызметін тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдаят пайда болған кезде Қазақстан Республикасының Үкіметіне істелген жұмыстар туралы есеп-хат жолданады.
Комиссияның есеп-хаты:
1) Комиссия жасаған қорытынды құжатты;
2) ол бойынша Комиссия өзінің қызметін тоқтатуы қажет деп санайтын негіздемені қамтиды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 21 маусымдағы N 813 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің
Тізбесі
1. "Республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражаттарды соңғы заем алушылардан қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысы.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 16 мамырдағы N 144 өкімі.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 271 өкімі.
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 ақпандағы N 194 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 20 ақпандағы N 123 қаулысы.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1997 жылғы 9 сәуірдегі N 64 өкімі.
6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың жекелеген мәселелерін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1056 қаулысы.