Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 наурыздағы № 271 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға |
Әблезов Кәрібай Тілеубергенұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Ботақанова Толғанай Серікбайқызы | - Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сектор меңгерушісі (келісім бойынша) |
Мағзұмов Руслан Қапызұлы | - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Қаржылық реттеу департаментінің директоры |
Тортаев Бауржан Қадырұлы | - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры |
Қыпшақов Арғын Мықтыбайұлы | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы |
Мизамбаев Өсер Елеусізұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Экономикалық қауіпсіздік департаментінің бастығы (келісім бойынша) |
Ниетбаев Нұрлан Қадырұлы | - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Коржова Наталья Артемовна, Исақов Нұржан Әзімханұлы, Баталов Асқар Болатұлы, Өскімбаев Қожамұрат Бейісұлы, Кәрібозов Қозы-Көрпеш Жапарханұлы, Қанатов Сәбит Сарқытұлы, Сағындықов Самат Алпысұлы, Шәріпов Талғат Қайыркенұлы, Квятковский Эдуард Олегович;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының,» және «және республикалық бюджеттен берілген несиелер мен мемлекет кепілдік берген қарыздарға қызмет көрсететін екінші деңгейдегі банктердің» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |