Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 ж. 7 қаңтардағы № 28 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомстволық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен брілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен алынған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомстволық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
«Өтембаев Ержан Әбілхайырұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға болып
Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Мусина Лилия Сәкенқызы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Биғалиев Ермекқали Аққалиұлы - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономика, қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің хатшысы (келісім бойынша)»;
«Аханов Серік Ахметжанұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Айтжанов Дулат Нүлиұлы - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«Аханов Серік Ахметжанұлы - Қазақстан Республикасының Экономика бірінші вице-министрі
Айтжанов Дулат Нүлиұлы - «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» жабық акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы»;
Ораз Әлиұлы Жандосов, Александр Владимирович Гусинский, Қадырбек Нағымұлы Есқалиев көрсетілген құрамнан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі