Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 ақпандағы № 236 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Жандосов Ораз Әлиұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары, төраға
Палымбетов Болат Әбілқасымұлы - Қазақстан Республикасының
Экономика және сауда вице-министрі
Ким Георгий Владимирович - Қазақстан Республикасы Бас
прокурорының орынбасары
(келісім бойынша);
Түзелбаев Нұрғали Ошпанбайұлы - Қазақстан Республикасы
Қаржы полициясы агенттігі
төрағасының бірінші орынбасары;
көрсетілген құрамнан Серік Ахметжанұлы Аханов, Анатолий Васильевич Константинов, Ержан Әбілхайырұлы Өтембаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі