Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 мамырдағы № 682 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 560 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді:
1. "Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берiлген несиелердi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепiлдiгi бар мемлекеттік емес сыртқы заемдардың шеңберiнде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн;
Елубаев Бауыржан Ысқақұлы - Қазақстан Республикасының Ұлттық
қауiпсiздiк комитетi төрағасының орынбасары
(келісім бойынша)
Нұқышев Азат Ғалымұлы - "Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және
тарату агенттiгi" ашық акционерлік қоғамы
басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Власов Николай Афанасьевич - Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
вице-министрi
Сейдуалиев Сәкен Спаханұлы - Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты
Халықаралық iстер, қорғаныс және
қауiпсiздiк жөніндегі комитетiнің
мүшесi (келісім бойынша)
Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң
Мемлекеттік қарыз алу департаментi
директорының мiндетiн атқарушы, хатшы;
"Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Сәйденов Әнуар Ғалимоллаұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы
вице-министрi, төрағаның орынбасары";
көрсетiлген құрамнан Айтжанов Дулат Нұлұлы, Дружинин Анатолий Михайлович шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі