543-бап. Iшкi iстер органдары (полиция)
1. Iшкi iстер органдары осы Кодекстiң 131, 144, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде), 163-1, 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері, автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 247, 277, 281-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 328-1, 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-2 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бiрiншi бөлiгiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 341 (бірінші бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 364, 369 (бiрiншi бөлiгiнде), 370 (бiрiншi бөлiгiнде), 371 (бiрiншi бөлiгiнде), 377, 378, 379, 380-1, 387, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бiрiншi бөлiгiнде), 395, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 443 (төртiншi бөлiгiнде), 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 459, 461 (бірінші-үшінші, төртінші-сегізінші бөліктерінде), 461-1, 462, 463 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 463-1, 463-2, 463-3 (бірінші-төртінші бөліктерінде) - 463-8, 464, 464-1 (үшінші бөлігінде), 465 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470, 471 (бірінші бөлігінде), 472, 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 474-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 478, 480, 481 (автомобиль көлiгіндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 482, 485-487, 500 (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Iшкi iстер органдарының атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстiң iшкi iстер органдарының қарауына жататын барлық баптары бойынша, - iшкi iстер органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
2) осы Кодекстiң 131, 160 (бірінші және екінші бөліктерінде) , 163-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 389, 390 (бірінші бөлігінде), 391 (бірінші бөлігінде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бiрiншi бөлiгiнде)-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары қалалық, аудандық бөлiмшелерiнiң бастықтары;
3) осы Кодекстiң 163-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-4 (бiрiншi бөлiгiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 389, 391 (бiрiншi бөлiгiнде), 391-1 (бірінші бөлігінде), 392, 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 439 (бiрiншi, екiншi, төртiншi, бесiншi бөлiктерiнде), 440, 441, 459, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 480, 485 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары жол бөлiмшелерiнiң, жол пункттерiнiң бастықтары;
4) осы Кодекстiң 131, 281-1, 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 300, 311, 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-1 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 338 (екiншi бөлiгiнде), 377, 387, 463 (бiрiншi бөлiгiнде), 470, 473, 476-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары полициясының учаскелiк инспекторлары;
5) осы Кодекстiң 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (бiрiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдары патрульдiк учаскелерiнiң бастықтары;
6) осы Кодекстің 461 (үшінші және сегізінші бөліктерінде), 461-1 (екінші бөлігінде), 462 (төртінші бөлігінде), 463 (төртінші бөлігінде), 463-1 (үшінші бөлігінде), 463-2 (төртінші бөлігінде), 463-3 (төртінші бөлігінде), 463-4 (төртінші бөлігінде), 463-5 (үшінші бөлігінде), 463-6 (екінші бөлігінде), 463-7 (екінші бөлігінде), 463-8 (екінші бөлігінде), 464 (екінші бөлігінде), 464-1 (үшінші бөлігінде), 468 (үшінші бөлігінде), 470 (екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 471 (бірінші бөлігінде), 472, 474, 475, 485-487-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - ішкі істер органдары жол полициясы комитетінің төрағасы, басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары;
7) осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде) (көлік құралдарының иелері және автомобиль көлігімен және қалалық электр көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 247, 461 (бірінші, екінші, төртінші-жетінші бөліктерінде), 461-1 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463 (бірінші бөлігінде), 463-1 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-2 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-3 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-4 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 463-5 (бірінші және екінші бөліктерінде), 463-6 (бірінші бөлігінде), 463-7 (бірінші бөлігінде), 463-8 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 466 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 473 (бірінші және екінші бөліктерінде), 476, 485 (бірінші бөлігінде) (жеке тұлғаларға қатысты) - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - арнаулы атағы бар жол полициясының қызметкерлері;
8) осы Кодекстiң 281-1, 298 (бiрiншi бөлiгiнде), 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде, 300, 311, 387-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының табиғат қорғау және мал дәрiгерлiк полициялары бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
9) осы Кодекстiң 330-1 (бірінші бөлігінде), 333 (екiншi бөлiгiнде), 336 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 336-3 (бірінші бөлігінде), 338 (екiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн, - iшкi iстер органдарының кәмелетке толмағандардың iстерi жөніндегі бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары.
10) 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара )
11) 298-1 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде), 330-1 (бірінші бөлігінде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - iшкi iстер органдары полициясының балық қорларына қылмысты қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған бөлiмшелерiнiң бастықтары мен олардың орынбасарлары;
12) осы Кодекстің 394 (бірінші бөлігінде), 395, 396 (бірінші бөлігінде)- баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін — ішкі істер органдарының көші-қон полициясы басқармаларының, бөлімдерінің, бөлімшелерінің бастықтары мен олардың орынбасарлары.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 544-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 544-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 2008.05.07 № 64-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 544- бап өзгертілді
544-бап. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары
1. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары осы Кодекстің 231 (бірінші бөлігінде), 249, 277, 284, 312, 313, 334 (бірінші және екінші бөліктерінде) 460-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қалалық, аудандық аумақтық органының басшысы жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үшке дейінгі, лауазымды адамдарға онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік өртке қарсы қызметі аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
мемлекеттік өртке қарсы қызмет органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің екі жүзге дейінгі, лауазымды адамдарға - төрт жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға екі мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 545-546-баптар алынып тасталды
03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 547-бап өзгертілді
547-бап Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган
1. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (әуе көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 443 (осы баптың бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген, азаматтық авиацияға жатпайтын аэродромдарда немесе осындай аэродромдар аумақтарында жасалған бұзушылық туралы iстердi қоспағанда, бесінші бөлігінде), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 447 (бірінші бөлігінде), 459, 460, 479 (әуе көлiгiнде бұзушылық жасағаны үшiн), 480 (екiншi бөлiгiнде), 482-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу саласындағы уәкiлеттi органның атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жаза қолдануға мыналар құқылы:
соған уәкiлеттi лауазымды адамдар (411, 444, 446 (бiрiншi бөлiгi), 459, 460-баптар, азаматтық авиация қызметi саласында бұзушылық жасағаны үшiн).
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 548-бап жаңа редакцияда ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 548-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 548-бап өзгертілді
548-бап. Көлік бақылау органдары
1. Көлік бақылау органдары осы Кодекстің 246 (бірінші бөлігінде), 247, 357-2 (бірінші бөлігінде), 439, 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 448, 449, 450, 451, 452, 453 (бірінші, үшінші бөліктерінде), 454 (төртінші, бесінші бөліктерінде), 455, 456, 457, 458, 459, 460 (әуе кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1 бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 470 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479-481 әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Көлік бақылау органдары атынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
осы Кодекстің көлік бақылау органдарының қарауына жатқызылған барлық баптары бойынша - көлік бақылау органының басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық көлік бақылау органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары;
247, 357-2 (бірінші бөлігінде), 440, 440-1, 441, 447, 447-1, 447-2, 447-3, 447-4, 447-5, 452, 454 (төртінші бөлігінде), 455, 456, 459-460 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 461 (6-1-бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде, бұл бұзушылықтар жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін бұзу болып табылатын кезде, екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 477 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 479, 480, 481 (әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтарды қоспағанда), 483, 486 (бірінші бөлігінде), 490-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық бойынша — көліктік бақылау органдарының осыған уәкілетті лауазымды адамдары құқылы.
3. Осы баптың екінші бөлігінің үшінші абзацында көрсетілген лауазымды адамдар салатын айыппұл мөлшерi жиырма айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.
ҚР 07.01.03 ж. № 372-II; 03.06.03 ж. № 428-II; 03.07.03 ж. № 464-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 549-бап толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 549-бап өзгертілді
549-бап. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган
1. Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 175 (екінші бөлігінде) (темір жол көлігімен, теңіз және ішкі су көлігімен тасымалдаушылар жасаған құқық бұзушылық бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 441, 443 (бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде), 444, 446 (бiрiншi бөлiгiнде), 450, 451 (екiншi бөлiгiнде), 452, 453 (бiрiншi бөлiгiнде), 455 (үшiншi бөлiгiнде), 457 (өздерiнiң қадағалауындағы шағын кемелер мен олардың тұруына арналған құрылыстар базалары бөлiгiнде), 459, 460, 481 (теңіз және әуе көлігі кемелеріндегі бұзушылықтар бөлігінде), 488-489 -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
Көлiк және коммуникациялар саласындағы уәкiлеттi органның басшысы мен оның орынбасарлары, көлiк және коммуникация саласындағы уәкiлеттi органның, олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 549-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07. № 178-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 221-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 549-1-бап өзгертілді
549-1-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
уәкілетті орган
1. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 357-2 (бірінші бөлігінде), 492 (бірінші бөлігінде), 494 (бірінші бөлігінде), 494-1 (бірінші, екінші және төртінші бөліктерінде), 495, 496 (бірінші бөлігінде), 497-1, 497-2, 497-3-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары;
2) ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2005.13.04 № 40-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.05.06 № 146-III Заңдарымен 550-бап өзгертілді; 2009.30.12 № 234-IV ҚР Заңымен 550-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
550-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары
1. Мемлекеттік еңбек инспекциясы органдары осы Кодекстiң 87, 87-1, 89-94, 175 (екiншi бөлiгiнде, жұмыс берушiлер жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 396 (бiрiншi бөлiгiнде), 399-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. ұкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
мемлекеттік еңбек инспекторлары;
Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қатысушыларына қатысты - Алматы қаласының өңiрлiк қаржы орталығының қызметiн реттеу жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның лауазымды адамдары құқылы.
2005.22.11 № 90-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 551-бап өзгертілді
551-бап. Әділет органдары
1. Әділет органдары осы Кодекстiң 128-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға зияткерлік меншік құқығы саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.
2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңымен 551-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 551-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
551-1-бап. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган
1. Заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган осы Кодекстің 380, 357-2 (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға мыналар құқылы:
1) осы Кодекстің 357-2-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, — заңды тұлғаларды, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу, бағалау қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу мен құжаттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары;
2) осы Кодекстің 380-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін, — аумақтық әділет органдарының бірінші басшылары мен олардың орынбасарлары.
2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.06.07 № 276-ІІI (бұр .ред. қара ); 2009.04.12 № 217-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 552-бап өзгертілді
552-бап. Көшi-қон жөніндегі органдар
1. Көшi-қон жөніндегі органдар (өз құзыреті шегінде) осы Кодекстің 399-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Қазақстан Республикасының көшi-қон жөніндегі органының басшысы, облыстық, Астана және Алматы қалалық және соған теңестiрiлген көшi-қон жөніндегі органының бастығы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 553-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 553-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 553-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
553-бап. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган
1. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 89, 175 (екінші бөлігінде) (қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелері жасаған құқық бұзушылықтар бөлігінде), 220, 221, 270, 271, 272 (техникалық қауіпсіздік бөлігінде), 357-2 (бірінші бөлігінде), 504-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның атынан істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының мемлекеттік инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
3) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы, басқарма, бөлім бастықтары және олардың орынбасарлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
3. Азаматтық қорғаныс саласында нормативтік құқықтық актілерді орындамаумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
1) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
2) өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының басшысы, оның орынбасарлары жеке тұлғаларға және лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің қырыққа дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 554-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.09.01. № 213-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 554-бап өзгертілді
554-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
1. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 122, 123 (екінші бөлігінде), 175 (екінші бөлігінде, шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерін жүзеге асыратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтарға қатысты), 220 (бірінші бөлігінде), 240-246 (бірінші бөлігінде), 247-250, 261, 264, 265, 270-272, 275 (екінші бөлігінде), 276, 291, 294, 296, 301, 302 (бірінші бөлігінде), 303 (бірінші бөлігінде), 304 (бірінші бөлігінде), 305 (бірінші бөлігінде), 306 (бірінші бөлігінде), 306-1 (бірінші, екінші, төртінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға:
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық инспекторлары және мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейінгі, заңды тұлғаларға жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің он беске дейінгі, лауазымды адамдарға - елуге дейінгі, заңды тұлғаларға екі жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық аға инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға;
облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) мемлекеттік экологиялық бас инспекторлары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырма беске дейінгі, лауазымды адамдарға - жүзге дейінгі, заңды тұлғаларға бес жүзге дейінгі мөлшерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзып жүргізілген сомада не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасында процентпен көрсетілген айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық бас инспекторы мен оның орынбасары жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі, лауазымды адамдарға - жүз елуге дейінгі, заңды тұлғаларға бір мыңға дейінгі мөлшерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзып жүргізілген сомада не қоршаған ортаға келтірілген зиян сомасында процентпен көрсетілген айыппұл салуға құқылы.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II 554-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 554-1-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
554-1-бап. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган
1. Жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 123 (бірінші бөлігінде), 259-274, 275 (бірінші бөлігінде), 301, 302 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 303 (бiрiншi бөлiгiнде), 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 305 (бiрiншi бөлiгiнде), 306 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:
жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық аға мемлекеттік инспекторлар мен аумақтық мемлекеттік инспекторлар жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi, лауазымды адамдарға - он беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi, лауазымды адамдарға - жиырма беске дейiнгi, заңды тұлғаларға - екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;
Қазақстан Республикасының жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аға мемлекеттік инспекторлары, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі аумақтық мемлекеттік бас инспекторлары - жеке тұлғаларға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi, лауазымды адамдарға елуге дейiнгi, заңды тұлғаларға - бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға;