Банктер он бес, отыз немесе қырық процент деңгейінен ұлғаю немесе кему фактісін анықтаған күннен бастап он күн ішінде:
акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жалпы санына акциялар санының проценттік қатынасын;
банкке тиесілі заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін уәкілетті органға хабарлауға міндетті.
4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген шектеулер банктің еншілес ұйымдарының және банк пен оның еншілес ұйымдары капиталына қомақты қатысатын ұйымдардың қызметіне қолданылады.
5. Осы баптың 1-тармағында белгіленген тыйым салу:
тізбесін уәкілетті орган белгілейтін халықаралық қаржы ұйымдарының облигацияларымен;
уәкілетті орган белгілеген рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингі бар облигацияларымен;
банктің өз облигацияларымен және осы банктің еншілес ұйымдары шығарған, міндеттемелеріне банк кепілдік берген облигациялармен;
Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының банк пен арнайы қаржы компаниясы арасындағы секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру аясында шығарған облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыруға қолданылмайды.
Мұндай облигациялармен мәміле жасау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
6. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған қызметтен және банктің заңды тұлғалардың акцияларын немесе жарғылық капиталдарға қатысу үлестерін сатып алудан басқа, банктер мынадай қызмет түрлерімен айналысуға құқылы:
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін автоматтандыру үшін пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді іске асыру;
2) банк қызметінің мәселелері жөніндегі кез келген ақпарат жеткізуші түрлеріндегі арнаулы әдебиеттерді сату;
3) өз мүлкін сату;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
3-1) төлем карточкалары мен чек кітапшаларын шығару, сату және тарату;
2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен 3-2) тармақшамен толықтырылды (күшіне енетін мерзімін қара)
3-2) банкаралық клирингті (төлемдерді жинауды, салыстырып тексеруді, сұрыптауды және растауды, сондай-ақ олардың өзара есепке жатқызуын жүргізуді және клирингке қатысушылардың - банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындауды) жүзеге асыру;
4) заем алушылардың кепілге қойған мүлкін осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген тәртіппен сату;
5) қаржылық қызметке байланысты мәселелер бойынша консультациялық қызмет көрсету;
6) басқа тұлғалардың банк қызметіне байланысты мәселелер бойынша мүдделерін, Қазақстан Республикасының секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес құрылған арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың, инфрақұрылымдық облигацияларды, сондай-ақ ипотекалық және өзге де қамтамасыз етілген облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру;
7) банк-қаржы қызметі саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқуды ұйымдастыру;
8) сақтандыру ұйымдары - Қазақстан Республикасының резиденттері атынан сақтандыру шарттарын жасасу, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорлары атынан зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар жасасу.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 9-бап өзгертілді
9-бап. Шындыққа сай келмейтiн жарнамаға тыйым салу
1. Банкiлерге жарнама шығарылған күнi шындыққа сай келмейтiн қызметiн жарнамалауға тыйым салынады.
2. Уәкiлеттi орган банкiден шындыққа сай келмейтiн жарнамаға өзгерістер енгізудi, оны тоқтатуды немесе терiске шығарып жариялауды талап етуге құқылы.
Бұл талап Уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмде орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган жарнамада баяндалған мәлiметтердiң шындыққа сай келмейтiндiгi туралы ақпарат жариялауға, не оларды мұндай жарнаманы жариялаған банкінің есебiнен нақтылауға құқылы.
3. Банк операцияларын жүргiзуге уәкiлеттi органның және (немесе) Ұлттық Банктiң лицензиясы жоқ заңды тұлғаларға банк операциялары санатына жататын қызметтердi жарнамалауға тыйым салынады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 10-бап өзгертілдi
10-бап. Банкiлер ассоциациялары (одақтары)
1. Өз қызметiн үйлестiру, ортақ мүдделердi қорғау және бiлдiру, бiрлескен жобаларды жүзеге асыру және өзге де ортақ мiндеттердi шешу үшiн банкiлер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес банкiлер ассоциациялары мен одақтарын құруға құқылы.
2. Банкiлер ассоциациялары (одақтары) коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
3. Банкiлер ассоциацияларын (одақтарын) банк жүйесіндегі бәсекенi шектеу, сыйақы ставкаларды, несиелер мен өзге де банк қызметтерiн ұсыну шарттарын үйлестiру мақсатында қолдануға болмайды.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1 Заңымен 10-1-баппен толықтырылды
10-1-бап. Банктер қатысатын консорциумдар және басқа да бiрлестiктер
Кредит беруге және өзге мiндеттердi шешуге байланысты бiрлескен жобаларды іске асыру мақсатында банктер бiрлескен қызметi туралы шарт негiзiнде консорциум құруға және басқа консорциумдар, қауымдастықтар жұмысына қатысуға құқылы.
11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 11-бап өзгертілдi
11-бап. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
ҚР 02.03.01 ж. № 162-II Заңымен 11-1 баппен толықтырылды; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 11-1-бап өзгертілді ; 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен жаңа редакцияда ( бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара); 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред.қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 11-1-бап өзгертілдi
11-1-бап. Банктердің еншілес ұйымдары және ұйымдардың
жарғылық капиталдарына банктердің қомақты қатысуы
1. Банк осы Заңның 8-бабында өзіне берілген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана еншілес ұйым құра алады немесе оны иелене алады.
Еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат беру тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
Акциялары және жарғылық капиталға қатысу үлестері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес кепіл ретінде қабылданған жағдайда, банктің меншігіне өтетін заңды тұлғалар, сондай-ақ, акцияларын немесе жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін ислам банкі өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша сатып алған заңды тұлғалар банктің еншілес ұйымына жатқызылмайды, бұл ретте осындай акцияларды және жарғылық капиталға қатысу үлестерін өткізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс.
2. Банктердің еншілес ұйымдары еншілес ұйым құруға және (немесе) оларды иеленуге құқылы емес.
Банктің еншілес ұйымы өзінің толық атауында "еншілес" деген сөзді көрсетуге және бас банктің атауын пайдалануға міндетті.
3. Рұқсат алуға берілген өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркелуге тиіс:
1) еншілес ұйымның құрылтай құжаттары, жарғының бекітілгені туралы хаттамалар;
2) банктің уәкілетті органының еншілес ұйым құру немесе оны сатып алу туралы шешімі;
3) еншілес ұйымның басшы қызметкерлері туралы ақпарат;
4) еншілес ұйымның ұйымдық құрылымы және аффилиирленген тұлғалар туралы мәліметтер.
Банкте банк холдингі болмаған жағдайда:
осы ұйымдар қауымдастығы меморандумының немесе ережелерінің шарттарына сәйкес олардың қызметін бірлескен негізде басқаруға;
егер аталған ұйымдардың директорлар кеңесі немесе басқармасы құрамының үштен бірінен астамын сол белгілі бір тұлғалар құрайтын болса, еншілес ұйымға байланысты ұйымдар туралы ақпарат қосымша беріледі;
5) бизнес-жоспарын табыс ете отырып, еншілес ұйым қызметінің түрі немесе түрлері туралы ақпарат;
6) құрылатын еншілес ұйымның құрылтайшылары енгізетін акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
7) құрылатын еншілес ұйымның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесі мен сомасы, сондай-ақ олар сатып алатын акциялар саны және акцияларды алдын ала төлеу мөлшері туралы ақпарат;
8) еншілес ұйымды сатып алу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер;
9) аудиторлық ұйымның есебі және сатып алынатын еншілес ұйымның аудиторлық ұйым куәландырған қаржы есептілігі;
10) сатып алынатын еншілес ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігі туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесі;
11) сатып алынатын еншілес ұйымның жарғылық капиталының мөлшері туралы (егер мұндай ақпарат аудиторлық есепте болмаса), сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлесі немесе еншілес ұйымның сатып алынатын акцияларының саны, оларды сатып алу бағасы туралы ақпарат;
12) банк жарғылық капиталға қатысу үлесін немесе акцияларын иемдену арқылы еншілес ұйымын иемденген заңды тұлға туралы:
заңды тұлғаның атауы мен орналасқан жерін;
құрылтайшысы (қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлғаның жарғылық капиталына банктің қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері банк болып табылатын заңды тұлғаның акциялар саны, оларды сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті;
заңды тұлғаның (оның құрылтайшысы, қатысушысы, акционері банк болып табылатын) басқа заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесінің мөлшері, оны сатып алу бағасы туралы мәліметті;
акционері (құрылтайшысы, қатысушысы) банк болып табылатын заңды тұлға сатып алған акциялар саны, сатып алу бағасы, олардың орналастырылған акциялардың (артықшылықты және қоғам сатып алғандары шегеріле отырып) жалпы санына проценттік арақатынасы туралы мәліметті қамтитын деректер;
13) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын құжаттар;
14) еншілес ұйымды бақылауды және бақылау негіздерін растайтын құжаттар.
15) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда, осы Заңда және (немесе) сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген банк холдингі, банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім алу құжаттары.
4. Банк соңғы аяқталған екі қаржы жылының қорытындылары бойынша оның қызметі шығынсыз болған жағдайда және уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде уәкілетті орган белгілеген пруденциалдық нормативтерді сақтаған жағдайда, еншілес ұйым құруға құқылы.
5. Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға рұқсат беруден бас тартуға:
1) рұқсат алуға қажетті құжаттардың табыс етілмеуі;
2) еншілес ұйымның басшы қызметкерлерінің (немесе басшы қызметкерлер лауазымына тағайындауға немесе сайлауға ұсынылған кандидаттардың) осы Заңның 20-бабының 2-тармағы 3)-5) тармақшаларының талаптарына сай келмеуі;
3) банктің көзделетін еншілес ұйымдарының болуы нәтижесінде құрамына банк кіретін банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді сақтамауы;
4) еншілес ұйымның қызметі немесе банк жоспарлаған инвестициялар салдарынан банктің қаржылық жай-күйінің нашарлауы және (немесе) банк салымшыларының мүдделеріне нұқсан келтіру көзделетін қаржылық салдарларды талдау;
5) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сәйкес келмеуі;
6) банктің уәкілетті органға рұқсат алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және/немесе өтінішті қарау кезеңінде белгіленген пруденциалдық нормативтерді және басқа да сақталуға міндетті нормативтер мен лимиттерді, сақтамауы;
7) өтініш берілген күнгі және құжаттарды қарау кезеңінде банкке қатысты қолданылған шектеулі ықпал ету шараларының және санкцияларының болуы;
8) банк еншілес ұйымды - Қазақстан Республикасының резиденттері - банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құрған немесе сатып алған жағдайда банк холдингі, Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін алуға келісім беру үшін осы Заңмен, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасымен көзделген талаптарды сақтамауы негіз болып табылады.
5-1. Құжаттардың толық пакетін ұсынған және осы бапта көзделген барлық талаптарды орындаған жағдайда уәкілетті орган еншілес ұйымды құруға немесе сатып алуға рұқсат береді және сонымен бір уақытта осы Заңға, Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі немесе зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес банк холдингі, Қазақстан Республикасының резиденттері - банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының немесе ашық жинақтаушы зейнетақы қорының ірі қатысушысы мәртебесін сатып алуға келісім береді.
6. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін үш ай ішінде рұқсат беруге немесе рұқсат беруден бас тартуға міндетті.
Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіге бас тартудың негіздері туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
7. Банктің еншілес ұйымы құрылтай құжаттарына енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы уәкілетті органды хабардар етуге міндетті.
8. Уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі еншілес ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымға бақылау жасау құқығын өзіне байланысты емес себептер бойынша сатып алған жағдайда банк осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде еншілес ұйымды иеленуге уәкілетті органның рұқсатын алу үшін осы баптың 3-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
9. Банктің ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуына уәкілетті органның рұқсаты болғанда ғана жол беріледі.
Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады. Ислам банкі үшін, егер ол өндірістік және сауда қызметін қаржыландыру кезінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу жолымен және (немесе) әріптестік талаптары бойынша акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алса, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға уәкілетті орган рұқсатының болуы талап етілмейді.
Қомақты қатысуға уәкілетті органның рұқсатын алмаған жағдайда банк өзіне тиесілі ұйым акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті. Егер банк қомақты қатысуды банкке байланысты емес себептер бойынша сатып алса, ол уәкілетті органның тиісті рұқсатын алу үшін осы факті анықталған кезден бастап бір ай мерзімде осы баптың 10-тармағында көзделген құжаттарды табыс етуге тиіс.
10. Рұқсат алуға берілетін өтініш осы баптың 3-тармағының 2), 3), 5)-8) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса тіркеле отырып табыс етіледі.
Ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беруден бас тарту осы баптың 5-тармағында көзделген негіздер бойынша жүргізіледі.
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің, оның ішінде еншілес ұйым қызметіне байланысты тәуекелдерге қатысты жүйелердің бар екенін растайтын табыс етілген құжаттардың уәкілетті органның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелеріне қоятын талаптарына сай келмеуі ұйымның жарғылық капиталға қомақты қатысуына рұқсат беруден бас тарту үшін негіз болып табылмайды.
11. Уәкілетті орган:
1) рұқсат беруге негіз болған дәйексіз мәліметтер анықталған;
2) еншілес ұйымдар, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдар не көрсетілген ұйымдардың қызметін қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен тоқтату туралы сот шешім қабылдаған;
3) рұқсат берілген күннен бастап бір жыл ішінде еншілес ұйымға, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымдарға бақылау жасау белгілері болмаған;
4) еншілес ұйым, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйым қызметінің осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған жағдайларда еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алады.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымның жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат кері қайтарып алынған жағдайда банк еншілес ұйымның, жарғылық капиталына банктің қомақты қатысуы бар ұйымның өзіне тиесілі акцияларын (қатысу үлестерін) үш ай мерзімде осы банкпен ерекше қарым-қатынасы жоқ тұлғаларға иелігінен шығаруға және растайтын құжаттарды уәкілетті органға табыс етуге міндетті.
Еншілес ұйымды құруға, сатып алуға, ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсатты кері қайтарып алудың тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда
2-тарау. Банк құру және банк қызметiн жүзеге асыру
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 12-бап өзгертілдi; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) заңымен 12-бап алынып тасталды
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 13-бап жаңа редакцияда; ҚР 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 13-бап өзгертілді
13-бап. Уәкiлеттi органның банк ашуға рұқсат беруi
1. Банк ашуға рұқсат беру тәртібі мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленедi.
2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы уәкiлеттi орган шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады.
Банк ашуға берiлген рұқсатты уәкiлеттi орган керi қайтарып ала алады.
3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша рұқсат керi қайтарып алынған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк уәкiлеттi органға қайтаруға тиiс.
4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара); 2009.11.07. № 185-IV (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 14-бап өзгертiлдi
14-бап. Банкінің құрылтай құжаттары
1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.
2. Банк құру жөніндегі құрылтай шартында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
толық атауы мен олардың әрқайсысының тұрған жерiн қоса құрылтайшылар туралы мәлiметтер, сондай-ақ олардың мемлекеттік тiркеуден өткендiгi жөніндегі деректер (заңды тұлғалар үшiн), аты-жөнi, азаматтығы, тұрғылықты жерi мен жеке өзiн (жеке адамдар үшiн) куәландыратын құжат деректерi;
акциялардың саны, санаттары мен орналастыру бағалары туралы мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
3. Банк жарғысында, қолданылып жүрген заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, мiндеттi түрде:
банкінің толық және қысқартылған атауы;
банк қорларын (резервтік капиталын) құру түрлерi мен тәртібі туралы мәлiметтер;
банк органдарының шешiм қабылдау тәртібі.
осы Заңның 52-4-бабында көзделген мәліметтер (ислам банкі үшін) қамтылуға тиіс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2009.12.02. № 133-IV (бұр.ред.қара) Заңдарымен 15-бап өзгертiлдi
15-бап. Банктiң ұйымдық-құқықтық нысаны және атауы
1. Банктер акционерлік қоғамдар нысанында құрылады.
1-1. Банк өз жарғысында жазылған атауды өзiнiң атауы ретiнде пайдаланады.
Банктiң атауында "банк" деген сөз немесе одан туындаған сөз болуға тиiс.
2. Ұлттық Банкiден басқа банкiлердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "ұлттық", "орталық" деген сөздердi қолдануға тыйым салынады.
3. Банктердiң бәрiне өзiнiң атауында кез келген тiлде толық және қысқарған түрiнде "мемлекеттік" деген сөздi қолдануға тыйым салынады.
3-1. Ислам банкінің атауында «ислам банкі» деген сөз тіркесі болуға тиіс.
4. Бұрын құрылған банкiлердiң, еншiлес банктердi қоспағанда соның iшiнде Қазақстан Республикасының резиденттерi емес банкiлердiң атауымен бiрдей немесе орнын ауыстырған дәрежеде ұқсас таңбаларды атау ретiнде қолдануға жол берiлмейдi.
Еншiлес банктер өзiнiң атауына негiзгi банктердiң атауын пайдалануға мiндеттi.
ҚР 07.12.96 ж. № 50-1; 11.07.97 ж. № 154-1; 10.07.98 № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара) ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 16-бап өзгертiлдi; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Банктiң жарғылық және меншiк капиталы
1. Банктiң жарғылық капиталы, осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгiленген жағдайларды қоспағанда, акцияларды сату есебiнен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен қалыптастырылады.
2. Банк акциялары орналастырылған кезде тек қана ақшамен төленуге тиiс. Бұл талап, акциялары:
1) банк кредиторлары арасында орналастырылатын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларда банк қайта құрылымдау жүргiзген кезде банктiң тиiстi кредитор алдындағы ақшалай мiндеттемесi жөніндегі кез келген құқығын (талабын) есепке жатқызу жолымен төленетiн банктерге;
2) банктiң жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар шығару проспектi негiзiнде бағалы қағаздарды банктiң жай акцияларына айырбастау кезiнде қолданылмайды.
3. Банктi қайта құрылымдау рәсiмi шеңберiнде бағалы қағаздарды банктiң акцияларына айырбастаған жағдайда банк акционерлерiне бағалы қағаздарды және (немесе) банктiң ақшалай мiндеттемелерiн оның акцияларына айырбастау арқылы өзiнiң акцияларын орналастырған кезде басымдықпен сатып алу құқығы берiлмейдi.
4. Жаңадан құрылған банктiң жарғылық капиталына оның акционерлерi осы банктi тiркеу кезiнде елу процент және ол тiркелген күннен бастап күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде толық төлем жасауға тиiс.
5. Банктiң меншiк капиталын және инвестицияларын есептеу әдiстемесiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Банк мiндеттемелерiнiң сомасы оның активтерiнiң құнынан артық болған жағдайда, банктiң меншiк капиталы терiс болып табылады.
6. Банктiң меншiк капиталының терiс мөлшерi анықталған жағдайда уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының Үкіметімен келісім бойынша оның акционерлерiнiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдауға және оларды банк капиталының ұлғаюына және инвестор алған мiндеттемелердi ескере отырып оның қалыпты жұмыс iстеуiне кепiлдiк беретiн шарттармен жаңа инвесторға сатып алынған бағасымен дереу сатуға құқылы.