7. Қазақстан Республикасының резидент банкі соңғы аяқталған қаржы жылының қорытындысы бойынша банктің қызметі залал шекпеген жағдайда өкілдігін ашуға құқылы.
8. Филиал, өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде Қазақстан Республикасының резидент банкі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесін табыс етуге тиіс.
Филиалдың орналасқан жері өзгерген жағдайда, банк уәкілетті органға Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға филиалдың үй-жайының сай келетінін растайтын Ұлттық Банктің тексеру қорытындысы мен актісінің нотариат куәландырған көшірмесін қосымша табыс етеді.
8-1. Банк - Қазақстан Республикасының резиденті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде уәкілетті орган мен шет мемлекеттің тиісті қадағалау органының ақпарат алмасу туралы келісімі болған жағдайда ғана филиал ашуға құқылы.
9. Қазақстан Республикасының резидент банкі Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде филиалдары мен өкілдіктерін ашқан жағдайда, мемлекеттің тиісті органында тіркелген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттің тиісті органында тіркелгендігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, олардың ашылғаны туралы уәкілетті органға жазбаша хабарлауға міндетті.
10. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі өз өкілдігін уәкілетті органның келісімін алмастан ашуға құқылы.
11. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға ашылғаны туралы:
1) Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің есептік тіркелгені туралы куәлігінің нотариат куәландырған көшірмесін;
2) тіркеген әділет органының белгісі мен мөрі бар өкілдік туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесін;
3) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің банк қызметін жүргізуге қолданыстағы лицензиясының бар екені туралы жазбаша растамасын;
4) тиісті мемлекеттің банктік қадағалау органының Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк өкілдігінің ашылуына қарсы емес екені туралы жазбаша хабарламасын не банктік қадағалау органының немесе тиісті мемлекеттің беделді заң қызметінің Қазақстан Республикасының резиденті емес-банк мемлекетінің заңнамасы бойынша мұндай рұқсаттың талап етілмейтіні туралы өтінішін;
5) банк өкілдігі басшысының атына берілген нотариат куәландырған сенімхатты қоса бере отырып, жазбаша хабарлауға міндетті.
12. Қазақстан Республикасында резидент емес-банктің филиалдарын ашуға тыйым салынады.
13. Қазақстан Республикасының резиденті емес-банктің өкілдігі әділет органдарында есептік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өкілдік туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін, осы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, хабарлауға міндетті.
14. Банк өзінің филиалы және (немесе) өкілдігі әділет органдарында (Қазақстан Республикасынан тысқары жерде филиалдар немесе өкілдіктер қызметі тоқтатылған кезде - мемлекеттің тиісті тіркеу органында) есептік тіркеуден шығарылған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде уәкілетті органға банк филиалының және (немесе) өкілдігінің есептік тіркеуден шығарылғанын растайтын әділет органы құжатының нотариат куәландырған көшірмесін қоса бере отырып, олардың қызметінің тоқтатылғаны туралы жазбаша хабарлауға тиіс.
15. Уәкілетті орган, осы баптың 2, 6-9, 11 және 13-тармақтарының талаптары орындалмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының резидент-банкінің филиалын және (немесе) өкілдігін және резиденті емес-банк өкілдігін жабуды талап етуге құқылы.
ҚР 2005.08.07. № 72-III Заңымен 3-тараудың тақырыбы алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1; 10.07.98 ж. № 282-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 28.03.03 ж. № 399-II; 08.05.03 ж. № 411-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара);03.06.03 ж. № 427-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 30-бап өзгертiлдi; ҚР 09.07.03 ж. № 482-II Заңымен 30-бап толықтырылды; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара); ҚР 07.07.04 ж. № 577-II (бұр. ред. қара); 2005.08.05. № 69-III (бұр. ред. қара); 2005.08.07. № 72-III (бұр. ред. қара); 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 30-бап жаңа редакцияда; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма бір күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілді) (бұр.ред. қара) 25-бап өзгертiлдi
30-бап. Банк қызметі
1. Банктердің осы бапта белгіленген банк және өзге де операцияларды жүзеге асыруы банк қызметі болып табылады.
2. Банк операцияларына:
1) депозиттерді қабылдау, заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
2) депозиттерді қабылдау, жеке тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу;
3) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
4) жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу жатады, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған бағалы металдардың және бағалы металдардан жасалған монеталардың нақты саны көрсетіледі;
5) кассалық операциялар: қолма-қол ақшаны ұсатуды, айырбастауды, қайта санауды, сұрыптауды, қаттап бууды және сақтауды қоса алғанда, осы тармақтың 1), 2), 6)-9), 12) және 13) тармақшаларында көзделген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде оларды қабылдау және беру;
6) аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер және ақша аударымдары бойынша тапсырмаларын орындау;
7) есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдері мен өзге де борышкерлік міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
8) банктік заем операциялары: банкке, ипотекалық ұйымға, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокерге және (немесе) дилерге және акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаға төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен ақшалай нысандағы кредиттер беру;
9) шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
10) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
11) 2007.12.01 № 222-III ҚР Заңымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
12) банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
13) төлем құжаттарын (вексельдерді қоспағанда) инкассоға қабылдау;
14) аккредитив ашу (ұсыну) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
15) банктердің ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беруі;
16) банктердің үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдемелерін және өзге де міндеттемелерді беруі жатады.
3. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен микрокредиттік ұйымдар ретінде тіркелген заңды тұлғалардың микрокредиттер беру жөніндегі қызметі банк операцияларына жатпайды.
4. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген банк операциялары Ұлттық Банк белгілеген тәртіпте электрондық тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін.
5. Банктерге осы бапта көзделген банк және өзге де операцияларын жүргізуге лицензияны уәкілетті орган береді.
Банктерге осы баптың 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында және 11-тармағының 9) тармақшасында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензия беру кезінде Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.
6. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, осындай ұйымның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінде көрсетілген операцияларды лицензиясыз жүзеге асыру мүмкіндігі көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің лицензиясы болған жағдайда осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларының бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыра алады.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларын жүргізуге лицензияны, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті орган береді.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға лицензия беру кезінде осы баптың 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген операцияларды жүргізуге Ұлттық Банктің оң қорытындысы талап етіледі.
Егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде осы баптың 2-тармағында көзделген өзге де банк операцияларымен осы баптың 2-тармағының 9) және 12) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүргізу мүмкіндігі көзделген болса, онда лицензияны Ұлттық Банктің оң қорытындысы болған жағдайда уәкілетті орган береді.
7. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға осы баптың 2-тармағының 12) тармақшасында көзделген операцияны жүргізуге және айрықша қызмет түрі осы баптың 2-тармағының 9) тармақшасында көзделген операциялар болып табылатын заңды тұлғаларға лицензияны Ұлттық Банк береді.
8. Банк операцияларын, сондай-ақ банктердің осы бапта көзделген жүзеге асыратын өзге де операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді.
9. Лицензиялау тәртібі Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленетін, осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы бапта көзделген банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүзеге асыратын банк операцияларын лицензиялау тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
10. Уәкілетті органның немесе Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде банктер мен жекелеген қызмет түрлеріне лицензия алуға байланысты банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қосымша талаптар белгіленуі мүмкін.
11. Банктер, осы баптың 2-тармағында көзделген банк операцияларымен қатар, уәкілетті органның лицензиясы болған жағдайда мына операцияларды жүзеге асыруға құқылы:
1) тазартылған қымбат бағалы металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобына жататын металдар) құйма күйінде, тазартылған қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
2) құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және сату;
3) вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлемшілердің вексельдерді төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ делдалдық тәртібімен домицилденген вексельдерді, вексельдер акцептін төлеу;
4) лизинг қызметін жүзеге асыру;
5) өзінің бағалы қағаздарын (акцияларды қоспағанда) шығару;
6) факторингтік операциялар: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем жүргізуді талап ету құқығын алу;
7) форфейтингтік операциялар (форфетингтеу): тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналым түспейтін жолмен вексель сатып алу арқылы төлеу;
8) сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне және тапсырмасы бойынша ақшаларды, ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
9) сейфтік операциялар: сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беруді қоса алғанда, құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздарды, клиенттердің құжаттары мен құндылықтарын сақтау бойынша қызметтер.
12. Банктер бағалы қағаздар нарығында мынадай кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің мемлекеттік бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен - брокерлік;
2) Қазақстан Республикасының және рейтингтік агенттіктердің бірінің ең төменгі талап етілетін рейтингін алған елдердің бағалы қағаздарымен не онсыз уәкілетті органның шешімі бойынша мемлекеттік бағалы қағаздармен, сондай-ақ базалық активтерінің тізбесі мен оны сатып алу тәртібін уәкілетті орган белгілейтін туынды бағалы қағаздармен, осы Заңның 8-бабында белгіленген жағдайларда өзге де бағалы қағаздармен - дилерлік;
3) кастодиандық;
4) трансфер-агенттік.
Банктердің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің жоғарыда аталған бір немесе бірнеше үйлесімді түрлерін жүзеге асыруына лицензияны уәкілетті орган береді.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген рейтингтік агенттіктердің тізбесін және ең төменгі талап етілетін рейтингін уәкілетті орган айқындайды.
13. Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген банк операцияларын тек депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушылары болып табылатын банктер, сондай-ақ оның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде Ұлттық почта операторы жүргізуге құқылы.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ;2008.23.10. № 72-IV (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 31-бап өзгертiлдi
31-бап. Банкiлер жүргiзетiн операцияларға қойылатын жалпы талаптар
1. Банкiлер банк қызметiн операцияларды жүргiзудiң жалпы шараттарын белгiлейтiн ережелер мен iшкi ережелер болған жағдайда ғана жүзеге асыруға құқылы.
2. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары туралы ережелерiн банк директорларының кеңесі бекітуге және оларда мынадай мәлiметтер мен рәсiмдер болуға тиiс:
а) қабылданатын депозиттер мен берiлетiн несиелердiң шектi сомасы мен мерзiмi;
б) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы ставкасының шектiк мөлшерi;
в) депозиттер мен несиелер бойынша сыйақы төлеудiң шарттары;
г) банк қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар;
д) банк операцияларын жүргiзу ставкалары мен тарифтерi;
е) банк пен оның клиентiнiң құқықтары мен мiндеттерi, олардың жауапкершiлiгi;
ж) банк директорларының кеңесі банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарына енгізу қажет деп есептейтiн басқа шарттар, талаптар мен шектеулер.
3. Банкінің iшкi ережелерi:
а) банк бөлiмшелерiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
б) iшкi аудит қызметiнiң, несие комитетi мен басқа да тұрақты жұмыс iстейтiн органдар қызметiнiң құрылымын, мiндеттерiн, қызметi мен өкiлеттiгiн;
в) құрылымдық бөлiмшелер басшыларының құқықтары мен мiндеттерiн;
г) банкінің атынан және оның есебiнен мәмiле жасаған кездегi лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiнiң өкiлеттiгiн белгiлеуге тиiс.
4. Банктердің кредит беру жөніндегі құжаттаманы жүргізу тәртібі және қажетті құжаттар тізілімі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен айқындалады.
5. Банк клиенттерді тарту жөніндегі, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөніндегі, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөніндегі шарттың (келісімнің) негізінде банкке қызметтер көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін банктің аталған тұлғамен тиісті шарты (келісімі) талаптарына байланысты жауапты болады.
Банк пен банкке клиенттерді тарту жөнінде, банк талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асыру жөнінде, клиенттердің құжаттарын банкке беру жөнінде қызметтер көрсететін тұлғаның арасындағы шарт (келісім) клиентке қарап шығуы үшін ұсынылуға жатады және онда банкке осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызметтерді көрсететін тұлғаның құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттері үшін банктің клиент алдындағы жауаптылығы міндетті түрде қамтылуға тиіс.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 32-бап өзгертілді
32-бап. Банкінің банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттарын ашу жөніндегі мiндетi
1. Банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттары ашық ақпарат болып табылады және ол коммерциялық немесе банк құпиясының мәнi бола алмайды. Бұл қалып осы Заңға сәйкес банк құпиясына не қолданылып жүрген заңдарға сәйкес коммерциялық құпия санатына жатқызылған нақты банк операциясын жүргiзу шарттарына қолданылмайды.
2. Банкiлер клиенттiң бiрiншi талап етуi бойынша банк операцияларын жүргiзудiң жалпы шарттар туралы ережесін беруге мiндеттi.
3. Банкiлердiң клиентке банк операциясын жүргiзуге байланысты ықтимал тәуекелдер туралы ақпарат беруден бас тартуға құқығы жоқ.
4. 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 33-бап өзгертiлдi
33-бап. Банк пен клиент арасындағы қатынастардың шарттық сипаты
1. Банкiлер арасындағы, сондай-ақ банкiлер мен олардың клиенттерi арасындағы қатынастар, егер Қазақстан Республикасының Заңдарында өзгеше көзделмесе, шарттар негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы.
11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 34-бап өзгертiлдi
2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда
34-бап. Банктік заем операциясы
1. 2005.12.23 № 107-III ҚР Заңымен алып тасталды ( бұр. ред. қара)
1-1. Банктің, ипотекалық ұйымның немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаның кредиттік бюролардың деректер базасына қарыз алушы және жасалатын мәміле (қарыз операциясы) туралы мәліметтер, сондай-ақ тараптардың өз міндеттемелерін орындауына байланысты ақпарат беруіне қарыз алушының жазбаша келісімінің болуы қарыз беру туралы шарт жасаудың міндетті талабы болып табылады.
2. Банктік заем операциялары банктің, ипотекалық ұйымның, номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығы бар брокердің және (немесе) дилердің немесе акцияларының бақылау пакеті мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияға тиесілі заңды тұлғаның басқару органы бекітетін Банктің ішкі кредит саясаты туралы ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
3. Банкінің заем комитетi iшкi несие саясатын жүзеге асырушы орган болып табылады.
4. Iшкi заем саясаты туралы ережелер банктік қарыз операцияларын жүзеге асыру кезiнде тәуекелдi бәсеңдету мақсатында жасалып, мыналарды:
а) заңды және жеке тұлғаларға заем беру шарттарын;
б) лауазымды адамдар мен банк қызметкерлерiне заем беру шарттарын;
в) заем комитетiнiң ұйымдық құрылымын, қызметi мен өкiлеттiгiн;
г) заем комитетi мүшелерiнiң жауапкершiлiгiн;
д) заем берудiң шектi өлшемiн;
е) заем шарттарын бекіту рәсiмiн белгiлейдi.
5. Осы баптың 2-4-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер және кепiлдемелер беру жөніндегі операцияларына қолданылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 436-1; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 35-бап өзгертiлдi
35-бап. Несиелердiң қайтарымдылығын қамтамасыз ету
1. Несиелердiң қайтарымдылығы айыпақымен, кепiлмен, кепiлдiкпен, кепiлдемемен және заңдармен немесе шартпен көзделген басқа әдiстермен қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
2. Клиенттiң несиенi қайтаруға жоғары қабiлеттiлiгi мен сенiмдiлiгi болған жағдайда банк несиенi қамтамасыз етусiз-ақ (банкiлiк несие) беру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
Банк бiр заемшыға осы заемшының банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардан алған заем қаражатының көлемiн шегерiп тастағанда активтердiң орташа жылдық құнынан асып кететiн жалпы сомаға банк кредитiн беруге немесе қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттеменi қабылдауға құқылы емес. Заемшының активтерінің орташа жылдық құны есепті жылдың басынан осы кредитті алған күнге дейінгі кезеңге есептеледі.
3. Кепiл туралы шартпен, сондай-ақ заң актілерімен көзделген реттерде кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртiппен сауда (аукцион) өткізу арқылы өз бетiмен өткізуге құқылы.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарында белгiленген қалыптар банктердiң кепiлдiктер мен кепiлдемелер беру жөніндегі операцияларын қамтамасыз етуге қолданылады.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 29.06.98 ж. № 236-1 Заңдарымен 36-бап өзгертiлдi
36-бап. Төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыға қатысты қолданылатын шаралар
Несие берушi банк несие шарты бойынша өз мiндеттемелерiн орындамаған қарыз алушыға:
жаңадан несие бермеуге;
қарыз алушының кез келген есепшотындағы ақшасынан (егер бұл несие шартында ескерiлген болса) қарыз алушының келісімiнсiз өндiрiп алуға;
төлеуге қабiлетсiз қарыз алушыны Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тану туралы сотқа талап арызын беруге құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 37-бап жаңа редакцияда
37-бап. Талап қою және қуынымның ескiру мерзімi
Банктердiң кредит шарттарын тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн қарыз алушыларға қойған талаптарына талап қою мен қуынымның ескiру мерзiмi қолданылмайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1 Заңдарымен 38-бап өзгертiлдi
38-бап. Төлемдер және ақшалай қаражаттар аударуды жүзеге асыру
1. Банктер Қазақстан Республикасының аумағында төлемдер мен ақша аударымдарын заңдарда белгiлеген тәртiппен жүзеге асырады.
2. Ақша және төлемдер аудару тиiстi дәрежеде жүзеге асырылған ретте банк Қазақстан Республикасының заңдарына және клиентпен (депозитормен) жасасқан шартқа сәйкес жауапты болады.
3. Ақшаның халықаралық төлемдерін және аударылымдарын банкiлер халықаралық банк тәжiрибесiнде қолданылатын және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына қайшы келмейтiн түрлерiнде әдiстер мен тәртiп бойынша жүзеге асырады.
4. Банк төлем құжатының қолдан жасалғандығын растайтын құжаттар болған жағдайда, сондай-ақ олардың қате есептелу фактiсi анықталған жағдайда клиенттердiң (депозиторлардың) есепшотынан есептелген ақшаны олардың келісімiнсiз есептен алып қоюға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1 Заңымен 39-бап жаңа редакцияда ; 2007.19.02. № 230-III ҚР Заңымен 39-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) ; 2008.23.10. № 72-IV ҚР Заңымен (бұр.ред. қара) 39-бап өзгертiлдi
39-бап. Ставкалар мен тарифтер
1. Сыйақылар мен комиссиялардың ставкаларын, сондай-ақ банк қызметі көрсетілгені үшін тарифтерді банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар дербес белгілейді.
1-1. Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жеке тұлғалармен жасалатын банктік қарыз шарттарында, оның ішінде ипотекалық қарыз шарттарында сыйақының тіркелген не құбылмалы ставкасын белгілейді.
Сыйақының тіркелген ставкасы біржақты тәртіппен өзгертілуге жатпайды және ол шартта осы тармақтың талаптары ескеріле отырып айқындалған мерзім ішінде өзгермейтін болады. Тіркелген ставканың ең аз қолданылу мерзімі кемінде үш жыл болуға тиіс.
Шарттың қолданылу мерзімі бойында сыйақының тіркелген ставкасы тараптардың келісімі бойынша азайтылу жағына қарай не сыйақының құбылмалы ставкасына өзгертілуі мүмкін.
Сыйақының құбылмалы ставкасын есептеу тәртібі, оның қолданылу шарттары уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар банк қарызын жасасу күніне белгіленген тарифтердің, комиссиялық сыйақылардың және қарызға қызмет көрсету жөніндегі шығыстардың мөлшерін және есептеу тәртібін ұлғайту жағына қарай өзгеруге құқылы емес.
2. Банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар тәртібін уәкілетті орган белгілейтін шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептелетін сыйақы ставкаларын клиенттермен жасалған шарттарда, сондай-ақ қаржылық қызмет бойынша сыйақының шамалары туралы ақпаратты тарату, оның ішінде оны жариялау кезінде көрсетуге міндетті.
Осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда уәкілетті орган банкке, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға осы Заңның 47-бабында көзделген санкцияларды қолдануға құқылы.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-1; 16.07.99 ж. № 436-1; 02.03.01 ж. № 162-II; 16.05.03 ж. № 416-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) ; 2005.12.23 № 107-III ( бұр. ред. қара) Заңдарымен 40-бап өзгертiлдi
40-бап. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға тыйым салу
1. Банкiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдарға жеңiлдiк жағдайлар жасауға банкiлерге тыйым салынады.
2. Жеңiлдiк жағдайлар жасау дегенiмiз:
табиғатына, мақсатына, ерекшелiктерiне және тәуекел етуiне қарай банк өзiмен ерекше қатынастар арқылы байланысты адамдар болып табылмайтын клиенттермен мәмiле жасай қоймайтын, банкпен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғамен немесе оның мүддесіне мәмiле жасасу.
Банк өзімен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға қамтамасыз етусіз заемдар (бланктік заемдар) бере алмайды.