117. Прокурордың наразылығын қоспағанда, прокурорлық қадағалау актісін қарау тапсырылған мемлекеттік орган 15 күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасына (бұдан әрі - Бас прокуратура) Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Прокурордың наразылығын қарау тапсырылған мемлекеттік орган 7 күнтізбелік күн ішінде Бас прокуратураға Үкіметтің келісілген жауабының жобасын және қажет болған жағдайда Үкімет шешімдерінің жобаларын дайындайды және Премьер-Министрдің Кеңсесіне енгізеді, прокурорлық қадағалау актісінен туындайтын өзге де шараларды қабылдайды.
Жауаптың жобасы прокурорлық қадағалау актісінде белгіленген мәселелерге Үкімет ұстанымын қисынды және толық көлемде білдіруге тиіс.
Үкіметтің Бас прокуратураға жауабының жобасын жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган міндетті түрде Әділет министрлігімен, сондай-ақ прокурорлық қадағалау актісін қарау туралы тапсырмада көрсетілген өзге де мемлекеттік органдармен келіседі.
Үкімет жауабының жобасын келісу оған тиісті мемлекеттік орган басшысының бұрыштама соғуы не ескертулер мен ұсыныстардың жоқтығы туралы хат жіберу жолымен жүзеге асырылады.
8. Үкіметтің актілерін жариялау тәртібі
118. Үкіметтің азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері міндетті түрде ресми жариялануға тиіс.
119. Мемлекеттік құпияларды және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтері бар Үкіметтің актілері жариялануға жатпайды.
120. Үкіметтің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің жинағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын және заңнамада белгіленген тәртіппен Үкіметтің қаулыларын ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын алған мерзімді баспа басылымдарында жарияланады және теледидар мен радио арқылы халыққа жеткізілуі мүмкін.
Үкіметтің web-сайтын ақпараттық қамтамасыз ету және Үкімет қабылдайтын шешімдер туралы ақпаратты тарату мақсатында Internet (Интернет) жаһандық желісін пайдалану жекелеген ережелермен регламенттеледі.
121. Нормативтік құқықтық актілер мерзімді басылымдарда бір мезгілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялануға тиіс.
122. Нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануын бақылауды жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілерін қоспағанда, Мәдениет және ақпарат министрлігі жүзеге асырады.
9. Орталық атқарушы органдардың бірінші басшылары
іссапарларының тәртібі
123. Өз бастамасы бойынша немесе Президенттің не Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге, сол сияқты Қазақстанның басқа қалаларына да іссапарға (оның ішінде демалыс және мейрам күндері) шығуы қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысы алдын ала, іссапар басталғанға дейін кемінде 3 күн бұрын Премьер-Министрдің атына өзінің іссапарға шығуына рұқсат беруі туралы қолдаухатпен жазбаша өтініш жасауға тиіс.
Орталық атқарушы органның бірінші басшысының хатында (қолдаухатында) іссапарға шығу қажеттілігінің негіздемесі мен оның мерзімі келтірілуі тиіс.
Бір тәуліктен аспайтын мерзімге іссапарға шыққан кезде жазбаша қолдаухат талап етілмейді - Премьер-Министрмен ауызша келісу жеткілікті.
124. Премьер-Министрдің қажет болған жағдайда орталық атқарушы органның бірінші басшысын қызметтік іссапарға оның жазбаша қолдаухатынсыз жіберуге құқығы бар.
125. Орталық атқарушы органның бірінші басшысы іссапардан оралысымен 3 жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде іссапарда болған кезеңде атқарылған жұмыс туралы жазбаша есеп беруге міндетті.
Есепті Премьер-Министр немесе оның тапсырмасы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бекітеді.
10. Орындалуын бақылау тәртібі
126. Президент, Үкімет, Премьер-Министр актілерінің, сондай-ақ Президенттің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Президент Әкімшілігі мен Кеңсе басшыларының тапсырмалары бар құжаттардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну және Республика Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылау тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 4097 Жарлығына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
Көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауды олардың орындалу барысы туралы Премьер-Министрге, Кеңсе Басшысына жүйелі түрде хабардар ететін Кеңсе жүзеге асырады.
127. Бақылау:
1) қажетті ақпаратты талап ету;
2) орындалуы туралы есептер мен баяндамаларды тыңдау және талқылау;
3) тексеру және құжаттамалық тексерудің өзге де нысандары;
4) жергілікті жерге шығып тексеру;
5) заңнамаға қайшы келмейтін басқа да тәсілдер жолымен жүзеге асырылады.
128. Мынадай, оның ішінде құпия құжаттар бақылауға алынады (бұдан әрі - бақылаудағы құжаттар):
1) Үкіметке немесе оның басшылығына тапсырмалар берілетін Президент актілері;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тапсырмалар бар Үкіметтің қаулылары, Үкімет мәжілістерінің хаттамалары, Премьер-Министрдің өкімдері, Премьер-Министрдегі және Кеңсенің Басшысындағы кеңестер;
3) орындалу мерзімі көрсетілген немесе бақылауға алу туралы нұсқаулар, "шұғыл", "баяндалсын", "ұсыныстар енгізілсін" деген белгілер бар Президенттің Үкіметке немесе оның басшылығына, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының, Президент Әкімшілігі басшылығының Кеңсенің атына, Кеңсе Басшысының (оның міндетін атқарушы тұлғаның) тапсырмалары (оның ішінде кеңестердің хаттамаларында және іс-шаралар жоспарларында қамтылатындар);
4) Парламент депутаттарының сауалдары, депутаттар бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкіметтің қорытындысын беру өтініші бар Парламент палаталарының үндеулері.
129. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың орындалуын бақылауды Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырады.
130. Бақылаудағы құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы үшін жауапкершілік олар орындалуға жіберілген мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына (жауапты хатшыларға) жүктеледі.
131. Президент актілерінің орындалуына жауапты мемлекеттік органдар үш күн мерзімде оларды іске асыру жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларының жоспарын жасайды.
132. Үкімет пен Премьер-Министр актілерінің орындалу мерзімін Премьер-Министр не нақты актінің орындалуын бақылау жүктелген оның орынбасары және Кеңсе Басшысы мемлекеттік орган басшысының белгіленген тәртіппен енгізілген жазбаша қолдаухаты негізінде ұзартуы мүмкін. Орындалу мерзімін қайталап ұзартуға ерекше жағдайларда жол беріледі.
Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерін және тапсырмаларын бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған белгіленген орындалу мерзімі аяқталғанға дейін 3 күннен кешіктірмей, ал орындалу мерзімі 5 күннен аз тапсырмалар бойынша тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсыныстарды жинақтауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға өз ұсыныстарын енгізуге міндетті.
133. Бақылаудағы құжатты оған қол қойған немесе орындалуын бақылауды талап ететін тапсырма берген лауазымды тұлға не оның міндетін атқарушы тұлға не оның тапсырмасы бойынша өзге тұлға бақылаудан алады.
Үкіметке және/немесе Кеңсеге тапсырмалары бар Президент актілерін бақылаудан алу және олардың орындалу мерзімін ұзарту мәселелерін Президент Әкімшілігі қарайды.
134. Егер Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі мен Үкімет басшылығының актілері мен тапсырмаларын бірлесіп орындаушылар белгіленген мерзімде жиынтықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган өзінің ұсыныстарын бермеген жағдайда, бірлесіп орындаушылар орындау мерзімінің бұзылуына жауапты болады.
135. Президенттің жеке тапсырмаларын барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар, егер Президент өзгеше белгілемесе, тапсырма берілген күннен бастап екі аптадан аспайтын мерзімде орындауы тиіс.
136. Президенттің және Президент Әкімшілігі басшылығының бақылаудағы тапсырмаларын оларға Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының қарарларымен бірге орталық және жергілікті атқарушы органдар, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, Президент және/немесе Президент Әкімшілігінің басшылығы тапсырған күннен бастап 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындайды.
137. Үкімет мәжілістерінің хаттамаларында және Президентте, Үкімет басшылығында және Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларындағы хаттамалық тапсырмалардың орындалу мерзімі мәжіліс (кеңес) өткен күннен бастап есептеледі. Егер мәжілісте (кеңесте) нақты тапсырманың орындалу мерзімі аталған жағдайда оның атына тапсырма берілген және өкілдері мәжіліске (кеңеске) қатысқан тиісті мемлекеттік органдар мәжілістен (кеңестен) кейін бірден, оларға мәжіліс (кеңес) хаттамасының түсуін күтпестен, тапсырмаларды орындауға кірісуге міндетті.
Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге мерзім белгіленбесе, тапсырма берілген күннен бастап бір ай мерзімнен кешіктірмей, ал»"шұғыл" немесе»"жеделдетіңіз" деген белгі болған кезде 10 күн мерзімде орындалады.
Премьер-Министрдің немесе оның орынбасарының Парламент депутаттарының сауалдарына жауаптар және Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына қорытындылардың жобаларын дайындау туралы тапсырмалары, егер тапсырмаларда өзге неғұрлым қысқа мерзім белгіленбесе, сауал және заң жобасы Кеңседе тіркелген күннен бастап тиісінше 20 күн мерзімнен кешіктірмей орындалады.
Егер Үкіметтің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының хаттамалық тапсырмаларында және Үкімет пен Премьер-Министрдің актілерінде, сондай-ақ іс-шаралар жоспарларында нақты орындалу мерзімі көрсетілмеген және олардың мазмұнынан олардың орындалуы ұзақ уақытты (тұрақты, бір жыл ішінде және т.с.с.) талап ететіні туындаған не олардың мазмұнынан орындалу мерзімі туралы бір мәнді қорытынды жасау қиын болған жағдайда, сондай-ақ даулы жағдайларда осындай тапсырмаларды бақылауға алу қажеттігін, оларды орындаудың нақты мерзімін белгілеуді Кеңсе Басшысы айқындайды және орындалуына жауапты мемлекеттік органдарға дереу жеткізеді.
Егер тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, онда тапсырманың орындалуына жауапты мемлекеттік органның басшысы (жауапты хатшы) кешіктірілуінің себептері туралы хабарлауға және белгіленген тәртіппен оның орындалу мерзімін ұзарту туралы өтініш жасауға тиіс. Тапсырманың орындалу мерзімін қайтадан ұзартуға ерекше жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Тапсырмаларды бірнеше мемлекеттік органдар орындаған кезде қатарында»"(шақыру)" белгісі қойылған атауы бар орган жауапты болып табылады. Ол бірлесіп орындаушылармен келісілгеннен кейін орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсынысты енгізуге құқылы.
Белгіленген орындалу мерзімін ауыстыру туралы ұсыныстар қайтадан енгізілген кезде мемлекеттік органдардың басшылары (жауапты хатшылар) бір уақытта жазалау туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, орындаудың ұзартылған мерзімін бұзуға жол берген лауазымды тұлғаларға қолданылған тәртіптік жауапкершілік шаралары туралы ақпарат ұсынуға тиіс.
138. Бақылаудағы, оның ішінде құпия құжаттардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге есепті тоқсаннан кейінгі айдың 2-күніне атқарушылық тәртіптің жай-күйі және бақылау құжаттарының орындалу мерзімін бұзуға немесе олардың сапасыз орындалуына кінәлі нақты лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпаратты жаза туралы бұйрықтың көшірмесімен қоса береді.
139. Мыналарды бақылаудан алу не орындалу мерзімін өзгерту туралы шешім қабылдау:
1) Президенттің тапсырмалары, оның ішінде Президент актілерінде, оның қатысуымен өткен кеңестердің (мәжілістердің) хаттамаларында және Президент немесе Президент Әкімшілігінің Басшысы бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар тиісінше Президенттің немесе Президент Әкімшілігі Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;
2) Президент Әкімшілігі басшылығының тапсырмалары, оның ішінде Президент Әкімшілігінің басшылығында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Әкімшілік Басшысының немесе тапсырма берген тұлғаның қарары бойынша;
3) тапсырмалар, оның ішінде Үкімет пен Премьер-Министрдің
актілерінде, Үкімет мәжілістерінің және Премьер-Министрде өткен кеңестердің хаттамаларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министрдің немесе Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша;
4) Премьер-Министр орынбасарының тапсырмалары, оның ішінде олар өткізген кеңестердің хаттамаларында және олар бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Премьер-Министр орынбасарының қарары бойынша;
5) Кеңсе Басшысының тапсырмалары, оның ішінде Кеңсе Басшысында өткен кеңестердің хаттамаларында және ол бекіткен іс-шаралар жоспарларында қамтылатын тапсырмалар Кеңсе Басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның қарары бойынша жүзеге асырылады.
140. Жауаптар жобаларын Үкіметке енгізген кезде ілеспе хатта міндетті түрде тапсырманың нөмірі мен күніне (Президенттің, Үкіметтің немесе Премьер-Министрдің актілері бойынша нөмірге, күні мен тапсырманың нақты тармағына) сілтеме жасалады. Қаулылар мен өкімдердің жобаларын енгізген кезде де осындай тәртіп, бұл ретте егер тапсырма болмаса, бастамашылық тәртіппен енгізіледі, бұл туралы ілеспе хатта сілтеме жасалады.
141. Бақылаудағы, оның ішінде құпия сипаттағы тапсырмалардың орындалуына жауапты мемлекеттік органдар Кеңсеге жіберетін олардың орындалуы туралы есептерде белгіленген орындалу мерзіміне сәйкес міндетті түрде мыналар қамтылуы тиіс:
1) егер объективті себептермен тапсырманың белгіленген мерзімде орындалуы мүмкін болмаса, жаңа нақты мерзімін көрсете отырып не орындау мерзімін ұзарту туралы өтініш;
2) егер тапсырма толық көлемде орындалған болса, не бақылаудан алу туралы өтініш;
3) егер тиісті актімен немесе тапсырмамен мерзімді ақпарат ұсыну көзделген болса, не құжаттың ақпарат беру тәртібімен енгізіліп отырғаны туралы жазба.
142. Премьер-Министрдің, оның орынбасарының және Кеңсе Басшысының іс-шаралар жоспарлары мен тапсырмаларының, оның ішінде Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын енгізуді көздейтін хаттамалық тапсырмаларының нақты тармақтарын бақылаудан алу үшін тиісті қаулы немесе өкім қабылдау негіз болып табылады.
143. Кеңсе Басшысы осы Регламенттің талаптарын, оның ішінде бақылаудағы құжаттарды орындау тәртібін өрескел бұзу фактілері бойынша Премьер-Министрге кінәлі лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныстар енгізе алады.
144. Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларын, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкіметтің тапсырмаларын уақтылы орындамау, сапасыз орындау, сондай-ақ орындау мерзімін ауыстыру фактілері Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысында орындаушылық тәртіп жөнінде өткізілетін кеңестерде жауапты хатшыларды (жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын лауазымды тұлғаларды) шақыра отырып қаралады.
145. Мемлекеттік органдардың басшылары Үкіметтің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындауды қамтамасыз етуге міндетті. Кеңсенің бақылауына алынбаған тапсырмаларды орындау жөнінде ақпарат алу қажет болған кезде Кеңсе Басшысы қажетті ақпаратты сұратуға құқылы.
146. Кеңсе Басшысы Кеңсенің тиісті бөлімшелеріне мемлекеттік органдарда Мемлекет Басшысының, Президент Әкімшілігі басшылығының Үкіметтің атына берген тапсырмаларының, сондай-ақ Премьер-Министр мен Үкімет тапсырмаларының орындалуы мәніне тексеруді жүзеге асыруға
тапсырма беруге құқылы.
147. Кеңсе Басшысы оның орынбасарлары осы Регламенттің талаптарын қатаң сақтауды қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
1-қосымша
_______________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/ с № | Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі | Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
1. | Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган | |
2. | Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздеме- сі | |
3. | Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар | |
4. | Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар | |
5. | Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі | |
6. | Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер | |
7. | Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажетті- гі | |
8. | Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері | |
9. | Өзге де мәліметтер | |
Мемлекеттік органның
бірінші басшысы _____________/______________________
қолы қолдың толық жазылуы
__________________
күні
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасы
бойынша Үкімет мүшелерінің дауыс беру нәтижелерін
ЕСЕПКЕ АЛУ ПАРАҒЫ
1.__________________________________________________
жобаның атауы
2. Дауыс беру нәтижелері:
Р/ с № | Үкімет мүшесінің лауазымы | Дауыс берді:* | Дауыс берген жоқ |
жақта- ғандар | қарсы болғандар |
1. | | | | |
2. | | | | |
3. | | | | |
4. | | | | |
5. | | | | |
6. | | | | |
7. | | | | |
8. | | | | |
9. | | | | |
10. | | | | |
11. | | | | |
12. | | | | |
13. | | | | |
14. | | | | |
15. | | | | |
16. | | | | |
17. | | | | |
| | | | |
| | | | |
| Дауыс берген Үкімет мүше- лерінің барлығы | | | |
* Тиісті сандар қойылатын «Дауыс берген Үкімет мүшелерінің барлығы» деген жолды қоспағанда, 2-тармақтың «Дауыс берді» және «Дауыс берген жоқ» деген бағандарында тиісінше «+» немесе «-» белгілері қойылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
__________________________
Аты-жөнi
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіндегi
сараптама нәтижелері бойынша
___________________________________________________________
жобаның атауы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі (бұдан әрi
- Кеңсе) ___________________________________________________________
резидент немесе Үкімет кесімінің атауы,
____________________________________________________________________
тармағының нөмірі, оның қабылданған күні не тапсырманы кім
________________________________________ сәйкес немесе бастамашылық бергені, оның нөмірі мен күні көрсетіледi
жасау тәртібімен ___________________________________________________
жобаны әзірлеуші мемлекеттік органның атауы
енгізген ___________________________________________________________
жобаның атауы
қаулының жобасын қарап, мынаны хабарлайды.
Осы қаулы жобасын (бұдан әрі - жоба) қабылдау қажеттігi
_____________________________ негізделген.
негіздемесі көрсетіледi
Жобаны дайындау кезінде Үкімет Регламентінің талаптары сақталған (сақталмаған) (егер қандай да бір бұзушылықтар бар болса, онда олар Регламенттің нақты тармақтарына сілтеме көрсетіле отырып жазылады).
Жобаны қабылдау үшін_____, қарсы _____Үкімет мүшесі дауыс берді, ____ Үкімет мүшесі дауыс берген жоқ.
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық
және/немесе құқықтық салдар________________________________________.
ықтимал салдарлар көрсетіледi
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар республикалық бюджетте көзделген (көзделмеген) _______ теңге бюджет
қаражатын талап етеді және/немесе республикалық бюджеттен және/немесе басқа қаржыландыру көздерінен қосымша қаржы бөлудi талап етеді (талап етпейді).
Жобаны Кеңсенің құрылымдық бөлімшелерінде сараптау нәтижелерi бойынша мазмұндық және құқықтық сипаттағы, оның ішінде заңдық техника бойынша ескертулер (ескертулер егжей-тегжейлі жазылады) болды (болған жоқ), оларды (мұндай факт болған кезде) әзірлеушi жобаны пысықтау кезінде жойды (жойған жоқ).
Бұдан басқа,__________________________________________________
қажет болған кезде басқа қосымша мәліметтер
келтіріледi
Жобаны қабылдау_______________________________________________
____________________________________________________________________
жобаны қабылдаудан күтілетін нәтижелер және болжанатын тиімділігі
______________ мүмкіндік береді.
көрсетіледi
Баяндалғанға байланысты жобаны қабылдауға (кері қайтаруға не оны пысықтауға немесе қосымша келісуге жіберуге) болады деп пайымдаймыз.
Премьер-Министр
Кеңсесінің Басшысы _________/________________________
қолы қолдың толық жазылуы
_____________
күні
Қазақстан Республикасы
Үкiметінiң
2002 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1300 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң күшi жойылған
кейбір шешiмдерінiң
ТІЗБЕСІ
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 6, 40-құжат).
2. «Қару-жарақтың, әскери өнiмнiң және екi ұдай мақсаттағы өнiмнiң экспорты-импорты жөніндегі жекелеген мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 19 наурыздағы № 278 қаулысының 7-тармағы.
3. «Экспорттық бақылауға жататын өнiмдер транзитiнiң кейбір мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 11 тамыздағы № 1143 қаулысы 2-тармағының 1) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 21 қыркүйектегi № 1426 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 47, 435-құжат).
5. «Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылау жүйесiн жетiлдiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 14 желтоқсандағы № 1917 қаулысының 5-тармағы.
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 22 қаңтардағы № 116 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 3, 42-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 наурыздағы № 386 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 15, 149-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерiс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 20 сәуірдегі № 611 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 20, 224-құжат).
9. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi № 1068 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 29, 361-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 25 маусымдағы № 856 қаулысы
11. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 ақпандағы № 156 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 12 наурыздағы № 298 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 9, 74-құжат).