Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысы
(2011.22.02. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
2. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
20 желтоқсандағы
№ 1946 қаулысына
1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 411 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 357; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара); 2006.25.08. № 815 (бұр.ред.қара); 2007.29.01. № 63 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. ЖҒТК-ні төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы екі орынбасары болады.
ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, ұлттық компаниялар, ірі бизнес және үкіметтік емес сектор өкілдерінен қалыптастырылады.
ЖҒТК-нің жанынан дүниежүзіне танымал отандық және шетелдік ғалымдардан тұратын Халықаралық сараптамалық кеңес құрылады. Халықаралық сараптамалық кеңестің ережесі мен құрамын төраға айқындайды.
Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамалар ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Негізгі міндеттері
ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. № 1333 ; 2006.25.08. № 815 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
бірыңғай мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау;
іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, білім беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттік ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады;
Халықаралық сараптамалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, елдің ғылыми-техникалық даму басымдықтарын мақұлдау;
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып, ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдау;
Республикалық бюджет комиссиясына ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
әрбір үш жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есеп дайындау.
ЖҒТК үш жылда бір рет:
ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және елдің нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған әлеуетті мүмкіндіктері туралы Халықаралық сараптамалық кеңесті;
орындалған ғылыми-технологиялық бағдарламалардың нәтижелері туралы Білім және ғылым министрлігін және басқа да салалық министрліктерді;
ғылыми қоғамдастықтың және үкіметтік емес сектордың өкілі ретінде Ғылым туралы ұлттық баяндамасымен Ұлттық ғылым академиясын тыңдайды.
ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 411 Қаулысымен 4-1-тармақпен толықтырылды
4-1. ЖҒТК-нің Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есебі мынадай бөлімдерден тұруға тиіс:
1. Кіріспе.
2. Негізгі бөлік:
1) елдің Ғылыми-техникалық дамуының басым бағыттары;
2) іргелі зерттеулердің негізгі нәтижелері;
3) қолданбалы ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберіндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың негізгі нәтижелері.
3. Ұсынымдар.
ЖҒТК-нің есебі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне әрбір үш жыл сайын есепті кезеңнен кейінгі 15 наурызға дейін енгізіледі.
5. ЖҒТК-ның:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 815 қаулысымен 7-тамақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. ЖҒТК-нің қызметін, оның ішінде ЖҒТК-нің жұмысына тартылатын шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылардың қызметтерін қаржыландыру және оларды іссапарға жіберу осы мақсаттарға бөлінетін республикалық бюджет қаражатынан жүргізіледі.
8. ЖҒТК-мүшесінің:
өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар.
9. ҚР Үкіметінің 2010.13.05. № 411 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. № 1333; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара); 2007.29.01. № 63 (бұр. ред. қара); 2010.13.05. № 411 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. ЖҒТК-ның мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.
ЖҒТК-нің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және, егер оған комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын.
ҚР Үкіметінің 03.07.00 ж. № 1010 ; 19.03.01 ж. № 357 ; 03.04.02 ж. № 397; 01.07.02 ж. № 712; 20.12.02 ж. № 1333;26.05.03 ж. № 489 (бұр. ред. қара);27.08.03 ж. № 876 қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара); 11.11.04 ж. № 1186; 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 815 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.29.01. № 63 (бұр. ред. қара); 2007.28.12. № 1340 (бұр.ред.қара); 2008.29.08. № 795 (бұр.ред.қара); 2009.25.07. № 1139 (бұр.ред.қара); 2010.13.05. № 411 (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 168 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1946 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы | - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға |
Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы | - Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрі |
Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Жантаев Жұмабек Шабденамұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша); |
Жұрынов Мұрат Жұрынұлы | - «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің Президентi |
Қадыржанов Қайрат Камалұлы | - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігi «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Раманқұлов Ерлан Мірхайдарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
Сүлейменов Ербол Зинаддинұлы | - «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
Әдекенов Серғазы Мыңжасарұлы | - «Парасат» ұлттық, ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы «Фитохимия» халықаралық ғылыми-өндірістік холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Қасқабасов Сейіт Асқарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетi М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры |
Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы | - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) |
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары; |
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының төрағасы (келісім бойынша) |
Исекешев Әсет Өрентайұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі, төрағаның орынбасары |
Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Әбдірайымов Бақытжан Жарылқасымұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры |
Қайырбекова Салидат Зекенқызы | - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, |
Шаяхметов Саят Болатұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасыныңорынбасары, хатшы; |
Келімбетов Қайрат Нематұлы | - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша); |
Кененбаев Серік Барменбекұлы | - «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша), |
Айтжанова Жанар Сейдахметқызы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрі, |
Жәмішев Болат Бидахметұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, |
Есекеев Қуанышбек Бақытбекұл | - «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша); |