Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 ж. 1 шілдедегі № 712 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Дәукеев - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Серiкбек Жүсiпбекұлы ғылым академиясының президентi;
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi;
Рақымжанов - Қазақстан Республикасының
Әмiрхан Мұратбекұлы Премьер-Министрi Кеңсесiнiң
Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмi
меңгерушiсiнiң орынбасары;
мына:
«Жұмағұлов - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Бақытжан Тұрсынұлы және ғылым бiрiншi вице-министрi»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы
Бақытжан Тұрсынұлы Президентінің Әкiмшiлiгi Iшкi
саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi»;
көрсетілген құрамнан Нағима Әбенқызы Айтқожина, Ахметжан Смағұлұлы Есімов, Болат Бидахметұлы Жәмішев, Ерік Мазанұлы Мусин шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | | И. Тасмағамбетов |