Казақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1340 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
| Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы |
| Бозымбаев Қанат Алдабергенұлы | - «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша); |
мына:
| «Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы |
| Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы |
| Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасары |
| Жантаев Жұмабек Шабденамұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
| Сүлейменов Ербол Зинаддинұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
| Дробжев Виктор Иванович | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ионосфера институтының директоры |
| Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
| Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - «Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы» қоғамдық бірлестігінің президенті |
| Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Қазақстан кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы» |
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
| «Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша) |
| Сағадиев Кенжеғали Әбенұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
| Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
| Жантаев Жұмабек Шабденамұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры |
| Сүлейменов Ербол Зинаддинұлы | - «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
| Дробжев Виктор Иванович | - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Астрофизикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Ионосфера институтының директоры |
| Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы | - «Жер туралы ғылымдар, металлургия және кен байыту орталығы» акционерлік қоғамының президенті (келісім бойынша) |
| Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
| Перуашев Азат Тұрлыбекұлы | - «Атамекен» Одағы» ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)» |
көрсетілген құрамнан Әбдімомынов Азамат Құрманбекұлы, Рамазанов Тілекқабыл Сәбитұлы, Мыңбаев Сауат Мұхаметбайұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |