Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 2 тамыздағы № 820 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақтағы «Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары» деген сөздер «Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізiлсiн:
Әйтiмова - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бiрғаным Сарықызы Министрінің орынбасары, төраға
Доминов - «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік
Евгений Евгеньевич қоғамы басқармасының төрағасы
(келісім бойынша)
Досаев - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Ерболат Асқарбекұлы сақтау министрi
Қыпшақбаев - «Инжиниринг және технологиялар
Әбділ Исаұлы трансфертi орталығы» акционерлік
қоғамының президентi (келісім
бойынша)
Мамыраев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Бейбiт Баймағамбетұлы Әкiмшiлігі Iшкi саясат басқармасының
Әлеуметтiк-саясат бөлiмi
әлеуметтiк-мәдени сала секторының
меңгерушiсi (келісім бойынша)
Өтеулина - Қазақстан Республикасы Премьер-
Хафиза Мұхтарқызы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Шығаев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Мұрат Насырұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-мәдени
даму бөлiмiнiң бас сарапшысы, хатшы;
көрсетiлген құрамнан: Марченко Григорий Александрович, Досқалиев Жақсылық Ақмырзаұлы, Ергешев Розмат Байташұлы, Дунаев Арман Ғалиасқарұлы, Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |