Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық
комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысы
(2007.29.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 28 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Ғылым мен техника саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
2. Мыналар бекітілсін:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже (1-қосымша);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы (2-қосымша).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
20 желтоқсандағы
№ 1946 қаулысына
1-қосымша
Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын жасауға жауапты консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 357; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара); 2006.25.08. № 815 (бұр.ред.қара); 2007.29.01. № 63 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. ЖҒТК-ні төраға - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым және инновациялар саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы екі орынбасары болады.
ЖҒТК-ның жеке құрамы мен ол туралы Ережені Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
ЖҒТК Үкімет мүшелерінен, мемлекеттік органдардың басшыларынан, жетекші ғалымдардан, білімнің түрлі салаларының мамандарынан, ұлттық компаниялар, ірі бизнес және үкіметтік емес сектор өкілдерінен қалыптастырылады.
ЖҒТК-нің жанынан дүниежүзіне танымал отандық және шетелдік ғалымдардан тұратын Халықаралық сараптамалық кеңес құрылады. Халықаралық сараптамалық кеңестің ережесі мен құрамын төраға айқындайды.
Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамалар ресімдейді.
ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) қаулысымен 3-тармақ өзгертілді
3. ЖҒТК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Негізгі міндеттері
ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. № 1333 ; 2006.25.08. № 815 қаулыларымен 4-тармақ өзгертілді
4. ЖҒТК-ның негізгі міндеттері:
бірыңғай мемлекеттік ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық саясатты қалыптастыру, жетілдіру үшін талдау ақпараттарын жинақтау және ұсынымдар дайындау;
іргелі және қолданбалы ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен стратегияларын әзірлеу;
елді әлеуметтік-экономикалық дамыту мүддесінде ғылымның жетістіктері мен жаңа технологияларды пайдалану жөнінде ұсынымдар жасау;
мемлекеттік бағдарламалардың, заңдардың, тұжырымдамалардың жобасы жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
ғылыми-техникалық ұйымдардың желісін ұтқырландыру, маңызды өнеркәсіп объектілерін, оның ішінде шетелдің қатысуымен құру және қайта жаңарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жүйесін жетілдіру, ғылыми-техникалық саланы инвестициялау, ғылыми қызметкерлерді әлеуметтік қорғауды және интеллектуалдық меншікті құқықтық қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Қазақстанның қорғаныс кешенін конверсиялау және оның ғылыми және материалдық-техникалық әлеуетін республиканың экономикасында тиімді пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
мемлекетаралық және халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың неғұрлым перспективалық және тиімді бағыттарын талдау және айқындау;
жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды және аттестациялауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; инновациялық қызметтi мемлекеттік қолдаудың нысандары мен әдiстерi, мемлекеттік инновациялық саясатты iске асыру кезiнде ғылым, білім беру, өндiрiс және қаржы-кредит салаларының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу;
ғылыми-техникалық саланы инвестициялау жүйесiн жетiлдiру, инновациялық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшiн мемлекеттік ресурстарды тиiмдi пайдалану және сыртқы инвестицияларды тарту жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады;
Халықаралық сараптамалық кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, елдің ғылыми-техникалық даму басымдықтарын мақұлдау;
мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманың ұсынымдарын ескере отырып, ғылыми-техникалық бағдарламаларды мақұлдау;
Республикалық бюджет комиссиясына ғылыми-технологиялық бағдарламаларды қаржыландыру көлемі жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
әрбір үш жыл сайын Қазақстан Республикасының Президентіне елдің ғылыми-технологиялық даму қорытындылары бойынша есеп дайындау.
ЖҒТК үш жылда бір рет:
ғылыми-техникалық дамудағы әлемдік трендтер және елдің нақты бағыттар бойынша озық ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған әлеуетті мүмкіндіктері туралы Халықаралық сараптамалық кеңесті;
орындалған ғылыми-технологиялық бағдарламалардың нәтижелері туралы Білім және ғылым министрлігін және басқа да салалық министрліктерді;
ғылыми қоғамдастықтың және үкіметтік емес сектордың өкілі ретінде Ғылым туралы ұлттық баяндамасымен Ұлттық ғылым академиясын тыңдайды.
5. ЖҒТК-ның:
Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік ғылыми және ғылыми-техникалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырудың мәселелері жөнінде; мемлекеттік инновациялық және өндірістік саясатты қалыптастыру проблемалары және өз құзыретіне жататын өзге де мәселелер жөнінде ұсыныс енгізуге;
Қазақстан Республикасының Үкіметіне есеп беретін мемлекеттік органдардан қажетті материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға;
ұлттық ғылыми және ғылыми-техникалық саясаттың мәселелері жөніндегі ұсыныстарды зерделеу және жасау үшін жұмыс топтарын құруға құқығы бар.
ЖҒТК-ның төрағасы ЖҒТК қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, оның жұмысын жоспарлайды және қабылданатын шешімдердің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған іс-шараларды айқындайды.
6. ЖҒТК-ның шешімі хаттамамен ресімделеді.
ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 815 қаулысымен 7-тамақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. ЖҒТК-нің қызметін, оның ішінде ЖҒТК-нің жұмысына тартылатын шетелдік және отандық ғалымдар мен сарапшылардың қызметтерін қаржыландыру және оларды іссапарға жіберу осы мақсаттарға бөлінетін республикалық бюджет қаражатынан жүргізіледі.
8. ЖҒТК-мүшесінің:
өзінің бастамашылығы бойынша ЖҒТК-ның қарауына ұсынымдар, ұсыныстар және тиісті шешімдердің жобаларын енгізуге;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен ЖҒТК қызметінің мәселелері бойынша іссапарларға баруға;
ЖҒТК мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданған шешімдер бойынша ЖҒТК мәжілісінің хаттамасында көрсетілуі тиіс өзінің ерекше пікірін енгізуге құқығы бар.
9. ЖҒТК мүшелері:
ЖҒТК-ның қарауына ұсынылатын мәселелерді дайындауға және талқылауға белсенді қатысуға;
ЖҒТК төрағасы мен оның орынбасарларының тапсырмаларын орындауға;
олар ЖҒТК-ға ұсынған ұсынымдар, қорытындылардың сапасы үшін жауапты болуға міндетті.
ҚР Үкіметінің 20.12.02 ж. № 1333; 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара); 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара); 2007.29.01. № 63 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді
10. ЖҒТК-ның мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жарты жылда бір рет өткізіледі.
ЖҒТК мәжілісінің, егер оған ЖҒТК-ның бекітілген тізімдік құрамының кемінде 2/3 қатысса құқықтық күші болады. Шешім мәжіліске қатысып отырған ЖҒТК мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен ашық (жекелеген жағдайларда төрағаның шешімі бойынша жасырын) дауыспен қабылданады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның жұмыс органы болып анықталсын.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1946 қаулысына
2-қосымша
ҚР Үкіметінің 03.07.00 ж. № 1010 ; 19.03.01 ж. № 357 ; 03.04.02 ж. № 397; 01.07.02 ж. № 712; 20.12.02 ж. № 1333;26.05.03 ж. № 489 (бұр. ред. қара);27.08.03 ж. № 876 қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 20.02.04 ж. № 207 (бұр. ред. қара) қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 02.08.04 ж. № 820 (бұр. ред. қара); 11.11.04 ж. № 1186; 2005.15.04. № 362 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-қосымша өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 815 қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2007.29.01. № 63 қаулысымен 2-қосымша өзгертілді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы
Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы
Мәсімов - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрі, төраға
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім және
Жансейіт Қансейітұлы ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Оразбақов - Қазақстан Республикасының Индустрия
Ғалым Ізбасарұлы және сауда министрі, төрағаның
орынбасары
Школьник - Қазақстан Республикасы Президентінің
Владимир Сергеевич Әкімшілігі Басшысының орынбасары
Могильный - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Валерий Валентинович министрлігі Ғылым комитеті төрағасының
орынбасары, хатшы
Eciмoв - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ахметжан Смағұлұлы шаруашылығы министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Марат Әпсеметұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi
Жұмағалиев - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының
Асқар Қуанышұлы президенті
Әбдімомынов - Қазақстан Республикасының Білім және
Азамат Құрманбекұлы ғылым вице-министрi
Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Парламентi
Қуаныш Сұлтанұлы Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени
даму комитетінің төрағасы
Сағадиев - Қазақстан Республикасының Парламентi
Кенжеғали Әбенұлы Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет
комитетінің төрағасы
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы
Фархад Шаймұратұлы Премьер-Министрінің Кеңсесi
Басшысының орынбасары
Әбдіманапов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Сәрсенғали Әбдіғалиұлы министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің ректоры
Қожамқұлов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Төлеген Әбдісағиұлы министрлігі әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университетінің ректоры
Жантаев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Жұмабек Шабденамұлы министрлігінің Ғылым комитетi
"Астрофизикалық зерттеулер орталығы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
бас директоры
Жұрынов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы ғылым академиясы" қоғамдық бірлестігінің
Президентi
Қадыржанов - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Қайрат Камалұлы минералдық ресурстар министрлігi
"Қазақстан Республикасының Ұлттық
ядролық орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Раманқұлов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ерлан Мірхайдарұлы министрлігінің Ғылым комитеті "Қазақстан
Республикасының Ұлттық биотехнология
орталығы" республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының бас директоры
Сүлейменов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Ербол Зинаддинұлы министрлігінің Ғылым комитеті "Қазақстан
Республикасының Ұлттық ғылыми-
техникалық ақпарат орталығы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорнының
бас директоры
Әдекенов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Серғазы Мыңжасарұлы министрлігінің Ғылым комитетi
"Фитохимия" ғылыми-өндірістік орталығы"
акционерлік қоғамының президентi
Дробжев - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Виктор Иванович министрлігі Ғылым комитетінің
"Астрофизикалық зерттеулер орталығы"
республикалық мемлекеттік кәсіпорны
Ионосфера институтының директоры
Қасқабасов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Сейіт Асқарұлы министрлігінің Ғылым комитетi
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының директоры
Жәкішев - "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом
Мұхтар Еркінұлы компаниясы" акционерлік қоғамының
Президентi
Қарабалин - "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы"
Ұзақбай Сүлейменұлы акционерлік қоғамының президентi
Дерновой - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Анатолий Григорьевич сақтау министрi
Рамазанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Тілекқабыл Сәбитұлы министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Нұралы Сұлтанұлы министрлігінің Ғылым комитеті "Жер
туралы ғылымдар, металлургия және кен
байыту орталығы" республикалық
мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры
Жұмағұлов - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бақытжан Тұрсынұлы инженерлік академиясы" қоғамдық
бірлестігінің президентi
Мыңбаев - "Самұрық" мемлекеттік активтерді
Сауат Мұхаметбайұлы басқару жөніндегі қазақстандық
холдингі" акционерлік қоғамының
басқарма төрағасы
Келімбетов - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік
Қайрат Нематұлы қоғамының басқарма төрағасы
Нүсіпова - "Ғылым қоры" акционерлік қоғамының
Әсел Бекқызы басқарма төрайымы
Перуашев - "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері мен
Азат Тұрлыбекұлы жұмыс берушілерінің жалпыұлттық одағы"
заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма
төрағасы;