Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 ж. 20 ақпандағы № 207 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулымен бекітілген Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
2-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірiншi орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттік ғылыми-техникалық саясаты туралы» деген сөздер «Ғылым туралы» деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақтың бірiншi абзацындағы «қажеттiлiгiне қарай, бірақ кемiнде жарты жылда бір рет өткiзiледi» деген сөздер «кемiнде екi айда бір рет өткізедi» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) көрсетiлген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 20 ақпандағы
№ 207 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1946 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі
жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның
Құрамы
Марченко - Қазақстан Республикасы Премьер-
Григорий Александрович Министрінің бірiншi орынбасары,
төраға
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім
Жақсыбек Әбдiрахметұлы және ғылым министрi, төрағаның
орынбасары
Ергешев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Розмат Байташұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-
мәдени даму бөлiмiнiң сектор
меңгерушiсi, хатшы
Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Білім
Нұралы Сұлтанұлы және ғылым вице-министрi
Досқалиев - Қазақстан Республикасының
Жақсылық Ақмырзаұлы Денсаулық сақтау министрi
Дробжев - Қазақстан Республикасының Білім
Виктор Иванович және ғылым министрлігі Ионосфера
институтының директоры
Дунаев - «Ұлттық инновациялық қор»
Арман Ғалиасқарұлы акционерлік қоғамы басқармасының
төрағасы (келісім бойынша)
Жақсыбеков - Қазақстан Республикасының
Әдiлбек Рыскелдiұлы Индустрия және сауда министрі
Жұмағұлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақытжан Тұрсынұлы Министрінің Кеңсесi Әлеуметтiк-
мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi
Жұрынов - «Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы ғылым академиясы» қоғамдық
бірлестiгiнiң президентi (келісім
бойынша)
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрі
Күрiшбаев - Қазақстан Республикасының Ауыл
Ақылбек Қажығұлұлы шаруашылығы вице-министрi
Қадыржанов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Кемелұлы Энергетика және минералдық ресурстар
министрлігі Қазақстан
Республикасының Ұлттық ядролық
орталығы Ядролық физика институтының
директоры
Қожамқұлов - Қазақстан Республикасының Білім
Төлеген Әбдiсағиұлы және ғылым министрлігі Әл-Фараби
атындағы қазақ ұлттық университетiнiң
ректоры
Орынбаев - «Маркетингтiк-талдамалық зерттеулер
Ербол Тұрмаханұлы орталығы» акционерлік қоғамы
басқармасының төрағасы (келісім
бойынша)
Өмiрбаев Уалбай - Қазақстан Республикасының Білім
және ғылым министрлiгі Л.Н.Гумилев
атындағы Еуразия ұлттық
университетiнiң кафедра меңгерушiсi
Школьник - Қазақстан Республикасының
Владимир Сергеевич Энергетика және минералдық ресурстар
министрi