Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 тамыздағы № 876 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы № 1946 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 57, 551-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Павлов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Александр Сергеевич Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Құлекеев - Қазақстан Республикасының Білім және
Жақсыбек Әбдірахметұлы ғылым министрі, төрағаның орынбасары
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия
Әсет Өрентайұлы және сауда вице-министрі
Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы
Азамат Рысқұлұлы вице-министрі
Асанов - Қазақстан Республикасының Әділет
Жақып Қажманұлы вице-министрі
көрсетілген құрамнан мыналар шығарылсын: Мұхамеджанов Бауыржан Әлімұлы, Беркімбаева Шәмша Көпбайқызы, Құсайынов Әбілғазы Қалиақпарұлы, Тоқсейітов Рақымберген Құрманғалиұлы, Шамсутдинов Ринат Шарафутдинович.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д.К. Ахметов |