Кеден төлемдерi мен салығын төлеудi төлеушi не төлеушiнiң тапсыруы бойынша үшiншi бiр тұлға жүзеге асыруы мүмкiн.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 137-бап өзгертілді
137-бап. Кеден баждары мен салықтарын төлеудi
кейiнге қалдыру және бөлiп төлеу
Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен кеден органдары өндірістік ұқсатуға арналған импортталатын шикiзаттар мен материалдарға кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеу мерзiмiне рұқсат бередi.
Кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеу мерзiмi кеден декларациясы қабылданған күннен бастап үш айдан аспауға тиiс.
Кеден органы кеден бажын төлеудi кейiнге қалдыру немесе бөліп төлеу мерзімін берген кезде кеден бажын төлеу күні қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша проценттер алынады.
Төлемдi қамтамасыз ету осы Заңның 138-бабында көзделген тәртiппен жүргiзiледi.
Салық төлеудi кейiнге қалдыру мерзімi Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес берiледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 138-бап өзгертілді
138-бап. Кеден бажы мен салықтарын төлеудi
қамтамасыз ету
Кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз ету тауарлар мен көлiк құралдарын кепілге берумен және уәкілеттi банктiң кепiлдiгiмен немесе тиесiлi соманы Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгізумен жүзеге асырылуы мүмкiн.
Егер Қазақстан Республикасының кеден органы өзгеше шешiм қабылдамаса, кепiл кезiнде кепiлге берiлген тауарлар мен көлiк құралдары кепiл берушiде қалдырылады.
Кепiл берушiнiң Қазақстан Республикасы кеден органының келісімiнсiз кепiл затына иелiк етуге құқығы жоқ.
Кепiлдi ресiмдеу және кепiлге берiлген затты өндiрiп алу Қазақстан Республикасының кепiл туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
Уәкiлеттi банк кепiлдiктерiн қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайды.
Кепiлдiк шарттарын сақтамаған жағдайда, кеден органы осындай банктердiң кеден бажы мен салықтарды төлеудi қамтамасыз ету ретіндегі кепiлдiктерiн қабылдамауға құқылы.
Егер тауарлар еркiн айналысқа шығарылған не экспорттың кеден режимiне сәйкес әкетiлген болса, онда төленуге тиiстi кеден бажы мен салықтарының сомасы депозитке салынады.
Сомалардың депозитте сақталған уақыты үшiн проценттер есептелiнбейдi.
Тиесiлi сомаларды депозитке салу және оларды қайтару тәртібін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган айқындайды.
139-бап. Кеден төлемдерi мен салықтары төленетiн
валюта
Кеден төлемдерi мен салықтары Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен, сондай-ақ мұндай төлем шетел валютасымен ғана төленетiн жағдайда қоспағанда, бағамын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлейтiн шетел валюталарымен төленедi.
Шетел валютасын Қазақстан Республикасының валютасымен есептеу кеден органының кеден декларациясын қабылданған күнге қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң бағамы бойынша жүргiзiледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 140-бап жаңа редакцияда ҚР 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен 302-бап өзгертілді
140-бап. Кеден төлемдерiн өндiрiп алу және жауапкершiлiк
шаралары
Кеден төлемдерiн төлеу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты пайда болған берешектi Қазақстан Республикасының кеден органдары төлеушiлер шоттарынан даусыз тәртiппен алады.
Берешек кезiнде берешек сомасын төлеу күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландырудың 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiнде өсiм алынады.
Қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсiмдi төлеушi осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен төлеушi хабардар етiлген күннен бастап бес банк күнi iшiнде төлейдi не оған шағым беруi мүмкiн. Егер осы шешiмге төлеушi аталған тәртiппен шағым бермеген жағдайда қосымша есептелген кеден төлемдерiн, айыппұлдарын және өсімді кеден органдары төлеушілер шоттарынан даусыз тәртіппен өндіріп алады.
Кеден төлемдерi, олар бойынша есептелген айыппұлдар, сондай-ақ айыппұл санкциялары жөніндегі берешектi жабу Қазақстан Республикасының салық заңдарында салықтар бойынша берешекті өтеу үшiн белгiленген кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады.
Төлеушiнiң ақшасы болмаған жағдайда, өндiрiп алу төлеушiнiң келісімiмен, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес төлеушiнiң мүлкiне аударылады. Мүлiктi өндiрiп алу туралы шешiмге осы Заңның 388-395-баптарында белгiленген тәртiппен осындай шешiм туралы хабарланған күннен бастап бес банктiк күн iшiнде төлеушiнiң шағым жасамауы осы бөлiк бойынша келiскендiк деп саналады.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерiн төлеуден жалтару жағдайында банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын өзге де ұйымдар үшiн мiндеттi, iс жүзіндегі төлеу сәтiне дейiн төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылданады. Өндiрiп алу туралы шешiмдердi орындамағаны үшiн осы Заңның 296-бабына сәйкес жауапкершiлiк көзделген.
Кеден төлемдерi Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген тәртiппен кеден төлемдерi мен өсiмi бойынша берешектiң төленуiн қамтамасыз ету үшiн төлеушiнiң шоттарында қаражаты болмаған жағдайда төлеушінiң мүлкiне иелiк етуін шектеу туралы шешiм шығарылады.
Төленбеген кеден төлемдерi мен өсiмдерiн төлеушiнiң шоттарынан өндiрiп алу, төлеушiнiң шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы шешiм қабылдау, сондай-ақ мүлiктi иеленудi шектеу туралы шешiм шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртiппен жүзеге асырылады.
Кеден төлемдерi мен салығын төлеуден жалтарған тұлғаларға кеден төлемдерiн төлеудi кейiнге қалдыру және бөлiп төлеу мерзiмi берiлмейдi.
21-тарау. Тауардың шыққан елін айқындау
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 141-бап өзгертілді
141-бап. Тауардың шыққан елiн айқындау
Тауардың шыққан елi Қазақстан Республикасының кеден аумағына тауарды әкелу мен осы аумақтан тауарды әкетудi тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын жүзеге асыру мақсатымен айқындалады. Тауардың шыққан елiн анықтау тәртібін осы Заңның ережелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының орталық кеден органдары белгiлейдi.
Тауар толық өндiрiлген немесе осы Заңмен белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi дәрежеде өңделген ел тауардың шыққан елi болып саналады.
Бұл орайда, егер тауардың шыққан елiн айқындау мақсаты үшiн бұларды бөлiп көрсету қажет болса, оның шыққан елi ретiнде елдер тобы, елдiң кедендiк одақтары, елдiң аймағы немесе бiр бөлiгi ұғынылады.
Осы елде толық өндiрiлген тауарлар ретiнде:
1) оның аумағында немесе аумақтық суларында, немесе оның құрлықтық шельфiнде және егер елдiң теңiз қойнауларын игеруге ерекше құқығы болса, теңiз қойнауларында өндiрiлген пайдалы қазбалар;
2) оның аумағында өндiрiлген немесе жиналған өсiмдiк өнiмi;
3) онда туған және өсiрiлген жануарлар;
4) осы елде өсiрiлген жануарлардан алынған өнiм;
5) осы елде өндiрiлген аңшылық, балықшылық және теңiз кәсiпшiлiгi өнiмдерi;
6) осы елдiң кемелерi немесе ол жалға алған (кiреге алған) кемелермен әлемдiк мұхиттардан ауланған немесе өндiрiлген теңiз кәсiпшiлiгi өнiмi;
7) осы елде жүзеге асырылған өндiрiстiк және басқа операциялардың нәтижесi болып табылатын қайталама шикiзаттар мен қалдықтар;
7-1) осы елде жүзеге асырылатын өндiрiстiк және өзге де операциялардың нәтижесi болып табылатын және оның аумағында жиналған, кейіннен қайталама шикізат ретінде ғана пайдаланылуы мүмкін қалдық заттар;
8) осы елдiң не ол жалдап алған ғарыш кемелерiнде ғарышта алынған өнiм;
9) осы елде осы баптың 1 - 8-тармақшаларында көрсетiлген өнiмдерден ғана өндiрiлген тауарлар есептеледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 142-бап өзгертілді
142-бап. Тауарлардың жеткiлiктi ұқсату өлшемдерi
Егер тауарды өндiруге екi және одан да көп ел қатысатын болса, тауардың шыққан жерi жеткiлiктi ұқсату өлшемдерiне сәйкес анықталады.
Сол елде тауарды жеткiлiктi ұқсату өлшемдерi мыналар болып табылады:
1) тауарды ұқсату нәтижесiнде пайда болған Тауар номенклатурасы бойынша алғашқы төрт белгiнiң кез келген деңгейіндегі тауар айқындамасының (тауарды сыныптау кодының) өзгеруi;
2) тауарды осы операциялар жасалып тұратын елде шығарылды деп есептеу үшiн жеткiлiктi немесе жеткiлiксiз өндiрiстiк немесе технологиялық операцияларды орындау, бұл орайда мына төмендегi операциялар жеткiлiктi ұқсату өлшемдерiне сәйкес келмейдi деп есептеледi: сақтау немесе тасымалдау кезiнде тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету операциялары;
тауарларды сатуға және тасымалдауға дайындау операциялары (тауар топтамаларын бөлу, жөнелтілімдердi қалыптастыру, сұрыптау және қайта орап-қаттау);
қарапайым құрастыру операциялары;
алынған өнiмге бастапқы құраушылардан елеулi айырмасы бар сипаттамалар бермей-ақ тауарларды (оның құрамдарын) араластыру;
3) адвалорлық үлес ережесi - тауар құнының өзгеруi, бұл кезде қүннiң проценттiк үлесi берілiп тұратын тауарлар бағасының тiркелген үлесiне жетедi.
Осы баптың 2) және 3) тармақшаларында көрсетiлген тауарларды жеткiлiктi дәрежеде ұқсату өлшемдерiн нақты тауарларға қатысты Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Нақты тауарларға немесе тауардың шыққан елiне қатысты айрықша ескертiлмеген жағдайда, жалпы ереже қолданылады, бұл ережеге сәйкес, егер Тауар номенклатурасы бойынша тауар айқындамасы алғашқы төрт белгiнiң кез келген деңгейiнде өзгерсе, тауар жеткiлiктi ұқсатылған деп есептеледi.
143-бап. Тауарлар топтамалап берiлiп тұратын кезде
олардың шыққан елiн айқындау
Өндiрiс немесе көлiк жағдайларына байланысты тауарларды бiр топтамамен тиеп жiберу мүмкiн болмаған кезде бөлшектелген немесе жиналмаған күйiнде бiрнеше топтамамен берiлiп тұратын тауарлар, сондай-ақ егер қателiк салдарынан тауар топтамасы бiрнеше топтамаға бөлiнген жағдайда, декларанттың қалауы бойынша тауардың шыққан елiн анықтаған кезде бiртұтас тауар ретiнде қаралуға тиiс. Бұл ереженi қолдану шарты мыналар:
Қазақстан Республикасының кеден органына бөлшектелген немесе жиналмаған тауардың бiрнеше топтамаға бөлiну себептерi, Тауар номенклатурасы бойынша тауарлардың шартты белгiлерi, құны мен әр топтамаған енгiзiлген тауарлардың шыққан елi, әр топтаманың ерекшелiгi егжей-тегжейлi көрсетіліп бөлiнгенi туралы алдын ала хабарлау;
тауарды бiрнеше топтамаға бөлудiң қателiгiн құжатпен дәлелдеу;
бiр елден келетiн барлық топтаманы бiр берiп тұрушының жеткізуi;
барлық топтаманы бiр ғана кеден (кеден күзетi) арқылы әкелу;
тауарлардың барлық топтамасын кеден декларациясы қабылданған не бiрiншi топтаманы беру мерзiмдерi өткен күннен бастап алты айдан аспайтын уақытта берiп тұру болып табылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 144-бап жаңа редакцияда
144-бап. Тауардың шыққан жерiн растау
Тауар шыққан елдiң құжатпен расталуы тауардың шыққан жерi туралы сертификат не Қазақстан Республикасының орталық кеден органы анықтайтын тәртiппен берiлетiн өзге де құжаттар болып табылады.
Қазақстан Республикасы кеден аумағынан тауарларды әкеткен кезде тауардың шыққан жерi туралы уәкiлеттi орган беретiн сертификат бұл тиiстi келісім-шарттарда тіркелген немесе Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiнде көзделген жағдайларда тапсырылады.
Тауарды Қазақстан Республикасының кеден аймағына әкелген кезде тауардың шыққан жерi туралы сертификат тек:
1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға қатысты кеден тарифi бойынша артықшылықтар берілген;
2) егер Қазақстан Республикасы кеден органының тауар тауарлардың сол елден әкелiнуi тарифтiк емес реттеу шараларымен реттелетiн елдерден шығарылады деп топшылауға негiзi болған;
3) егер бұл Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық келісімдермен, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны, халықтың денсаулығын қорғау, қазақстандық тұтынушылардың құқықтарын, қоғамдық тәртiптi, мемлекеттік қауiпсiздiктi және Қазақстан Республикасының басқа да өмiрлiк маңызы бар мүдделерiн қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдаЙларда ғана берiледi.
Өзге жағдайларда тауардың шыққан жері туралы сертификат талап етiлмейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 145-бап өзгертілді
145-бап. Тауардың шыққан жерi туралы сертификат
Тауардың шыққан жерi туралы сертификат көрсетiлген тауардың тиiстi елден шыққанын айқын куәландыруға және онда:
1) жөнелтушiнiң тауардың шыққан жерi жайындағы өлшемдерге сәйкес келетiнi туралы жазбаша өтiнiшi;
2) тауар әкетiлетiн елдiң сертификатты берген құзырлы органының сертификатта көрсетiлген мәлiметтер шындыққа сәйкес келетiнi туралы жазбаша куәландыруы болуға тиiс.
Тауардың шыққан жерi туралы сертификат кеден декларациясымен және кедендiк ресiмдеу кезiнде ұсынылатын өзге де құжаттармен бiрге берiледi. Сертификат жоғалған жағдайда оның сертификаттың түпнұсқасын берген орган ресми куәландырған көшiрмесi қабылданады.
Сертификаттың мiнсiздiгiне немесе тауардың шыққан елi туралы мәлiметтердi қоса, ондағы мәлiметтерге күмән келтiрген жағдайда, Қазақстан Республикасының кеден органы сертификаттi берген органдарға немесе тауардың шыққан елi ретiнде көрсетiлген елдiң құзырлы ұйымдарына қосымша немесе нақтылаушы мәлiметтердi хабарлау жөнiнде өтiнiш жасай алады.
Тиiсiнше ресiмделген шыққан жерi туралы сертификат немесе сұралған мәлiметтер табыс етiлмейiнше, тауар сол елден шыққан деп есептелмейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 146-бап өзгертілді
146-бап. Тауардың шыққан жерiне байланысты себептер
бойынша тауарды шығарудан бас тарту негiздерi
Қазақстан Республикасының кеден органы тауар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық келісімдерге немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тауарларын шығаруға болмайтын елден шыққан деп санауға жеткiлiктi негiз болғанда ғана тауарды Қазақстан Республикасының кеден аумағы арқылы шығарудан бас тарта алады. Аталған негiздер декларантқа жазбаша түрде тапсырылады.
Тауардың шыққан жерi туралы тиiстi дәрежеде ресiмделген сертификаты немесе мәліметтерді тапсырмау тауарды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізуден бас тартуға негiз болып табылмайды.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 147-бап өзгертілді
147-бап. Тауардың шыққан елiн анықтауға қатысты
қосымша ережелер
Кедендiк ресiмдеу жүзеге асырылған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрмей тауарлардың шыққан елi туралы тиiстi куәлiк алынған ретте оларға артықшылық режимi қолданылуы (қалпына келтiрiлуi) мүмкiн.
Тауарлардың шыққан елiн айқындаған кезде оларды өндiруге пайдаланылатын қуаттың, машиналар мен жабдықтардың және құрал-саймандардың шыққан жерi ескерiлмейдi.
Мыналар импортталатын тауарлармен бiр елден шыққан деп саналады:
егер олар осындай тауармен бiрге импортталса және сатылса және арналуы және саны бойынша әдеттегi осындай тауарлардың жарақталуына сәйкес келсе, импортталатын тауармен пайдалануға арналған қосалқы бөлшектер, аспаптар мен керек-жарақтар;
егер олар импортталатын тауармен бiр тауарлық позицияда сыныпталса, импортталатын тауар салынған бума материалдар мен контейнерлер.
Қазақстан Республикасының кеден аумағына үшiншi елдерден әкелiнетiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан еркiн экономикалық аймақтар мен еркiн қоймалардан әкелiнетiн тауарлардың шыққан елiн айқындау ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
22-тарау. Тарифтік жеңілдіктер, тарифтік артықшылықтар
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 148-бап жаңа редакцияда
148-бап. Кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер
Тауарларға қатысты кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер осы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібімен берiледi және осы Заңның 149 және 150-баптарында көзделгеннен басқа жағдайларда жеке сипат ала алмайды.
Кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктердi Қазақстан Республикасының басқа нормативтiк құқықтық актілерімен беруге тыйым салынады.
Бұл орайда кеден төлемдерi бойынша жеңiлдiктер ретiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарға қатысты кеден төлемдерiн алудан босату және кеден бажының ставкасын төмендету түріндегі жеңiлдiктер ұғынылады.
ҚР 22.11.96 ж. № 47-1; 09.06.97 ж. № 116-1; 30.06.97 ж. № 139-1; 15.04.98 ж. № 217-1; 16.17.99 ж. № 426-1; 13.11.00 ж. № 98-II; 21.03.02 ж. № 311-II; 08.01.03 ж. № 375-II (бұрынғы ред. қара) Заңдарымен 149-бап өзгертілді
149-бап. Кеден төлемдерiн салудан босату
Кеден бажын салудан мыналар босатылады:
1) жүктердi, теңдеме жүктер мен жолаушыларды үнемi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын азық-түлiк және жол жүру кезiнде, аралық аялдама мекендерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалардың шегiнде сол көлiк құралдарының авариясын (ақауын) жою үшiн шетелдерден алынған басқа да мүлiк;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген нормалардың шегiнде теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдар жалдаған (кiреге алған) кемелердiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз етi үшiн Қазақстан Республикасының кеден аймағынан тысқары жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасына әкелетiн кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық валюта, сондай-ақ бағалы қағаздар;
4) алып тасталды
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден аумағына iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнетiн немесе осы аумақтан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар;
6) техникалық жәрдем көрсетудi қоса, мемлекеттер, үкiметтер, халықаралық ұйымдар тарапынан тегiн көмек ретiнде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе осы аумақтан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар;
6-1) Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын шетел қатысатын заңды тұлғалардың, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің шетелдік қызметкерлерінің жеке пайдалануы үшін Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарлар;
7) инвестициялар жөніндегі уәкілетті орган мен инвестор арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес кеден баждарын салудан босатылатын тауарлар;
8) алып тасталды
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi өзiнiң мұқтаждары үшiн әкелiнетiн тауарлар;
10) кеден төлемдерiн салудан босату көзделген кеден режимдерi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн бажсыз өткізу нормалары шегіндегі тауарлар;
12) алып тасталды
13) алып тасталды
14) Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшiн әкелiнетiн шет мемлекеттердiң лотереялары;
15) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген Құзыреттi орган отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқан, мұнай операцияларын жүргiзудi көздейтiн келісім-шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына (одан әрi сатылмайтын болып) әкелiнетiн тауарлар;
16) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң, оның iшiнде олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын тауарлар;
17) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген, салық заңдарына сәйкес белгіленген гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;
18) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне орай Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар.
Осы баптың 1), 3), 5), 6), 9), 17), 18) тармақшаларында санамаланған тауарлар кедендік ресімделгені үшін кеден алымдарын салудан босатылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 150-бап өзгертілді
150-бап. Тарифтiк артықшылықтар
Қазақстан Республикасы шет мемлекеттермен сауда-саяси қатынастарды жүзеге асырған кезде баж салудан босату, баж ставкаларын кемiту немесе артықшылық негiзде әкелу (әкету) квоталарын квота белгiлеу түрiнде Қазақстан Республикасының Кеден тарифi ставкалары бойынша:
Қазақстан Республикасымен кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құрған немесе осындай одақ (аймақ) құруға әзiрлiк жасап жатқан мемлекеттерден шығатын тауарларға;
Қазақстан Республикасының Үкіметі оқтын-оқтын, бiрақ әрi кеткенде бес жылда бiр рет қайта қарап отыратын, ұлттық артықшылықтар жүйесiмен пайдаланатын дамушы мемлекеттерден шығатын тауарларға;
шекара маңындағы сауда айналасындағы тауарларға артықшылықтар белгiлеуге жол берiледi.
Тарифтiк артықшылықтар тек қана Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша берiледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 151-бап жаңа редакцияда
151-бап. Төленген кеден төлемдерi мен салығын қайтару
Егер төленген кеден төлемдерiнiң сомасы есептелген сомадан асып кетсе, Қазақстан Республикасының кеден органы:
1) төлеуші келіскен жағдайда артық (қалдық) соманы осы төлемдер бойынша мiндеттемелердiң есебiне жатқызады;
2) төлеушiнiң жазбаша өтiнiшi бойынша оған қалдықты өтiнiш берiлген күннен бастап жиырма күн мерзiмде қайтарады.
Артық төленген салықты қайтару Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Осы Заңмен белгiленген кеден режимдерiнiң талаптарына сәйкес кеден бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде төленген кеден бажы мен салығын қайтару төлеушiнiң жазбаша өтiнiшiн және аталған сомалар соларға сәйкес есептелген және кеден органының депозиттiк шотына төленген құжаттардың көшiрмелерiн Қазақстан Республикасының кеден органы алғаннан кейiн келесi банктiк күн аяқталмай жүзеге асырылады.
Кеден төлемдерi мен салығын қайтарған кезде проценттер төленбейдi.
Төленген кеден төлемдерiн, сондай-ақ салығын төлеудi қамтамасыз ету ретiнде енгiзiлген салықты қайтару тәртібін кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң келісімi бойынша Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
Соттың шешiмiмен орынсыз өндiрiп алынған сомаларды төлеушiге қайтару осы сомаларды төлеу күнi қолданылған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыруының 1,5 есе ресми ставкасы мөлшерiнде оларды Қазақстан Республикасының кеден органы өндiрiп алған күннен бастап әрбiр күн үшiн өсiм есептеп, үш күн iшiнде жүргiзiледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 151-1-баппен толықтырылды
151-1-бап. Талап арыздың ескіру мерзiмi
Қазақстан Республикасы кеден органдарының кеден төлемдерiнiң төленбеген сомаларын төлеу не кеден төлемдерiнiң төленбеген сомаларын өндiрiп алу туралы талаптарының, сондай-ақ төлеушiлердiң кеден төлемдерінің артық төленген сомаларын қайтару немесе есепке алу туралы талаптарына талап арыздың ескiру мерзiмi бес жыл болып белгiленедi.
152-бап. Кеден төлемдерi мен салықтарын төлеудi
бақылау
Кеден органдарына өндiрiп алу жүктелген кеден төлемдерi мен салықтарының дұрыс есептелуiн және бюджетке дер кезiнде түсуiн бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асырады.
VI бөлім. Кедендік ресімдеу
23-тарау. Жалпы ережелер
153-бап. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзу тәртібі
Кедендiк ресiмдеу осы Заңмен, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерімен және кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен айқындалған тәртiппен жүргiзiледi.
ҚР 06.12.01 ж. № 260-II Заңымен 154-бап өзгертілді
154-бап. Кедендiк ресiмдеудi жүргiзетiн орын мен
уақыт
Кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасының орталық кеден органы айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлейтiн қызмет орындарында, аймақтарында және жұмыс уақытында жүргiзiледi. Темір жол станциясындағы кеден органдары өз қызметін темір жол станциясымен келісілген жұмыс режимiмен жүзеге асырады.
Мүдделi тұлғаның өтiнiшi бойынша және соның есебiнен кедендiк ресiмдеу Қазақстан Республикасы кеден органының келісімiмен өзге де орындарда және Қазақстан Республикасы кеден органының жұмысынан тыс уақытта жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тауарлар мен көлiк құралдарының жекелеген санаттарын кедендiк ресiмдеудi Қазақстан Республикасының белгiлi бiр кеден органдарында ғана жүргiзудi белгiлеуге құқылы.
155-бап. Кедендiк ресiмдеу кезiнде өкiлеттi тұлғалар
мен олардың өкiлдерiнiң қатысуы
Тауарлар мен көлiк құралдары жөнiнде өкiлеттiгi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi кедендiк ресiмдеу кезiнде қатысуға құқылы.