Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар кейбір
Жарлықтыраны өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1997 ж. 9 маусымдағы № 116-1 Заңы
Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар мынадай Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 Заң күшi бар жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 37-құжат; № 12, 88-құжат; № 14, 93-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 8-9, 236-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 25 қаңтарда жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Банкроттық туралы" Заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 9 сәуiрде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы);
10-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) "Лотереялар (мемлекеттік (ұлттық) лотереялардан басқа) тотализаторлар, казинолар ұйымдастыру және оларды өткізу;";
24-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
"Тиiстi лицензиясыз лотереялар өткізуден түскен кiрiстер Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен алып қоюға және "Жаңа астана" республикалық бюджеттен тыс қорына аударылуға жатады.".
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуірдегі № 2235 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 6, 43-құжат; № 12, 88-құжат; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180, 181-құжаттар; № 11-12, 257-құжат; № 15, 281-құжат; № 23-24, 416-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 1 наурызда жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір заң актілерінiң күшi жойылған деп тану туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 15 сәуiрде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы);
13-бапта:
мынадай мазмұндағы жаңа 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) төлем көзiне салынатын, жеке тұлғалар алған ұтыстар, сондай-ақ мемлекеттік (ұлттық) лотереялар бойынша ұтыстар.";
32-бапта:
4-тармақ мемлекеттік (ұлттық) лотерея бойынша ұтыстардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
34-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар банктер мен банктiк емес қаржы мекемелерiндегi салымдар бойынша проценттер, сондай-ақ мемлекеттік (ұлттық) лотереялар бойынша ұтыстар.";
мынадай мазмұндағы жаңа 9 тармақпен толықтырылсын:
"9. Заңды тұлғалардың мемлекеттік (ұлттық) лотерея өткізуден алған кiрiстерiне табыс салығы салынбауға тиiс.".
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13, № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат):
149-бап мынадай мазмұндағы жаңа 14) тармақшамен толықтырылсын:
"14) Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшiн әкелiнетiн шет мемлекеттердiң лотереялары.".
Қазақстан Республикасының