Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы
кеден iсi туралы" Заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгізу
туралы Қазақстан Республикасының 1998 ж. 15 сәуірдегі
№ 217-1 Заңы
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2368 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 13; № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат, 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; 1997 жылғы 12 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1997 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
149-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген құзыреттi орган отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқан, мұнай операцияларын жүргiзудi көздейтiн келісім-шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына (одан әрi сатылмайтын болып) әкелiнетiн тауарлар, бұған кеден алымдары қосылмайды.".
Қазақстан Республикасының
Президентi