ҚР 08.01.03 ж. № 375-11 Заңымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылған 149-баптың мәтіні
ҚР 22.11.96 ж. № 47-1; 09.06.97 ж. № 116-1; 30.06.97 ж. № 139-1; 15.04.98 ж. № 217-1; 16.17.99 ж. № 426-1; 13.11.00 ж. № 98-II; 21.03.02 ж. № 311-II Заңдарымен 149-бап өзгертілді
149-бап. Кеден төлемдерiн салудан босату
Кеден бажын салудан мыналар босатылады:
1) жүктердi, теңдеме жүктер мен жолаушыларды үнемi халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын көлiк құралдары, сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын азық-түлiк және жол жүру кезiнде, аралық аялдама мекендерiнде оларды пайдалануға қажеттi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалардың шегiнде сол көлiк құралдарының авариясын (ақауын) жою үшiн шетелдерден алынған басқа да мүлiк;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалардың шегiнде теңiз кәсiпшiлiгiн жүргiзетiн қазақстандық немесе қазақстандық кәсiпорындар мен ұйымдар жалдаған (кiреге алған) кемелердiң өндiрiстiк қызметiн қамтамасыз етi үшiн Қазақстан Республикасының кеден аймағынан тысқары жерге әкетiлетiн материалдық-техникалық жабдықтау және жасақтау заттары, отын, азық-түлiк және басқа мүлiк, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасына әкелетiн кәсiпшiлiк өнiмдерi;
3) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық валюта, сондай-ақ бағалы қағаздар;
4) алып тасталды
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының кеден аумағына iзгiлiк көмек ретiнде әкелiнетiн немесе осы аумақтан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар;
6) техникалық жәрдем көрсетудi қоса, мемлекеттер, үкiметтер, халықаралық ұйымдар тарапынан тегiн көмек ретiнде, қайырымдылық мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн немесе осы аумақтан әкетiлетiн акцизделетiндерден басқа тауарлар;
7) шетел инвестициялары туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кеден бажын салудан босатылған тауарлар;
8) алып тасталды
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi өзiнiң мұқтаждары үшiн әкелiнетiн тауарлар;
10) кеден төлемдерiн салудан босату көзделген кеден режимдерi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар;
11) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткiзетiн және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн бажсыз өткiзу нормалары шегiндегi тауарлар;
12) алып тасталды
13) алып тасталды
14) Қазақстан Республикасының аумағында тарату үшiн әкелiнетiн шет мемлекеттердiң лотереялары;
15) Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген Құзыреттi орган отандық немесе шетелдiк жер қойнауын пайдаланушылармен жасасқан, мұнай операцияларын жүргiзудi көздейтiн келiсiм-шарттарға сәйкес жер қойнауын пайдаланушылардың өз мұқтаждары үшiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына (одан әрi сатылмайтын болып) әкелiнетiн тауарлар;
16) шетелдiк дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлерiнiң, оның iшiнде олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануы үшiн әкелiнетiн және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес босатылатын тауарлар;
17) мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері, сондай-ақ халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілген, салық заңдарына сәйкес белгіленген гранттар қаражаты есебінен сатып алынған тауарлар;
18) ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесіне орай Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау үшін өткізілетін бітімгершілік немесе өзге де жаттығулар шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін немесе осы аумақтан әкетілетін тауарлар.
Инвестициялық жобаны iске асыру үшiн қажеттi жабдықтарды, шикiзат пен материалдарды (спирттi, алкогольдi және темекi өнiмдерiн, сондай-ақ өңдемей өткiзуге арналған тауарлар импортын қоспағанда) импорттау Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттігі мен инвестордың арасында жасалған келiсiм-шартқа сәйкес кеден бажын салудан толық немесе iшiнара босатылуы мүмкiн.
Осы баптың 1), 3), 5), 6), 9), 17), 18) тармақшаларында санамаланған тауарлар кедендік ресімделгені үшін кеден алымдарын салудан босатылады.