экспорттың кеден режимiне сәйкес кеден
бажынан босату не төленген соманы қайтарып
беру
Экспорттың кеден режимiне сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге экспортқа шығаруға арналған тауарларды еркiн кеден аймақтарына әкелген кезде немесе оларды еркiн қоймаларға орналастырған кезде, егер босату немесе қайтарып беру тауарларды нақтылы экспортқа шығару кезiнде көзделген болса, мұндай тауарлар кеден бажынан босатылады не төленген сомалары қайтарып берiледi.
Мұндай тауарлар iс жүзiнде экспортқа кеден бажы қайтарылған немесе одан босатылған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей шығарылуға тиiс.
Белгiленген мерзiмнен кешiктiрiлмей тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлуi немесе өзге кеден режимiне мәлiмделiнуi тиiс.
81-бап. Кеден төлемдерi мен салық төлеу үшiн
жауапкершiлiк
Тауарларды еркiн кеден аймағына әкелген немесе еркiн қоймаға орналастырған тұлға кеден төлемдерi мен салықтың төленуi үшiн жауап бередi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 82-бап өзгертілді
82-бап. Еркiн қоймалардың қызметiн реттеу ерекшелiктерi
Осы Заңның 12-тарауында көзделмеген еркiн қойма қызметiн реттеу ерекшелiктерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
ҚР 05.07.01 ж. № 223-II Заңымен 82-1-баппен толықтырылды
82-1-бап. "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының
аумағында кедендiк реттеудiң ерекшелiктерi
"Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағының аумағына осы Заңның 71-бабының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларда қолданылатын еркiн кеден аймағының кеден режимiмен:
құрылысқа арналған машиналар мен жабдықтарды;
арнайы экономикалық аймақ аумағындағы құрылыс процесiнде толығымен тұтынылатын тауарларды;
жобалау-смета құжаттамасына сәйкес объектілердi салу мен пайдалануға беруге қажеттi тауарлар мен жабдықтарды орналастыруға жол берiледi.
Бұрын еркiн кеден аймағы режимiмен орналастырылған отандық тауарларды "Астана - жаңа қала" арнайы экономикалық аймағы аумағынан Қазақстан Республикасы кеден аумағының қалған бөлiгiне әкету кезiнде тауарды әкететiн тұлға төлем ретiнде немесе тауарларды әкелу кезiнде берiлген өзге де жеңiлдiктер нәтижесiнде алынған сомаларды қайтарады.
13-тарау. Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату
ҚР 08.12.97 ж. № 200-1 Заңымен 83-бап өзгертiлдi
83-бап. Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде
ұқсату режимiн белгiлеу
Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсатудың кеден режимi оларды кеден бажынан толық немесе iшiнара босатып, салықтардан босату, сондай-ақ тарифтік емес реттеу шараларын қолданбау арқылы Отандық тауарларын ұқсату және Қазақстан Республикасының кеден аумағында ұқсатылған өнiмдердi кейiннен еркiн айналысқа шығару мақсатында Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге осы тауарларды әкету мен пайдалануға арналған.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 84-бап өзгертілді
84-бап. Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде
ұқсату операциялары
Тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату кезiнде осы Заңның 55-бабының бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген операциялар жүзеге асырылуы мүмкiн.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату жөніндегі жекелеген операцияларға шектеулер белгiлеуi мүмкiн.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 85-бап жаңа редакцияда
85-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiн
қолдануға қойылатын талаптар
Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсатудың кеден режимi мынадай жағдайларда:
белгiленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды мiндеттi түрде сақтау мiндеттемесiмен ұштасқан, кеден бажы мен салығынан босатыла отырып бұрын еркiн айналысқа шығарылған тауарлар үшiн - мұндай шектеулердiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн;
егер тауарларды әкету:
1) кедендiк әкелу бажы мен салығын қайтарып берудi;
2) әкету кезiнде берiлетiн төлемдердi алуды талап етуге негiз берсе; егер тауарлар сатып алу-сату келісім-шарты бойынша ұқсатуға әкетiлсе;
егер ұқсату өнiмдерiн ауыстыруға рұқсат ететiн тауарларды жөндеудi қоспағанда, ұқсату өнiмдерi әкетiлген тауарларды ұқсатудың нәтижесiнде пайда болғандығын анықтау мүмкiн болмаса;
егер тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсату Қазақстан Республикасы өнеркәсiбiнiң ұқсату саласының мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, пайдаланылмайды. Бұл ереже Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн жағдайларда ғана қолданылады;
тауарларды ұқсатуды жүзеге асыратын (тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату режимiне орналастырған) тұлға:
1) жүргiзудiң белгiленген тәртібін бұзып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген және (немесе) әкетiлген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса;
2) аталған тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi және одан көп) бұзса;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденген контрабанданың белгілерiмен кеден ережелерiн бұзса, пайдаланыла алмайды.
Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату үшiн:
отандық тұлғаның Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен ресiмделетiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi беруі;
декларанттың таңдауы бойынша кедендiк әкету бажын төлеу не олардың төленуiн уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде қамтамасыз ету немесе тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитіне енгізу;
осы Заңда көзделген өзге де талаптарды орындау мiндеттеледi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 86-бап алып тасталды
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 87 бап жаңа редакцияда
87-бап. Тауарларды кеден аумағынан тыс жерлерде ұқсату
мерзiмдерi
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсату мерзiмiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен декларант анықтайды.
Көрсетiлген мерзiм тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзген күннен бастап екi жылдан аспауы керек.
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсату мерзiмiн өткізу күнiнен бастап екi жылға дейiн ұзартуды декларант осылай ұзарту қажеттiгiн негiздеп, кеден органына хабарлау арқылы жүзеге асырады.
Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық мерзiмге ұзарту уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып, орталық кеден органы белгілейтiн тәртiппен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсатудың мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 88 бап жаңа редакцияда
88-бап. Кеден мақсатында ұқсатылатын өнiмдер шығымының
мөлшерi
Ұқсату өнiмдерi шығымының мөлшерiн декларант белгілейдi.
Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату жөніндегі операциялардың нәтижесiнде пайда болатын ұқсату өнiмдерi шығымының мiндеттi мөлшерiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
ҚР 08.12.97 ж. № 200-1 Заңымен 89-бап өзгертiлдi
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 89 бап жаңа редакцияда
89-бап. Кедендiк әкету бажын қайтару
Осы Заң ережелерi сақталған жағдайда, ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналысқа шығару кезiнде төленген кедендiк әкету бажы немесе Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген тиесiлi сомалар қайтарылады не уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi өзiнiң күшiн тоқтатады. Қайтарылған сомаларға проценттер есептелмейдi.
Ұқсату өнiмдерiн Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармаған кезде, егер олар Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен тауарларды ұқсатуға әкеткен кезде төленбеген болса, кедендiк әкету бажының сомалары төленедi. Аталған сомалардан басқа кедендiк әкету бажын төлеген күнi қолданылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша олардан проценттер алынады. Аталған проценттер кедендiк әкету бажын төлеу күнiн қоса алғанда, тауарларды ұқсатудың кеден режимiнде тұрған уақыт үшiн есептеледi.
ҚР 08.12.97 ж. № 200-1 Заңымен 90-бап өзгертiлдi
90-бап. Ұқсату өнiмдерiн әкелу кеден бажы мен
салықтан босату
Ұқсату өнiмдерiн әкелу кеден бажы және салықтан, егер кеден аумағынан тысқары жерлерде тауарларды ұқсатуға рұқсат алған тұлға не оның кеден делдалы бұл өнiмдердiң еркiн айналысқа түсетiнiн мәлiмдеген жағдайда, толық және iшiнара босатылады.
Егер Қазақстан Республикасының кеден органы ұқсатудың мақсаты, еркiн айналыс үшiн бастапқы шығарылған кезде оның жетiспеуi ескерiлген жағдайларын қоспағанда, заңдардың немесе шарттың ережелерiне қарай тегiн жүзеге асырылатын әкетiлетiн тауарды жөндеу екендiгiне көз жеткiзетiн болса, әкелу кеден бажы және салықтарынан толық босатылады.
Әкелу кеден бажының және салықтың әкетiлетiн тауарды ақылы жөндеген кезде және ұқсату жөніндегі басқа операцияларды жүзеге асырған кезде iшiнара босатылады. Кеден бажының және салықтың сомасы жөндеу немесе ұқсату құнына көбейтiлген ұқсату өнiмдерiне қолданылатын ставкаларға негiзделiп анықталады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 91-бап өзгертілді
91-бап. Ұқсатылатын өнiмдердi шетел тауарларымен
алмастыру
Ұқсатылатын өнiмдердi шетел тауарларымен алмастыруға жол берiлмейдi, бұған ұқсатудың мақсаты тауарларды жөндеу болып табылатын жағдайлар қосылмайды. Тауарларды жөндеу кезiнде ұқсатылатын өнiмдердi алмастырудың тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 92-бап жаңа редакцияда
92-бап. Ұқсатуға әкетiлген тауарлардың не ұқсату өнiмдерiнің
жойылуы, жоғалуы, табиғи жетiспеуi немесе шет мемлекет
органдарының немесе лауазымды адамдарының заңсыз
iс-әрекеттерiнiң себебiнен қайтарылмауы
Ұқсатуға әкетiлген тауарларды не ұқсату өнiмдерiн белгiленген мерзiмде қайтармау егер тауарлардың не ұқсату өнiмдерiнiң апат немесе тежеусiз күштiң әсерi салдарынан жойылуы немесе қайтарусыз жоғалуы, олардың табиғи тозуы себебiнен жетiспеуi немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кемуi яки Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шет мемлекет органдарының не лауазымды адамдарының заңсыз әрекетiнiң салдарынан иелiктен шығып кетуi фактілерін Қазақстан Республикасының шетелдегi консулдық мекемелерi растаған жағдайда, сондай-ақ кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден режимi өзгерген жағдайда ғана мүмкiн.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 93-бап жаңа редакцияда
93-бап. Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден
режимiнiң өзгеру ерекшелiктерi
Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды ұқсатудың кеден режимi экспорт режимiне өзгерген кезде кеден төлемдерi мен салықтары, сондай-ақ тарифтiк емес реттеу шаралары ұқсату өнiмдерiне не, егер олар ұқсатуға ұшырамаса, тауарларға қолданылады. Мұндай өзгерiстi кедендiк ресiмдеудiң шарты мен тәртібін Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейдi.
14-тарау. Тауарлар экспорты
94-бап. Тауарлар экспорты режимiн белгiлеу
Тауарлар экспортының кеден режимi тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге олардың осы аумақтан тыс үнемi болу немесе тұтынылуы мақсатында әкетiлетiнiн бiлдiредi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 95-бап өзгертілді
95-бап. Тауарлар экспорты кезiнде қойылатын
талаптар
Тауарлар экспорты әкету кеден бажын төлеген және өзге де кеден төлемдерiн төлеген, тарифтік емес реттеу шараларын сақтаған, валюталық бақылау саласындағы талаптарды және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптарды орындаған жағдайда жүзеге асырылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 96-бап жаңа редакцияда
96-бап. Экспорт үшiн шығару
Экспорт үшін шығарылған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге іс жүзінде әкетілуі тиіс. Бұл ретте тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында табиғи тозу мен кемудiң салдарынан болған өзгерістердi қоспағанда, кеден декларациясы қабылданған күнгi күйiнде болуы керек.
Экспорт үшiн шығарылған тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлуi үшiн тауарларды өткiзетiн тұлға жауап бередi.
Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларға меншік құқығы ауысқан жағдайда Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды нақты әкеткенi үшiн тасымалдаушы - отандық тұлға жауап бередi. Тауарларды тасымалдаушы - шетелдiк тұлға тасыған жағдайда тауарлар экспортына тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге әкетпеген не тауарларды кедендiк алып жүру кезiнде төленуге тиiс болатын салық сомасын төлеу қамтамасыз етiлген жағдайда жол беріледi.
15-тарау. Тауарлардың кері экспорты
97-бап. Тауарлардың керi экспорты режимiн белгiлеу
Тауарлардың керi экспортының кеден режимi осы Заң пен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағынан шетел тауарларын олардан әкелу кеден бажы мен салықтарын алмай немесе оларды қайтарып бере отырып және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай керi экспорттауға арналады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 98-бап жаңа редакцияда
98-бап. Тауарлардың керi экспортының шарттары
Егер тауарлар тiкелей және тек қана керi экспортқа арналған тауарлар ретiнде Қазақстан Республикасының кеден органына мәлiмделген болса, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген кезде кедендiк әкелу бажы мен салықтары алынбайды, ал тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмайды. Мұндай тауарлардың iс жүзіндегі керi экспорты кеден декларациясы қабылданған күннен бастап екi айдан кешiктiрiлмей жүзеге асырылуы тиiс. Тауарлардың iс жүзіндегі керi экспорты белгiленген мерзiм iшiнде жүзеге асырылмай қалған жағдайда не оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығару кезiнде осы сомалар төленген күнi қолданылып жүрген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 есе мөлшерiнде өсiм есептей отырып кеден бажы мен салығының сомалары төленедi. Аталған өсiм төлеу күнiн қоса алғанда, тауарлар керi экспорттаудың кеден режимiнде тұрған уақыты үшiн есептеледі.
Тауарларды еркiн айналысқа шығаруға байланысты төленгендердi қоспағанда, осы баптың бiрiншi бөлiгiне сәйкес төленген кедендiк әкелу бажы мен салығы, егер:
әкету кезiнде керi экспортталатын тауарлар табиғи тозуы немесе тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiнде кемуi салдарынан болған өзгерістерден басқа, әкелу сәтіндегі күйде болса;
тауарлардың керi экспорты әкелiнген сәттен бастап екi жыл iшiнде жасалса;
кері экспортталған тауарлар кіріс алу мақсатында пайдаланылмаса Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге тауарларды iс жүзiнде әкету расталғаннан кейiн қайтарылуға тиiс.
Керi экспортталатын тауарлар әкетілген кезде кедендiк әкету бажы алынбайды, әкету кезінде қолданылатын тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмайды.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 99-бап өзгертілді
99-бап. Тауарлардың керi экспортына берiлетiн рұқсат
Тауарлардың керi экспортына Қазақстан Республикасының заңдарымен не халықаралық шарттармен айқындалған жағдайларда және Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртіппен жүзеге асырылады жол берiледi.
Акцизделетiн тауарларды керi экспорттау кедендiк әкету бажы мен салығын уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде төлеудi қамтамасыз еткен не тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзген немесе кедендiк алып жүру жағдайында жүзеге асырылады. Кедендiк әкету бажы мен салығын төлеудi қамтамасыз етудi қайтару тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге iс жүзiнде әкетiлгендiгi расталғаннан кейiн жүзеге асырылады.
16-тарау. Тауарларды жою
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1; 09.08.02 ж. № 346-II Заңдарымен 100-бап өзгертілді
100-бап. Тауарларды жою режимiн белгiлеу
Тауарларды жоюдың кеден режимi кеден бажы мен салықтарын алмай тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай тауарларды пайдалануға жарамсыз күйiне келтiрудi қоса кеден бақылауымен жою үшiн белгiленедi.
Мыналар:
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiне сәйкес жекелеген тауарларды қоспағанда, бұйымдар немесе материалдар ретiнде пайдаланылуы мүмкiн тауарлар;
Қазақстан Республикасы халықтары мен шет мемлекеттердiң көркемөнер, тарихи және археологиялық игiлiк заттары;
жұқпалы аурулар мен iндеттерге жол бермеу мақсатында дереу жоюды талап ететiн жағдайларды қоспағанда, құрып кету қаупі төнген жануарлар мен өсiмдiктердiң түрлерi, олардың бөлiктерi мен туындылары;
кеден органдары кепiлдiк зат ретiнде қабылдаған тауарлар мен көлiк құралдары - кепiлдiк қатынасы тоқтатылғанға дейiн;
қылмыстар және кеден ережелерiн бұзу туралы iстер бойынша алынған тауарлар мен көлiк құралдары;
тыйым салынған тауарлар мен көлiк құралдары;
сот тәркiлеу туралы шешiм қабылдаған тауарлар мен көлiк құралдары жойылуға жатпайды.
Тауарларды жоюға уәкiлеттi мемлекеттік орган беретiн мұндай жоюдың мүмкiндiгi туралы қорытынды болған жағдайда рұқсат етiледi. Оң қорытынды алғаннан кейiн кеден органдары бұл туралы прокурорға тауарлар жойылғанға дейiн жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей жазбаша хабарлауға мiндеттi. Хабарлама алған соң прокурор жасалған iс-әрекеттiң заңдылығын тексередi және олар заңсыз болған жағдайда прокурорлық қадағалау шараларын қолданады.
101-бап. Тауарларды жоюға жұмсалатын шығыстар
Тауарларды жою Қазақстан Республикасының кеден органдарына қандай болсын шығыс келтiрмеуге тиiс.
102-бап. Тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған
қалдықтар
Тауарларды жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды одан әрi пайдалану мүмкiн болған жағдайда, жою режимiн мәлiмдеген тұлға арқылы олар кеден бақылауындағы шетел тауарлары ретiнде тиiстi кеден режимiнде орналастырылуға не кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда олар отандық тауарлары ретiнде Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылуға тиiс.
17-тарау. Мемлекет пайдасы үшін тауардан бас тарту
103-бап. Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту
режимiн белгiлеу
Мемлекет пайдасы үшiн тауарлардан бас тарту - кеден режимi, мұндай жағдайда тұлға кеден бажы мен салықтарын алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай тауардан мемлекет пайдасы үшiн бас тартады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 104-бап жаңа редакцияда
104-бап. Тауардан бас тартуға қойылатын талаптар
Тауардан мемлекет пайдасына бас тарту орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
Мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режиміне орналастыруға рұқсат етiлмейтiн тауарлар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Мемлекет пайдасына бас тартудың кеден режимiн таңдап алған тұлғаның кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн аталған режимдi басқасына өзгертуге құқығы жоқ.
105-бап. Тауардан бас тартуға байланысты шығындар
Мемлекет пайдасы үшiн тауардан бас тарту осы тараудың ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органдарына қандай болсын шығыс келтiрмеуге тиiс.
IV бөлім. Арнайы және қосымша ережелер
18-тарау. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы
көлік құралдарымен тауарлардың жекелеген түрлерін өткізу
106-бап. Көлiк құралдарын өткізу
Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу көлiк құралдарына қолданылатын кеден режимдерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы жүретiн көлiк құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кеден органдары белгiлейтiн жерлерде аялдайды. Бұл талап сақталмаған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден органдары көлiк құралдарын күштеп аялдатуға құқылы.
Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген көлiк құралдарының аялдау ұзақтығын Қазақстан Республикасының кеден органы оларды тасымалдаушымен бiрге кеден бақылауы мен кедендiк ресiмдеуге қажеттi уақыт шегiнде айқындайды.
Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген көлiк құралдарын олар аялдаған жерден жөнелту Қазақстан Республикасының кеден органының рұқсатымен жүзеге асырылады.
Көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан уақыты мен орны жөнiнде тасымалдаушы Қазақстан Республикасының тиiстi кеден органымен келiседi.
107-бап. Қазақстан Республикасы валютасының,
Қазақстан Республикасы валютасындағы
бағалы қағаздардың, шетел валютасы мен
басқа да валюталық құндылықтардың
өткiзiлуi
Қазақстан Республикасы валютасының, Қазақстан Республикасы валютасындағы бағалы қағаздардың, шетел валютасы мен басқа да валюталық құндылықтардың Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлуi Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 108-бап жаңа редакцияда
108-бап. Жеке тұлғалардың тауарларды өткізуi
Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілейтiн нормалар шегiнде тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы оңайлатылған, жеңiлдетiлген тәртiппен өткiзе алады.
Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн жеңiлдiк тәртібі кеден бажынан толық немесе iшiнара босатуды, кеден бажының бiрыңғай ставкаларын белгiлеудi және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбауды қамтуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тiркелген, жеке кәсiпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар керi импорттың, транзиттiң, кеден қоймасының, бажсыз сауда жасайтын дүкеннiң, кеден аумағында ұқсатудың, кедендiк бақылаумен ұқсатудың, еркiн кеден аймағының, еркiн қойманың, кеден аумағынан тысқары жерлерде ұқсатудың, керi экспорттың, жоюдың кеден режимінде ресiмдей отырып, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген нормалардан тыс тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкеле және осы аумақтан әкете алмайды.
V бөлім. Кеден төлемдері
19-тарау. Негізгі ережелер
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 109-бап өзгертілді
109-бап. Кеден төлемдерi мен салықтары
Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан тауарларды өткiзген кезде және осы Заңмен белгiленген басқа жағдайларда төмендегiдей кеден төлемдерi:
1) кеден бажы
6) Қазақстан Республикасының кеден органдары берген лицензиялар үшiн алым;
7) кедендiк ресiмдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестаты үшiн алым;
8) кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымы;
9) тауарларды сақтағаны үшiн кеден алымы;
10) тауарларды кедендiк алып жүру үшiн кеден алымы;
12) алдын ала шешiм қабылдағаны үшiн ақы;
Импортталатын тауарлардың қосылған құнына салынатын салықты және акциздердi Қазақстан Республикасының заң актілерiнде көзделген тәртiппен және шарттармен кеден органдары өндiрiп алады.
Қазақстан Республикасының кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен және шарттармен демпингке қарсы, қорғау және өтемақы бажын алады.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 110-бап өзгертілді
110-бап. Кеден бажы
Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларға Қазақстан Республикасының Кеден тарифiне сәйкес кеден бажы салынуға тиiс.
Қазақстан Республикасының Кеден тарифi Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн және сол аумақтан әкетiлетiн Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметiнiң Тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген және топтастырылған тауарларға қолданылатын кеден бажы ставкаларының жиынтығы Қазақстан Республикасы сыртқы экономикалық қызметiнiң Тауар номенклатурасы тауарларды шартты белгiлеу мен сипаттаудың үйлесiмдi жүйесiне негiзделген, бұл жүйенi Бүкiлдүниежүзiлiк кеден ұйымы осы халықаралық ұйымға мүше елдердiң пайдаланылуы үшiн қолданылады.
Кеден бажының ставкалары бiрыңғай болады және осы Заңның 149 және 150-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ол Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар өткiзетiн тұлғаларға, мәмiлелердiң түрлерi мен басқа да факторларға орай өзгертiлуi тиiс емес.
Олармен арадағы сауда-саяси қатынастарға барынша қолайлылық туғызу көзделмеген елдерде өндiрiлген немесе шығарылған елi анықталмаған тауарларға осы Заңның негiзiнде белгiленген әкелу кеден бажының ставкасы екi есе ұлғайтылады, бұған осы Заңның тиiстi ережелерiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасының тариф жеңiлдiктерiн (артықшылықтарын) беретiн жағдайлар қосылмайды.
Әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарларға салынатын кеден бажының ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi және олар ресми жарияланғаннан кейiн отыз күн өткен соң күшiне енедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 111-бап алып тасталды
112-бап. Кеден төлемдерi ставкаларының түрлерi
Кеден төлемдерiнiң ставкалары мынадай түрлерге:
салық салынатын тауарлардың кеден құны процентiмен есептелетiн адвалорлық төлем;
салық салынатын әрбiр тауар үшiн белгiленген мөлшерде есептелiнетiн ерекшелiгi бар төлем;
жоғарыда аталған кеден салығының екi түрiн ұштастыратын құрамдас төлем түрлерiне бөлiнедi.
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 113-117 баптар алып тасталды
ҚР 16.07.99 ж. № 426-1 Заңымен 118-бап өзгертілді
118-бап. Кедендiк ресiмдеу үшiн кеден алымдары
Көлiк құралдарын қоса алғанда, тауар ретiнде Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды, сондай-ақ осы Заңның 108 бабына сәйкес өткiзiлетiн тауарларды, алып жүрмейтiн теңдеме жүкте, халықаралық почта жөнелтілімдерi мен жүктерiнде тауарлардың кедендiк ресiмделуi үшiн Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған тәртiп пен мөлшерде кеден алымдары алынады.