Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 29 маусымдағы № 878 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 19.10.99 ж. № 1570; 18.04.01 ж. № 505; 19.01.04 ж. № 51;
14.09.04 ж. № 958 қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 931 қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 18.04.01 ж. № 505 қаулысымен кіріспе өзгертілді
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына және "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 20 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі аудиттің стандарттарын және аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын іске асыру туралы" 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға 1-қосымшадағы реттік нөмірі 31-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Қазақстан Республикасының Аудиторлық қызмет
Қаржы министрлігі (банктік қызметтің
аудитінен басқа)"
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Аудиторлық қызметті лицензиялау туралы ереже мен біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 ақпандағы № 274 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 9,65-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит методологиясы департаменті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 27 маусымдағы № 1026 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 29, 259-құжат);
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 29 маусымдағы
№ 878 қаулысымен
бекітілген
Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібі
Жалпы ережелер
1. Осы Тәртіп лицензия берудің тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ аудиторлық қызметті лицензиялауға ұсынылатын біліктілік талаптарын белгілейді.
ҚР Үкіметінің 18.04.01 ж. № 505; 14.09.04 ж. № 958 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді
2. Осы Тәртіп банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының аудитін лицензиялауға қолданылмайды.
3. Осы Тәртіпте белгіленген аудиторлық қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарға (бұдан әрі - Лицензиат) аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі (бұдан әрі - Лицензиар) береді.
4. Шетелдік аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметті жүзеге асыруына арналған лицензия, тиісті аудиторлық ұйымдар Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылуы шартымен, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына сияқты негіздерде беріледі.
5. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия негізгісі болып табылады және Лицензиатқа Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысанда мерзімі шектелместен беріледі.
6. Лицензия бланкілерінің ұсынушыға арналған бағалы қағаз деңгейінде қорғау дәрежесі, сондай-ақ есепке алу сериясы мен нөмірі болады және қатаң есептіліктегі құжат болып табылады. Лицензияның бланкілерін сатып алуды, есебін жүргізуді және сақтауды Лицензиар жүзеге асырады.
7. Лицензияға уәкілетті тұлға қол қояды және Лицензиардың мөрімен расталады. Лицензияны басқа заңды немесе жеке тұлғаға беруге тыйым салынады.
ҚР Үкіметінің 18.04.01 ж. № 505 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 958 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
8. Аудиторлық қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды және жалғыз данада беріледі. Лицензия жоғалған жағдайда, Лицензиаттың телнұсқа алуға құқығы бар. Лицензиар он күн ішінде Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензияның телнұсқасын беруді жүргізеді. Бұл ретте Лицензиат қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді.
ҚР Үкіметінің 18.04.01 ж. № 505 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді
9. Заңды тұлға таратылған, қайта ұйымдастырылған, жеке тұлға кәсіпкерлік қызметті тоқтатқан лицензия қайтарып алынған кезде берілген лицензия өзінің қолданылуын тоқтатады және қайтаруға жатады.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, ол бір ай мерзімде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға хабарлауға міндетті.
Лицензиат тиісті жазбаша өтінішті берген күнінен бастап он күн ішінде Лицензиар лицензияны қайта ресімдейді.
Лицензия қайта ресімделген және көрсетілген құжат берілген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым төленеді.
10. Лицензиаттар мен оларға берілген лицензиялар туралы мәліметтерді Лицензиар аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арнайы тізілімінде көрсетеді.
11. Лицензияны беру, қайтарып алу, оның қолданылуын тоқтата тұру және жаңарту туралы мәліметті Лицензиар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
12. ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 958 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
13. Лицензиардың лауазымды тұлғалары, Лицензиат осы Тәртіпті және лицензиялық қызметтің белгіленген тәртібін бұзғаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
14. Лицензиат Лицензиардың лицензияны беруден бас тарту, қайтарып алу және қолданылуын тоқтата тұру туралы шешімдері мен іс-әрекеттеріне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.
Лицензияны берудің шарттары мен тәртібі
ҚР Үкіметінің 18.04.01 ж. № 505; 14.09.04 ж. № 958 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 15-тармақ өзгертілді
15. Лицензия алу үшін Лицензиарға мынадай құжаттар:
1) аудитор:
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нысан бойынша өтініш;
қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына арналған лицензиялық алымды төлегендігін растайтын құжат;
аудитордың біліктілік куәлiгiнiң нотариалдық расталған көшірмесі;
еңбек кiтапшасының (еңбек келісімiнiң) нотариалдық расталған көшiрмесi;
2) аудиторлық ұйым (осы тармақтың 1-тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, жоғарыда санамаланғандарға қосымша):
заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі және статистикалық карточкасы;
құрылтай құжаттарының нотариалдық расталған көшірмелері;
аудиторлық ұйымның басшысы мен аттестацияланған аудиторлар туралы мәліметтер (біліктілік куәліктерінің нотариалдық расталған көшірмелерін қоса алғанда, тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып) ұсынылады.
Лицензия алу үшін ұсынылған барлық құжаттарды Лицензиар тіркейді.
16. Лицензиат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда қамтылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауаптылықта болады.
Лицензиардың ұсынылған құжаттарда қамтылған жазбалар мен мәліметтерді нақтылауға құқығы бар.
17. Лицензиар лицензия беру немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдағанға дейін өтінішпен бірге ұсынылған материалдарды олардың толықтығы мен дұрыстығын, Лицензиаттың берілген біліктілік талаптарға сәйкестігін бағалай отырып қарайды.
18. Лицензиатқа мынадай негіздер:
1) субъектілердің осы санаты үшін аудиторлық қызметті жүзеге асыруға заң актілерімен тыйым салынуы;
2) осы Тәртіптің 15-тармағына сәйкес талап етілетін барлық құжаттар тапсырылмауы. Өтініш беруші аталған кедергілерді жойған кезде, өтініш жалпы негіздерде қаралады;
3) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеуі;
4) өтініш берушінің осы Тәртіпте белгіленген біліктілік талаптарына жауап бермеуі;
5) өтініш берушіге қатысты соттың оған қызметтің осы түрімен айналысуға тыйым салатын шешімі бойынша лицензия беруден бас тартылуы мүмкін.
19. Лицензия барлық қажетті құжаттармен бірге өтініш алынған күннен бастап отыз күннен кешіктірілмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін - 10 күндік мерзімнен кешіктірілмей беріледі. Лицензиар лицензияны беруден бас тарту туралы хабарламаны бас тартудың себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда лицензия беруге арналған мерзімдерде ұсынады.
ҚР Үкіметінің 18.04.01 ж. № 505 қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда
20. Лицензиар тоқтата тұрудың себебін көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды Лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтініші бойынша сот жүргізеді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы өтінішті уәкілетті мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерінде белгіленген тәртіппен және негіздерде сотқа жібереді.
Шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылуын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ерекше жағдайларда, көрсетілген мерзімде сотқа талап арызын міндетті түрде ұсына отырып, соттың шешімінсіз 3 күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұруға жол беріледі. Бұл ретте тоқтата тұру туралы кесім соттың шешімі шыққанға дейін қолданылады.
21. Лицензиар тоқтата тұру, қайта жаңарту туралы шешім қабылданған күннен бастап үш күндік мерзімде ол туралы Лицензиатқа және салық қызметі органына жазбаша нысанда хабарлайды.
Лицензияның қолданылуы Лицензиат аталған хабарламаны алған күннен бастап тоқтатылады, қайта жаңартылады.
Ол бойынша Лицензияның қолданылуы тоқтатылған себептер жойылғаннан кейін лицензия қайта жаңартылады.
ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 958 қаулысымен 22-тармақ толықтырылды
22. Лицензия:
1) Сот Лицензиатқа аудиторлық қызметпен айналысуға тыйым салған;
2) Ол бойынша Лицензиар лицензияның қолданылуын тоқтатқан себептер жойылмаған;
3) Лицензиат осы лицензияланатын қызметтің түрi үшiн көрсетiлген талаптарды орындамаған;
4) Лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген жағдайларда, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, сот тәртібімен Лицензиаттан қайтарылып алынуы мүмкін.
23. ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 958 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 958 қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды
23-1. Лицензиатқа қойылатын талаптар:
1) жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Лицензиарға осы Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша дайындалатын аудиторлық қызметке қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерді беру;
2) лицензияның жоғалғандығы туралы хабарлау;
3) заңды тұлғаны қайта тiркеген, Жарғысын, мекен-жайын, банктiк деректемелерiн өзгерткен, басшысын, құрылтайшыларды, аудиторларды ауыстырған кезде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға бiр ай мерзiмде жазбаша хабарлау;
4) лицензияланатын қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде Лицензиарға лицензияның түпнұсқасын он күн мерзiмде қайтару;
5) Лицензиар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды жою.
Аудиторлық қызметті лицензиялауға
біліктілік талаптары
ҚР Үкіметінің 18.04.01 ж. № 505; 19.01.04 ж. № 51 қаулыларымен 24-тармақ өзгертілді
24. Аудитор мен аудиторлық ұйымның басшысы аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензия алу үшін мынадай талаптарға жауап беруі:
1)
2) экономика, қаржы, есептік-талдау, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында соңғы жеті жылдың бес жылы ішінде немесе жоғары оқу орындарындағы бухгалтерлік есеп және аудит бойынша көрсетілген салаларда соңғы бес жылдың кемінде екі жыл практикалық жұмыс өтілі болған кезде, ғылыми-оқытушылық қызметте жұмыс тәжірибесінің болуы;
3) Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторларын аттестациялау жөніндегі Біліктілік комиссиясы берген біліктілік куәлігі болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 19.10.99 ж. № 1570 қаулысымен 25-тармақ алып тасталды; ҚР Үкіметінің 18.04.01 ж. № 505 қаулысымен 25-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 958 қаулысымен 25-тармақ толықтырылды
25. Лицензия алу үшін аудиторлық ұйым мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:
1) аудиторлық ұйымдағы аудиторлардың саны осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн кемінде екі адамды құрауы тиіс;
2) аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51 пайызды құрауы тиіс;
3) аудиторлық ұйымның басшысында міндетті түрде Қазақстан Республикасы аудиторының біліктілік куәлігі болуы тиіс.
ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 958 қаулысымен бөліммен толықтырылды
Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау
25-1. Лицензиаттың аудиторлық қызметiн және Лицензиаттың осы Тәртiптi сақтауын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
25-2. Бiлiктiлiк талаптарының және белгіленген Тәртiптiң сақталуын тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, жылына 1 реттен жиi жүргізілмейдi.
Жоспардан тыс тексерулер шағымдарға, мәлiмдемелерге, өтiнiштерге дереу ден қоюды талап ететiн жағдайларда жүргiзіледi.
Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмауы туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, тексеру актісі жасалады.
Тексеру актiсiнiң негізiнде бұзушылықтарды көрсетілген мерзiмде жоймаған жағдайда, Лицензиар лицензияны заңнамада белгіленген тәртiппен тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.
Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жойғаны туралы жазбаша нысанда Лицензиарды хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 18.04.01 ж. № 505 қаулысымен Жаңа бөліммен толықтырылды
Тараптардың жауапкершілігі
26. Бюджетке төленген алым сомасының дұрыстығы, толықтығы және уақытылығы үшін жауапкершілік Лицензиатқа жүктеледі.
27. Тиісті лицензиясыз не лицензиялық нормаларды және ережелерді бұза отырып, аудиторлық қызметпен айналысу заңнамада белгіленген жауапкершілікке әкеп соқтырады.
ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 958 қаулысымен 1-қосымшамен толықтырылды
Аудиторлық қызметтi
лицензиялау тәртібіне
1-қосымша
Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк
талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтерi
200__ жыл үшiн
Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________
Лицензияның сериясы, нөмiрi және берiлген күнi ___________________
__________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________
Iс жүзiндегi мекен-жайы, телефоны ________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң
сериясы, нөмiрi, берілген күнi ___________________________________
__________________________________________________________________
CTH ______________________________________________________________
Ұйымның басшысы __________________________________________________
__________________________________________________________________
(Аудитордың аты-жөні, біліктілік куәлiгінiң нөмiрi мен берілген күнi)
__________________________________________________________________
(Экономикалық, қаржы, есепке алу-талдамалық, бақылау-тексеру
__________________________________________________________________
немесе құқықтық салаларда жұмыс тәжiрибесiнiң немесе көрсетілген
__________________________________________________________________
салаларда практикалық жұмысы стажы болған кезде жоғары оқу
__________________________________________________________________
орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша
__________________________________________________________________
ғылыми-оқытушылық қызметінің болуы)
Әкiмшiлiк жазаларының болуы ______________________________________
__________________________________________________________________
(жазаны қашан, не үшін және қандай орган қолданды)
Аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілi аудиторлық
ұйымның жарғылық капиталындағы үлес
Аудитордың немесе аудиторлық ұйымның атауы және орналасқан жерi | Жарғылық капиталдағы үлес мөлшерi |
| |
Құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер|Қызмет түрлерінің өзгеруі |
|
Иә (қандай өзгерістер және енгізу күнiн көрсету) | Жоқ | Иә (қандай өзгерістер және енгізу күнiн көрсету) | Жоқ |
| | | |
Қызметкерлердiң жалпы саны | Оның iшiнде, штатта тұрмайтындар |
Есептi кезеңде | Өткен жыл үшiн | Есептi кезеңде | Өткен жыл үшiн |
| | | |
Аты-жөнi | Лицензияның нөмiрi және берiлген күнi | Аудитордың біліктiлiк куәлiгінiң нөмiрi және берiлген күні | Есепті кезеңде ауди- торлық ұйымның құра- мында өзгерістердiң болуы | Уәкiлетті органға өзгерiс- тер тура- лы мәлi- меттер беру күнi |
Иә (қандай өзге- рiстер және енгізу күнiн көрсету) | Жоқ |
| | | | | |
Басшы ____________ _____________________
Қолы (аты-жөнi)
M.O.
ҚР Үкіметінің 14.09.04 ж. № 958 қаулысымен 2-қосымшамен толықтырылды
Аудиторлық қызметтi
лицензиялау тәртібіне
2-қосымша
Аудиторлардың аудиторлық қызметке қойылатын біліктiлiк талаптарына
сәйкестiгi туралы мәлiметтерi
200__жыл үшiн
І. Жалпы мәлiметтер
Аудитордың аты-жөнi ______________________________________________
Лицензияның нөмiрi және берілген күнi ____________________________
"аудитор" біліктiлiк куәлігінiң нөмiрi және берілген күнi ________
Жеке кәсiпкердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi,
сериясы, берiлген күнi ___________________________________________
CTH ______________________________________________________________
Үйiнiң мекен-жайы, телефоны ______________________________________
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны
үшiн әкiмшiлiк жазаларының болуы _________________________________
(жазаны қашан, не үшiн және қандай орган қолданды)
Аудиторлық ұйымдардың жарғылық капиталына құрылтайшы ретiнде
қатысуы:
Аудиторлық ұйымның атауы және орналасқан жерi | Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы үлес мөлшерi |
| |
Жұмыс орны _______________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы)
__________________________________________________________________
Аудитор ___________________ _________________________
Қолы (аты-жөнi)
M.O.