Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 19 қаңтардағы № 51 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 931 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 284-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібінде:
24-тармақтың 2) тармақшасындағы «, сондай-ақ» деген сөз «немесе» деген сөзбен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |