Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878
қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 958 қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 931 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 284-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртібінде:
2-тармақта "банктік және сақтандыру қызметінiң" деген сөздер "банктердiң, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, жинақтаушы зейнетақы қорларының" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақта "алым" деген сөз "лицензиялық алым" деген сөздермен ауыстырылсын;
12-тармақ алынып тасталсын;
15-тармақтың 1) тармақшасында:
төртiншi абзацта мемлекеттік тiлдeгі мәтiнiнде "куәлiгi мен еңбек кiтапшасының (еңбек келісімiнiң)" деген сөздер "куәлiгiнiң" деген сөзбен "ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"еңбек кiтапшасының (еңбек келісімiнiң) нотариалдық расталған көшiрмесi;";
22-тармақ 2) тармақшадағы "жойылмаған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
"3) Лицензиат осы лицензияланатын қызметтің түрi үшiн көрсетiлген талаптарды орындамаған;
4) Лицензиат лицензия алу кезiнде көрiнеу жалған ақпарат берген";
23-тармақ алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Лицензиатқа қойылатын талаптар:
1) жыл сайын, 1 наурызға дейiнгi мерзiмде Лицензиарға осы Тәртiпке 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша дайындалатын аудиторлық қызметке қойылатын білiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы мәлiметтерді беру;
2) лицензияның жоғалғандығы туралы хабарлау;
3) заңды тұлғаны қайта тiркеген, Жарғысын, мекен-жайын, банктiк деректемелерiн өзгерткен, басшысын, құрылтайшыларды, аудиторларды ауыстырған кезде көрсетілген мәлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса бере отырып, бұл туралы Лицензиарға бiр ай мерзiмде жазбаша хабарлау;
4) лицензияланатын қызметтi тоқтату туралы шешiм қабылдаған кезде Лицензиарға лицензияның түпнұсқасын он күн мерзiмде қайтару;
5) Лицензиар анықтаған заңнаманы бұзушылықтарды жою.";
25-тармақтың 1) тармақшасы "саны" деген сөзден кейiн "осы заңды тұлғаның штатында тұрақты негізде жұмыс iстейтiн" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы "Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау" деген бөлiммен толықтырылсын:
"Лицензиаттың аудиторлық қызметтi жүзеге асыруын бақылау
25-1. Лицензиаттың аудиторлық қызметiн және Лицензиаттың осы Тәртiптi сақтауын бақылауды Лицензиар жүзеге асырады.
25-2. Бiлiктiлiк талаптарының және белгіленген Тәртiптiң сақталуын тексеру, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде өзгеше көзделмесе, жылына 1 реттен жиi жүргізілмейдi.
Жоспардан тыс тексерулер шағымдарға, мәлiмдемелерге, өтiнiштерге дереу ден қоюды талап ететiн жағдайларда жүргiзіледi.
Тексеру нәтижелерi бойынша бұзушылықтардың болмауы туралы не нақты бұзушылықтар мен оларды жою мерзiмiн көрсете отырып, тексеру актісі жасалады.
Тексеру актiсiнiң негізiнде бұзушылықтарды көрсетілген мерзiмде жоймаған жағдайда, Лицензиар лицензияны заңнамада белгіленген тәртiппен тоқтата тұру немесе керi қайтарып алу туралы шешiм қабылдайды.
Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерiн жойғаны туралы жазбаша нысанда Лицензиарды хабардар етеді.";
осы қаулыға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес Тәртiпке 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi | | | | | | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 14 қыркүйектегi
№ 958 қаулысына 1-қосымша
Аудиторлық қызметтi
лицензиялау тәртібіне
1-қосымша
Аудиторлық ұйымдардың аудиторлық қызметке қойылатын білiктілiк
талаптарына сәйкестігі туралы мәлiметтерi
200__ жыл үшiн
Аудиторлық ұйымның атауы _________________________________________
Лицензияның сериясы, нөмiрi және берiлген күнi ___________________
__________________________________________________________________
Заңды мекен-жайы, телефоны _______________________________________
Iс жүзiндегi мекен-жайы, телефоны ________________________________
Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң
сериясы, нөмiрi, берілген күнi ___________________________________
__________________________________________________________________
CTH ______________________________________________________________
Ұйымның басшысы __________________________________________________
__________________________________________________________________
(Аудитордың аты-жөні, біліктілік куәлiгінiң нөмiрi мен берілген күнi)
__________________________________________________________________
(Экономикалық, қаржы, есепке алу-талдамалық, бақылау-тексеру
__________________________________________________________________
немесе құқықтық салаларда жұмыс тәжiрибесiнiң немесе көрсетілген
__________________________________________________________________
салаларда практикалық жұмысы стажы болған кезде жоғары оқу
__________________________________________________________________
орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша
__________________________________________________________________
ғылыми-оқытушылық қызметінің болуы)
Әкiмшiлiк жазаларының болуы ______________________________________
__________________________________________________________________
(жазаны қашан, не үшін және қандай орган қолданды)
Аудиторларға және (немесе) аудиторлық ұйымдарға тиесілi аудиторлық
ұйымның жарғылық капиталындағы үлес
Аудитордың немесе аудиторлық ұйымның атауы және орналасқан жерi | Жарғылық капиталдағы үлес мөлшерi |
| |
Есепті кезеңде құрылтай құжаттарында өзгерістердің болуы
┌─────────────────────────────────────────────────────────────────┐
│Құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер|Қызмет түрлерінің өзгеруі │
├─────────────────────────────────────────────────────────────────┤
├──────────────────────────┬───┬──────────────────────────┬───────┤
│ Иә (қандай өзгерістер │Жоқ│ Иә (қандай өзгерістер │Жоқ │
│және енгізу күнiн көрсету)│ │және енгізу күнiн көрсету)│ │
├──────────────────────────┼───┼──────────────────────────┼───────┤
└──────────────────────────┴───┴──────────────────────────┴───────┘
Ұйымның сандық құрамы:
┌──────────────────────────────┬──────────────────────────────────┐
│ Қызметкерлердiң жалпы саны │ Оның iшiнде, штатта тұрмайтындар │
├──────────────┬───────────────┼────────────────┬─────────────────┤
│Есептi кезеңде│Өткен жыл үшiн │ Есептi кезеңде │ Өткен жыл үшiн │
└──────────────┴───────────────┴────────────────┴─────────────────┘
Ұйымда жұмыс iстейтiн аудиторлар:
Аты-жөнi | Лицензияның нөмiрi және берiлген күнi | Аудитордың біліктiлiк куәлiгінiң нөмiрi және берiлген күні | Есепті кезеңде ауди- торлық ұйымның құра- мында өзгерістердiң болуы | Уәкiлетті органға өзгерiс- тер тура- лы мәлi- меттер беру күнi |
Иә (қандай өзге- рiстер және енгізу күнiн көрсету) | Жоқ |
| | | | | |
Басшы ____________ _____________________
Қолы (аты-жөнi)
M.O.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2004 жылғы 14 қыркүйектегi
№ 958 қаулысына 2-қосымша
Аудиторлық қызметтi
лицензиялау тәртібіне
2-қосымша
Аудиторлардың аудиторлық қызметке қойылатын біліктiлiк талаптарына
сәйкестiгi туралы мәлiметтерi
200__жыл үшiн
І. Жалпы мәлiметтер
Аудитордың аты-жөнi ______________________________________________
Лицензияның нөмiрi және берілген күнi ____________________________
"аудитор" біліктiлiк куәлігінiң нөмiрi және берілген күнi ________
Жеке кәсiпкердi тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нөмiрi,
сериясы, берiлген күнi ___________________________________________
CTH ______________________________________________________________
Үйiнiң мекен-жайы, телефоны ______________________________________
"Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын бұзғаны
үшiн әкiмшiлiк жазаларының болуы _________________________________
(жазаны қашан, не үшiн және қандай орган қолданды)
Аудиторлық ұйымдардың жарғылық капиталына құрылтайшы ретiнде
қатысуы:
Аудиторлық ұйымның атауы және орналасқан жерi | Аудиторлық ұйымның жарғылық капиталындағы үлес мөлшерi |
| |
Жұмыс орны _______________________________________________________
(лауазымы, ұйымның атауы)
__________________________________________________________________
Аудитор ___________________ _________________________
Қолы (аты-жөнi)
M.O.