Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 931 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007.17.07. № 601 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудиторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 5 мамырдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қоса беріліп отырған Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде:
реттік нөмірі 21-1-жолдың 3-бағанында төртінші абзац алынып тасталсын;
реттік нөмірі 31-жолдың 3-бағанында "банктік қызметтің сақтандыру (және қайта сақтандыру) ұйымының аудитінен," деген сөздер алынып тасталсын;
2) «Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 24 қаңтардағы № 100 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 5, 30-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкаларында:
"Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялар беру кезінде алынатын лицензиялық алым ставкалары" деген 1-тарауда:
2-тармақта:
1) тармақшада "банк қызметіне аудит; 25" деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшада "сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын аудиторлық тексеру; 25" деген сөздер алынып тасталсын;
3) тармақшаның бесінші абзацы алынып тасталсын.
3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы 2006 жылғы 13 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа eнгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қыркүйектегi
№ 931 қаулысына
қосымша
Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын
біліктілік талаптары
1. Аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары аудиторлық ұйым үшін мыналардың болуын қамтиды:
1) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
2) жарғылық капиталда аудиторларға және (немесе) шетелдік аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлестің жүз пайызы;
3) құрамында осы аудиторлық ұйымда ғана аудиторлық қызметті жүзеге асыратын кемінде үш аудитор;
4) аудиторлық ұйым басшысында Аудиторларды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы берген "аудитор" біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігі;
5) аудиторлық ұйым басшысында соңғы бес жылдың кемінде үш жылында экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс тәжірибесі.
Шетелдік аудиторлық ұйым үшін аудиторлық қызметті лицензиялау кезінде жоғарыда аталған біліктілік талаптарынан басқа мынадай қосымша талаптар қойылады:
1) оның тиісті аудиторлық ұйым - Қазақстан Республикасының резидентін құруы;
2) оның Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымда мүшелігін растайтын лицензияның нотариалды расталған көшірмесінің немесе оның нотариалды расталған аудармасы бар немесе ол резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының хаты түпнұсқасының болуы.
2. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметті жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының резиденті - басқа аудиторлық ұйымның қатысушысы бола алмайды.
3. Аудиторлық ұйымды бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдың ішінде лицензиясын қайтарып алу туралы шешім шығарылған күннен бастап лицензиясы қайтарып алынған аудиторлық ұйымға басшылық еткен аудитор басқара алмайды.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 931 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Yкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесi
1. «Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 29, 284-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қазандағы № 1570 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 49, 471-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 18 сәуірдегі № 505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 14, 178-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы № 51 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 2, 25-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі № 958 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 35, 459-құжат).