Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы №
878 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы 19 қазандағы № 1570 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2006.28.09. № 931 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2200 заң күші бар Жарлығына және «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы № 878 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 29, 284-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметті лицензиялау тәртібінің 25-тармағы алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі