9. Бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 10-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары диплом алдындағы практикадан өту үшiн құқық қорғау органдарына жiберген курсанттар практикадан өту кезеңiне бос лауазымға тағайындалады.
11. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жоғары оқу орындарын аяқтағаннан кейін магистратураға және докторантураға бірден қабылданған қызметкерлерге, тиiстi кафедра оқытушысының айлықақысының жетпіс пайызы мөлшерiнде лауазымдық айлықақы, сондай-ақ арнаулы атағы немесе сыныптық шені үшiн қосымша ақы төленедi.
Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының магистратурасына және докторантурасына қабылданған қызметкерлерге оқу уақытына оқуға жіберілгенге дейін атқарған соңғы штаттық лауазымы (уақытша атқарған емес) бойынша лауазымдық айлықақысының жетпіс пайызы мөлшерінде лауазымдық айлықақы белгіленеді.
12. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарына каникулдық демалыс кезеңіне қалааралық автомобиль (таксиді қоспағанда), темiржол және су көлiгiмен тұрақты тұратын жеріне баруға және кейiн қайтуға жол жүру ақысы төленедi.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 13-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді ала алады.
10-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналастыруға қойылатын талаптар
2012.16.02. № 562-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.03.07. № 84-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Құқық қорғау органдарына қызметке отыз бес жастан аспаған, тиісті бiлiмi бар және әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери дайындықтан өткен азаматтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметке әскерге шақырудан босатылған немесе кейінге қалдырылған азаматтар қабылданады.
Осы Заңға сәйкес құқық қорғау қызметіне құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша орта және аға басшы құрам лауазымына отыз бес жастан асқан, жоғары кәсіптік даярлығы не белгілі бір мамандықтар бойынша едәуір жұмыс тәжірибесі бар адам қабылдануы мүмкін.
2. Қатардағы және кіші басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау органының лауазымдары санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты кемінде орта білімi бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады.
Орта басшы құрам лауазымдарына құқық қорғау органының лауазымдары санатына қойылатын біліктілік талаптарына байланысты техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімi бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады.
3. Мерзiмдi әскери қызметке шақырылуға жататын әскерге шақыру жасындағы азаматтар орта және аға басшы құрам лауазымдарына жоғары білімi болған жағдайда ғана қабылдана алады.
4. Аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына жоғары білімi бар азаматтар қабылданады немесе қызметкерлер тағайындалады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 11-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 11-баптың тақырыбы өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
11-бап. Құқық қорғау қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлық
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Құқық қорғау органдарына қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына кіретін адамдар құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өтеді.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Алғашқы кәсіптік даярлық құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқытуды және тағылымдаманы қамтиды.
Оқыту құқық қорғау органының қызмет бағыттарына қарай білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде кандидаттардың тағылымдамасын тиісті құқық қорғау органы өткізеді.
Алғашқы кәсіптік даярлық үшін кадрларға қажеттілікті әрбір құқық қорғау органы кадрлық болжам негізінде дербес айқындайды.
3. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін адамдармен келісімшарт жасалады.
Келісімшартта алғашқы кәсіптік даярлыққа түсетін адамның, құқық қорғау органының және құқық қорғау органы білім беру ұйымының өзара міндеттемелері мен жауаптылығы белгіленеді, сондай-ақ алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтағаннан кейін құқық қорғау органдарында одан әрі қызметті өткеру шарттары мен мерзімдері көзделеді. Келісімшарт қабылдау комиссиясының құқық қорғау органының білім беру ұйымына қабылдау туралы шешімінен кейін жасалады.
4. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтетін адамдар бюджет қаражаты есебінен тамақпен және тұру орнымен қамтамасыз етіледі.
Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін адамдарға алғашқы кәсіптік даярлықтан өту кезеңінде стипендия төленеді, оның мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар қызмет бағыты бойынша даярлық өткізілген құқық қорғау органының кадрына алынады.
Алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамды құқық қорғау органында лауазымға тағайындау кезінде алғашқы кәсіптік даярлықтан өту мерзімі құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарға) есептеледі.
6. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдар құқық қорғау органдарында кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.
7. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адам құқық қорғау органында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан не үлгермеуіне және (немесе) тәртіп бұзуына байланысты, сондай-ақ өз еркімен құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда, ол даярлыққа, өзін даярлау кезеңінде стипендия төлеуге, тамағы мен тұру орнына жұмсалған бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекетке өтеуге міндетті.
Бұл міндет үш жыл ішінде әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе жарамдылығы шектеулі екені туралы қорытындысы негізінде денсаулық жағдайы бойынша не құқық қорғау органы штатының қысқартылуына, оны қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты қызметтен шығарған жағдайда, оны басқа лауазымда пайдалану, сондай-ақ басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда қызметкерге қолданылмайды.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
8. Құқық қорғау қызметіне кіретін және аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына, сондай-ақ конкурстық іріктеуден тыс тағайындалатын адамдар алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпейді.
9. Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтіп жатқан адамдарға осы Заңның 16-бабы 1-тармағы 1), 5), 8), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшаларының, 17-бабының 1-тармағы 5), 6), 7) және 8) тармақшаларының және 3-тармағының күші қолданылмайды.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
12-бап. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін сынақ мерзімі және тәлімгерлікті ұйымдастыру
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшiн тиiстi лауазымға тағайындаумен қатар үш айға дейін сынақ мерзiмi белгіленеді.
Сынақ мерзімінің нәтижесі қанағаттандырарлықсыз болған кезде құқық қорғау органы басшысының немесе тиісті лауазымға тағайындауға құқығы бар уәкілетті басшының шешімі бойынша сынақ мерзімі кейіннен қайтадан ұзартылмай, үш айға ұзартылады.
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Сынақ мерзімі оның құқық қорғау қызметінде атқарып жүрген лауазымына сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленеді. Сынақ мерзімі кезеңінде арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілмейді.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сынақ мерзімінен өту туралы шарт құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының құқық қорғау қызметі лауазымына тағайындау туралы бұйрығында көзделеді.
4. Егер сынақ мерзiмi аяқталса, ал қызметкер құқық қорғау органдарындағы қызметiн жалғастыра берсе, ол сынақтан өткен болып есептеледі және сынақ мерзімі құқық қорғау органдарындағы қызмет өтіліне есептеледi. Бұдан кейiн жұмыстан шығаруға осы Заңда көзделген негiздер бойынша ғана жол беріледі.
5. Сынақ мерзімі кезеңінде қызметкерге осы Заңның және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелері қолданылады. Қызметкер сынақ мерзімі кезеңінде өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді орындайды, атыс қаруын, арнаулы құралдарды алып жүру және сақтау құқықтарын қоспағанда, өзіне берілген құқықтарды толық көлемде іске асырады.
6. Қызметкердің дәлелді себептермен қызметте болмауы сынақ мерзіміне есептелмейді.
2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ жаңа редакцияда
7. Мыналарға:
1) құқық қорғау органдарына қызметке кіретін және аға және жоғары басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға;
2) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының түлектеріне;
3) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықтан өткен адамдарға;
4) бұрын құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдарға;
5) теріс себептер бойынша қызметтен шығарылғандарды немесе өз өкілеттігін тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттігін тоқтатқан судьяларға сынақ мерзiмi белгiленбейдi.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8. Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдарға құқық қорғау органының тиісті кәсіптік даярлығы және айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлері қатарынан тәлімгер бекітіліп беріледі.
Бұл ереже аға және жоғары басшы құрамдар лауазымдарына бірінші рет кіретін адамдарға қолданылмайды.
Құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібі мен мерзімдері құқық қорғау органдары басшыларының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
13-бап. Қызметкерлердің Ант қабылдау тәртібі
1. Мыналар:
2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда
1) құқық қорғау органдарына қызметке бірінші рет кіретін, арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілген адамдар - арнаулы атақ немесе сыныптық шен берілгеннен кейін екі айдан кешіктірмей;
2) білім беру ұйымдарының бұрын Ант қабылдамаған курсанттары, тыңдаушылары - оқуға қабылданғаннан кейін екі айдан кешіктірілмей;
3) бұған дейін қандай да бір себептер бойынша Ант қабылдамаған қызметкерлер Ант қабылдайды.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Ант құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының басшылық етуімен құқық қорғау органында салтанатты жағдайда қабылданады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қызметкерлердің уақтылы Ант қабылдауы, қызметкерлердің Ант қабылдауын ұйымдастыру және оның есебін жүргізу құқық қорғау органдары кадр қызметтерінің басшыларына жүктеледі.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
4. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері антының мәтінін және оны қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
3-тарау. ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
14-бап. Қызметкерлердің мәртебесі және олардың құқықтық кепілдіктері
1. Қызметкерлер мемлекеттік биліктің өкiлдерi болып табылады және мемлекеттiң қорғауында болады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптары (бұдан әрі - заңды талаптар) жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
3. Қызметкерлердiң заңды талаптарын орындамау, оларды қорлау, қарсылық көрсету, күш қолданамын деп қорқыту немесе олардың өмiрiне, денсаулығына, ар-намысы мен қадiр-қасиетiне, мүлкiне қол сұғушылық, оларға жүктелген мiндеттердi орындауға кедергі келтіретін басқа да iс-әрекеттер, сондай-ақ қызметкерлердiң қызметтік мiндеттерi мен қызметтiк борышын орындауына байланысты олардың отбасы мүшелерiнiң, жақын туыстарының өмiрiне, денсаулығына, ар-намысына, қадiр-қасиетiне және мүлкiне қол сұғушылық заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
4. Қызметкерлер өздерiне жүктелген мiндеттердi орындау кезiнде, Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, тек құқық қорғау органының басшысына, тікелей және уәкілетті басшыларына бағынады.
5. Қызметкерлердің қызметіне, бұған заңмен тiкелей уәкiлеттiк берiлген адамдарды қоспағанда, ешкiмнiң араласуына құқығы жоқ. Қызметкерлердiң қызметіне құқыққа қарсы араласу заңдарда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
6. Заңға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқау алған кезде қызметкер заңды басшылыққа алуға мiндеттi және оның қорғауында болады.
2020.29.06. № 351-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қызметкерлердің өздеріне қатысты қабылданған шешімдер мен әрекеттерге (әрекетсіздікке) жоғары тұрған лауазымды адамдарға, сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Егер қызметкерлердің іс-әрекеттері осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылса, олар атыс қаруын және өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдануына байланысты келтірілген зиян үшін жауаптылықта болмайды.
15-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты құқықтары
1. Қызметкерлердің:
1) лауазымдық міндеттерін атқару үшін қажетті ақпараттар мен материалдарды белгіленген тәртіппен алуға;
2) өздерінің құқықтары мен лауазымдық міндеттерін айқындайтын ережемен, өзге де құжаттармен және жоғарылатуға ұсыну шарттарымен танысуға;
3) лауазымдық міндеттерін атқарумен байланысты мемлекеттік органдарға, ұйымдарға олардың ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, белгіленген тәртіппен кіріп-шығуға;
4) егер мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалану лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты болса, белгіленген тәртіппен осындай мәліметтерге қол жеткізуге;
5) лауазымдық міндеттерін атқаруға және кәсіби дамуына құқық қорғау органының қажетті жағдайлар жасауына;
6) қызмет әрекеті нәтижелерін, мемлекеттік қызмет өтілі мен біліктілік деңгейі ескеріле отырып, қызметте өсуіне;
7) өзінің кәсіптік қызмет әрекеті туралы пікірлермен және басқа құжаттармен олар жеке ісіне енгізілгенге дейін, жеке ісінің материалдарымен танысуына, сондай-ақ өзінің жазбаша түсініктемелерін және басқа құжаттар мен материалдарды жеке іске қосуына;
8) Осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген тәртіппен, кәсіптік қайта даярлыққа, біліктілігін арттыруына және тағылымдамадан өтуіне;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз өмірінің, денсаулығының және мүлкінің, өз отбасы мүшелері өмірінің, денсаулығының және мүлкінің мемлекеттік қорғалуына;
10) өзінің дербес деректерінің қорғалуына;
11) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты жеке дауларды шешу үшін бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған лауазымды адамдарға, жоғары тұрған органдарға немесе сотқа жүгінуге;
12) медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсетілуіне;
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 13) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
13) Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға;
14) тұрғын үймен қамтамасыз етілуге және әлеуметтік қамсыздандырылуға;
15) құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып, қызметте тиісінше ұйымдастырушылық-техникалық және санитариялық жағдайлар жасалуына;
16) осы Заңға және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалуына;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
17) оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруға;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 18) тармақшамен толықтырылды
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды
19) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге құқығы бар.
2014.11.04. № 189-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін қоспағанда, қызметкерлерге атыс қаруы мен өзге де қаруды және арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы берiледi. Олар дене күшін, оның iшiнде күрестiң жауынгерлiк тәсiлдерiн қолдануға да құқылы. Атыс қаруы мен өзге де қаруды, арнаулы құралдарды және дене күшін қолдану тәртібі осы Заңда айқындалады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлеріне атыс қаруы мен арнаулы құралдарды алып жүру, сақтау және қолдану құқығы төтенше немесе соғыс жағдайы қолданылатын кезеңде беріледі. Атыс қаруы мен арнаулы құралдарды қолдану тәртібі осы Заңда айқындалады.
3. Қызметкерлерге өз құзыреті шегінде өздеріне жүктелген міндеттерге сәйкес Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметін реттейтін заңдарымен көзделген өзге де құқықтар беріледі.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
4. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
16-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты міндеттері
1. Қызметкерлер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға;
2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге;
3) заңмен көзделген тәртiп пен мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға;
4) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға;
5) қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға;
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6) қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға;
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға;
8) басшылардың заңды бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға;
9) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның iшiнде құқық қорғау қызметiн тоқтатқаннан кейiн де, ол жөнiнде қолхат бере отырып, заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға;
10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге;
11) мемлекеттік мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге;
12) қызметкердің жеке мүддесi өзінің өкiлеттiгімен ұштасатын немесе оған қайшы келетiн жағдайларда, жазбаша нысанда баянат беруге және тікелей және уәкілетті басшыны дереу хабардар етуге;
13) өзiнiң кәсiптік деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға;
14) мемлекеттік қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге;
2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен 15) тармақша өзгертілді (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
15) қызметкердің не оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы жүгінген күні өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде хабарлауға міндетті.
16) 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қызметкерлерге өз құзыреті шегінде қойылған міндеттерге сәйкес, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларында көзделген өзге де міндеттер белгіленеді.