Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына қайшы келмейтін бөлігінде мемлекеттік саяси қызметшілерге қолданылады.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды
5-1-бап. Кадр қызметі
Кадр қызметі өз құзыреті шегінде:
1) құқық қорғау органының кадрларға қажеттілігін талдайды және жоспарлайды;
2) құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді;
3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, қызмет бойынша өсіру, қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметкерлерді қызметтен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) құқық қорғау қызметіне кандидаттарды алдын ала зерделеуді және іріктеуді, кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруімен байланысты құжаттарды ресімдейді;
5) құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметкерлердің және қызметке кандидаттардың тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
7) қызметкерлердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады;
8) 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9) құқық қорғау органының басшысы бекітетін әдістемеге сәйкес кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалайды;
10) ұйымдық-штаттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2-тарау. ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ТҰРУ
6-бап. Құқық қорғау қызметіне тұру шарты
1. Құқық қорғау органдарына қызметке жасы он сегiзге толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, денсаулығы мен дене бiтiмiнің даму жағдайы, білім деңгейi жөнiнен өзiне жүктелген лауазымдық мiндеттердi атқаруға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерікті негізде қабылданады.
2. Құқық қорғау қызметіне:
1) заңмен белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз немесе іс-әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған;
2) әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысына сәйкес лауазымдық өкілеттіктерді орындауға кедергі келтіретін сырқаты бар;
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1) медициналық немесе психофизиологиялық куәландырудан, оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өтпеген;
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;
4) 2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен алып тасталды (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
5) құқық қорғау қызметіне тұрар алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
6) құқық қорғау қызметіне тұрғанға дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 6-1) тармақшамен толықтырылды (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1) қызметке тұрғанға дейін өзіне қатысты үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе қызметке орналасқанға дейін үш жылдың ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
7) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған;
8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жұмыстан шығарылған;
2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша жаңа редакцияда
9) сотталғандығы бар немесе болған не қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған, сондай-ақ мемлекеттік, әскери қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ судья өкілеттігін теріс себептер бойынша тоқтатқан адам қабылданбайды.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мәліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау құқық қорғау қызметіне қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
4. Құқық қорғау органдарына қызметке тұру азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.07.11. № 248-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ жаңа редакцияда
5. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын азаматтар қызметке жарамдылығын анықтау үшін әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және құқық қорғау органының тиісті бөлімшесінде полиграфологиялық зерттеуден міндетті түрде өтеді.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 5-1-тармақпен толықтырылды
5-1. Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
6. 2015.18.11. № 412-V ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7. Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тестілеу «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 8-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
8. Осы баптың 4 және 5-тармақтарының күші, денсаулық жағдайы бойынша, аттестаттау қорытындыларымен анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша, теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда, бұрын құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері болған, шығарылған күндерінен бастап бес жұмыс күні ішінде құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын қызметкерлерге, сондай-ақ құқық қорғау қызметіне ауысу тәртібімен қабылданатын әскери қызметшілерге қолданылмайды.
7-бап. Құқық қорғау қызметіне үміткерлерді іріктеу
1. 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ жаңа редакцияда
2. Құқық қорғау органдарына қызметке кіру, осы баптың 3-тармағында және осы Заңның 7-1-бабының 1-тармағында белгіленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде не құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарындағы алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.
Құқық қорғау қызметіне іріктеу кандидаттың бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші және оның кәсіптік құзыреттерге сәйкестік дәрежесі ескеріле отырып жүргізіледі.
Кәсіптік құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді айқындау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін есептеу тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Конкурстық іріктеуден не алғашқы кәсіптік даярлықтан өтпеген азаматтарды қызметке қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды; 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1. Құқық қорғау органдарына қызметке қатардағы, кіші және орта басшы құрам лауазымына кіру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлық арқылы жүзеге асырылады.
Прокуратура органдарына қызметке, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеп-тексеру қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Ішкі істер органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері ішкі істер органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу тәртібі және одан өту шарттары, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздері мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары басшысының нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Құқық қорғау органдарына қызметке конкурстық іріктеуден тыс мыналар:
1) құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуын аяқтаған адамдар - оқу аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде;
2) бұрын құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы лауазымдарда қызмет өткерген және құқық қорғау органдарында, арнаулы мемлекеттік органдарда кемінде үш жыл қызмет өтілі бар адамдар;
3) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мемлекеттік мекемелерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында бұрын әскери қызметте болған және әскери лауазымдарды атқарған адамдар - кемінде үш жыл әскери қызмет өтілі болған кезде;
4) өз өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай атқарған және оларды тоқтатқан Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік саяси қызметшілер, судьялар қабылдануы мүмкін.
2018.12.07. № 180-VІ Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде бос лауазымға орналасуы, ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, оның келісімі бойынша ауысу тәртібімен конкурстан тыс негізде немесе конкурстық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.
2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 5-тармақпен толықтырылды
5. Құқық қорғау органының кадр қызметі қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін көрсете отырып жүргізеді.
6. 2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 7-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-1-бап. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс
1. Құқық қорғау қызметіне конкурстық негізде кіру, қатардағы, кіші және орта басшы құрамдар лауазымдарын және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен келісу бойынша және (немесе) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын лауазымдарды қоспағанда, құқық қорғау органдарының бос және уақытша бос лауазымдарына жүзеге асырылады.
2. Конкурстық негізде кіретін кандидаттарды алдын ала зерделеуді құқық қорғау органдарының кадр қызметтері және өзінің (ішкі) қауіпсіздік қызметтері жүзеге асырады.
3. Алдын ала зерделеу құқық қорғау органдарына қызметке қабылданатын кандидаттардың осы Заңның 6 және 10-баптарының талаптарына сай келуін тексеруді қамтиды.
4. Конкурс тиісті санаттағы бос лауазымға орналасуға арналған резервте кандидаттар болмаған жағдайда өткізіледі.
5. Кандидаттарды конкурстық негізде іріктеуді құқық қорғау органы басшысының немесе уәкілетті басшының шешімі бойынша құрылатын құқық қорғау органының конкурстық комиссиясы жүзеге асырады.
6. Құқық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға арналған конкурс мынадай бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
1) конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдардан құжаттар қабылдау;
3) конкурсқа қатысушылардың құжаттарының белгіленген біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау;
4) конкурстық комиссия өткізетін конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу;
5) конкурсқа қатысушыларды медициналық және психофизиологиялық куәландыру;
6) конкурсқа қатысушыларды полиграфологиялық зерттеу;
7) конкурстық комиссияның қорытындысы.
7. Конкурс өткізу туралы хабарландыру құқық қорғау органдарының, сондай-ақ мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.
Егер конкурс құқық қорғау органының уақытша бос лауазымына өткізілсе, бұл шарт конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетіледі.
8. Конкурстық комиссия құқық қорғау органының басшысына немесе уәкілетті басшыға кандидатты бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсыным жасауға құқылы.
9. Конкурстық комиссияның бос лауазымға орналасуға арналған резервке алу туралы ұсынымдары әрбір бос лауазымға үшеуден аспайтын кандидатқа қатысты жасалады.
Кандидаттың бос лауазымға орналасуға арналған резервте болу мерзімі ол алынған күннен бастап бір жылды құрайды.
Кандидаттың ұсынылған лауазымға орналасудан бас тартуы оны бос лауазымға орналасуға арналған резервтен шығару үшін негіз болып табылады.
10. Жарияланған лауазымға тағайындауға конкурстық комиссия ұсынған кандидат міндетті арнаулы тексеруден өтеді.
Міндетті арнаулы тексерудің нәтижелері алынғанға дейін кандидат бос лауазым бойынша көзделетін міндеттерді уақытша атқарады, онымен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес реттеледі.
Міндетті арнаулы тексеру жүргізу кезеңінде кандидатқа осы Заңның қызметкерлердің міндеттері мен жауаптылығы, құқық қорғау қызметінде болуға байланысты шектеулер бөлігіндегі ережелері қолданылады.
Міндетті арнаулы тексерудің оң нәтижелері алынған жағдайда бос лауазым бойынша міндеттерді жүзеге асыру кезеңі құқық қорғау қызметінің өтіліне (еңбек сіңірген жылдарына) есептеледі.
11. Конкурстық комиссияны қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі, конкурс кезеңдерін өткізу мерзімдері, сондай-ақ конкурсқа қатысуға қажетті құжаттардың тізбесі құқық қорғау органдары басшыларының бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 7-2-баппен толықтырылды (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді)
7-2-бап. Құқық қорғау органдарына қызметке конкурстық іріктеуден тыс қабылдау
1. Құқық қорғау қызметіне осы Заңның 7-бабының 3-тармағында және 7-1-бабының 1-тармағында көзделген адамдар құқық қорғау органы басшысының шешімі бойынша конкурстық іріктеуден тыс қабылдануы мүмкін.
2. Конкурстық іріктеуден тыс кіретін кандидаттарды зерделеуді, олардың біліктілік талаптарына және осы Заңның 6-бабының 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкестігін тексеруді құқық қорғау органдарының кадр қызметтері және өзге де бөлімшелері жүзеге асырады.
3. Адамды құқық қорғау органдарына лауазымға конкурстық іріктеуден тыс тағайындау біліктілік талаптарына және осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда жүргізіледі.
8-бап. Құқық қорғау қызметіне қабылдау
2019.27.12. № 292-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау лауазымға тағайындау жолымен, оның iшiнде құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқуға түскен адамдармен келісімшарт жасасу жолымен жүзеге асырылады.
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адамдарды қызметке қабылдау құқық қорғау органдарының кадрына алу арқылы жүзеге асырылады. Лауазымға тағайындау құқық қорғау органының кадрына алынған күннен бастап бір ай ішінде жүргізіледі.
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Құқық қорғау органдарына қызметке қабылдау құқық қорғау органы басшыларының немесе уәкiлеттi басшылардың бұйрықтарымен ресiмделедi. Бұйрық қатардағы және басшы құрамдағы адамдарға қол қойдырып жарияланады.
2015.18.11. № 411-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.
2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қатардағы және басшы құрамдағы лауазымдарға тағайындалған немесе құқық қорғау органдарының кадрына қабылданған әскери мiндеттiлер, құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының курсанттарын қоса алғанда, белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және құқық қорғау органдарының арнайы есебiне қойылады.
9-бап. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау
2013.21.05. № 93-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.13.11. № 398-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында оқуға орта білімi бар, жасы он алтыға толған адамдар қабылдана алады.
Құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Жоғары білімі бар адамдар құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін қабылдануы мүмкін.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына, сондай-ақ бюджет қаражаты есебінен оқу ақысы төлене отырып, құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсетін адамдар білім беру ұйымдарындағы оқу мерзіміне және бір мезгілде білім беру ұйымдарында оқуын аяқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында орта және аға басшы құрамдар лауазымдарында қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасады.
3. Келісімшартта тараптардың (оқуға түсетiн адамның және құқық қорғау органының лауазымды адамының) өзара міндеттемелерi мен жауапкершілiгi белгiленедi және білім беру ұйымын бітіргеннен кейін құқық қорғау органында қызметті одан әрі атқарудың шарттары мен мерзімдері көзделеді. Келісімшарт қабылдау комиссиясының құқық қорғау органының білім беру ұйымына қабылдау туралы шешiмiнен кейiн жасалады. Келісімшарттың нысаны, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерімен айқындалады.
4. Жасы он сегізге толмаған адамдармен келісімшарт жасалған жағдайда, олардың ата-аналарының, бала асырап алушыларының немесе қамқоршыларының келісімі қажет.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Құқық қорғау органдарының жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқуын бітірген қызметкерлер - құқық қорғау органдарында кемінде бес жыл, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламасын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында күндізгі оқу бойынша оқуын бітірген қызметкерлер кемінде үш жыл қызмет өткеруге міндетті.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2015.29.10. № 374-V ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қызметкер құқық қорғау органының білім беру ұйымын аяқтағаннан кейiн құқық қорғау органдарында одан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда, ол өзін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiсті сома келiсiмшарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi қызмет атқарылмаған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.
Осы міндет қызметкер денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде не құқық қорғау органы штаттарының қысқартылуына немесе оның қайта ұйымдастырылуына не таратылуына байланысты басқа лауазымға пайдаланудың, сондай-ақ оны басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда қызметтен босатылған болса, оған қолданылмайды.
2022.11.07. № 136-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2022 ж. 11 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын құқық қорғау органының білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқудың толық курсын бiтiргендер үшін оқыған уақыты мерзімді әскери қызметті өткерумен теңестіріледі. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының, өзге де мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарының түлектері бөлуге сәйкес қызмет өткеруге жіберіледі.
2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Әскерге шақырылу жасына жеткен және үлгерімі төмен болғаны, тәртiп сақтамағаны үшін, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары, сондай-ақ құқық қорғау органдарының жолдамасы бойынша шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарында оқитындар әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерiндегі әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар өздерін оқыту кезеңiнде оқуға, стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай жабдықталымына және каникулдық демалыс кезеңінде оқу орнына бару және кері қайту жолақысы шығыстарына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiсті сома білім беру ұйымдарында болған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi.