Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау
органдарының қызметін және құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілер мен құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., №24, 156-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №12, 184-құжат; 1998 ж., №15, 208-құжат; 1999 ж., №8, 247-құжат; №21, 774-құжат; 2000 ж., №3-4, 66-құжат; №6, 142-құжат; 2001 ж., №20, 257-құжат; 2002 ж., №17, 155-құжат; 2003 ж., №15, 139-құжат; 2004 ж., №23, 142-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №20, 152-құжат; 2008 ж., №15-16, 63-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 121-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №24, 151-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №16, 128-құжат; №19, 145-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; 2014 ж., №16, 90-құжат):
1) 3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы төменгi тұрған прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Республиканың Бас Прокурорына бағынатын органдардың, ведомстволардың, мекемелердiң және білім беру ұйымының бiртұтас орталықтандырылған жүйесiн құрайды.»;
2) 4-бап мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, оның ішінде құқық қорғау органдары басшылығының президенттік резервінде тұрғандардың кәсіби деңгейін арттыруды жүзеге асырады;
14-2) құқық қорғау қызметі саласында ведомствоаралық ғылыми зерттеулерді үйлестіреді және жүргізеді;»;
3) 5-баптың 2-тармағының 3-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1) реттеуші мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесіне;»;
4) 9-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан прокуратура органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін ведомстволар, мекемелер, білім беру ұйымы құрылуы мүмкін.»;
5) 11-бапта:
4), 5-1) және 7-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы прокуратурасы органдарының, ведомстволарының, мекемелерiнiң және білім беру ұйымының барлық қызметкерлерi және жұмыскерлері орындауға мiндеттi, Қазақстан Республикасының прокуратурасын ұйымдастыру және оның қызметiнiң мәселелерi мен материалдық және әлеуметтiк қамсыздандыру шараларын іске асыру тәртiбiн реттейтiн бұйрықтар, нұсқаулар, өкiмдер, ережелер мен нұсқаулықтар шығарады;»;
«5-1) Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының прокуратурасы жанынан ведомстволарды, мекемелерді және білім беру ұйымын құру, қайта ұйымдастыру және тарату, олардың басшыларын лауазымға тағайындау және лауазымынан босату туралы ұсыну енгізеді;»;
«7-1) ведомстволар, мекемелер және білім беру ұйымы басшыларының орынбасарларын, облыстар прокурорларының және оларға теңестiрiлген прокурорлардың орынбасарларын, сондай-ақ, аудандар, қалалар прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;»;
мынадай мазмұндағы 11-2) тармақшамен толықтырылсын:
«11-2) прокуратураның білім беру ұйымына оқуға қабылдаудың тәртібін айқындайды;»;
6) 12-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы реттеуші мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдарға тексерулер жүргізудің жартыжылдық жиынтық кестесін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 желтоқсанына дейінгі және ағымдағы күнтізбелік жылдың 25 мамырына дейінгі мерзімде орналастырады.»;
7) 47-2-баптың 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) шет мемлекеттердің құзыретті мекемелерінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының басқа да құқық қорғау органдарының қатысуымен ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсетуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет мемлекеттердің құзыретті мекемелеріне Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының ұстап беру, қылмыстық қудалау, тергеу әрекеттерін жүргізу, сотталғандарды, мәжбүрлеп емдеуден өткізу үшін психикасының бұзылуынан зардап шегетін адамдарды ауыстыру мәселелері бойынша, қылмыстың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, қылмыскерлерді іздестіруге, жазаларды орындауға бағытталған өзге де іс-қимылдарды орындау бойынша құқықтық көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларын, өтінішхаттарын, өтініштерін жіберуге;»;
8) 47-4-бап алып тасталсын;
9) 52-баптың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) прокуратура органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі;»;
10) 57-баптың 2 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының басшылары, облыстардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар бағынысындағы қызметкерлерге белгiленген үлгiдегi куәлiктердi бередi.
3. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының, оған бағынысты прокуратуралардың және прокуратура ведомстволарының, мекемелерінің және білім беру ұйымының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрлерi, қазынашылық органдарында тиiстi шоттары болады.».
2. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №1, 4-құжат; №19, 145-құжат; 2012 ж., №3, 26-құжат; №5, 41-құжат; №8, 64-құжат; 2013 ж., №7, 34, 36-құжаттар; №14, 75-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №8, 49-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат):
1) 1-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) аттестаттаудан кейінгі дамыту - құқық қорғау органы қызметкерінің аттестаттау нәтижелері бойынша дара кәсіби өзін-өзі даярлауын ұйымдастыру;»;
мынадай мазмұндағы 1-1), 2-1), 3-1), 4-1), 4-2) және 4-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-1) ауыстыру - қызметкердің лауазымдық жағдайы мен функционалдық міндеттерінің өзгеруі;»;
«2-1) басшы лауазым - өзіне бағынысты ұжымның немесе жекелеген қызметкерлердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктер берілген құқық қорғау органының құрылымдық бірлігі;»;
«3-1) бәсекеге қабілеттіліктің көрсеткіші - қызметке кандидаттың және қызметкердің кәсіби құзыреттеріне, сондай-ақ лауазым үшін негізгі көрсеткіштеріне және кәсіби жетістіктері туралы объективті деректеріне негізделген кәсіби әлеуетінің нысандық сандық мәні;»;
«4-1) ведомстволық деректер банкі - құқық қорғау органының қызметке кандидаттар және кадр резервіне қойылған қызметкерлер туралы мәліметтер қамтылатын ақпараттық базасы;
4-2) жас қызметкерлер - құқық қорғау қызметіне алғаш тұрған және қызметке тұрған күнінен бастап бір жыл мерзім бойы оны өткеретін адамдар;
4-3) жас қызметкерлердің бейімделуі - жас қызметкердің кәсіби дағдыларды меңгеру, ұйымдық (корпоративтік) мәдениетке қосылу, құқық қорғау органындағы қызметке бейілділікті қалыптастыру процесі;»;
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) кадр резерві - басшы лауазымдарға тағайындау үшін қажетті кәсіби және жеке басы қасиеттері бар қызметкерлердің белгіленген тәртіппен қалыптастырылған тобы;»;
мынадай мазмұндағы 5-1) және 5-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«5-1) кадрлық болжам - кадрларды дамыту бағыттары және олардың болашақ жай-күйі туралы дәлелді ұсынулар жүйесі;
5-2) кадрлық жоспарлау - кадрларға қажеттілікті жүйелі талдау және құқық қорғау органдарының тиісті лауазымдарында білікті мамандардың қажетті санымен қамтамасыз ету процесі;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) құқық қорғау қызметі - құқық қорғау органдары лауазымдарындағы мемлекеттік қызметтің ерекше түрі, сондай-ақ, осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткеру;»;
мынадай мазмұндағы 7-2), 7-3), 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-2) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуал - құқық қорғау органының алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінумен сипатталатын психологиялық күй;
7-3) құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды әлеуметтік мониторингтеу - құқық қорғау органының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйі туралы ақпарат алуға бағытталған әлеуметтік процестер мен құбылыстарды жүйелі зерделеу;»;
«10-1) қызметтік тергеп-тексеру - қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасауының мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтау мақсатында ол туралы материалдар мен мәліметтерді жинау және тексеру жөніндегі қызмет;
10-2) лауазым бойынша разряд - қызметкерлердің қол жеткізген нәтижелері негізінде айқындалатын және еңбекақысын саралауға әсер ететін кәсіби біліктілік дәрежесі;»;
11), 12) және 12-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) мансаптық өсу - лауазымдық ауыстырылу және кәсіби даму кезеңдеріне сәйкес қызметкерді қызмет бойынша жоғарылату;»;
«12) ротация - қызмет мүддесіне орай кадрлық әлеуетті ұтымды пайдалану мақсатында жүзеге асырылатын, басшылық лауазымдарды атқаратын қызметкерлерді жоспарлы ауыстыру;
12-1) ротацияны жоспарлау - қызметкердің жоспарлы лауазымдық ауыстырылуы және кәсіби дамуы кезеңдерін айқындауға бағдарланған процесс;»;
мынадай мазмұндағы 12-2) және 12-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«12-2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет - мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі органдардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге бағытталған қызметті жүзеге асыратын жедел-тергеу бөлімшелері;
12-3) тәлімгер - жас қызметкер бекітіліп берілген, оның кәсіби даярлығы мен дамуына практикалық көмек көрсететін қызметкер;»;
2) 2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заңда көзделген ерекшеліктермен қоса Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері болып табылады.»;
3) 3-баптағы «, мемлекеттік өртке қарсы қызмет» деген сөздер алып тасталсын;
4) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
«5-1-бап. Кадр қызметі
Кадр қызметі өз құзыреті шегінде:
1) құқық қорғау органының кадрларға қажеттілігін талдайды және жоспарлайды;
2) құқық қорғау органы құрылымдық бөлімшелерінің Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасын орындау жөніндегі қызметін үйлестіреді;
3) аттестаттауды және конкурстық іріктеуді жүргізу, қызмет бойынша жоғарылату, қызметкерлерді тәртіптік жауаптылыққа тарту, қызметкерлерді қызметтен босату рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) құқық қорғау қызметіне кандидаттарды алдын ала зерделеуді және іріктеуді, кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруімен байланысты құжаттарды ресімдейді;
5) құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз етеді;
6) қызметкерлердің тағылымдамасын, тәлімгерлігін, қызметін бағалауды, оқуын, қайта даярлығын (қайта мамандануын) және біліктілігін арттыруды ұйымдастырады, көтермелеулерді қолдану тәртібін әзірлейді;
7) қызметкерлердің дербес деректерін, бағалау, аттестаттау және оқудан өту нәтижелері туралы мәліметтерді есепке алуды жүзеге асырады;
8) құқық қорғау органының бөлімшелерінде қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
9) құқық қорғау органының басшысы бекітетін әдістемеге сәйкес кадрмен қамтамасыз ету және кадр саясаты субъектілерінің жұмыс сапасы нәтижелерін бағалайды;
10) ұйымдық-штаттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 7-бапта:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық қорғау органдарына қызметке (оқуға) қабылданатын кандидаттарды іріктеуді, оларды алдын ала зерделеуді құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын тәртіппен кадр қызметтері жүзеге асырады.
Кадрларға қажеттілікті қанағаттандыру үшін мамандықтардың тізбесін кадрлық жоспарлауды ескере отырып, құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
2. Құқық қорғау органдарына қызметке тұру кандидаттың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіші және оның кәсіби құзыреттерге сай келу дәрежесі ескеріле отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылады. Бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған адамдарды қоспағанда, қызметке кандидаттар тағылымдамадан өтуге міндетті.
Кәсіби құзыреттерді, негізгі көрсеткіштерді және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің есебін айқындау тәртібі мен әдістерін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Конкурстық негізде орналасатын лауазымдар тізбесін, конкурс пен тағылымдама өткізу шарттары мен тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы айқындайды.
Құқық қорғау органдарының орталық аппараттарында, ведомстволарында конкурс өткізу кезінде хабарландырулар құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады. Аумақтық бөлімшелерде конкурс өткізу туралы хабарландырулар құқық қорғау органдарының интернет-ресурстарында, сондай-ақ тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында жарияланады.
Конкурстық іріктеуден өтпеген азаматтарды лауазымға қабылдаған лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тәртіптік жауаптылыққа тартылады.»;
мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын:
«5. Құқық қорғау органының кадр қызметі қызметке кандидаттардың ведомстволық деректер банкін олардың бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткішін көрсете отырып жүргізеді.
6. Ведомстволық деректер банкін қалыптастырудың және онымен жұмыс істеудің тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
6) 9-баптың 6-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Осы міндет қызметкер денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде не құқық қорғау органы штаттарының қысқартылуына немесе оның қайта ұйымдастырылуына не таратылуына байланысты басқа лауазымға пайдаланудың, сондай-ақ оны басқа құқық қорғау органына не арнаулы мемлекеттік органға ауыстыру мүмкін болмаған жағдайларда қызметтен босатылған болса, оған қолданылмайды.»;
7) 12-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Құқық қорғау қызметіне алғаш тұратын адамдар үшiн тиiстi лауазымға тағайындала отырып, үш айға дейін сынақ мерзiмi белгіленеді.
Сәйкестіліктің кезеңдік бақылауының нәтижелері бойынша сынақ мерзімі үш айға дейін ұзартылуы мүмкін.
Прокуратура органдарына қызметке алғаш тұратын адамдар үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры айқындайтын тәртіппен бір жылға дейін сынақ мерзімі белгіленеді.
Жас қызметкерлерді бейімдеу және тәлімгерлікті жүзеге асыру тәртібін құқық қорғау органының басшысы айқындайды.»;
8) 13-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қызметкерлердің уақтылы Ант қабылдауы, қызметкерлердің Ант қабылдауын ұйымдастыру және оның есебін жүргізу құқық қорғау органдары кадр қызметтерінің басшыларына жүктеледі.»;
9) 15-бапта:
1-тармақта:
17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«17) оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметті жүзеге асыруға;»;
мынадай мазмұндағы 18) және19) тармақшалармен толықтырылсын:
«18) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тиісті уақытша ұстау изоляторларын, тергеу изоляторларын пайдалануға;
19) ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүруге құқығы бар.»;
2-тармақтағы «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін» деген сөздер «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Ұсталғандарды және күзетпен қамауға алынған адамдарды айдауылмен алып жүрудің тәртібін құқық қорғау органының басшысы бекітеді.»;
10) 16-баптың 1-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік қызметтің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға;»;
11) 20-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі «мемлекеттік өртке қарсы қызмет қызметкерін» деген сөздер «табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын қызметкерлерді, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерін» деген сөздермен ауыстырылсын;
12) 22-бапта:
3-тармақта:
2) тармақша «, «азаматтық қорғау» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақша алып тасталсын;
7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған (оқуға түскен) кезде, басқа құқық қорғау органынан iссапарға жiберу тәртiбiмен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер бұрынғы қызмет орны бойынша берілген немесе белгіленген өздерiнде бар сыныптық шенмен, арнаулы немесе әскери атақпен, біліктілік сыныбымен лауазымға тағайындалады (оқуға қабылданады), олар кейіннен жаңа қызмет (оқу) орны бойынша берілетін немесе белгіленетін арнаулы атаққа немесе сыныптық шенге теңестіріледі.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Бұрын «ішкі қызмет аға прапорщигі», «өртке қарсы қызмет аға прапорщигі», «ішкі қызмет прапорщигі», «өртке қарсы қызмет прапорщигі», «әділет аға прапорщигі», «әділет прапорщигі» әскери немесе арнаулы атақтары берілген адамдар осы Заңда көзделген негіздер бойынша өз қызметтерін тоқтатқанға дейін осы атақтарда қызметтерін жалғастыруға құқылы.»;
13) 22-1-бапта:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеп-тексерулер қызметінің қызметкерлеріне кезекті біліктілік сыныптары білімі мен еңбек сіңірген жылдары ескеріліп, біліктілік сыныбында белгіленген еңбек сіңіру мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен белгіленеді.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Құқық қорғау органдарында бұрын қызмет өткерген адамдар қызметке қайта қабылданған кезде, басқа құқық қорғау органынан іссапарға жіберу тәртібімен қабылданған адамдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген адамдар, әскери қызметшілер біліктілік сыныбы теңестірілгенге дейін бұрынғы қызмет орны бойынша берілген өздерінде бар сыныптық шенмен, арнаулы немесе әскери атақпен лауазымға тағайындалады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бірінші біліктілік сыныптарын құқық қорғау органының басшысы белгілейді.
Орта және аға басшылық құрамның кезекті біліктілік сыныптарын:
1) 4-санатты біліктілік сыныбына дейін қоса алғанда - уәкілетті басшы;
2) 1-санатты біліктілік сыныбына дейін қоса алғанда - құқық қорғау органының басшысы белгілейді.»;
14) 23-бап мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
«11. Мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерге кезекті арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер білімі мен еңбек сіңірген жылдары ескеріліп, арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңірудің белгіленген мерзімі өткеннен кейін реттілік тәртібімен беріледі.»;
15) 24-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы атақта немесе сыныптық шенде еңбек сіңіру мерзімі қызметкерге тиісті арнаулы немесе әскери атақ, сыныптық шен берілген күннен бастап есептеледі, бұл ретте еңбек сіңіру мерзіміне лауазымдардағы қызметтің нақты уақыты, сондай-ақ осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайларда қызмет өткеруі және қызметкердің бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыста болу кезеңі кіреді.
Қызметкерді кезекті арнаулы атақ немесе сыныптық шен беруге ұсыну негізсіз кешіктірілген жағдайда, тиісті арнаулы атақ немесе сыныптық шен оның алдындағы арнаулы атақта немесе сыныптық шенде болу мерзімі өткеннен кейінгі келесі күннен бастап беріледі.»;
16) 26-баптың 4-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Бұл ретте атқаратын лауазымы бойынша көзделген арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан мерзiмiнен бұрын немесе бiр саты жоғары арнаулы атақтар, сыныптық шендер немесе біліктілік сыныптарын беру (белгілеу) құқық қорғау органындағы қызметiнiң бүкіл кезеңi iшiнде әрбiр негiз бойынша екi реттен артық жүргiзiлмейдi.»;
17) 28 және 29-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«28-бап. Соттың айыптау үкімімен арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру
1. Қызметкерлерге қатысты арнаулы атақтардан, сыныптық шендерден немесе біліктілік сыныптарынан айыру туралы соттың заңды күшiне енген айыптау үкiмiн орындауды:
1) капитанға дейін, 1-сыныпты заңгерді, 4-санатты біліктілік сыныбын қоса алғанда - уәкілетті басшы жүзеге асырады;
2) полковникке дейін, аға кеңесшіні, 1-санатты біліктілік сыныбын қоса алғанда - құқық қорғау органының басшысы жүзеге асырады;
3) жоғары басшы құрамға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан заңсыз айырған жағдайларда, соттың шешіміне сәйкес бұрынғы атағын, біліктілік сыныбын қалпына келтiру туралы бұйрықты құқық қорғау органының басшысы немесе уәкiлеттi басшы шығарады.
3. Арнаулы атақтан, сыныптық шеннен немесе біліктілік сыныбынан заңсыз айырылған кезең қалпына келтiрiлген арнаулы атақта, сыныптық шенде немесе біліктілік сыныпта еңбек сiңiру мерзiмiне кiредi. Арнаулы атағынан, сыныптық шенінен немесе біліктілік сыныбынан заңсыз айырылған адамдарға материалдық залал толық көлемде өтеледi.»;
«29-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналасудың жалпы қағидалары
1. Қатардағы, кiшi, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетiн арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органының басшысы айқындайды.