Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 18-I, 18-II, 92-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат, № 24, 145, 146-құжаттар; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 6-құжат; № 7, 33-құжат; № 8, 44, 45-құжаттар; № 9, 46-құжат; № 10, 50-құжат; № 11, 52-құжат; № 14, 71-құжат, № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында 680-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы»;
2) 32-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери мiндеттiлер, осы Кодекстiң 651, 652, 676, 677, 680, 681-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерi қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тиiстi органдарда қызмет өткеру тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.»;
3) 680-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«680-бап. Мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамауы
Мемлекеттiк органдар, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары басшыларының не жауапты хатшыларының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамдарының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кiнәлi, өздерiне бағынысты адамдарға қатысты өз өкiлеттiктерi шегiнде шаралар қабылдамауы не көрсетiлген шараларды Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын бұза отырып қабылдауы не кiнәлi адамдардың тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттiк кiрiс органдарына тиiстi ақпаратты ұсынбауы -
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.»;
4) 790-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша - тиiсiнше Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттiгi белгiлеген тәртiппен, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде iшкi iстер органдары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет күштеп әкелудi жүргiзедi.»;
5) 804-баптың бірінші бөлігінің 4), 5), 6) және 30) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы баптың 5) және 6) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полициясы органдарының - әскери қызметшiлер, жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған, осы Кодекстің 73, 154, 434, 436, 440 (төртінші және бесінші бөліктері), 444 (бірінші бөлігі), 479, 482, 483, 485 (екінші бөлігі), 488, 506, 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші және бесінші бөліктері), 603 (бірінші және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екінші және үшінші бөліктері), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі), 651, 652, 676, 677-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар туралы, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің (мекемелердің) командирлеріне (бастықтарына) қатысты;
5) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің әскери полициясы органдарының - осы Кодекстiң 590 (төртінші бөлiгi), 596 (үшінші және бесiншi бөлiктерi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшінші бөлiктерi), 613 (бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші бөліктері), 615 (төртінші бөлігі), 621 (үшінші бөлігі)-баптарында көзделген, арнаулы мемлекеттiк органдардың көлiк құралдарын басқаратын адамдар жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 506, 652-баптары бойынша өзге де адамдарға, 676, 677, 680, 681-баптары бойынша әскери бөлімдердің лауазымды адамдарына қатысты;
6) Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери полициясы органдарының - осы Кодекстiң 506, 590 (төртiншi бөлiгi), 596 (үшiншi және бесiншi бөлiктерi), 603 (бiрiншi және екiншi бөлiктерi), 606 (екiншi бөлiгi), 607 (екiншi бөлiгi), 608, 610, 611 (екiншi және үшiншi бөлiктерi), 613 (бiрiншi, екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы және он бiрiншi бөлiктерi), 615 (төртiншi бөлiгi), 621 (үшiншi бөлiгi), 652, 676, 677-баптарында көзделген, әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған құқық бұзушылықтар туралы, сондай-ақ 680, 681-баптары бойынша әскери бөлiмдердiң командирлерiне қатысты;»;
«30) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтiң (154, 158, 173, 174 (екiншi бөлiгi), 357, 462 (үшінші және төртінші бөліктері), 465, 654, 658, 659, 660, 661, 662, 665, 667, 676, 677, 678, 679, 681-баптар);».
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 23-құжат;№ 12, 88-құжат; № 15-16, 100-құжат; № 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 2, 184-құжат; № 11-12, 262-құжат; № 19, 370-құжат; 1997 ж., № 13-14, 205-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 11-12, 176-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 8, 52-құжат; № 10, 123-құжат; 2003 ж., № 15, 138, 139-құжаттар; 2004 ж., № 11-12, 66-құжат; № 16, 91-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 55-құжат; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 4, 24-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 4, 33-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 17, 81-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 116-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 20, 121-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 10, 52-құжат; № 11, 61-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 45-құжат):
1) 20-3-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) осы Заңда және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттер мен шектеулерді сақтамау;»;
2) 20-5-баптың 2, 5, 6 және 7-тармақтары алып тасталсын.
3. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» 2002 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 5, 51-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 9, 49-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 24, 143-құжат; 2013 ж., № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 118-құжат; № 23, 138-құжат):
20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер
Дипломатиялық қызмет персоналы үшiн «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шектеулер белгіленеді.».
4. «Әскери полиция органдары туралы» 2005 жылғы 21 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 5, 4-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 15-16, 73-құжат; 2012 ж., № 4, 32-құжат; 2014 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзырет шегінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау;»;
2) 8-бап мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:
«18-1) әскери бөлімдер мен әскери мекемелерде әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеруге;».
5. «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 1, 4-құжат; № 19, 145-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; 2013 ж., № 7, 34, 36-құжаттар; № 14, 75-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат):
1) 1-баптың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) тәртіптік теріс қылық - қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлі атқармауы немесе тиісінше атқармауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік және еңбек тәртібін бұзуы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебі қағидаларын) не ар-намыс кодекстерін (құқық қорғау органдарында қолданыстағы қызмет әдебі қағидаларын) бұзуы, сол сияқты құқық қорғау қызметінде болуға байланысты белгіленген шектеулерді сақтамауы;»;
2) 6-бапта:
2-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қызметкер құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаудан бас тартқан;»;
4) тармақша алып тасталсын;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Азамат және оның жұбайы (зайыбы) құқық қорғау қызметіне тұрған кезде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына ұсынуға мiндеттi.»;
3) 8-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды.»;
4) 16-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға;»;
5) 34-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қызметкер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған жағдайларда, ол кадр резервінен шығарылады. Қызметкер өзін кадр резервінен шығару туралы шешіммен келіспесе, ол бұл шешімге жоғары тұрған лауазымды адамдарға және (немесе) сотқа шағымдануға құқылы.»;
6) 57-баптың 13-тармағы алып тасталсын.
6. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; 2015 жылғы 29 қазанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 27 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
216-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Арнаулы мемлекеттiк қордағы мүлікті өткізу «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескеріле отырып жүргiзiледi.».
7. «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 4, 31-құжат; 2013 ж., № 2, 10-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 14, 84-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; № 15, 78-құжат):
1) 7-бапта:
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердi қабылдаудан бас тартқан;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Арнаулы мемлекеттік органға қызметке тұрған кезде адам және оның отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен үнемі бірге тұратын адамдар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кірістері мен мүлкi туралы декларацияны тапсырғандары туралы мәліметтер ұсынуға мiндеттi.»;
2) 8-баптың 13-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке кіретін адамдар қызметкердің қызметте болуына байланысты заңда белгіленген шектеулерді және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.»;
3) 51-баптың 14-тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған жағдайларда жүргізіледі.»;
4) 68-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жаза терiс қылық анықталған күннен бастап бiр айдан кешіктірілмей және оны жасаған күннен бастап алты айдан кешiктiрiлмей қолданылады.
Қылмыстық iс тоқтатылған жағдайларда, бiрақ қызметкердің әрекеттерiнде тәртiптiк терiс қылық, әкімшілік құқық бұзушылық белгiлерi болған кезде, жаза қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей қолданылады.».
2-бап. Осы Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы қарашаның 18-і.
№ 411-V