ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және
жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
(2023.01.01. берілген өзгерістермен)
Осы Заңды іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 33-ө өкімін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2011 жылғы 26 желтоқсандағы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 22, 174-құжат; 2012 ж., № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 13-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 6, 28-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 122-құжат; № 22, 128-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-VII, 115-құжат; № 22-ІІ, 145-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 8-ІІ, 67-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; 2019 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 25 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) мазмұнында:
14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-тарау. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу»;
мынадай мазмұндағы 112-1 және 114-1-баптардың тақырыптарымен толықтырылсын:
«112-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі»;
«114-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымының құқықтары мен міндеттері»;
2) 1-баптың 1-тармағында:
3), 17-1) және 17-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«3) аккредиттеу - Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының бала асырап алу жөніндегі агенттіктердің және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың өз қызметін жүзеге асыру құқығын ресми тануы;»;
«17-1) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым - осы Кодексте белгіленген құзыретіне сәйкес жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, балаларды тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына тәрбиелеуге орналастыруға жәрдемдесуді өтеусіз негізде Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын және осы Кодексте белгіленген тәртіппен осындай қызметті жүзеге асыру үшін аккредиттелген коммерциялық емес ұйым;
17-2) Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі - Республикалық деректер банкі) - жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтер қамтылатын дерекқор;»;
мынадай мазмұндағы 17-3) тармақшамен толықтырылсын:
«17-3) көпбалалы отбасы - құрамында бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;»;
1-тармақтың 3) тармақшасы 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
3) 85-баптың 1-тармағы:
«анықтамалар» деген сөзден кейін «, психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Кодекске сәйкес өтеусіз негізде психологиялық даярлық алуға құқығы бар.»;
4) 91-бапта:
1-тармақтың 4) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
2-тармақ 14) тармақшасындағы «қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.» деген сөздер «(өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
«15) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, осы баптың 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар бала асырап алушылар болуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлауды жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары көрсетілген ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.»;
5) 102-баптың 2-тармағы «судьялар,» деген сөзден кейін «жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың қызметкерлері,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 14-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«14-тарау. Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу»;
7) 111-бапта:
1-тармақтағы «Аккредиттеу» деген сөз «Құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылатын, аккредиттеу» деген сөздермен ауыстырылып, «аккредиттеуге жатады олардың құрылтайшылары агенттік орналасқан мемлекеттің азаматтары болып табылады» деген сөздер «, сондай-ақ құрылтайшылары Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, аккредиттеу туралы өтініш берген кезде жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті кемінде бес жыл жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйымдар аккредиттеуге жатады» деген сөздермен ауыстырылсын;
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органдардың, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың жұмыскерлері, олардың жұбайларын (зайыптарын) және жақын туыстарын қоса алғанда, сондай-ақ адам өлтіргені, денсаулыққа қасақана зиян келтіргені, халық денсаулығына және имандылыққа, жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін, экстремистік немесе террористік қылмыстары, адам саудасы үшін сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдар (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда) агенттік филиалының және (немесе) өкілдігінің қызметкерлері, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметкерлері бола алмайды.
4. Агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы бекітеді.»;
8) мынадай мазмұндағы 112-1-баппен толықтырылсын:
«112-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарға аккредиттеу жүргізу тәртібі
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу, оның ішінде аккредиттеуден бас тарту туралы мәселені Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы қарайды.
2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында айқындалған құжаттарды қоса бере отырып, өтініш береді.
3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы шешімді немесе аккредиттеуден бас тартылған жағдайда оны негіздей отырып, аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылданған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы береді.
4. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдар ұзарту құқығымен бір жыл мерзімге аккредиттеледі. Аккредиттеу туралы шешім иеліктен шығарылмайтын болып табылады және басқа тұлғаларға берілуге жатпайды.
5. Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын:
1) осы Кодекстің нормалары сақталмаған;
2) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және (немесе) өзге де мемлекеттік органдарға келіп түскен, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қызметіне негізді шағымдар болған жағдайда тоқтата тұрады.
6. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымды аккредиттеуден, аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тартуға, аккредиттеуден айыруға (оны кері қайтарып алуға):
1) ұсынылған құжаттардың агенттіктерді және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
2) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның өз қызметі туралы анық емес мәліметтер ұсынуы;
3) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзуы;
4) аккредиттеу туралы шешімнің қолданысын тоқтата тұруға алып келген бұзушылықтардың бір ай ішінде жойылмауы;
5) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым қызметінің тоқтатылуы негіз болып табылады.
7. Жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, аккредиттеуден бас тарту туралы шешім алған коммерциялық емес ұйым алты ай өткен соң Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына қайтадан өтініш жасауға құқылы.»;
9) 14-тарау мынадай мазмұндағы 114-1-баппен толықтырылсын:
«114-1-бап. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның құқықтары мен міндеттері
1. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындаған көлемде жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ақпаратты олардың заңды өкілдерінің келісуімен алуға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге (асырап алуға, қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа, қабылдаушы отбасыға) қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын іріктеуді жүзеге асыруға;
3) жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған барлық типтегі (білім беру, медициналық және басқа да) ұйымдар тәрбиеленушілерін отбасыға орналастыруға жәрдем көрсету үшін олардың ата-ана қамқорлығынан айырылуының нақты мән-жайларын айқындауға;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
2. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) бала асырап алу құпиясын сақтауға;
2) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын писхологиялық даярлауды жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымның қаражаты есебінен жүзеге асыруға;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген және қабылдаған азаматтарға құқықтық көмек көрсетуге, психологиялық және психологиялық-педагогикалық консультация беруге;
4) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйым отбасыға тәрбиелеуге орналастырған баланың қайтыс болу, оған қатыгездікпен қарау, оның ішінде балаға физикалық немесе психологиялық зорлық-зомбылықты жасау, сондай-ақ баланың жыныстық тиіспеушілігіне қол сұғу фактісі анықталған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына хабарлауға;
5) Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органына өзінің қызметі туралы тоқсан сайынғы есепті ұсынуға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге міндеттерді сақтауға міндетті.»;
10) 115-баптың 3-тармағының екінші бөлігі «агенттіктердің» деген сөзден кейін «және жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдем көрсету жөніндегі ұйымдардың» деген сөздермен толықтырылсын;
11) 118-1-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары және Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қорғау жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.»;
1-тармақтың 12) тармақшасы 2020 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді
12) 122-баптың 1-тармағы 12) тармақшасындағы «қоспағанда (Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде өздеріне қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылған адамдарды қоспағанда), кәмелетке толған адамдар ғана қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады.» деген сөздер «(өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшалары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 13) тармақшамен толықтырылсын:
«13) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, осы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтарын (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда, кәмелетке толған адамдар ғана қорғаншылар немесе қамқоршылар бола алады.».
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 13-І, 13-ІІ, 83-құжат; № 21, 122-құжат; 2015 ж., № 16, 79-құжат; № 21-ІІІ, 137-құжат; № 22-І, 140-құжат; № 22-ІІІ, 149-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VІ, 159-құжат; 2016 ж., № 7-ІІ, 55-құжат; № 8-ІІ, 67-құжат; № 12, 87-құжат; № 23, 118-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 21-құжат; № 14, 50-құжат; № 16, 56-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат; № 23-ІІІ, 111-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 1, 2-құжат; № 14, 44-құжат; № 15, 46-құжат; № 16, 56-құжат; № 23, 88, 91-құжаттар; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 45-құжат; № 15-16, 67-құжат; № 19-20, 86-құжат):
1) мазмұнында:
69-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«69-бап. Кепiлгерлік белгілей отырып, жазадан босату»;
мынадай мазмұндағы 188-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«188-1-бап. Мал ұрлау»;
203 және 296-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«203-бап. Ерекше құндылығы бар заттарды қасақана жою, әкету немесе бүлдіру»;
«296-бап. Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу»;
мынадай мазмұндағы 299-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«299-1-бап. Есірткі, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау»;
301-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«301-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді немесе улы заттарды дайындау немесе қайта өңдеу үшін пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы»;
мынадай мазмұндағы 345-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«345-1-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы»;
346 және 380-1-баптардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
«346-бап. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру»;
«380-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектордың, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторының, қорықшының өміріне қолсұғушылық»;
мынадай мазмұндағы 380-2-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
«380-2-бап. Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану»;
423-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«423-бап. Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету»;
2) 3-бапта:
3) тармақта:
«188,» деген цифрлардан кейін «188-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«202 және 204» деген сөздер «202, 204 және 425» деген сөздермен ауыстырылсын;
28) тармақтағы «жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан асатын ұйымда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингте, ұлттық холдингте, ұлттық компанияда, ұлттық даму институтында, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымға тиесілі заңды тұлғада» деген сөздер «квазимемлекеттік сектор субъектісінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақпен толықтырылсын:
«28-1) ресми құжат - жеке немесе заңды тұлға жасаған, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген және куәландырылған құжат;»;
29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«29) сыбайлас жемқорлық қылмыстар - осы Кодекстің 189 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 190 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 218 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 234 (үшінші бөлігінің 1) тармағында), 249 (үшінші бөлігінің 2) тармағында), 361, 362 (төртінші бөлігінің 3) тармағында), 364, 365, 366, 367, 368, 369, 370, 450, 451 (екінші бөлігінің 2) тармағында) және 452-баптарында көзделген іс-әрекеттер;»;
38) тармақта:
«188,» деген цифрлардан кейін «188-1,» деген цифрлармен толықтырылсын;
«202 және 204» деген сөздер «202, 204 және 425» деген сөздермен ауыстырылсын;
«(екінші бөлігі) және 239 (үшінші бөлігі)-баптарда» деген сөздер «(екінші бөлігі)-баптарда» деген сөздермен ауыстырылсын;