6-бап. Мәслихаттардың құзыретi
1. Мәслихаттардың құзыретiне:
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) тиісті аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті және олардың атқарылуы туралы есептерді бекіту, соның ішінде қаладағы аудан әкімдері (қаладағы әрбір аудан бойынша жеке-жеке) іске асыратын бюджеттік бағдарламаларды бекіту;
2) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2021 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың базалық құрылымдары негізінде қалыптастырылған әкімшілік-аумақтық бірлікті басқару схемасын әкімнің ұсынуы бойынша бекіту;
4) өздерiнің қарауына жатқызылған әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелерін шешу;
4-1) жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту;
2015.28.10. № 366-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-2) тармақша жаңа редакцияда
4-2) қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту;
2019.27.12. № 291-VІ ҚР Заңымен 4-3) тармақшамен толықтырылды; 2023.02.01. № 184-VІІ ҚР Заңымен 4-3) тармақша өзгертілді (2023 ж. 7 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-3) жасыл екпелерді жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын бекіту;
2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 4-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
4-4) денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсететін ұйымдарды дамыту мен олардың жұмыс істеуіне бағытталған іс-шараларды бекіту;
5) әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының шешiмімен тиісті Әкімдіктің дербес құрамын келісу;
5-1) 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
6) атқарушы органдар басшыларының есептерін қарау және тиісті органдарға мәслихат шешімдерін орындамағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдарды жауапқа тарту туралы ұсыныстар енгізу;
6-1) 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
7) 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2018.29.06. № 163-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7-1) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамалық актісіне сәйкес аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін жасырын немесе ашық дауыс беруді өткізу жолымен сайлау;
8) 2012.27.04. № 15-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;
9-1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебін қарау;
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 9-2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
9-2) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерін тексеру комиссиялары жұмыстарының жоспарына енгізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларына ұсыныстар енгізу;
10) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құру, олардың қызметі туралы есептерді тыңдау, мәслихаттың жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелерді шешу;
2021.03.01. № 406-VІ ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды
10-1) Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
11) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
12) әкімнің ұсынуы бойынша ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту;
12-1) әкімнің ұсынысы бойынша «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру;
12-2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігі әзірлеген және ұсынған «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту;
12-3) облыстың (қаланың, ауданның) Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені әзірлеу және бекіту;
13) Қазақстан Республикасының жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын реттеуді жүзеге асыру;
14) азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру жатады.
2008.24.12. № 111-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттарының құзыретіне сонымен бірге облыстың аудандық жоспарлану схемасын, облыс орталығын, республикалық маңызы бар қаланы және астананы салудың бас жоспары жобасын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгізу, әкімшілік аудандардың аудандық жоспарлануы жобаларын, облыстық (облыс орталықтарынан басқа) және аудандық маңызы бар қалаларды салудың бас жоспарларын бекіту және медицина қызметкерлерін қоса алғанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын жекелеген азаматтар санаттарын Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау жатады.
2015.12.11. № 393-V ҚР Заңымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-1. Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының құзыретіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиясының төрағасы мен мүшелерін бес жылға лауазымға тағайындау, сондай-ақ оларды лауазымнан босату жатады.
2019.28.10. № 268-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 98-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-2-тармақ өзгертілді
2-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретiне жануарларды асырау қағидаларын, елді мекендерде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын, ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын, үй жануарларын ұстау және серуендету қағидаларын, жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларын, сондай-ақ бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық белгiленген өзге де қағидаларды бекiту жатады.
2013.08.01. № 64-V ҚР Заңымен 2-3-тармақпен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2020.07.07. № 361-VI ҚР Заңымен 2-3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2-3. Аудан (облыстық маңызы бар қала), республикалық маңызы бар қала, астана мәслихаттарының құзыретіне әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау, денсаулық сақтау саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларының және жеңілдіктердің, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ең төмен кепілдік берілген көлемді айқындау қағидаларын бекіту жатады.
2-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттарының құзыретіне жануарлар асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жатады.
2015.02.11. № 387-V ҚР Заңымен 2-5-тармақпен толықтырылды
2-5. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, облыстық маңызы бар қалалар мәслихаттарының құзыретіне жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестерін құру туралы шешім қабылдау, олардың құрамын және жергілікті өзін-өзі басқарудың аумақтық кеңестері туралы ережелерді бекіту жатады.
2016.22.12. № 28-VI ҚР Заңымен 2-6-тармақпен толықтырылды
2-6. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретiне облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту жатады.
2017.11.07. № 90-VI ҚР Заңымен 2-7-тармақпен толықтырылды (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2018 ж. 1 қаңтардан бастап; халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-7. Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының құзыретіне аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетін және олардың атқарылуы туралы есепті бекіту жатады.
2019.08.01. № 215-VІ ҚР Заңымен 2-8-тармақпен толықтырылды
2-8. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана мәслихаттарының құзыретіне жерлеу және қабірлерді қарап-күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларын бекіту жатады.
2019.03.04. № 243-VI ҚР Заңымен 2-9-тармақпен толықтырылды
2-9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мәслихаттарының құзыретіне тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жатады.
2021.30.04. № 34-VII ҚР Заңымен 2-10-тармақпен толықтырылды (2022 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-10. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту жатады.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-11-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
2-11. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты мемлекеттік саяси қызметші болып табылатын сайланған әкімнің отставкасын қабылдау немесе отставкасын қабылдаудан уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Отставканы қабылдау немесе отставканы қабылдаудан бас тарту туралы шешім мемлекеттік саяси қызметші болып табылатын сайланған әкімнің жеке жазбаша өтініші берілген күннен бастап бір ай мерзімде қабылданады.
Отставка қабылданған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының тиісті шешімінің көшірмесі аумақтық сайлау комиссиясына жіберіледі.
2023.15.03. № 207-VІІ ҚР Заңымен 2-12-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
2-12. Облыс мәслихатының құзыретіне аумағында жұмыс берушілер жалға берілетін тұрғынжайлар салуды жоспарлайтын ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің тізімін бекіту жатады.
2023.20.04. № 226-VІІ ҚР Заңымен 2-13-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-13. Республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретіне арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемінен тыс ұсынудың тізбесі мен тәртібін бекіту жатады.
3. Аудандық мәслихаттардың құзыретіне сонымен бірге тиісті ауданның аумағында орналасқан қалалар, кенттер мен ауылдар салудың бас жоспарларын бекіту, аудандық маңызы бар қала, ауылдық округ, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кент пен ауыл әкімінің атқарылған жұмысы туралы есебін қарау және аудан әкіміне тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімін тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізу жатады.
3-1. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты облыстың тексеру комиссиясынан тиісті аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы ақпарат сұратуға құқылы.
4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мәслихаттары тиiстi Әкімдіктердің ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қарыз алу туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
2021.02.01. № 401-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
5. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары коммуналдық қалдықтарды (тұрмыстық қатты қалдықтарды, кәріздік тазарту құрылысжайларының тұнбасын) көмгені, жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны, орман пайдаланғаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы мөлшерлемелерін бекітеді.
2018.28.12. № 210-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
6. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте ядролық қондырғылар мен объектілерді салуға келісім беру туралы мәселені қарайды.
7. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың барлық мәслихаттары атынан өкілдік ететін депутаттар болып табылатын таңдаушылардың бірлескен отырысында сайланған Парламент Сенаты депутаттарының өкілеттігі таңдаушылардың шешімі бойынша мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен 7-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
7-бап. Мәслихаттың актілері
1. Мәслихаттың өз құзыретіндегі мәселелер бойынша шығаратын шешiмдерi мәслихаттың актілері болып табылады.
2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiстерiн қысқартуды немесе жергiлiктi бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы болған жағдайда ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
3. Мәслихаттың өз құзыретi шегiнде және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте ресми жариялануға тиiс және ол тиiстi аумақта орындалуға мiндеттi.
2015.02.11. № 384-V ҚР Заңымен (2016 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2016.06.04. № 481-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.12.03. № 15-VІІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Мәслихаттың азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты шешімдерді қабылдауы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады.
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
5. Мәслихаттардың Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына сәйкес келмейтiн шешiмдерiн мәслихаттың өзiнiң жоюы не сот тәртібімен жойылады.
ҚР 11.05.04 ж. № 552-II Заңымен (бұр. ред. қара) (күшіне енетін мерзімін қара); 2009.09.02 № 126-ІV ҚР Заңымен ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.21.07. № 465-ІV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 8-бап өзгертілді
8-бап. Мәслихат жұмысын ұйымдастыру
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Мәслихат өз өкiлеттiгiн сессияларда мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдары, депутаттары мен төрағасы арқылы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асырады.
1-1. Мәслихаттар жылына кемінде бір рет халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы, оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есеп береді. Мәслихат депутаттары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес халық алдында жауапты болады.
2. Мәслихат қызметiнiң негiзгi нысаны сессия болып табылады, онда мәслихаттың қарауына заңдармен жатқызылған мәселелер шешiледi.
Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi сессияға қатысса, мәслихат сессиясы заңды болады.
3. Мәслихат:
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) мәслихат төрағасын сайлайды және лауазымынан босатады және оның есептерiн тыңдайды;
2) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарын құрады, олардың төрағаларын сайлайды және қызметiнен босатады, олардың жұмысы туралы есептi тыңдайды;
3) мәслихаттың қызметiн қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген адам саны мен қаражат лимитi шегiнде мәслихат аппаратының құрылымын бекiтедi және оны ұстауға әрi материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге арналған шығыстарды айқындайды. Мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшiлерiнiң штат саны лимитi тиiстi мәслихат депутаттарының саны негiзге алынып, бес депутатқа бір қызметкер қатынасында, бірақ бес адамнан кем емес болып белгiленедi;
5) мәслихаттың регламентiн бекiтедi;
6) депутаттардың сауалдарын қарайды және олар бойынша шешiмдер қабылдайды;
7) өз жұмысын ұйымдастыру жөнiнде өзге де шешiмдер қабылдайды.
2006.04.11. № 186-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 101-V ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
9-бап. Мәслихат регламенті
Мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелер енгiзу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептер беру, депутаттардың сауалдарын қарау тәртiбi, мәслихаттағы депутаттық бiрлестiктердiң өкiлеттiктерi, қызметiн ұйымдастыру, сондай-ақ дауыс беру тәртiбi, аппарат жұмысын ұйымдастыру және басқа да рәсiмдiк пен ұйымдастырушылық мәселелер мәслихаттың сессиясында бекiтiлетiн оның регламентiнде айқындалады.
Мәслихаттардың үлгі регламентін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
10-бап. Мәслихат сессиясын шақыру тәртібі
1. Жаңадан сайланған мәслихаттың бiрiншi сессиясын осы мәслихат үшiн белгiленген депутаттар санының кемiнде төрттен үшi болған ретте, мәслихат депутаттары тiркелген күннен бастап отыз күн мерзiмнен кешiктiрмей, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы шақырады.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мәслихаттың кезектi сессиясы жылына төрт реттен сиретпей шақырылады және оны мәслихат төрағасы жүргiзедi. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын осы мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемiнде үштен бiрiнiң, сондай-ақ әкiмнiң ұсынысы бойынша мәслихат төрағасы шақырады және жүргiзедi. Кезектен тыс сессия кезектен тыс сессияны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешiктiрiлмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негiз болған мәселелер ғана қаралуы мүмкiн.
2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Мәслихат төрағасы мәслихат сессиясын шақыру уақыты мен өткiзiлетiн орны туралы, сондай-ақ сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер туралы депутаттарға, халыққа және әкiмге - сессияға кемiнде он күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн бұрын хабарлайды. Мәслихат төрағасы сессияның қарауына енгiзiлетiн мәселелер бойынша қажеттi материалдарды депутаттарға және әкiмге - сессияға кемiнде бес күн қалғанда, ал кезектен тыс сессия шақырылған жағдайда кемiнде үш күн қалғанда табыс етедi.
11-бап. Мәслихат сессиясын өткізу тәртібі
1. Мәслихат сессиясы жалпы отырыс нысанында өткiзiледi.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2. Мәслихаттың бiрiншi сессиясын тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ашады және мәслихат төрағасы сайланғанға дейін жүргiзедi. Одан әрi мәслихат сессиясын мәслихат төрағасы жүргізеді.
3. Егер мәслихат депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсi мәслихат сессиясына қатысса, ол заңды болады.
Шешiмдер мәслихат депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады.
4. Сессия жұмысында мәслихат шешiмi бойынша мәслихат белгiлеген он бес күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмге үзiлiс жасалуы мүмкiн.
5. Сессияның ұзақтығын мәслихат белгiлейдi.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Мәслихат сессиялары, әдетте, ашық сипатта болады. Жабық сессиялар өткiзуге, егер қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшiлiгi осы үшiн дауыс берсе, мәслихат төрағасының немесе мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттар санының үштен бiрiнiң ұсынысы бойынша қабылданатын мәслихат шешiмiмен жол беріледi.
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Мәслихат төрағасының шақыруы бойынша жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдары мәслихаттың қарауына жататын мәселелер бойынша ақпарат беру үшiн мәслихат сессиясына келуге мiндеттi.
12-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларын ұйымдастыру және олардың қызметi
1. Мәслихат өз өкiлеттiгi мерзiмiне тұрақты комиссиялар құрады. Олардың саны жетеуден аспауға тиiс. Қажет болған жағдайда, мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады.
2. Тұрақты комиссиялардың тiзбесi мен сан құрамын мәслихат белгiлейдi. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерiн өз депутаттары арасынан тиiстi мәслихат сайлайды.
3. Тұрақты комиссиялар өздерiн сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемiнде бiр рет өз қызметi туралы есеп бередi.
13-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссияларындағы көпшiлiктiк тыңдаулар
1. Тұрақты комиссиялар өз бастамасы бойынша немесе мәслихат шешiмi бойынша көпшiлiктiк тыңдаулар өткiзе алады.
2. Көпшiлiктiк тыңдаулар депутаттардың, атқарушы органдар, өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары өкiлдерiнiң, азаматтардың қатысуымен осы комиссиялардың кеңейтiлген отырыстары түрiнде тұрақты комиссияның қарауына жататын мейлiнше маңызды және қоғамдық мәнi бар мәселелердi талқылау мақсатында өткiзiледi.
3. Тұрақты комитеттерде көпшiлiктiк тыңдаулар өткізу тәртібі мәслихат регламентiнде белгiленедi.
14-бап. Мәслихат тұрақты комиссияларының қызметi мен өкiлеттiгi
1. Тұрақты комиссиялар:
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.05.11. № 157-VII ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) осы мәслихат сессиясының күн тәртiбi бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат төрағасына ұсыныстар енгiзуге;
2) өздерiнiң құзырына жататын әрi мәслихат сессиясының қарауына енгiзiлген мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
3) өздерiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;
4) өз құзыретi шегiнде сессияда жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн тыңдау туралы мәслихатқа ұсыныс енгізуге;
2011.10.01. № 383-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
5) комиссияның жұмысына мәслихаттың басқа да депутаттарын, сондай-ақ мемлекеттік органдар, ұйымдар, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары өкiлдерiн және азаматтарды тартуға құқылы.
2. Әкімдік, орталық мемлекеттік органдардың жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын аумақтық бөлімшелерінің, атқарушы органдардың лауазымды адамдары, ұйымдар белгiленген тәртiпте тұрақты комиссияларға олардың құзыретіндегі мәселелер бойынша қажеттi ақпарат беруге мiндеттi.
3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қаулылар қабылдайды.
15-бап. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары жұмысының және қаулылар қабылдауының тәртібі
2021.30.06. № 60-VII ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттiлiгiне қарай шақырылады және мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы болған кезде заңды болып есептеледi.