4) 9-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мақта қауіпсіздігі мен сапасы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
5) 29-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
6) 32-баптың 3-тармағы екінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын.
75. «Экспорттық бақылау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №16, 132-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 56-құжат; №20-IV, 113-құжат;):
12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын мемлекеттік бақылау
Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
76. «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №17, 133-құжат; 2009 ж., №18, 86-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 16-құжат; 2013 ж., №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №22-VІІ, 161-құжат; 2016 ж., №8-ІІ, 70-құжат):
6-баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру, үйлестіру және жүзеге асыру;»;
6) және 7) тармақшалар алып тасталсын.
77. «Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №17, 137-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат):
1) 6-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
1. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды уәкілетті органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
78. «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №17, 138-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; 2014 ж., №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат):
6-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ойыншықтардың қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
79. «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №18, 142-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; №24, 126-құжат; 2009 ж., №2-3, 16-құжат; №8, 41-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №7, 28-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №10, 77-құжат; №14, 95-құжат; №20, 121-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №5-6, 30-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №16, 79-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):
1) 1-бапта:
27) және 28) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«27) тіркеуші орган - жылжымайтын мүліктің орналасқан жері бойынша мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
28) уәкілетті орган - жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;»;
28-1) тармақша алып тасталсын;
2) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу кепілдігі
1. Мемлекет жылжымайтын мүлікке қатысты тіркелген құқықтар мен шектеулер туралы берілген ақпараттың анықтығына кепілдік береді.
2. Тіркеу тәртібін бұзудан, тіркеу деректерін бұрыс енгізуден, ақпарат беруден, ақпарат мазмұнын бұрмалаудан келтірілген залалдар сот тәртібімен өтелуге жатады.»;
3) 10-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«10-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау үшін тіркеуші орган өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.»;
4) 18-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке ғимараттардың, құрылысжайлардың және (немесе) олардың құрамдастарының сәйкестендіру мен техникалық мәліметтерін енгізу және ғимараттарды, құрылысжайларды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатқызылады және оны жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріндегі тіркеуші орган жүзеге асырады.»;
3-тармақта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүзеге асырылмайды және техникалық паспорт ресімделмейді.»;
екінші бөліктегі «Мемлекеттік корпорация» деген сөздер «тіркеуші орган» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөліктегі «Мемлекеттік корпорацияға» деген сөздер «тіркеуші органға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақ алып тасталсын;
5) 18-1-бапта:
1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
2) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптарды және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) тармақша алып тасталсын;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;»;
6) мынадай мазмұндағы 18-2 және 18-3-баптармен толықтырылсын:
«18-2-бап. Тіркеуші органның құзыреті
Тіркеуші орган:
1) құқықтық кадастрды қолдауға қойылатын талаптардың және құқықтық кадастрға қол жеткізу қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
2) уәкілетті органға қағидаларға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы статистикалық және өзге де есептік ақпаратты береді;
3) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы Заңның 9-бабының 1-тармағында белгіленген мерзімдерді бұзу фактілерін анықтайды және уәкілетті органды бұл жөнінде мемлекеттік тіркеу жүргізілетін кезге дейін хабардар етеді;
4) құқықтық кадастрға мәліметтерді енгізудің анықтығын қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
18-3-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органның қызметін мемлекеттік бақылау
1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші органның қызметіне мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік бақылау жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы тіркеуші орган қызметінің:
1) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу;
2) құқықтық кадастрды жүргізу;
3) көрсетілетін қызметті алушылардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу мерзімдерін бұзу фактілерін анықтау және уәкілетті органды бұл жөнінде хабардар ету жөніндегі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан жүзеге асырылады.
3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық анықталған жағдайда, уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері тіркеуші органға бұзушылықтарды жою туралы ұсыну жібереді. Бұзушылық белгіленген мерзімде жойылмаған кезде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықты жоюға мәжбүрлеу туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқылы.»;
7) 20-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін:
құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;
жылжымайтын мүлікті сатып алушыға:
құқық белгілейтін құжаттың бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмірі туралы;
уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша, орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілеген жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін төленетін ақы сомасы туралы немесе ақы төлеуден босату туралы хабарлайды;
жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне:
мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларына - олар болған кезде;
тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;
2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасында көзделген кез келген тәсілмен «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеу үшін соманы төлейді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлемнің бірегей коды, төлем алушының атауы, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, ақы сомасы, ақының төленген күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі;
3) тіркеуші орган:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған кезде ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген ақының толықтығын және электрондық чекте және құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгені немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау болған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген әрекеттерді жүзеге асырады;
осы Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ олар болған кезде мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жібереді;
тіркеу ісінде сақтау үшін құқық белгілейтін құжатты, тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақының төленгенін растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.»;
8) 21-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) өзінің жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге және мынадай құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс. Жер учаскесіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) тіркеген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады. Жылжымайтын мүлік кепілі шарттары бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға берген кезде құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шарт (активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарт) ұсынылады;
3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс.»;
9) 22-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Бір құқық белгілейтін құжат екі немесе одан көп мемлекеттік тіркеу объектісін қамтыған жағдайларда, өтініш беруші өтініште барлық тіркеу объектілерін көрсетуі қажет немесе мүдделі тұлғалар әрбір мемлекеттік тіркеу объектісін тіркеуге жекелеген өтініштер беруге тиіс.
Құқық белгілейтін құжатта бірнеше мемлекеттік тіркеу объектісі болған кезде өтініште біреуі ғана көрсетілетін жағдайларда, тіркеуші орган өтініш берушіге басқа да тіркеу объектілерін мемлекеттік тіркеу және бұл үшін тиісті ақы енгізу қажеттігін көрсетуге құқылы.»;
10) 23-бапта:
1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1-1. Электрондық тiркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн ақының төленгенi немесе ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түскен күннен кейiнгi бір жұмыс күнінен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.»;
мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Осы баптың 1-1 және 2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, нотариат куәландырмаған мәміленің жылжымайтын мүлікке құқықтарын мемлекеттік тіркеу өтініш тіркеуші органға келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.»;
3-тармақ алып тасталсын;
11) 25-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жасалмайды. Өтініш берушінің талабы бойынша тіркеуге құжаттар қабылдауды жүзеге асыратын орган бас тарту себептерін көрсете отырып, хабарлама береді. Мұндай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сақтауға жатады.
Тіркеуге құжаттар қабылдаудан бас тартуға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.»;
12) 27-баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы толық төленбеген кезде;
7) егер құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін ақы төленгені туралы немесе тұлғаның ақы төлеуден босатылғаны туралы растау келіп түспесе, тоқтатыла тұрады.»;
13) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
«1-2) құрылыс объектілерінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі туралы жергілікті атқарушы органдардың сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдарынан түсетін тиісті ақпарат негізінде;»;
14) 58-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Бастапқы және кейінгі объектілерге бұрын туындаған құқықтарды есептік тіркеуді жүзеге асыру кезінде тіркеуші орган құқық иеленушіден жылжымайтын мүлік объектісіне жаңа техникалық паспорт ұсынуды талап етуге құқылы емес. Қажет болған жағдайда, жүйелі тіркеуді жүргізу кезінде мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды тіркеуші орган өтеусіз жүзеге асырады.».
80. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №20, 151-құжат; 2008 ж., №23, 124-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 149-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №2, 21-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №16, 128-құжат; №18, 142-құжат; 2012 ж., №2, 11-құжат; №4, 32-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №2, 7-құжат; №7, 34-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 81-құжат; 2014 ж., №1, 4, 6-құжаттар; №3, 21-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №2, 3-құжат; №10, 50-құжат; №14, 72-құжат; №20-IV, 113-құжат; №21-III, 135-құжат; №22-I, 140-құжат; №22-V, 156, 158-құжаттар; №23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №8-II, 67-құжат; №23, 119-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №9, 17, 18-құжаттар; №13, 45-құжат; №14, 50, 53-құжаттар; №16, 56-құжат; №22-ІІІ, 109-құжат; №24, 115-құжат):
1) 59-бапта:
4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4-1. Білім беру ұйымдары жыл сайын білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүргізеді және өзін-өзі бағалау материалдарын білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына ұсынады.»;
5-тармақ алып тасталсын;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
2) 65-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, халықаралық оқу орындарының және Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттер немесе олардың заңды және жеке тұлғалары құратын оқу орындарының, олардың филиалдарының білім беру қызметін лицензиялау, сондай-ақ мұндай оқу орындарын бақылау және аккредиттеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.».
81. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., №24, 127-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №3, 21-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., №10, 50-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-ІІ, 170-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат; №12, 36-құжат):
1) 4-баптың 2-тармағының 6) тармақшасындағы, 8-баптың 4) тармақшасының екінші абзацындағы, 8-1-баптың 4) тармақшасының екінші абзацындағы және 10-баптың 6) тармақшасының екінші абзацындағы «Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуына», «Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамасының сақталуын», «Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын» деген сөздер тиісінше «арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 20-бапта:
тақырыптағы «Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасының сақталуын» деген сөздер «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы» деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
82. «Тауар биржалары туралы» 2009 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., №9-10, 46-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №10, 77-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №1, 4, 9-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-I, 101-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №22-III, 149-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №24, 126-құжат):
1) 4-бапта:
3-3) тармақша алып тасталсын;
3-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3-4) кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 4-1 және 4-2-баптар алып тасталсын;
3) 11-баптың 1-тармағы алып тасталсын;
4) 13-2-баптың 2-тармағының 4) тармақшасындағы «орналастыруға;» деген сөз «орналастыруға міндетті.» деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақшасы алып тасталсын;
5) 24-баптың 3-тармағында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«4) мемлекеттік және жеке сот орындаушыларына: әділет органының мөрімен немесе жеке сот орындаушысының мөрімен куәландырылған және сот санкция берген сот орындаушысының қаулысы негiзiнде өздерінің іс жүргiзуіндегі атқарушылық іс жүргізу істері бойынша;»;
6) тармақшадағы «тәртіппен берілуге тиіс.» деген сөздер «тәртіппен;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) монополияға қарсы органға: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген мақсаттарда және тәртіппен ұсынылуға тиіс.»;
6) 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
83. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., №19, 87-құжат; 2010 ж., №7, 32-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №10, 77-құжат; №13, 91-құжат; 2013 ж., №10-11, 56-құжат; 2014 ж., №11, 61-құжат; №14, 84-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; 2015 ж., №16, 79-құжат; №22-I, 140-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 55-құжат; №12, 87-құжат; №23, 118-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №23-III, 111-құжат):
1) 5-бапта:
3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3-1. Осы бапта көзделген шаралар мынадай жағдайларда:
«1) мынадай біржолғы операцияларды жүргізу кезінде:
электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген иелері - жеке тұлғалар «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 4-тармағында көзделген сомадан аспайтын электрондық ақшаны сатып алу және пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде;
клиент - жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы жеке тұлғаның банктің шотына ақшаны есепке жатқызу не көрсетілетін қызметті берушінің пайдасына төлемді жүргізу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;