10. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы баптың 3-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде жүргізіледі.».
63. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №18, 105-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №15-16, 72-құжат; 2010 ж., №8, 41-құжат; №22, 130-құжат; №24, 149, 152-құжаттар; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №3, 26-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №13, 62-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №3, 21-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 94-құжат; 2015 ж., №20-VII, 115-құжат; 2017 ж., №8, 16-құжат):
11-баптың 8-тармағы алып тасталсын.
64. «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №18, 107-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №21, 161-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №12, 57-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №12, 34-құжат):
1) 1-баптың 44) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«44) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік қадағалау - уәкілетті органның, уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және қадағалау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатында, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;»;
2) 9-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 39) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«39) аңшылардың және аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастығының аңшылық минимумы бойынша емтихан өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
3) 33-1-баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 8) тармақшасы алып тасталсын;
4) 40-баптың 1-тармағының сегізінші бөлігі алып тасталсын;
5) 43-1 және 49-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«43-1-бап. Жануарлар түрлерінің өсiмiн молайту
Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар түрлерінің өсiмiн молайтуды жеке және заңды тұлғалар биологиялық негіздеме, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы және уәкілетті органның рұқсаты негiзiнде жүзеге асырады.
Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсiмiн молайтуды жеке және заңды тұлғалар жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы ғылыми ұйымдардың ұсынымдары негiзiнде жүзеге асырады.»;
«49-бап. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган, ведомоство және оның аумақтық бөлімшелері олардың қызметі бойынша түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүргізеді.
5. Аңшылық, балық шаруашылықтарының субъектілері бақылау субъектілері болып табылады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау - бақылау субъектілері ұсынатын есепті, сондай-ақ бақылау субъектісінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау жолымен жүргізіледі.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсыным ресімделеді және жіберіледі.
9. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
10. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қою күнінен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган, ведомоство немесе оның аумақтық бөлімшесі сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына жөнелту күнінен бастап табыс етілді деп есептеледі.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
12. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға, ведомоствоға немесе оның аумақтық бөлімшесіне ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
13. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.»;
6) 52-бапта:
1-тармақта:
4) тармақша алып тасталсын;
8), 9) және 10) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«8) жеке тұлғалардан жануарлар дүниесі объектілерін аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;
9) жеке тұлғалардан заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілерін және олардың тіршілік ету өнімдерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қоюға;
10) жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын сот шешім шығарғанға дейін уақытша сақтау үшін алып қоюға;»;
2-тармақтың 3) және 4) тармақшалары алып тасталсын;
7) 53-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқама;»;
8) 55-бапта:
2-тармақтың 3) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
3-тармақтың 2) тармақшасындағы «жіберуге міндетті.» деген сөздер «жіберуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылық жасаған жеке тұлғаларды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткiзуге;
4) жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, заңсыз аң аулау мен балық аулаудан алынған өнiмдi, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерiн алып қоюға және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен олардың одан әрi тиесiлiгі туралы мәселенi шешуге міндетті.».
65. «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №21, 124-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №15, 92-құжат; №24, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 60-құжат; 2009 ж., №17, 80-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №2, 26-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №5, 41-құжат; №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №14, 75-құжат; №15, 81-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-II, 53-құжат, 2017 ж., №11, 29-құжат; №22-ІІІ, 109-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 6-1) және 7-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«6-1) верификациялау органы - тауар шығарылған жер туралы сертификатты беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын өндірушілердің орындауын растауға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган;»;
«7-1) жеткілікті өңдеу (қайта өңдеу) өлшемшарттары - тауарды шығарған елді айқындау өлшемшарттарының бірі, соған сәйкес тауар, егер оны өндіруге екі және одан көп ел қатысса, аумағында тауарға өзіне тән қасиеттерді беру үшін жеткілікті соңғы елеулі өңдеу (қайта өңдеу) жасалған елден шығарылды деп есептеледі;»;
2) 6-баптың 12) тармақшасы алып тасталсын;
3) 7-баптың бірінші бөлігінде:
14) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 14-1) және 26) тармақшалармен толықтырылсын:
«14-1) тауар әкелінетін елдің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде, тауар шығарылған жер туралы сертификаттарды беру негізділігін, онда қамтылған мәліметтердің анықтығын, сондай-ақ тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын өндірушілердің орындауына тексерулердің жүргізілуін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;»;
«26) сәйкестікті растау қағидаларын бекітеді.»;
4) 16-1-бапта:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Сараптама ұйымы, экспортқа және реэкспортқа арналған тауардың шығарылған жері туралы сараптама актілерін қоспағанда, тауарды шығарған елдi, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар жасаған, тауардың шығарылған жері туралы, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау туралы сараптама актiлерiн куәландырады және бередi.»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Тауарды экспорттау кезінде сараптама ұйымы тауар шығарылған жер туралы сараптама актілерін куәландырмайды және бермейді.»;
5) 39-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
66. «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» 2005 жылғы 7 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №3-4, 2-құжат; 2007 ж., №8, 52-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2014 ж., №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-V, 152-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №13, 45-құжат):
17-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде еңбекке ақы төлеу қоры және (немесе) жұмыскерлердің штат саны өзгерсе, онда тараптардың келісімі бойынша негізгі шарттың қолданылу кезеңіне қосымша келісім жасасу жолымен сақтандыру шартына (сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйлықақысының мөлшері бөлігінде) өзгерістер енгізіледі. Сақтандыру сыйлықақысы еңбекке ақы төлеу қорының өзгерген сомасы және негізгі шарт мерзімі аяқталғанға дейін қалған мерзім негізге алынып есептеледі. Сақтандыру тарифі сақтандыру шарты (негізгі шарт) жасалған тарифтен қалған сақтандыру кезеңіне пропорционалды есептеледі.».
67. «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №7-8, 18-құжат; 2006 ж., №15, 92-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №20, 152-құжат; №24, 178-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 122-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат, №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-ІV, 113-құжат; №22-І, 140-құжат; №22-V, 152, 158-құжаттар; №23-ІІ, 170-құжат):
1) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«37-бап. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.»;
2) 38-бап алып тасталсын.
68. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №11, 38-құжат; 2007 ж., №3, 20-құжат; 2008 ж., №23, 114-құжат; 2009 ж., №13-14, 63-құжат; 2010 ж., №15, 71-құжат; 2012 ж., №1, 6-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №22-I, 140-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №12, 87-құжат; 2017 ж., №14, 51-құжат; №23-ІІІ, 111-құжат):
10-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасындағы «заңды тұлғалар үшін мөрмен (ол болған кезде)» деген сөздер «жеке кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, заңды тұлғалар үшін мөрмен» деген сөздермен ауыстырылсын.
69. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №13, 52-құжат; 2007 ж., №5-6, 42-құжат; №18, 145-құжат; 2008 ж., №23, 124-құжат; 2009 ж., №17, 82-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; №2, 26-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №2, 16-құжат; №14, 94-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 52-құжат; №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VII, 161-құжат; №23-II, 172-құжат; 2016 ж., №8-I, 65-құжат; №8-II, 72-құжат; 2017 ж., №12, 34-құжат):
6-баптың 1-тармағының 20) тармақшасы алып тасталсын.
70. «Мiндетті экологиялық сақтандыру туралы» 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., №23, 90-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2014 ж., №14, 84-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
5-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық қауіпті түрлерінің тізбесін уәкілетті орган айқындайды.».
71. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., №16, 96-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; 2008 ж., №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №1-2, 5-құжат; №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №13, 114-құжат; 2012 ж., №3, 27-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; 2014 ж., №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №23-II, 172-құжат; 2017 ж., №3, 6-құжат; №12, 34-құжат; №23-V, 113-құжат):
1) 1-бапта:
8) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару, бақылау, күзету және қорғау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;»;
2) 3-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк реттеу және бақылау;»;
3) 2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау»;
4) 8-баптың бірінші бөлігінің 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;»;
5) 10-баптың 2-тармағының 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«12) өздерiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң жай-күйiне, күзетiлуiне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;»;
6) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мемлекеттiк бақылау жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталады және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін күзету, қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы экологиялық талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.»;
7) 33-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.
72. «Ойын бизнесі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №2, 15-құжат; 2009 ж., №9-10, 48-құжат; №18, 84-құжат; №19, 88-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №17-18, 111-құжат; №22, 132-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №19, 145-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; 2014 ж., №1, 4, 9-құжаттар; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 44-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2017 ж., №22-ІІІ, 109-құжат):
16-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«16-1-бап. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
1. Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жоспардан тыс тексеру, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау, сондай-ақ бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар мемлекеттік бақылау субъектілері болып табылады.
5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша уәкілетті орган анықтаған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау субъектілеріне беру және оларға әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау ойын бизнесін ұйымдастырушылар уәкілетті органға ұсынған есептілікті, банктік салым шартын жасаған кезде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның бар-жоғы және қозғалысы туралы анықтамаларды, сұрау салу арқылы уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан мәліметтерді және түрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстыру жолымен жүргізіледі.
7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
8. Ұсыным бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күнінен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
10. Бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
11. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
12. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.».
73. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №4, 32-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №21, 97-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №14, 117-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 15-құжат; №13, 91-құжат; №15, 97-құжат; №20, 121-құжат; №23-24, 125-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №10, 52-құжат; №11, 61-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; №21-II, 130-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №8-II, 68-құжат; №24, 124-құжат):
19-баптың 3 және 3-1-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ұйымдар (қаржы ұйымдарынан, микроқаржы ұйымдарынан басқа) жылдық қаржылық есептерін есепті жылдан кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.
3-1. Қаржы ұйымдары (айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), микроқаржы ұйымдары жылдық қаржылық есептерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген мерзімдерде ұсынады.».
74. «Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., №16, 130-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; №24, 129-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №14, 71-құжат; №15, 78-құжат; №20-I, 110-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 55-құжат):
1) 4-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу, сондай-ақ оның мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;»;
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 21-2) тармақшамен толықтырылсын:
«21-2) сараптама ұйымын айқындау бойынша ашық конкурс өткізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
3) 8-баптың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын, мақта өңдеу ұйымдарын лицензиялық бақылау;»;