12. Радиобақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты радиобақылау тоқсанына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.
13. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен рұқсаттар берілген, азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құрал мен жоғары жиілікті құрылғының жұмысында бөгеуiлдер туындаған жағдайда:
1) бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың техникалық өлшемдерiнiң, оның iшiнде қабылдау құрылғыларының таңдау және қорғаныш қасиеттерiнiң нормалар мен стандарттарға сәйкестiгiне көз жеткiзуi қажет. Егер олар нормаларға сәйкес келмесе, радиоэлектрондық құралдардың иелерi сипаттамаларды нормаларға сәйкес келтiру жөнiнде шаралар қолдануға немесе радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды ауыстыруға тиiс. Басқа радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың сәуле таратуы салдарынан бөгеуiл туындаған кезде, бөгеуiл жасалып отырған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың иелерi уәкiлеттi органға өтініш жасайды;
2) уәкiлеттi орган бөгеуiлдердiң көздерiн және сипатын, олардың туындау себептерiн анықтау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және оларды жою бойынша шаралар қолданады;
3) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың белгiленген өлшемдерiнiң және (немесе) жұмыс режимдерiнiң бұзылуы, қабылдау құрылғыларының таңдау немесе қорғаныш қасиеттерінің нашарлауы және қатар тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың өзара әсер етуiне байланысты интермодуляциялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда, уәкiлеттi орган бөгеуiлдердi жою жөнiнде ұсыным бередi;
4) берілген жиiлiктердегi бөгеуiлдердi жою мүмкiн болмаған кезде уәкiлеттi орган радиожиiлiктердi жаңадан беруді жүргiзедi;
5) әдейі жасалмаған, өнеркәсiптiк немесе технологиялық сипаттағы бөгеуiлдер салдарынан болғанда уәкiлеттi орган бөгеуiлдер көзiн анықтау және оларды жою бойынша шаралар қолданады.
14. Шет мемлекеттердiң байланыс әкiмшiлiктерiнен Қазақстан Республикасының аумағындағы көздерден болған радиобөгеуiлдерге наразылықтар келіп түскен кезде, уәкiлеттi орган халықаралық келiсiмге сәйкес осы наразылықтардың құқықтық негiзiн анықтайды, егер наразылықтар негiзді болса, бөгеуiлдердiң себептерiн анықтайды және оларды жою бойынша шаралар қолданады.
15. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға басқа мемлекеттердiң аумақтарында орналасқан көздерден бөгеуiл жасалған жағдайда, уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағындағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылар иелерiнiң мүдделерiн қорғау мақсатында халықаралық келiсiмге сәйкес бөгеуiлдердi жою бойынша шаралар қолданады.
16. Радиобөгеуiлдерді және тиiстi рұқсаттары жоқ радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғылардың қолданылуын анықтау және олардың жолын кесу жөнiндегi iс-шараларды уәкiлеттi орган жүргiзедi.»;
6) 28-7-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті орган радиобақылау жүргізу мақсатында радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларға уәкілетті органның лауазымды адамдарының қызметтік куәлік көрсеткен кезде қол жеткізуін қамтамасыз етеді;»;
7) 36-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жергілікті телефон байланысы қызметтерін көрсететін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желілерінің байланыс операторлары анықтама қызметтерін құру немесе телефон нөмірлерінің анықтамалығын жариялау мақсатында сұрау салу бойынша бір-біріне өз желісінің пайдаланушылары туралы деректерге рұқсат беруге құқылы. Ақпарат осы Заңның және Қазақстан Республикасының тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы заңнамасының талаптары ескеріле отырып беріледі.»;
8) 38-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Байланыс қызметтерін пайдаланушыларға байланыс қызметтерін көрсету уақыты туралы ақпарат беру байланыс қызметтерін пайдаланушының тұрған жерінде Астана уақыты бойынша жүргізіледі.».
59. «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №15, 87-құжат; 2005 ж., №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №18, 143-құжат; №19, 149-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №3, 32-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №13, 91-құжат; №20, 121-құжат; №21-22, 124-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №22-V, 156-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 21-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
«10-1) кредиттік скоринг - сапа мен сан сипаттамаларына негізделген математикалық және (немесе) статистикалық модельдің көмегімен есептелетін, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін және қарыз шарттары бойынша міндеттемелерін орындау ықтималдығын, күтілетін кредиттік шығасыларды бағалау;»;
2) 5-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«5-бап. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерді қабылдау жөніндегі өкiлеттiгi»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) кредиттік бюроның кредиттік скорингті есептеу шарттары мен тәртібі туралы;»;
3) 7-бапта:
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) кредиттік тарих субъектілерінің кредиттік скорингін есептеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну;»;
мынадай мазмұндағы 2-2-тармақпен толықтырылсын:
«2-2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро үшін кредиттік скорингті есептеу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсыну негізгі қызмет түріне жатады және міндетті болып табылады.»;
4) мынадай мазмұндағы 7-1-баппен толықтырылсын:
«7-1-бап. Кредиттік скоринг
1. Кредиттік скорингті кредиттік бюро немесе осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер өзі дербес есептейді.
Кредиттік бюро есептеген кредиттік скоринг туралы ақпарат беру тәртібін кредиттік бюро өзі дербес айқындайды.
2. Осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер кредиттік бюроның кредиттік скорингін және (немесе) дербес есептеген кредиттік скорингтерді пайдалана отырып, кредиттік тарих субъектісінің кредит өтеу қабілетін бағалауды жүргізеді.
Кредиттік бюролар мен осы Заңның 18-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында аталған ақпарат берушілер кредиттік тарих субъектілеріне және өзге де үшінші тұлғаларға кредиттік скорингті есептеудің, кредиттік скорингтерді ескере отырып, тәуекелдерді бағалаудың өз әдістемелерін ашуға міндетті емес.
3. Кредиттік тарих субъектілері - жеке тұлғалар кредиттік скорингті қарыздар, микрокредиттер алғанға дейін және кредиттік тәуекелі бар қаржылық өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді сатып алғанға дейін өзінің кредит өтеу қабілетінің деңгейін айқындау мақсатында пайдаланады.
4. Уәкілетті орган қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау, қаржы жүйесінің тұрақтылығын және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша өз міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттік скоринг туралы ақпаратты сұратуға құқылы.»;
5) 16-баптың 3-2) тармақшасындағы «17-бабының 8-2) тармақшасында» деген сөздер «17-бабы 1-тармағының 10) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
6) 17-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-бап. Кредиттiк бюроның міндеттері
1. Кредиттік бюро:
1) кредиттiк тарихтарды қалыптастыруды жүзеге асыруға;
2) осы Заңның 25-бабының 4-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, кредиттiк тарих субъектiсiнiң келiсімін алғаны туралы растау болған кезде кредиттiк есептердi ұсынуға;
3) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, кредиттiк тарихтарда қамтылған ақпаратты, оның ішінде банктік құпияны құрайтын ақпаратты ашуға жол бермеуге;
4) кредиттік бюро қызметкерлерінің әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан алушыға ұсынылған кредиттік есепте ақпарат берушілер кредиттік бюроға берген ақпаратқа сәйкес келмейтін ақпарат қамтылған жағдайда, көрсетілген сәйкессіздік анықталған кезден бастап күнтізбелік бес күн ішінде кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсынуға міндетті.
парат берушінің растауы қажет болған жағдайда, кредиттік есепті алушы мен кредиттік тарих субъектісіне түзетілген кредиттік есепті ұсыну мерзімін есептеу кредиттік бюро ақпарат берушіден тиісті ақпаратты алған кезден бастап жүзеге асырылады;
5) кредиттiк тарих субъектісінің өтiнiшi бойынша оған кредиттiк тарих субъектiсi даулап отырған ақпаратты берген ақпарат беруші туралы мәліметтердi ұсынуға;
6) егер кредиттiк есептi ұсыну туралы сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптар бұзыла отырып жасалған болса, кредиттік есептi ұсынудан бас тартуға;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қызметi туралы есепке алуды жүргізуге және есептiлiкті ұсынуға;
8) тиiстi негіздер болған кезде, қайта ресiмдеуге немесе нақтылауға тиiс, келіп түскен ақпаратты түзету, толықтыру туралы талаппен ақпарат берушiге өтiнiш жасауға;
9) ақпарат берушіден ақпаратты алғаннан кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті субъектінің кредиттік тарихына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге;
10) кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын ақпараттың анықтығын тексеру үшін мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтініш жасауға, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорында сақталатын мәліметтерге сәйкес келмейтін ақпаратқа қатысты түзетулер енгізуге міндетті. Мемлекет қатысатын кредиттік бюроға өтініш жасау, кредиттік бюроның кредиттік тарихтар дерекқорына түзетулерді енгізу тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган белгілейді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердi пайдалануға;
12) негізгі қызмет түрі бойынша топты құрайтын барлық ақпарат берушілер мен кредиттік есептерді алушылардың теңдігін қамтамасыз етуге;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) ақпарат беру туралы және (немесе) кредиттiк есептердi алу туралы шарттарда белгiленген өзге де талаптарды сақтауға мiндетті.
2. Мемлекет қатысатын кредиттік бюро осы баптың 1-тармағында көрсетілген міндеттерден басқа, уәкілетті органның сұрау салуы бойынша кредиттік скоринг туралы ақпаратты және кредиттік скорингті есептеумен байланысты өзге мәліметтерді де беруге міндетті, бұл ретте алынған мәліметтер жария етуге жатпайды.»;
7) 18-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;»;
8) 21-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Кредиттік тарих субъектісі - жеке тұлға кредиттік бюро айқындайтын тәртіппен кредиттік бюродан өзінің кредиттік скорингі туралы ақпаратты өтеусіз алуға құқылы.»;
9) 23-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен және шарттарда кредиттік бюроларға өздерімен жасалатын ақпарат беру туралы шарттар негiзiнде ақпарат бередi.»;
10) 24-баптың 5-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Кредиттiк бюроларға жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттік тiркеудi жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы беретін ақпаратта мынадай мәлiметтер:»;
11) 26-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
1-1) кредиттік тарих субъектiсiнің кредит өтеу қабілетiн бағалау;».
60. «Iшкi су көлiгi туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №15, 88-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №23, 141-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №9, 67-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; 2009 ж., №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2, 3-құжаттар; №5, 43-құжат; №6, 50-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №14, 92, 95-құжаттар; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; №16, 83-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №19-І, 100-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №8-I, 65-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 17-құжат):
1) 1-бапта:
10) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) кеме - ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде «өзен-теңiзде» жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және басқа да осы сияқты техникалық құрылғылар), сондай-ақ шағын көлемді кеме болып табылмайтын өзге де кеме;»;
«17) Кеме қатынасы тiркелiмi - кемелердi, палубалы шағын көлемді кемелерді сыныптайтын және олардың техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;»;
мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:
«31-1) палубалы шағын көлемді кеме - бортқа, арақабырға мен тіреуіш бағандарға сүйенетін кеме корпусында тұмсығынан артқы бөлігіне дейін төсемнен және жинақтан тұратын, су өткізбейтін көлденең жабыны бар шағын көлемді кеме;»;
41) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«41) техникалық байқау - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы және iшкi су көлiгi туралы заңнамасының сақталуын кезең-кезеңмен тексерудi қамтитын, кемелердiң, палубалы шағын көлемді кемелердің техникалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған сыныптау қызметiнiң құрамдас бөлiгi;»;
2) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ішкі су көлігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау нысанында жүзеге асырылады.
Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.»;
3) 9-бапта:
1-тармақтың 26-28) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«26-28) палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту;»;
2-тармақтың 7) және 10) тармақшалары алып тасталсын;
4) 15-4-бапта:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Кеме кітабында мемлекеттік тіркеуге жататын палубалы шағын көлемді кемелер палубалы шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалауды жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес келуге тиіс.»;
4-тармақ алып тасталсын;
5) 16-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сыныптауға, техникалық байқауға және куәландыруға ішкі суларда жүзетін кемелер, «өзен-теңізде» жүзетін кемелер мен палубалы шағын көлемді кемелер жатады.»;
6) 17-баптың 12) және 14) тармақшалары алып тасталсын;
7) мынадай мазмұндағы 17-2-баппен толықтырылсын:
«17-2-бап. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тәртібі
1. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалауды уәкілетті орган ақпараттық жүйелер деректерін талдау, сондай-ақ бақылау және қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтер негізінде жүзеге асырады.
2. Кеме иелері, кемелерді, порттарды, порт құралдарын, жағалау объектілерін, кеме қатынасы шлюздері мен теңіздегі және ішкі су жолдарындағы құрылысжайларды пайдаланумен байланысты қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалар бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
3. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалаудың мақсаттары бұзушылықтардың дер кезінде жолын кесу және оларға жол бермеу, бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын бақылау және қадағалау субъектісіне беру мен бақылау және қадағалау субъектісіне әкімшілік жүктемені азайту болып табылады.
4. Бақылау және қадағалау субъектілеріне бұзушылықтарды өзі дербес жою құқығын беру үшін бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салдарын жою мүмкін болатын бұзушылықтар бойынша ғана жүргізіледі.
5. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау қорытындысы бойынша бақылау және қадағалау субъектісіне бұзушылықтарды жою тәртібі міндетті түрде түсіндіріле отырып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалмай, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным жасалады.
6. Ұсыным бақылау және қадағалау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
7. Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - уәкілетті орган сұрау салған кезде хатта көрсетілген бақылау және қадағалау субъектісінің электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
8. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
9. Бақылау және қадағалау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген уәкілетті органға ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
10. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен қадағалау жүргізудің тоқсандық тізіміне енгізу жолымен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.
11. Бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мен қадағалау жылына бір реттен жиілетпей жүргізіледі.»;
9) 20-баптың 8-тармағы алып тасталсын.
61. «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №16, 94-құжат; 2009 ж., №24, 134-құжат; 2010 ж., №9, 44-құжат; 2012 ж., №13, 91-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №14, 84-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат):
7-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
62. «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., №17, 102-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №7, 38-құжат; №13, 87-құжат; №24, 148-құжат; 2007 ж., №19, 148-құжат; 2008 ж., №15-16, 64-құжат; №24, 129-құжат; 2009 ж., №13-14, 62-құжат; №15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж., №3, 21-құжат; №12, 85-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №14, 75-құжат; №15, 79-құжат; 2014 ж., №10, 52-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №11, 57-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №21-II, 131-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №8-II, 70-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №14, 54-құжат):
1) 5-баптың 70-22) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік энергетикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
3) 6-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«6-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау
1. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасы электр энергетикасы кешенінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
3. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау:
1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасының талаптарына сәйкес электр энергетикасы кәсіпорындары беретін ақпаратты және ай сайынғы есептілікті;
2) өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы бақылау органының сұрау салуы бойынша алынған, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша ақпаратты - оны бұзу туралы ақпарат келіп түскен кезде;
3) электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының объектілер мен жабдықтардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі жұмысына қатысу кезінде құжаттамалар мен материалдарды талдау жолымен жүргізіледі.
4. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының электр энергетикасы кәсіпорындарына және тұтынушылардың электр қондырғыларына, жылу пайдалану қондырғыларына қатысты жүргізіледі.
5. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда, электр энергетикасы саласындағы бақылау органы бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынымды ресімдейді және жібереді.
6. Ұсыным электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне қол қойғызып, жеке өзіне немесе жөнелту және алу фактілері расталатын өзге де тәсілмен табыс етілуге тиіс.
Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген ұсыным мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол - ұсынымға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;
2) поштамен - тапсырысты хатпен;
3) электрондық тәсілмен - электр энергетикасы саласындағы бақылау органы сұрау салған кезде хатта көрсетілген электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісінің электрондық мекенжайына электр энергетикасы саласындағы бақылау органы жөнелткен күннен бастап табыс етілді деп есептеледі.
7. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алған электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде электр энергетикасы саласындағы бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген, оларды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, ұсынуға міндетті.
Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі электр энергетикасы саласындағы бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның орындалуы туралы ақпарат береді.
8. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, ұсынымды жіберген электр энергетикасы саласындағы бақылау органына ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
9. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.