клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент банктік шотты пайдаланбай, қолма-қол ақшасыз төлемді немесе ақша аударымын жүзеге асырған кезде, егер мұндай төлемнің немесе ақша аударымының сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, клиент - жеке тұлға айырбастау пунктінде қолма-қол шетел валютасын сатып алу, сату немесе айырбастау жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент - жеке тұлға осындай клиенттің банктік шотына қол жеткізу құралы болып табылмайтын төлем карточкасын пайдалана отырып, операцияны жүзеге асырған кезде, егер мұндай операцияның сомасы 200000 теңгеден не 200000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса;
клиент - жеке тұлға қолма-қол ақшаны қабылдауға арналған жабдық (құрылғы) арқылы мемлекеттік органдардың пайдасына атқарушылық іс жүргізу шеңберінде берешекті төлеу жөніндегі операцияны жүзеге асырған кезде;
2) клиент күдікті операция жасаған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бағалы қағаздар сатып алу мақсаттары үшін жеке тұлғаларға бағалы қағаздардың орталық депозитарий жүйесінде шот ашу кезінде, егер мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын операцияның сомасы 500000 теңгеден не 500000 теңгеге баламалы шетел валютасындағы сомадан аспаса, қолданылмайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:
«3-2. Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 12) тармақшаларында аталған қаржы мониторингі субъектілері:
1) клиент салықтарды, өсімпұлдарды, айыппұлдарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған;
2) клиенттің банктік шотына ақшаны есепке жатқызған жағдайларда, клиентпен қашықтықтан орнатылған іскерлік қатынастар шеңберінде, трансшекаралық төлемдерді қоспағанда, осы баптың 3-тармағы бірінші бөлігінің 6) тармақшасында көзделген, клиентті (оның өкілін), бенефициарлық меншік иесін сәйкестендіру үшін қажетті мәліметтердің анықтығын тексеру жөніндегі шараларды қолданбай, операциялар жасауға құқылы.»;
9-тармақ «11)» деген цифрлардан кейін «және 12)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) 13-бапта:
1-тармақта:
екінші бөліктегі «6) тармақшасында» деген сөздер «1), 2), 2-1), 4) және 6) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Қаржы мониторингi субъектiлерi клиент іскерлік қатынастарды қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) немесе терроризмді қаржыландыру мақсатында пайдаланатыны туралы күдік болған жағдайда, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операциялар жүргізуден, сондай-ақ клиентпен іскерлік қатынастар орнатудан бас тартуға және (немесе) іскерлік қатынастарды тоқтатуға құқылы.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қаржы мониторингі субъектісі уәкілетті орган күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешім шығарғанға дейін осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес хабар берілген ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды жүргізбейді.
Қаржы мониторингі субъектісі ақпарат хабарланған кезден бастап жиырма төрт сағат ішінде уәкілетті органның күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не осындай операцияны тоқтата тұрудың қажеттігі жоқ екендігі туралы шешімін алмаған жағдайда, егер осы операцияны жүргізуге кедергі келтіретін, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өзге негіздер болмаса, операция жүргізілуге тиіс.».
84. «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №5, 22-құжат; №15, 71-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2012 ж., №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №14, 72, 75-құжаттар; 2014 ж., №1, 4-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; 2015 ж., №11, 52-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2017 ж., №22-III, 109-құжат):
1) 12-баптың 24-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 12-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-1-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау
1. Мемлекеттік статистика саласындағы әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік дереккөздерге бармай және бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.
Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау:
1) әкімшілік деректерді жинауға арналған келісілмеген нысандарды;
2) көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін;
3) әкімшілік дереккөздер ұсынған әкімшілік деректердің анықтығын;
4) шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын айқындау мақсатында жүргізіледі.
4. Шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің анықтығын нақтылауды жүргізу уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
5. Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылауды уәкілетті орган және (немесе) оның аумақтық органдары ресми дереккөздерден уәкілетті орган алған деректерді мониторингтеу, талдау және салыстыру жолымен жүргізеді.
6. Әкімшілік дереккөздерге бару арқылы профилактикалық бақылауды:
1) орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар бойынша - уәкілетті орган;
2) жергілікті атқарушы органдар және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бойынша - уәкілетті органның аумақтық органдары жүзеге асырады.
7. Әкімшілік дереккөздерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша олардың әрекеттерінде (әрекетсіздігінде) бұзушылықтар анықталған жағдайда:
1) орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және өзге де мемлекеттік органдар бойынша - бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде;
2) жергілікті атқарушы органдар және кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері бойынша бұзушылықтар анықталған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қорытынды ресімделеді және жіберіледі.
8. Қорытынды әкімшілік дереккөзге қол қойғызып, жеке өзіне табыс етіледі немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен немесе ресми дереккөздерден (әкімшілік дереккөздің ресми интернет-ресурсынан) алынған электрондық мекенжай бойынша не алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
9. Әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды ол табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындалады.
10. Әкімшілік дереккөз қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қорытындыны жіберген уәкілетті органға және (немесе) аумақтық органға қорытынды табыс етілген (алынған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.
Әкімшілік дереккөзге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау әкімшілік дереккөзге бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің тізіміне енгізу арқылы әкімшілік дереккөзге бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.»;
3) мынадай мазмұндағы 12-2-баппен толықтырылсын:
«12-2-бап. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Респонденттерге қатысты мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылау респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
2. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді ұсыну графигінде көрсетілген мерзімдерде респонденттердің бастапқы статистикалық деректерді ұсынбағанын, сондай-ақ анық емес алғашқы статистикалық деректерді ұсынғанын анықтау түрінде жүзеге асырылады.
3. Респонденттерге бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда қорытынды ресімделеді, ол бұзушылықтар анықталған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде респондентке жіберіледі.
4. Қорытынды респондентке қол қойғызып, жеке өзіне табыс етіледі немесе оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырысты хатпен, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі бойынша немесе ресми дереккөздерден алынған электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабармен не алғанын тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдары пайдаланыла отырып жіберіледі.
5. Респондентке арналған қорытынды респонденттің тіркелген жеріне жіберіледі.
6. Қорытынды:
1) қорытындыны алғаны туралы респонденттің қолтаңбасы болған;
2) қорытынды респонденттің (жеке тұлғаның) жеке өзіне немесе онымен бірге тұратын кәмелеттік жастағы отбасы мүшелерінің біріне табыс етілетін тапсырысты хатпен, жөнелтушіге қайтарылуға жататын хабарламаға қол қойғызып табыс етілген жағдайларда, тиісті түрде жеткізілді деп танылады.
Заңды тұлғаға арналған қорытынды басшыға не оның уәкілетті адамына табыс етіледі, ол табыс етілгені туралы хабарламаға өзінің тегін, инициалдарын және лауазымын көрсете отырып, қорытындыны алғаны жөнінде қол қояды;
3) қорытынды респонденттің тіркелген мекенжайы бойынша тапсырысты хатпен жіберілген, бірақ көрсетілген мекенжай бойынша респонденттің болмауы (тұрмайтыны, болмайтыны) себепті табыс етілмеген;
4) қорытынды респондент немесе оның өкілі қол қойған, бұрын ұсынылған статистикалық нысанда респондент көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекенжай бойынша мәтіндік хабар түрінде жіберілген жағдайларда, тиісті түрде жеткізілді деп танылады.
7. Респондент қорытындыны қабылдаудан бас тартқан кезде, оны жеткізген немесе табыс еткен адам хабарламаға тиісті белгі қойып, оны органға (лауазымды адамға) қайтарады.
8. Респонденттің қорытындыны қабылдаудан бас тартуы одан әрі процестік әрекеттерді жасауға кедергі болып табылмайды.
9. Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.
10. Респондент қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қорытындыны жіберген уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қарсылықты жеткізе отырып жіберуге құқылы.
11. Респондентке бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау уәкілетті органға немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне әкімшілік іс жүргізуді қозғау құқығын береді.
12. Респондентке бармай профилактикалық бақылау статистикалық нысанда белгіленген мерзімдерде жүргізіледі.».
85. «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №7, 27-құжат; №24, 145-құжат; 2011 ж., №1, 3-құжат; №5, 43-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 10-құжат; №9, 51-құжат; №10-11, 56-құжат; №15, 76-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №4-5, 24-құжат; №6, 27-құжат; №10, 52-құжат; №14, 84-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; №24, 144-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №19-II, 106-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115-құжат; №21-I, 128-құжат; №21-III, 136-құжат; №22-I, 143-құжат; №22-VI, 159-құжат; №23-II, 170-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №12, 87-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №16, 56-құжат; №21, 98-құжат; №22-III, 109-құжат):
1) 33-бапта:
4-тармақ 4) тармақшадағы «берген жағдайларда жүргізіледі.» деген сөздер «берген;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) басшы заңды тұлғаның жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын жағдайларды қоспағанда, борышкер болып табылатын заңды тұлғаның басшысы ауысқан жағдайларда жүргізіледі.»;
мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Сот орындаушысының осы баптың 4-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында белгіленген жағдайларда борышкер болып табылатын жеке тұлғаның, заңды тұлға басшысының (міндетін атқарушының) Қазақстан Республикасынан шығуына уақытша шектеуді алып тастауы үш жұмыс күні ішінде жүргізіледі.»;
2) 34-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Сот орындаушысы атқарушылық құжат талаптары орындалған немесе лицензияларды, рұқсаттар мен арнайы құқықтарды беру және олардың қолданылуы саласындағы уақытша шектеудің күшін жоюға негіздер туындаған күннен кейінгі күннен кешіктірмей осы шектеуді алып тастау туралы қаулы шығарады. Көрсетілген қаулының көшірмелері борышкерге, өндіріп алушыға және орындау үшін тиісті уәкілетті органдарға дереу жіберіледі.»;
3) 37-баптың 4-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Сот орындаушысы заңда белгіленген талаптарға сәйкес келетін атқарушылық құжат өзіне келіп түскеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық іс жүргізуді қозғайды, бұл жөнінде қаулы шығарады, оны борышкерге жібереді.»;
4) 52-баптың 4-тармағының 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мемлекеттік сот орындаушысы атқарушылық құжатты аумаққа жатқызылуына қарай басқа мемлекеттік сот орындаушысына борышкердің жаңа тұрғылықты жері немесе нақты тұратын жері бойынша, оның жаңа жұмыс орны, борышкер заңды тұлғаның жаңа орналасқан жері бойынша жіберу туралы қаулыны дереу шығарады, бұл жөнінде өндіріп алушыға хабарлайды.
Атқарушылық құжат және атқарушылық іс жүргізу материалдары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы жіберіледі, бұл ретте атқарушылық құжат және атқарушылық іс жүргізудің барлық материалдарының көшірмелері қаулы шығарылған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей қағаз жеткізгіште жіберіледі.
Атқарушылық құжаттың көшірмесі атқарушылық іс жүргізуде қалады.
Электрондық нысанда келіп түскен атқарушылық құжат және атқарушылық іс жүргізу материалдары атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы ғана жіберіледі;
2) жеке сот орындаушысы атқарушылық құжатты өндіріп алушыға қайтаруға не онымен келісу бойынша атқарушылық әрекеттерді борышкердің жылжымайтын мүлкін ол тіркелген жер бойынша және (немесе) өзге де мүлкін ол орналасқан жер бойынша өткізу үшін өзінің атқару округінен тыс жерге шыға отырып, жасауға немесе иісті атқару округінің жеке сот орындаушысымен келісу бойынша оған белгілі бір атқарушылық әрекеттер жасауды тапсыруға құқылы.
Тапсырма осы Заңның 10-бабына сәйкес жеке сот орындаушысының қаулысымен ресімделеді.»;
5) 55-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Мүлік заттай берілген жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, беруді жүзеге асыратын сот орындаушысы, атқарушылық құжаттың орындалу барысында осындай мүлікке салынған барлық ауыртпалықтардың, сондай-ақ басқа да сот орындаушылары салған ауыртпалықтардың күшін жояды.»;
8-тармақ «орындаушысы» деген сөзден кейін «, борышкердің жалақысына және борышкер кірістерінің өзге де түрлеріне өндіріп алуды қолдануды қоспағанда,» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 62-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
«Бұл ретте сот орындаушыларының ақшаға және басқа да мүлікке тыйым салуды қолдану туралы сот санкциялаған қаулылары банктерге немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жіберілуі мүмкін.»;
7) 63-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Сот орындаушысы мүліктің борышкерге тиесілі екеніне көз жеткізіп, мүлікті тізімдемеге енгізеді, өндіріп алудың мөлшеріне қарай бүкіл мүлікке немесе оның бір бөлігіне тыйым салуды қолданады және тыйым салуды қолдану туралы қаулыны мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын тиісті органдарға қағаз жеткізгіште немесе атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы электрондық нысанда жібереді.
Бұл ретте жылжымайтын мүлікке қатысты тізімдеме жүргізілмейді.»;
8) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Борышкер сот орындаушысы мүлікке тыйым салуды қолданғаннан және бағалау жүргізгеннен кейін және мүлік алып қойылғанға немесе өткізілгенге дейін сот орындаушысының жазбаша рұқсатымен және ол белгілеген мерзімде тыйым салынған мүлікті бағалау құнынан төмен болмайтын құн бойынша өткізуге құқылы.
Борышкердің мүлікті өткізуге рұқсат алуы мүлікті өткізу жөніндегі рәсімдерді тоқтата тұруға негіз болып табылмайды.
Борышкер мен сатып алушы сатып алу-сату шартына қол қойғаннан кейін және сатып алушы мүліктің бүкіл сатып алу құнын аумақтық органның қолма-қол ақшаны бақылау шотына немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізгеннен кейін талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында мүлікті өткізген сот орындаушысы сот салған ауыртпалықтарды қоспағанда, атқарушылық құжаттың орындалу барысында мүлікке салынған барлық ауыртпалықтардың, оның ішінде басқа да сот орындаушылары салған ауыртпалықтардың күшін жояды.
Борышкердің мүлкін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттік кіріс органы өткізген жағдайда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген, борышкердің мүлкі есебінен талаптарды қанағаттандыру кезектілігі сақталған жағдайда, мемлекеттік кіріс органы мүліктің өткізілгенін және оны өткізуден түскен ақшаны бөлу тәртібін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш жасаған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей сот орындаушысы атқарушылық құжаттың орындалу барысында мүлікке салынған барлық ауыртпалықтарды алып тастайды.»;
9) 85-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде тыйым салынған мүлікті электрондық аукцион өткізу арқылы өткізу рәсімі екі реттен артық өткізілмейді. Мүлік электрондық аукцион өткізу арқылы өткізілмеген және өндіріп алушы мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда, мүлікке өндіріп алуды қолдану тоқтатылады және борышкердің өзге мүлкіне өндіріп алуды қолдану жөнінде одан әрі шаралар қолданылады. Бұл ретте мұндай мүліктен тыйым салу осы Заңның 47-бабында көзделген негіздер бойынша атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін ғана алып тасталады.»;
10) 119-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Аванстық жарнаның мөлшері он бес айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.».
86. «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 2010 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №9, 43-құжат; 2011 ж., №11, 102-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №21, 122-құжат; №22, 128-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20- IV, 113-құжат; №22-VII, 161-құжат; 2016 ж., №7-II, 55-құжат; №8-II, 70-құжат):
1) 4-баптың 1-1) және 1-2) тармақшалары алып тасталсын;
2) 5-баптың 9) және 11) тармақшалары алып тасталсын;
3) 6-1-бап алып тасталсын;
4) 8-1-баптың 2-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) туристік қызмет көрсетуге арналған шарттарды және қайтарылмайтын тарифтер бойынша авиабилеттер сатып алу шарттарын қоспағанда, тұтынушы шарт бойынша міндеттемелерін орындамаған жағдайда, оның мөлшерлес емес үлкен (тауар, көрсетілетін қызмет, жұмыс құнының отыз пайызынан астам) соманы төлеуі жөнінде талап белгілеу;».
87-тармақ 2018 ж. 29 маусымға дейін қолданылды
87. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №12, 60-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; 2012 ж., №2, 11, 14-құжаттар; №3, 21-құжат; №4, 30-құжат; №6, 46-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №15, 97-құжат; №23-24, 125-құжат; 2013 ж., №9, 51-құжат; №14, 75-құжат; №15, 81-құжат; 2014 ж., №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №11, 52, 57-құжаттар; №19-II, 102-құжат; №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №2, 9-құжат; №6, 45-құжат; №7-II, 56-құжат; №8-II, 71, 72-құжаттар; №22, 116-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №14, 51, 54-құжаттар; №23-IV, 112-құжат):
1) 18-баптың 4) тармақшасы алып тасталсын;
2) 19-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық регламенттердi әзірлеу және бекіту;»;
3) 20-бапта:
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«11) өз құзыретi шегiнде жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарт талаптарын орындауына мониторингті, сондай-ақ жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарттар) талаптарын орындауына мониторингтi және бақылауды жүзеге асырады;».
12) тармақша алып тасталсын;
4) 117-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауын пайдаланушылардың кен орындарын іздеу және бағалау кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасын сақтауын, өндіру, жер қойнауын геологиялық зерттеу кезінде минералды шикізатты ұтымды және кешенді пайдалануын бақылауды қамтамасыз ету жер қойнауын зерттеу мен пайдалануды мемлекеттік бақылаудың міндеті болып табылады.»;
5) 118-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың жүргізілуіне мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.»;
3-тармақ алып тасталсын.
88. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №17-18, 113-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №11, 102-құжат; 2012 ж., №8, 64-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №14, 72-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-I, 100-құжат; №20-ІV, 113-құжат; №23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №8-І, 65-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №9, 22-құжат; №11, 29-құжат; №14, 51-құжат; №16, 56-құжат; №22-III, 109-құжат):
1) 14-баптың 1-тармағының 7), 8), 25-1), 25-2), 25-3), 41-65), 41-66) және 41-67) тармақшалары алып тасталсын;
2) 15-бапта:
10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«10) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;»;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
29-1) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды береді;»;
3) мынадай мазмұндағы 15-1 және 15-2-баптармен толықтырылсын:
«15-1-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның табиғи монополиялар саласындағы құзыреті
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін бақылауды және реттеуді жүзеге асырады;
2) табиғи монополияларды реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізеді;
3) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар салаларын осы салалар шеңберінде табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) реттелетіндерге жатқызу тұрғысынан талдауды жүзеге асырады және жүргізілген талдау қорытындылары бойынша табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттігі туралы қорытынды енгізеді;
4) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын тартатын әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесіне енгізу туралы ұсыныстар енгізеді;