5) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар салаларында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізу не одан алып тастау қажеттігі туралы қорытындыны жасайды және мұндай қорытындыны табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізеді;
6) сараптама кеңесін құрады және ол туралы ережені бекітеді;
7) табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін есептеудің кемсітпейтін әдістемелерін әзірлейді, бекітеді және қолданады;
8) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларды (жобаларды) орындау туралы ақпаратына талдау жүргізеді;
9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасын, концессиялық ұсынысты, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының, оның ішінде концессия жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының, оның ішінде концессия шартының жобаларын, сондай-ақ табиғи монополиялар саласына жатқызылатын тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі бөлігінде оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді келіседі;
10) табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға қызметтер көрсету стандарттарын әзірлейді және бекітеді;
11) табиғи монополиялар субъектілерінің инвестициялық бағдарламаларының жобаларын (жобаларды) қалыптастыру және бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ оларды іске асыру тиімділігінің көрсеткіштеріне мониторинг пен бағалауды жүргізеді;
12) табиғи монополиялардың тиісті салаларын тарифтік реттеу әдісін белгілейді;
13) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерге (бағаларға, алымдар мөлшерлемелеріне) уақытша төмендету коэффициентінің деңгейін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
14) тиісті ішкі нарықты талдау негізінде мұндай нарықтың табиғи монополия жағдайында тұрғандығы анықталған жағдайларда реттеуді енгізеді;
15) азаматтық авиация саласындағы кемсітусіз қол жеткізудің техникалық шарттарын айқындайды;
16) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларда әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің көрсететін қызметтеріне тұтынушылармен шарттар жасасу, жасалған шарттарға өзгерістер енгізу туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;
17) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілері, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзған жағдайларда оларға орындалуы міндетті нұсқамалар, оның ішінде әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерін қайта ұйымдастыру және (немесе) мүлікті иеліктен шығару туралы нұсқамалар енгізеді;
18) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларын өзгертуге бастамашылық жасайды;
19) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтай отырып, жеке және заңды тұлғалардан, оның ішінде мемлекеттік органдардан, жергілікті өзін-өзі басқару органдарынан, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарынан өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратады және алады;
20) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-1-бабы 1-тармағының талаптарын ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) төмендетуге бастамашылық жасайды;
21) тағайындалатын оңалтушы басқарушының кандидатурасын және әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісін оңалту жоспарын келiседі;
22) өз құзыреті шегінде белгіленген сапаға қойылатын талаптарды ескере отырып, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітеді;
23) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді;
24) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісі келтірген залалдарды тұтынушыларға өтеу үшін уақытша өтемдік тарифті бекіту туралы шешім қабылдайды;
25) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге немесе өзгертуге арналған өтінімін қарауға қабылдаудан бас тартуды өтінімнің берілу нысанына қарай жазбаша не электрондық құжат түрінде негіздейді;
26) тұтынушыларды коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қамтитындардан басқа, әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу мәселелері бойынша қабылданған шешімдермен таныстырады;
27) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізеді;
28) мыналарды:
әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектісінің тарифтік сметаны орындауын;
шығындары әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополия субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін және тарифтік сметаларды бекіту кезінде ескерілетін сатып алуды бақылауды жүзеге асырады;
29) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын бұзу жағдайлары мен кінәлі тұлғаларды жауаптылыққа тарту фактілері туралы ақпарат береді;
30) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) немесе олардың шекті деңгейлерін бекітуге арналған өтінімдерін қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіні туралы ақпаратты шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
31) әуежайлар мен аэронавигация көрсететін қызметтер саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) арналған тарифтер (бағалар, алымдар мөлшерлемелері) және тарифтік сметалар туралы ақпаратты олар бекітілген күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
32) «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
15-2-бап. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қоғамдық маңызы бар нарықтарға қатысты құзыреті
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:
1) қоғамдық маңызы бар нарықтарға қатысты мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның қарауына енгізеді;
2) бағаларды мемлекеттік реттеуді және баға белгілеу тәртібі мен қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері міндеттерінің сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері бағаларының мониторингін жүзеге асырады;
4) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілері өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) шекті бағаларды келіседі;
5) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектiлерiнiң тауарларға (жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге) бағалардың алдағы өсуі туралы хабарламаларын қарау кезiнде жария тыңдаулар өткiзеді;
6) қоғамдық маңызы бар нарықтар субъектілеріне Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген міндеттемелерді орындау туралы орындалуы міндетті нұсқамалар енгізеді;
7) қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсi нұсқаманы орындамаған жағдайда, iшкi рейстерде әуежайлар қызметтерiн көрсету саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектiсiн нұсқамада көрсетiлген әрекеттердi жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа талап қояды;
8) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде айқындалатын тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қозғайды және қарайды, сондай-ақ әкiмшiлiк жазалар қолданады;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4) 16-7-бап алып тасталсын;
5) 47-бапта:
6-тармақтың екінші бөлігінің 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұшуға жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімі өткен;»;
8-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы ұшуды орындауға рұқсат беру алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган ұшуды қауіпсіз орындау үшін әуе кемесінің жай-күйін бағалауды жүргізуге және оны пайдалануға қажетті шектеулерді белгілеуге міндетті. Арнайы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.»;
6) 65-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен бірлесе отырып» деген сөздер «монополияға қарсы органмен келісу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігіндегі «табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен бірлесіп» деген сөздер «монополияға қарсы органмен келісу бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын.
89. «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., №22, 127-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; 2012 ж., №15, 97-құжат; №23-24, 125-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат):
19-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Биоотын өндірісі және айналымы саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
90. «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №5, 42-құжат; №15, 118-құжат; №16, 129-құжат; №17, 136-құжат; №24, 196-құжат; 2012 ж., №2, 11, 16-құжаттар; №4, 30, 32-құжаттар; №5, 41-құжат; №6, 43-құжат; №8, 64-құжат; №13, 91-құжат; №14, 95-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №2, 13-құжат; №8, 50-құжат; №9, 51-құжат; №15, 82-құжат; №16, 83-құжат; 2014 ж., №1, 9-құжат; №2, 10, 12-құжаттар; №4-5, 24-құжат; №7, 37-құжат; №12, 82-құжат; №19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №14, 72-құжат; №19-І, 99-құжат; №19-ІІ, 103, 105-құжаттар; №20-ІV, 113-құжат; №20-VІІ, 117-құжат; №21-І, 124-құжат; №21-II, 130-құжат; №21-ІІІ, 135-құжат; №22-ІІ, 145, 148-құжаттар; №22-VI, 159-құжат; №23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., №7-І, 47-құжат; №7-ІІ, 56-құжат; №8-І, 62-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат; №9, 22-құжат; №11, 29-құжат; №13, 45-құжат; №14, 51, 54-құжаттар; №15, 55-құжат; №20, 96-құжат; №22-III, 109-құжат; 2018 ж., №1, 4-құжат; 2018 жылғы 18 сәуірде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
«2-2) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке тиесілі және өңірдің экономикасын дамытуға жәрдемдесуді жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанындағы өңірлік даму институты;»;
6) және 34) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жекешелендіру - мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды қоспағанда, мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;»;
«34) ұлттық компания - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, акцияларының бақылау пакеті мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі және ұлттық экономиканың негізін құрайтын салаларда қызметті жүзеге асыратын акционерлік қоғам;»;
2) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-7) тармақшамен толықтырылсын:
«4-7) Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін бекітеді;»;
3) 94-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сату;»;
4) 105-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
5) 105-1-бап алып тасталсын;
6) 10-тарау мынадай мазмұндағы 4-параграфпен толықтырылсын:
«4-параграф. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сату
121-1-бап. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен тікелей атаулы сату
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімінде айқындалған мемлекеттік мүлік объектілері мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына тікелей атаулы сатуға жатады.
2. Мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттарына сәйкес мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына оны кері сатып алу міндеттемесімен тікелей атаулы сатуды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару туралы шешімі негізінде жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлікті кепілге салуға және оған өндіріп алуды қолдануға, сондай-ақ мұндай мүлікке тыйым салуды қодануға жол берілмейді.»;
7) 134-баптың 2-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы жүйелері мен құрылысжайларын күтіп-ұстау, пайдалану, жөндеу және реконструкциялау, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;»;
8) 139-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Мемлекеттік кәсіпорынның даму жоспарын іске асыру нәтижелілігіне және тиімділігіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынның басшысы жауапты болады.
Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі және мүлкінің сақталуына дербес жауапты болады.»;
9) 166-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингтің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы, Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі ұйымдардың, сондай-ақ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуы, оның ішінде кепілдендірілген тапсырысты орналастыруы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алудың үлгілік қағидалары негізінде жүзеге асырылады.»;
10) 179-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекет жалғыз акционері болып табылатын ұлттық компанияны тарату, қайта ұйымдастыру туралы және оның атауын өзгерту туралы шешімдерді Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрған әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды тарату, қайта ұйымдастыру туралы және олардың атауларын өзгерту туралы шешімдерді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдайды.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары құратын әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация біреуден артық болмайды.»;
11) 182-бапта:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«182-бап. Мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдарды корпоративтік басқару»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқаруды бағалау тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардағы корпоративтік басқарудың үлгілік кодексіне сәйкес корпоративтік басқару кодекстерін бекітеді, сондай-ақ кемінде үш жылда бір рет корпоративтік басқаруға тәуелсіз бағалау жүргізеді, оның нәтижелерін акционерлік қоғамдардың интернет-ресурсында орналастырады.»;
12) 184-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиясының іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың бірінші басшылары жауапты болады.
Акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеуге, олардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептің уақтылы ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауапты болады.
Акционері ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер болып табылатын ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеуге, орындауға ұлттық компаниялардың атқарушы органдары жауапты болады.»;
13) 185-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларын әзірлеуге, олардың іске асырылуының нәтижелілігі мен тиімділігіне, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есептің уақтылы ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің атқарушы органдары жауапты болады.»;
14) 188-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі «мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкілетті органға» деген сөздер «тиісті саланың уәкілетті органына» деген сөздермен ауыстырылсын.
91. «Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №13, 113-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №11, 80-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №4, 21-құжат; №21-22, 115-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №16, 90-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №22, 131-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №9, 46-құжат; №20-IV, 113-құжат; №23-I, 169-құжат; 2016 ж., №8-II, 66-құжат; №22, 116-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №22-III, 109-құжат; №23-V, 113-құжат):
1) 9-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
2) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау
Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.».
92. «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., №15, 119-құжат; 2012 ж., №2, 14-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №3, 19-құжат; №15, 81-құжат; №21-22, 114-құжат; 2014 ж., №11, 63-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №21, 122-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №19-I, 99-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 117-құжат; №22-II, 145-құжат; №22-V, 156, 158-құжаттар; 2017 ж., №14, 51-құжат; №22-III, 109-құжат; №23-III, 111-құжат):
30-бап алып тасталсын.
93. «Ғарыш қызметі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №1, 4-құжат; №14, 92-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., №8, 45-құжат; №20-ІV, 113-құжат; 2016 ж., №7-ІІ, 56-құжат; 2017 ж., №4, 7-құжат):
1) 11-бапта:
4-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.»;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық нұсқасы;»;
2) 12-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«12-бап. Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау
Ғарыш қызметі саласындағы мемлекеттік бақылауды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру және профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.».
94. «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., №2, 8-құжат; №11, 80-құжат; №14, 92-құжат; №15, 97-құжат; 2013 ж., №15, 82-құжат; 2014 ж., №1, 4-құжат; №7, 37-құжат; №10, 52-құжат; №19-I, 19-II, 96-құжат; №23, 143-құжат; 2015 ж., №20-IV, 113-құжат; 2016 ж., №8-II, 72-құжат; №24, 124-құжат; 2017 ж., №22-III, 109-құжат):
1) 6-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі және тауарлық газдың шекті бағасын айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;»;
2) 15-бапта:
3, 4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын шикі газдың шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындайды және ол:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газ өндіруге арналған шығыстарды;
2) шикі газды ұлттық операторға өткізетін жерге дейін тасымалдауға арналған шығыстарды;
3) он пайыздан аспайтын мөлшердегі рентабельділік деңгейін қамтиды.
4. Мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын тауарлық газдың шекті бағасын жер қойнауын пайдаланушы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес айқындайды және ол:
1) халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есептелетін шикі газ көлемінің бірлігін өндірудің өндірістік өзіндік құны негізінде айқындалатын шикі газ өндіруге арналған шығыстарды;