Қазақстан Республикасының
Заңы
Тауар биржалары туралы
(2024.08.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:
2024.01.07. № 107-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржалары қызметі саласындағы құзыреті
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
4-1-бап. Алып тасталды
4-2-бап. Алып тасталды
4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті
5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
3-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ МІНДЕТТЕРІ
6-бап. Тауар биржасы
6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері
7-бап. Тауар биржасының жарғысы
8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу
9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы
10-бап. Биржалық сауда қағидалары
11-бап. Тауар биржасының мүшелері
12-бап. Тауар биржасының қызметкерлері
4-тарау. ТАУАР БИРЖАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
13-бап. Тауар биржасының қызметі
13-1-бап. Тауар биржасы арқылы мемлекеттік сатып алу
13-2-бап. Тауар биржасының құқықтары мен міндеттері
13-3-бап. Көміртегі бірліктерімен сауданы жүзеге асыратын тауар биржасы
14-бап. Тауар биржасының кірістері
15-бап. Биржалық мәміле
15-1-бап. Биржалық сауда-саттықтарды жүргізу режимдері
16-бап. Биржалық мәмілелердің түрлері
16-1-бап. Тауар биржасының биржалық мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі қорлары
17-бап. Фьючерстік және опциондық мәмілелер жасау кезіндегі биржалық саудадағы кепілдіктер
18-бап. Биржалық баға
5-тарау. БРОКЕРЛІК ЖӘНЕ ДИЛЕРЛІК ҚЫЗМЕТ. ТАУАР БИРЖАСЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰПИЯ
19-бап. Брокердің және дилердің қызметін жүзеге асыру тәртібі
19-1-бап. Өзін-өзі реттейтін ұйымның қызметі және өзін-өзі реттейтін ұйымға мүшелік (қатысу)
20-бап. Брокермен және дилермен мәмілелер жасау
21-бап. Брокер мен дилердің тауар биржасындағы өзара іс-қимылы
21-1-бап. Маркет-мейкерлердің қызметі
22-бап. Брокерлер мен дилерлердің ішкі құжаттарына және жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізуге қойылатын талаптар
23-бап. Тауар биржасындағы коммерциялық құпия
24-бап. Тауар биржаларының қызметі туралы коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсыну
6-тарау. ТАУАР БИРЖАЛАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
25-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау
26-бап. Алынып тасталды.
27-бап. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі
28-бап. Монополияға қарсы органның нұсқамалары
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
30-бап. Өтпелі ережелер
31-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Осы Заң тауар биржалары қызметі және биржалық сауданы жүзеге асыру процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, тауар биржаларының ашық және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық саудаға қатысушылардың құқықтарын және олардың арасындағы адал бәсекелестікті қорғау мақсатында тауар биржаларының қызметін реттеу және мемлекеттік бақылау тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-1) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 1-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1) биржалық брокер (бұдан әрi - брокер) - тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және клиенттiң тапсырмасы бойынша, соның есебiнен және мүддесi үшiн биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2) тармақша жаңа редакцияда; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) биржалық дилер (бұдан әрi - дилер) - тауар биржасында өз қызметiн жүзеге асыратын және өзінің мүддесі үшін және өзінің есебiнен биржалық тауармен мәмiлелер жасайтын кәсіпкерлік субъектісі;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) биржалық қамтамасыз ету - биржалық саудаға қатысушылар биржалық сауда-саттыққа қатысу үшін тауар биржасына немесе тауар биржасының клирингтік орталығына жасалатын биржалық мәмілелер бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету ретінде қайтарым негізінде енгізетін ақшалай қамтылым;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) тармақша жаңа редакцияда
3) биржалық сауда - тауар биржасында Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес электрондық нысанда биржалық сауда-саттық өткізу, мәмілелерді тіркеу және ресімдеу арқылы жүзеге асырылатын биржалық тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет;
4) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) тармақша жаңа редакцияда
5) биржалық сауда-саттық - тауар биржасының биржалық мәмілелер жасасу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін электрондық сауда жүйесіне берілген электрондық өтінімдер негізінде биржалық тауарлар бойынша мәмілелер жасауға бағытталған, биржалық сауда қағидалары шеңберінде жүргізілетін процесс;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6) биржалық саудаға қатысушылар - тауар биржасында биржалық сауданың белгіленген қағидалары бойынша өзара іс-қимыл жасайтын клиенттер, брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7) тармақша жаңа редакцияда
7) биржалық тауар - осы Заңда белгіленген шектеулерді ескере отырып, тауар биржасы биржалық саудаға жіберген стандартталған немесе стандартталмаған тауар;
8) биржалық тауарларға баға белгілеу - тауар биржасында белгілі бір уақыт кезінде биржалық тауарлар бойынша жарияланған сұраныстың және (немесе) ұсыныстың бағасы;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 9) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9) бұйрық - клиент тауар биржасында нақты биржалық тауарларға қатысты белгілі бір әрекетті жүзеге асыруды көрсете отырып, брокерге ұсынатын құжат;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 9-1) тармақшамен толықтырылды
9-1) кепілдік беру қор - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржаның өз қаражаты есебінен қалыптастыратын ақша қоры;
9-2) 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша жаңа редакцияда
10) клиент - осы Заңда белгіленген тәртіппен биржалық тауармен мәмілелер жасау үшін брокердің көрсететін қызметтерін пайдаланатын жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе заңды тұлға;
11) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 11-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11-1) кросс-мәміле - брокер екі әртүрлі клиенттің тапсырмасы бойынша әрекет ете отырып, сатушы тарапынан да, сатып алушы тарапынан да әрекет ететін биржалық мәміле;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 11-2) тармақша жаңа редакцияда
11-2) қосарланған қарсы аукцион режимі - биржалық мәмілелер сатушылар мен сатып алушылар бәсекелестігі нәтижесінде анонимді түрде жасалатын, ал стандартталған тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі деңгейінде белгіленетін сауда режимі;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 11-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
11-3) маркет-мейкер - баға белгілеулерді қою және мерзімді келісімшарттарды сатып алу және сату жөніндегі міндеттемелерді қабылдау арқылы биржалық нарықтың өтімділігін қалыптастыратын және қолдайтын заңды тұлға;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
12) мерзімді келісімшарт - орындау мерзімі кейінге қалдырылған базалық активті шартсыз немесе шартты сатып алу-сатуға арналған келісімшарт, оған фьючерс, опцион жатады;
13) 2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14) опциондық мәміле - объектісі опцион болып табылатын биржалық мәміле;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 14-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 14-1) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
14-1) өзін-өзі реттейтін ұйым - тауар биржаларының, брокерлердің немесе дилерлердің ерікті қатысуына негізделген және тауар биржалары саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдардың тізіліміне енгізілген, қауымдастық (одақ) нысанындағы коммерциялық емес ұйым;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 14-2) тармақшамен толықтырылды
14-2) сақтандыру қоры - биржада жасалған мәмілелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында биржа және (немесе) оның клирингтік орталығы биржа мүшелерінің міндетті жарналары есебінен қалыптастыратын ақша қоры;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 14-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
14-3) сауда лоты - биржалық тауарды сатуға (сатып алуға) арналған өтінімде көрсетілген биржалық тауардың саны оған еселенуге тиіс биржалық тауар саны;
15) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметі саласындағы мемлекеттік реттеуді және үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) спот-тауар - шұғыл берілетін немесе алдағы уақытта берілетін, қоймада тұрған тауар;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды; 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 16-1) тармақша жаңа редакцияда
16-1) стандартталған тауар - Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілген біртекті тауар және (немесе) бірліктері барлық жағынан да бір-біріне сәйкес келетін, сол бір функцияларды орындауына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрамдастардан тұратын, түрлі өндірушілерден шыққан партиялар бірін-бірі толық алмастыратын қасиетке ие тауар, оның ішінде көміртегі бірліктері;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 16-2) тармақшамен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 16-2) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
16-2) стандартталмаған тауар - стандартталған тауарларды, көміртегі бірлігін, жылжымайтын мүлікті және зияткерлік меншік объектілерін қоспағанда, айналымнан алынбаған немесе айналымы шектелмеген тауар;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 16-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
16-3) стандартты аукцион режимі - биржалық мәмілелер төмендетуге немесе жоғарылатуға арналған аукцион барысында сатып алушы (сатушы) - аукционның бастамашысы үшін ең үздік баға бойынша жасалатын сауда режимі;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 17) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
17) тауар биржасының мүшелері - осы Заңда айқындалған тәртіппен тауар биржасы аккредиттеген брокерлер, дилерлер және маркет-мейкерлер;
18) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 19) тармақша өзгертілді (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
19) тауар биржасының ішкі құжаттары - тауар биржасында биржалық саудаға қатысушылар қызметінің шарттары мен тәртібін, тауар биржасының, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын, қызмет көрсетулер, оларға ақы төлеудің тәртібі мен мөлшерін реттейтін құжаттар;
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 19-1) тармақшамен толықтырылды; 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 19-1) тармақша өзгертілді
19-1) тауар биржасының электрондық сауда жүйесi - биржалық сауда-саттықты өткізуге қажетті және биржалық мәмілелер жасасу, сондай-ақ ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және ашу процесін автоматтандыруды қамтамасыз ететін, тауар биржасының есептеу құралдары, бағдарламалық қамтылымы, дерекқорлары, телекоммуникациялық құралдары және басқа да жабдықтары кешені;
2013.06.03. № 81-V ҚР Заңымен 20) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
20) фьючерстiк мәмiле - объектісі фьючерс болып табылатын биржалық мәмiле;
21) 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен алып тасталды (2017 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Тауар биржаларының қызметін мемлекеттік реттеу
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің тауар биржаларының қызметі саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді.
4-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган:
1) 2013.03.07. № 124-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1) тауар биржаларының қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
2) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді, бекітеді;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-1), 2-2) тармақшалармен толықтырылды; 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 2-1) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-1) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржалық сауда қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 2-2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2-2) биржалық тауарлардың тізбесін бекітеді, оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
3) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3-1) 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2012.10.07. № 36-V ҚР Заңымен 3-2) - 3-5) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-2) - 3-5) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-2) тауар биржаларының электрондық сауда жүйесіне қойылатын міндетті талаптарды әзірлейді және бекітеді;
3-3) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3-4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3-4) кепілдік беру және сақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-5) тармақша жаңа редакцияда
3-5) тауар биржаларының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін әзірлейді;
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 3-6) тармақшамен толықтырылды
3-6) тауар биржасы клирингтік орталығының аппараттық-бағдарламалық кешеніне қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
4) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-1) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қағидалары мен стандарттарын келіседі;
6) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері жөніндегі ақпаратты жариялайды;
6-1) 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен алып тасталды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7) тауар биржалары саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды
7-1) тауар биржасында халықаралық биржа сауда-саттығын дамыту үшін жағдайлар жасайды;
8) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
9) 2014.13.01. № 159-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
10-1) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 10-2) тармақшамен толықтырылды
10-2) өзiн-өзi реттейтiн ұйымдардың тiзiлiмiн жүргiзедi;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-3) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-3) ауыл шаруашылығы өнімдерін қоспағанда, биржалық сауда қағидаларында көзделген жағдайларда бір сауда сессиясында сауда лотының ең жоғары мөлшерін белгілейді;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-4) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-4) биржалық тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін және стандартталмаған тауарлармен биржалық сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржаларының тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оны өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-5) тармақшамен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
10-5) маркет-мейкерлердің тізілімін жүргізеді, сондай-ақ оларды өзінің интернет-ресурсында орналастырады;
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
4-1-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4-2-бап. 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-3-баппен толықтырылды
4-3-бап. Монополияға қарсы органның тауар биржалары саласындағы құзыреті
Монополияға қарсы орган:
1) тауар биржаларының қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді келіседі;
2) Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) тауар биржасының монополияға қарсы органға есептер ұсыну қағидаларын бекітеді;
4) тауар биржаларының қызметіне талдау мен мониторинг жүргізеді;
5) коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржалық сауда мәселелері бойынша ақпаратты жариялайды;
6) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
7) тауар биржаларының Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2014.16.05. № 203-V ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5-бап. Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау
Тауар биржалары саласындағы қызметті лицензиялау Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3-тарау. Тауар биржасы және оның міндеттері
6-бап. Тауар биржасы
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, сауда-саттықтарды ұйымдық және техникалық қамтамасыз етуді тауар биржасының электрондық сауда жүйесін пайдалана отырып тікелей жүргізу жолымен жүзеге асыратын заңды тұлға тауар биржасы болып табылады.
Тауар биржасы сауда-саттық жүргізуді биржалық сауданың белгіленген ережелері бойынша қамтамасыз етеді.
2. Тауар биржасының атауында «тауар биржасы» деген сөздер болуға тиіс.
3. 2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 2016 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді және 2018 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылады (бұр.ред.қара)
2015.27.10. № 364-V ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4. Тауар биржасының жарғылық капиталы мыналарды құрайды:
биржалық тауарлармен сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін - Қазақстан Республикасының тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде алты жүз мың еселенген мөлшері;
стандартталмаған тауарлармен ғана сауда-саттықты ұйымдастыратын тауар биржасы үшін - Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңында тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде үш жүз мың еселенген мөлшері.
Тауар биржалары жарғылық капиталды жүз пайыз ақшалай баламада қалыптастырады.
Ақшалай баламада қалыптастырылған жарғылық капитал тауар биржасының арнайы банктік шотындағы төмендемейтін ақшалай қалдықты білдіреді.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 6-1-баппен толықтырылды (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-бап. Тауар биржасының міндеттері
Мыналар тауар биржасының негізгі міндеттері болып табылады:
1) белгіленген қағидалар бойынша биржалық мәмілелер жасаудың барынша ашық жүйесі бар сауда тетігін құру;
2) тауарлардың ұйымдасқан нарығын дамыту;
3) тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуда жәрдемдесу;
4) биржалық тауарларға баға белгілеудің ашықтығы мен түсініктілігін қамтамасыз етуде жәрдемдесу.
7-бап. Тауар биржасының жарғысы
1. Тауар биржасының жарғысы Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасында көзделген тәртіппен бекітіледі.
2. Тауар биржасының жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәліметтерден басқа тауар биржасын мамандандыруға нұсқау болуға тиіс.
8-бап. Тауар биржасындағы дауларды шешу
2019.02.04. № 241-VІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Биржалық мәмілелер жасаcумен байланысты дауларды шешу үшін тауар биржасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде тұрақты жұмыс істейтін биржалық төрелік құрады.
2016.08.04. № 489-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Биржалық төреліктің қызметі Қазақстан Республикасының төрелік туралы заңнамасында реттеледі.
9-бап. Тауар биржаларының сыныптамасы
Мамандануы бойынша тауар биржалары:
1) биржалық сауда-саттыққа әртүрлі тауарларды қабылдайтын әмбебап;
2) тауардың белгілі бір түрінің айналымына қызмет көрсететін мамандандырылған болуы мүмкін.
2021.30.12. № 96-VII ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (2022 ж. 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
10-бап. Биржалық сауда қағидалары
1. Биржалық сауда қағидалары биржалық тауарлармен биржалық мәмілелер жасау кезінде биржалық саудаға қатысушылар қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Биржалық сауда қағидалары мыналарды қамтиды:
1) брокерлерді, дилерлерді және маркет-мейкерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;
2) индустриялық сертификаты бар дилерлерді аккредиттеу, оларды аккредиттеуді тоқтата тұру және тоқтату шарттары мен тәртібі;